Бақылау сұрақтары
1. Әлеуметтану пайда болуының алғашқы кезеңі?
2. Әлеуметтану дамуындағы классикалық кезең?
3. О. Конттың әлеуметтануы?
4. Г Спенсердің әлеуметтануы?
5. Э. Дюркгейімнің әлеуметтануы?
6. М. Вебердің әлеуметтануы?
7. П. Сорокиннің әлеуметтануының негізі?
8.Әлеуметтік іс - әрекет теориясының ең негізгі ұғымы
Дәріс №4 : Әлеуметтік құрылым және қоғамның стратификациясы
Мақсаты: Студенттерді Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік стратификациясының өзгерістерімен таныстыру. Оларға Қазақстан Республикасының жағдайын түсіндіру.
1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы ұғымы. Әлеуметтік құрылым қоғам элементі ретінде. 2. Әлеуметтік топтар және олардың қалыптасу процесі.
3. П.Сорокиннің әлеуметтік құрылым және әлеуметтік мобильділік теориясы
Әлеуметтік стратификация – әлеуметтанудың орталық тақырыбы. Ол қоғамның түрліше әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоғамдық құрