Әлеуметтану оқу құралы



бет4/5
Дата15.09.2017
өлшемі1,12 Mb.
#32594
1   2   3   4   5

7 Тұлға социологиясы
Әлеуметтану, басқа гуманитарлық ғылымдардан айырмашылығы, жеке адамды зерттеудің бір ракурсы – жеке адам - әлеуметтік өмірдің қайнар көзі, оның шынайы әрі жалғыз қайраткері және дамытушысы, әлеуметтік өмірдің, әлеуметтік әрекеттестіктің, институттардың және тағы басқалардың бөлінбес бөлшегі ретінде қарастырады. Жеке адам және қоғам мәселесі әлеуметтануда салыстырмалы тәуелсіз, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты 2 ракурста зерттеледі.

Біріншісі әлеуметтік институттар, қауымдастықтар, жалпы қоғам қалай құрастырылған, жеке адамның қажеттіліктерімен қандай қатынаста болатындығының мәнін ашуға; біріншілері оның мүдделерін қаншалықты бейнелей алатындығына және бейнелеуі керектігіне немесе олар тәуелсіз, тек өз даму логикасына байланысты екендігін ашуға бағытталған.

«Қоғам және жеке адам» мәселесінің екінші ракурсының мәні - бірнеше мәселеден тұрады: белгілі бір социуммен жеке адам қаншалықты өзара әрекет етеді, қаншалықты өз тәуелсіздігін, автономдылығын көрсете алады; немесе қоғам, қоғамдық байланыстар, институттар жеке адамның құндылықтарын, олардың иерархиясын, өмір жолын қатал реттейтіндігін зерттейді.

Әлеуметтану шынайы әрекет ететін, таңдайтын, талғайтын субъект ретіндегі жеке адамды зерттейді. Сонымен қатар, тұлғаның шынайы өмір әрекетінің тұрақты, қайталанбалы элементтеріне, оның қоғаммен өзара байланыстарына көп көңіл бөледі. Жеке адам социологиясының басты проблемасы болып әлеуметтік жағдайлар (байланыстар, әлеуметтік және билік институттары, әлеуметтік қауымдастықтар) мен адам іс-әрекетінің өзара ықпалы табылады. Бұл мәселелерді шешуге талпыныс болып жеке адамның түрлі әлеуметтік концепцияларының (ХХ ғасырдың екінші жартысынан) пайда болуы саналады: Чарльз Кули, Джордж Мидтің айнадағы Мен теориясы, Райт Линтон, Талкотт Парсонс және т.б. рөльдік теориясы, социологиядағы необихевиоризмның жекелеген салалары, референтті топтар теориясы және ұстанымдар теориясы т.с.с. Теориялардың ортақ қасиеті - адам даралығын спецификалық фактор және белгілі бір факторлардан: индивидтер әрекеттестігі, қоғамда олардың белгілі бір рөльдерді атқаруы, әлеуметтік стимулдар, қажеттіліктер, бағыттардан тікелей пайда болатын туынды ретінде мойындау. Жеке адаммен, оның әлеуметтік қатынастағы орнымен байланысты мәселелер жиынтығын талдай отырып, жеке адам социологиясы көптеген категорияларды (бейімделу, белсенділік, тәрбие мүдделер, мотивтер, қажеттіліктер, құндылықтар, жеке адам түрлері, ұстанымдар, т.б.) қолданады. Айнадағы «Мен» теориясында (Ч.Кули, Дж.Мид) тұлға толығымен адамның әлеуметтік шартталған «Меннен» туындайтын функция ретінде қарастырылады. Жеке адамның негізі, оның өзіндік санасы – бұл әлеуметтік әрекеттестіктің нәтижесінде индивидтің өзіне объект ретінде, басқа адамдар көзімен қарауды үйренуі нәтижесіндегі әлеуметтік өзара әрекеттестігі ретінде бейнеленді. Осылайша, жеке адам – адамның әлеуметтік өмір үрдісінде жинаған объективті қасиеті түрінде түсіндірілді.

Рөльдер теориясын жақтаушылардың ойынша, жеке адам дегеніміз, индивидтің қоғамда атқаратын әлеуметтік рөльдері жиынтығының функциясы болып табылады, сондықтан, әлеуметтік рөль – индивид пен қоғам әрекеттістігі механизмінің маңызды элементі. Адамдар арасындағы әлеуметтік байланыстар олардың қоғамдық қатынаста белгілі бір жұмыс түрін (мұғалім, инженер, әке, бала және т.б. функциялар) орындау тапсырмасы түрінде болатын әлеуметтік функциялар негізінде құрылады. Атқарылған функциялар қоғамдағы әлеуметтік құрылымдағы адамның жағдайын сипаттайды. Осылайша, студенттің басты функциясы кәсіби және жалпы азаматтық мәдениетті танып білу. Индивидтің функциялары және одан туындайтын міндеттер мен құқықтар жеке адамның әлеуметтік статусын белгілейді. Жеке адамның әлеуметтік статусы - бұл индивидтің әлеуметтік топтардағы және бүтіндей қоғамдағы позициясы. Ол табиғи (жынысы, жасы) және әлеуметтік сипаттамалар (мамандық, кәсіп түрі, табыс, қызмет жағдайы және т.б.) арқылы анықталады, сондай-ақ, туа біткен (ұлттық, әлеуметтік тегі, туған жері) және қол жеткізілген (білім, мамандық, біліктілік) статустар болады.

Әлеуметтік статустар иерархиясы қоғамдағы немесе әлеуметтік қауымдастықтағы, қабаттағы, топтағы адамдардың белгілі бір позициясының маңыздылығын бейнелейтін «престиж» ұғымымен бекітіледі. Мамандық, лауазым, қызмет түрлері престижді болуы мүмкін. Престиж – адам тілектерін, ниеттерін, әрекеттерін қозғаушы, ал престиждік бағалау – кәсіби жұмыс бастылықты, әлеуметтік орын ауыстыруды, тұтыну құрылымын анықтайтын т.б. адам мінез-құлқын реттеуші болып табылады.

Рөльдік теория негізін қалаушылардың бірі Р.Линтон әлеуметтік рөльді – адам статусымен байланысты күтілетін мінез-құлық ретінде анықтайды. Бұл рөльдік күту адамның әлеуметтік статусынан туындайтын белгілі бір мінез-құлық ережелерді немесе нормаларын орындау және игеру жағдайында іске асады. Әр статусқа көптеген рөльдер қызмет ететіндігін атап айту маңызды. Зауыт директоры жоғарыдағы басқарушылар алдында бір рөльде, қол астындағыларының алдында екінші рөльде, әке түрінде – үшінші рөльде болады. Бірақ барлық жерде ол зауыт директоры болып қала береді, бұл оның басты статусы. Алайда, барлық рөльдерде, сонымен бірге, директор, әке рөльдерінде де ол әртүрлі ракурста көрінеді. Р.Мертон берілген статустан туындайтын рөльдер қосындысын рөльдер жиынтығы деп атады.

Адам бір уақытта бірнеше статусқа ие болуы мүмкін және көптеген шексіз рөльдерді атқарады. Әдетте, рөльдер жиынтығы сәйкес статусқа бекітілген ресми және бейресми рөльдерді қамтиды. Осылайша ЖОО оқытушысынан тек жоғары кәсіптік ғылыми деңгейді және т.б. ғана емес сонымен бірге, бейресми ғылыми ортада қалыптасқан қарым-қатынас стилін және мәдениет деңгейін игеру талабы қойылады. Мұнда әр жеке адам тек өзіне тән рөльдер үйлесімділігіне ие екенін айта кету керек, бұл оның индивидуальдылығын білдіретін негізгі қасиет.

Рөльдердің көптігі рөльдік қақтығыстар деп аталатын жеке адамның ішкі қақтығыстарын туғызады. Олар көбінесе іс-әрекет мотивтерінің күресі түрінде болады. Бұл мотивтер негізінде белгілі бір функциялардың дұрыс, мақұлданған орындалуы туралы көзқарастар жатыр. Бұл рөльдер қақтығысында индивид үшін берілген жағдайда маңыздырағы жеңіске жетеді. Басқаша айтқанда, рөльдер статустар сияқты иерархиялық болып келеді және әр жеке адам өзінің талғам пирамидасын құрайды. Әлеуметтіқ функциялар, әлеуметтік статустар және әлеуметтік рөльдер өзіндік бір түйіскен механизмді құрайды. Осы арқылы әр адам кейбір қоғамның бөлшегі, оның мәдениетін, сапасын ұстанушысы болады. Жеке адамның орындайтын әлеуметтік рөльдер жиынтығы ол қосылған қоғамдық жүйедегі байланыстар мен қатынастарды бейнелейді.

Жеке адам өмір шарттары мен қоғамдағы мінез-құлықты игерген адамның нәтижесі екендігі туралы ой необихевиоризмде пайда болған, мұнда тұлға ретті түрде талданған және әлеуметтік стимулдар жиынтығына деген әлеуметтік қолайлы жауаптар жиынтығы деп түсіндірілген. Жеке адам кейбір аралық, әлеуметтік емес сипаттағы айнымалылармен байланысты болатындығы мүмкін болды, бірақ олар шынайы ғылыми талдау пәні ретінде мойындалмады.

Ұстанымдар теориясында жеке адам индивидке күнделікті ықпал жасау арқылы қоғамды тудыратын, кейде саналы емес ұстанымдар түрінде қарастырылады. Түрлі ұстанымдарды жинақтай отырып, адам жеке адам болуға әдеттенеді. Оның санасында жеке адам болу қағидалы ұстанымы пайда болады.

Жеке адамның әлеуметтік концепцияларының бір тобы жеке адамға социогендік қажеттіліктер жиынтығы және қоғам тудыратын бағыттар түрінде қараумен байланысты. Қоғам жеке адамның дамуына әсерін тигізетін әртүрлі қажеттіліктерді тудыра отырып, дамиды.

Жеке адамға деген көзқарастардың даму диалектикасы жеке адамды ықшамдайтын схемаларын жеңу, оның жүйелік түсінуге өту жолымен іске асады.
7.1 Жеке адамның әлеуметтенуі

Жеке адамның қалыптасуы, индивидтің әлеуметтік-мәдени күйге түсуі - бұл өте күрделі процесс. Оған көптеген қозғаушы күштер, факторлар қатысады. Әлеуметтану ғылымы жеке адамның әлеуметтену процесін, әлеуметтік қасиеттердің, құндылықтардың, мұрат-мақсаттардың, ережелердің және әлеуметтік мінез-құлық, білім алу, іскерлік пен дағды принцитерінің қалыптасу процесін талдауға мүмкіндік беретін негізгі қатарды белгілеуге тырысады. Сол арқылы адам әлеуметтік байланыстардың және қауымдастықтардың әрекет ететін мүшесі болады. Ал қоғам өз өмірін сабақтастық арқылы жаңартып отырады. Сонымен бірге, әлеуметтену процесінің түрі және үлгісі қоғамның қандай кұндылыктарға бағынуына, әлеуметтік әрекеттестіктердің қандай түрінің туындауына байланысты екенін ескеру қажет.

Қазіргі әлеуметтену концепциясы француз социлогы Г.Тардтың шығармаларынан бастау алады. Оның теориясының негізі - адамдар қарым-қатынасының түбірі еліктеу қағидасы болып табылады. Ал оқытушы – оқушы қарым-қатынасын ол типті әлеуметтік қатынас деп атады. Американ социологы Т.Парсонс индивидтің көпшілік мақұлдаған беделді адамдармен араласу процесіне әлеуметтік жүйенің интеграциялануының ережелерін түсіндіретін әлеуметтік теорияны жасап шығарды. Оның ойынша, жанұя мен білімді қоса алғанда әлеуметтену институттары әлеуметтік құрылысты тудыру қызметін атқарады.

Әлеуметтену процесінің бір маңызды ерекшелігі – бұл әлеуметтенудің тек балалық шақпен жастық шақта ғана қалыптасуы, оның жаңа статустар мен рөльдерді және қажетті әлеуметтік касиеттерді есейген адамның бүкіл өмір бойы игеруі.

Әлеуметтену процесінің екінші маңызды ерекшелігі – бұл жеке адамның әдейі (мысалы, тәрбие институттары арқылы) не әдейі емес, жасырын (латентті) әлеуметтенуі. Бірінші жағдайда адам қиындықтармен қақтығыса отырып, белгілі бір әлеуметтік рөльге тікелей енеді. Екінші жағдайда әлеуметтік құндылықтар жүйесінің нақты қызметі жеке адамның қалыптасуына әдейі болмаса да шешуші әсер беретіні меңзеледі.

Үшіншіден, әлеуметтену процесі – бұл жеке адамның өз индивидуальдығын, өзінді дара нақты келбетін табуы екенін айрықша атап көрсету керек. Ендеше, әлеуметтену процесі пассивті бейімделуден бөлек, жеке адамның әлеуметтік жағдайларға көнуінің, оның белгілі бір стандартты айырмашылықтарға ие болуының емес, сыртқы (әлеуметтік) және ішкі (биогенетикалық және рухани) факторлар ықпалымен және жеке адамның өзіндік белсенділігі қызметінің нәтижесі.

Әлеуметтік шындыққа бейімделу, икемделу бұл әлеуметтенудің мақсаты болып табылады, себебі, бұл қоғамның функциялануының міндетті шарты. Бірақ мұнда әдеттегі әлеуметтену процесінен тыс, жеке адамның қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орнымен, оның әлеуметтік белсенділігімен байланысты шектен шығушылық болады. Бұл шектен шығушылық бейімделудің жағымсыз түрі болып табылады. Олардың бірі конформизм (лат.conformism - ұқсас, тәрізді) деп аталады. Конформизм - өз позициясының жоқтығымен, белгілі бір үлгіге ерумен, беделге бағынумен сипатталады. Конформизмнің әлеуметтік сипаттамасы – бұл конформды саналы адамның әр түрлі өмірлік жағдайда өзін ақтау мақсаты мен қателіктерін мойындамай түгелін жағдай ағымына жабуы.

Ал енді жеке адамның әлеуметтенуінің механизмі әлеуметтік бақылауға тоқталайық. Бұл терминді ғылымға енгізген француз социлогы Г.Тард. Басында ғылым оны қылмыскерді қоғамдық қызметке қайтару құралы ретінде қарастырған. Кейіннен, бұл терминнің мәнін кеңірек қарастырып, Г.Тард әлеуметтік бақылауды жеке адамның әлеуметтенуінің бір факторы деп қарады. Г.Тард көзқарасының ықпалымен американ социологы әлеуметтік тәртіпті орнату мақсатымен қоғамның индивидке мақсатты түрде әсер етуі және индивидттің мәдениетті игеруі мен оны ұрпақтан – ұрпаққа тапсыру үрдісін қамтамасыз ететін құрал ретінде, әлеуметтік күш пен адамзат табиғаты арасындағы белгілі бір қатынасты үйлестіруші деп түсінді.

Әлеуметтік бақылау - бұл нормативті жөнге келтіру арқылы құрамындағы элементтердің қатынасын, әлеуметтік жүйелерді реттеуші құрал. Әлеуметтік бақылау жүйесін тұрақтандыру функциясы - әлеуметтік қатынастардын, әлеуметтік (топтық, кластық, мемлекеттік) құрылыстардын үстем типтерін тудыру болып табылады. Әлеуметтік бақылау жүйесінің мақсатты қызметі, оның бағыттылығы және маныздылығы берілген әлеуметтік жүйенің, ондағы бір-бірін ауыстыратын қоғам типтерінің тарихи дамудағы тарихи – шартты, әлеуметтік – экономикалық, әлеуметтік – саяси, әлеуметтік – құқықтық сипатына байланысты.

Әлеуметтік бақылау – бүкіл әлеуметтік институттар: саясат, білім, мәдениет, мораль бағытындағы индивидтердің әлеуметтік тәртібін реттейді.

Әлеуметтік бақылау механизмі – қоғамның әр түрлі санкциялар арқылы (қоғамдық көзқарас әсерінен репрессияға дейін) әлеуметтік топтар көмегімен жеке адамның белгілі бір рөльдің нормаларға сәйкес әлеуметтік рөльді орындауын қадағалаумен жүзеге асады.

Әлеуметтік іс-әрекет пен жеке адамның мінез-құлқының механизмдері.

Әлеуметтік іс-әрекет, жеке адам мінез–құлқы социологиясының мәні адамның қоршаған ортаға деген реакциясын емес, басқа адамдардың қажеттіліктері, қызығушылықтары және әрекеттерін және қоғамдағы әлеуметтік нормаларды ескере отырып, саналы түрде жасалған мақсатты әрекеттерді бақылайды. Адамның ыстық шәйнекке тигендегі немесе екі асығыс адамның кенеттен соқтығысуына деген инстинктті реакция әлеуметтік әрекетке жатпайды. Ал басқа адамдармен қарым-қатынас және жеке адамның еңбек қызметі, оның әлеуметтік институттар арқылы қажеттіліктерін өтеуі - бұл әлеуметтік іс-әрекет түрлері.

Әлеуметтік іс-әрекет адамның әлеуметтік ортамен қатынасын, оның қажеттіліктерді өтеу мақсатымен қоғамдық қатынасты белсенді қолдану немесе өзгерту үрдісін сипаттайды.

Мотиві бар және әлеуметтік статусқа реакциясы бар жеке адамның өз қылықтарының және басқа әлеуметтік әрекеттерінің жинағы адамның мінез-құлқын құрайды. Жеке адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетінің объективті негізі болып оның қажеттіліктері мен қызығушылықтары табылады.

Қажеттіліктер адамның сыртқы әлемге, әлеуметтік ортаға деген тәуелділігін көрсетеді. Қажеттіліктер екі түрлі болады: табиғи және әлеуметтік (қоғаммен құрылған).

Қажеттіліктер өмір сүру жағдайын сипаттайды. Өмір жағдайларына қанағаттанбаушылық өмір жағдайларын қолда бар мүмкіндіктер және еңбек арқылы, әлеуметтік институттар арқылы өзгертуге тырысатын адамның іс-әрекетінің сипаттамасына айналады. Мүмкіндіктеріне қарай индивид мақсатты түрде белгілі бір әлеуметтік жүйедегі белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру мақсатымен әрекет етеді. Енді осы кезде жеке адамның мүдделері, оның мәні көрініс табады. Мүдде ретінде, ең алдымен, адамның қоғамдағы орны, екіншіден, оның басқа адамдар қызметіне тәуелділігінің сипаттамасы, үшіншіден орнаған әлеуметтік қатынастардан туындаған қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдары және тәсілдері көрінеді. Адам нақты әрекетке кірісу үшін қажеттіліктер мен мүдделерді ішкі қозғаушы мотивтерін тануы керек. Мотивтер - әрекетке ішкі нақты қозғаушы, белгілі бір жағдайда адам мінез-құлқын сипаттаушы. Мотивтер – белгілі бір игіліктерді немесе тілектерді, қызмет жағдайларын орындаудағы объективті қажеттіліктерінің және мүдделердің адам санасындағы көрінісі. Мотивтер, индивидтердің белсенділігінің ішкі қозғаушысы. Олардың сыртқы қозғаушы күші – стимулдардан адамға сыртқы жағдайлардың объективті әсерімен ерекшеленеді. Стимул жеке адам қызметінің себебіне айналуы мүмкін, егер де ол объект пен субъект қажеттіліктеріне жауап беретін субъективті құндылық болып табылса.

Құндылықты бағыттар жеке адамның әлуметтік ұстанымы бола отырып, оның мінез-құлқын реттейді. Әлуметтік ұстамдар – бұл жеке адамның әлуметтік белгілі әрекеті нысанына сәйкес әрекет етуі. Құндылықтық бағыттар жоғары деңгейдегі әлуметтік ұстанымдар бола отырып, жеке адамның өмір сүру жағдайымен, құндылықтарымен, индивдтің жеке әлуметтік объектке және жағдайға деген ұстанамдарымен, жеке іс-әрекеттің реттейтіндігімен ерекшеленеді. Құндылықты бағыттар жеке адамның негізгі әлуметтік мүдделерін көздеп, оның қызметінің стратегиялық бағытын анықтайды. Құндылықты бағыттар индивидтің өмірлік позициясы, оның көзқарасы, адамгершілік қағидалары түрінде болады.

Адамға жеке адам қызметін атқару бір жағынан аурытпалық туғызса, екінші жағынан – бұл бақыт. Ауртпалық болады, себебі, әлеуметтік қызметтерді орындау оңай емес. Мысалға, жауапкершілік қызметін алайық. Қайсібір әлуметтік қауымдастықтың мүшесі бола тұрып жеке адамның бұл функцияны орындамауы мүмкін емес. Ол дегеніміз, индивидтің арасында байланыс орнату, және екі жақты міндеттер қабылдау. Басқаға деген жауапкершілігі бар жеке адам қауымдастықтың өзіне де осы талапты қоюға құқылы. Бірақ жауапты болу адамның көптеген қоғамдық міндеттерді орындауында талап етеді. Соның нәтижесінде өз қызметін, қажеттіліктерін және мүдделерін шектеу.талаптарына сай болуға мәжбүр.

8 Еңбек социологиясы
Еңбек социологиясы – еңбекті әлуметтік процесс, әлуметтік еңбектің қарқындылығын арттыру факторлары, техника және технологиялық, қызметтің, жағдайлардың, адамның еңбекке деген көзқарасына әсері түріндегі еңбектің мәселелерді зерттейтін әлеуметтанудың бір саласы. Еңбек социологиясының үш басты аспектісін бөліп көрсетуге болады.

Біріншіден, еңбек социологиясы – бұл адамдардың еңбек құралдарымен және заттарымен өзара әрекеттестік заңдылықтары және сол заңдылықтардың еңбек ұжымдарында және жеке адам қызметіндегі әрекеті және көріну белгілері. Мұнда адамның ұжымның жаңа технологиялық үрдістерінің даму жағдайындағы және экстремалды еңбек жағдайындағы (шахтерлар, атомдық электростанциялар және тағы да басқа жұмысшылар) қызметімен байланысты мәселелер жиынтығы талданған.

Екіншіден, еңбек социологиясы – бұл адамның және ұжымның еңбекке, оның сипатына, мәніне, жағдайына деген көзқарас жиынтығы. Мұнда адамның және ұжымның еңбекке байланысының материалдық мүддесі, еңбектің мәні, еңбектің бүтіндей мағынасының себептері талданады.

Үшіншіден, еңбек социологиясы – кәсіпорын, ұжымның әлеуметтік ұйымы, яғни позициялар, рөльдер, құндылық және ұжымдағы жұмысшылар арасындағы байланыс жиынтығын тудырушы ерекше қатынастар жүйесі. Мұнда еңбек социологиясының зерттеу саласына әртүрлі еңбек құрылымына байланысты, оның функцияларына байланысты (ұжымның әлуметтік-психологиялық мәселелеріне, ондағы қақтығыстар, ұжымдағы басқару тәсілдері, басқарушылар мен лидерлер арсындағы қатынас және т. б.) мәселелер кіреді.


8.1 Еңбек социологиясының категориялары

Еңбек социологиясының басты категориялары мыналар: еңбектің мәні, еңбектің сипаты, еңбек жағдайлары, еңбекті ұйымдастыру, еңбек түрлері, еңбектің қызметтік-себептіптік құрылымы, қызметке қатынас т. б.

Еңбектің мазмұны – бұл өндіруші қызметі саласымен жасалған еңбек операциясының түрлері, мүмкіншілік және өндірістік процесс үстіндегі шешім қабылдаудағы жаңалық деңгейіне байланысты бөлуді ескеретін еңбектің сипаты.

Еңбек категориясы жұмысшылардың әртүрлі еңбектік қызметтерге (физикалық немесе ой еңбегі, аграрлы немесе индустриалды, ұйымдастырушы не атқарушы, жай немесе күрделі) бекітілуін көрсетеді.

Еңбек жағдайлары әлуметтік-экономикалық, гигиеналық, ұйымдастырушылық жағдайларды қамтиды.

Еңбекке қатынас (көзқарас) - бұл индивидттің еңбек заттары, құралдары, өнімдерімен және өндіруші ортамен байланысының сипаты. Еңбекке қатынас индивидтің қоғаммен негізгі байланысын көрсетеді және еңбектің қоғаммен бағалануы (бедел, әлуметтік статус) арқылы көрінеді.


8.2 Еңбек қызметтің себептері

Адамның өндірістегі қызметінде басты рөльді еңбектің белсенділігінің стимулдары мен себептері атқарады. Стимулдар – объективті факторлардың әсерінен пайда болатын саналы қозғаушы күш. Ол бір жағынан адамның белсенділігін анықтайтын көптеген факторларды қамтыса, екінші жағынан, әр түрлі адамдарға әрқилы әсер етеді.

Қазіргі әлеуметтанушылардың бірі Ф.Херцбергтің ойынша, батыс әлуметтануы жұмысшылардың мінез-құлқын өндірістік реттеуге бағытталған және ол осындай зерттеудің үш ең манызды тәсілін талдады.

Бірінші тәсіл.

CC ғасырдың басында Ф. Тейлор теориясының негізінде американ инженерлері жасап шығарған ғылыми менеджмент. Оның теориясы бойынша еңбектің қарқындылығы өндірістік тапсырманы күрделі еңбек дағдыларын қажет етпейтін кәдімгі операциялармен ұштастырған кезде артады. Бірліктік келісімді прогрессивті сыйақы төлеу жүйесі, тіпті, қарт және міндетіне жауапсыз қарайтын адамдардың да еңбек қарқындылығының жоғарлануына себеп болды. Қозғалысты экономдау және еңбек функцияларын ықшамдау мақсатымен мұқият инструктаж, сағаттық төлем және бонус жүйесі, құрастырмалы конвейер, т.б. арқылы еңбек операцияларын хронометрлеу - бұның бәрі өндірістің ғылыми ұйымдастырылуы. Жұмысшылардың өндірістегі тәртібін реттеудің екінші амалының бастауы CC ғасырдың 20–30 жылдарында американдық ғалым Э. Мэйоның белгілі хоторндық тәжірибелерінде көрсетілген. Өндіріс қарқындылығын жоғарылатуға әсер ететін әр түрлі факторларды зерттей отырып, Э. Мэйо адамдың және топтың факторлар рөлін көрсетеді. Бұл амал адамдар қатынасының менеджменті деп аталады. Қазіргі жағдайда ол еңбектің маңызды мәселелерін тәжірибе түрінде өңдеп, зерттейді.

Жұмысшылардың өндірістік тәртібін реттеудің үшінші амалы американ ғалымы Б. Скиннер есімімен байланысты және жағдайлық менеджмент деп аталады. Мұнда материалды, әлуметтік қозғаушы факторлары қолданылады. Еңбек үшін марапаттау еңбек үрдісіндегі белгілі бір мақсатқа жетуге байланысты, ал менеджердің басты міндеті жұмысшылар қызметінің нәтижесін бағалау және материалдың және моральдік стимулдарды мөлшерлеу болады. Еңбек себептерінің қазіргі әлеуметтік концепцияларында А.Маслоу, Ф.Херцберг және т.б. еңбек мотивтері теориялық ережелері, концепциялары пайдаланылады. Американ психологы және социологының еңбек мотивтері теориясы адам қажеттіліктерін анықтайды. Адам қажеттіліктерін класификациялай отырып, А. Маслоу оларды базистік (тамақтану, қаупсіздік және т. б. қажеттіліктер) және туынды немесе мета–қажеттіліктер иерархиясы принципі бойынша өсу ретімен төменнен жоғарыға, яғни материалдықтан руханиға қарай орналастырады: біріншіден, физиологиялық және жыныстық қажеттіліктер – дүниеге адам әкелу, ас, тұрақ, демалыс т.б.; екіншіден, экзестенционалды қажеттіліктер - өз өмірінің қауіпсіздігінің, ертеңгі күнге сенімділіктің, өмір жағдайларының және қызметінің тұрақтылығының қажеттілігі, ал еңбек саласында – кепілді жұмыс бастылық, қайғылы оқиғалардан қамсыздану және т. б.; үшіншіден, әлеуметтік қажеттіліктер – құштарлық, ұжым қатарында болу, қарым-қатынас, біреуге қамқор болу, өзіне деген ықылас, еңбекке қатысу; төртіншіден, беделді қажеттіліктер – беделді адамдардың сыйластығы, қызмет сатысында өсу, бедел, қадір және жоғары баға;бесіншіден, рухани қажеттіліктер – шығармашылық арқылы өз ойын білдіру. А. Маслоу теориясының маныздылығы - факторлардың әрекеттестігінде, олардың қозғаушы негізін ашуда, оның индивидке алдыңғылары өтелгеннен кейін ғана соңғыларының қамтамасыз етілуі.

А.Маслоудың концепциясы Ф.Херцбергтің мотивациялық-гигиеналық теориясында әрі қарай дамытылды. Мұнда жоғары қажеттіліктер (жетістік, сыйлау, шығармашылық өсім мүмкіндігі) және төменгі қажеттіліктерге он мотивациялық факторлар ықпал етеді: компания саясаты, техникалық бақылау, басқарушымен қарым-қатынас, ұжым арасындағы жекелік қатынас, жалақы, қауіпсіздік және жұмыс кепілі, жеке және отбасылық өмір, еңбек жағдайлары және статус. Еңбек себептеріне зерттеу жүргізе отырып, Ф. Херцберг адамдардың жұмысымен қанағаттанбаған кездерінде орта туралы, ал қанағаттанған кезде жұмыстың өзін айтатынын байқаған. Бұдан әр индивид бір ғана қажеттілік жүйесін емес, бір-бірінен сапа жағынан ерекшеленетін, бір-бірінен тәуелсіз және адам тәртібіне әрқйлы ықпал ететін екі жүйесі бар деген нәтижеге келді.

Бірінші топ – гигиеналық факторлар. Олар еңбектің және болмыстың жағымды жағдайларын, еңбектің және еңбек режимінің ретті ұйымдасуын, жұмыскерлерді түрлі жеңілдіктермен және тұрақпен қамтамасыз етуде қолданылады. Қарқынды ²гигиеналық² еңбек жағдайлары персоналдың тұрақтылығына әкеледі. Бірақ еңбек өнімділігін міндетті түрде арттырмайды.

Факторлардың екінші тобы – мотивтер – Ф. Херцбергтің ойынша, ішкі (рухани) қажеттіліктерді қамтамасыз етеді және жұмыста жетістікке жеткізеді, және танымалдылықты, оның мәніне қызығушылықты және т.б. тудырады. Олар жұмыспен қанағаттанушылықты және еңбек белсенділігін анықтайды.Сондықтан да Ф. Херцберг қанағаттанушылық – еңбек мәнінің функциясы, ал қанағаттанбаушылық – еңбек жағдайының функциясы деп санайды. Осыдан, гигиеналық шаралардың профилактикасы, ортаны жетілдіру арқылы жұмысшылардың қанағаттанбаушылығын жоюға болады. Бірақ өз жұмысына деген қатынастың тек біршама нөльдік денгейіне дейін. Адамның еңбеке деген талшынысын жоғарлату үшін еңбектің өзін байытатын қосымша шаралар қажет.

Эмпирикалық дәлелдей отырып, Ф. Херцбергтің бас назар аударғаны материалдық марапатты - жалақы, сыйақы – үнемі тиімді фактор деп санамау керек, себебі, адамдар ақша үшін, өздерін сенімді санау үшін тек белгілі бір уақыт аралығында ғана жұмыс істейді. Егер басқа жерде жұмысшыға кем төленсе, онда жалақының өсімі оны өндіріске бекітеді, бірақ үнемі жұмыс қарқындылығын жоғарылатуға әкеп соқпайды.

Мотивациялық–гигиеналық теорияның негізгі нәтижесі болып Ф.Херцбергтің жеті элементтен тұратын еңбекті байыту теориясы саналады: клиентпен тікелей байланыс, тауар өндірушінің персоналды жауапкершілігі және есептесу, кері байланыс, тікелей қатынас құқығы, ерікті график, ресурсты бақылау, квалификацияны жоғарлату және ерекше тәжірибеге ие болу. Осы концепциялардың негізінде батыс компанияларымен үш басты еңбекті ұйымдастырудың әлуметтік жобалары құрылды. Бұл, біріншіден, АҚШ-тағы ²қатысу менеджменті², екіншіден ²социотехникалық жүйе² (Швеция) және үшіншіден, ²сапа үйірмелері²(Жапония).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет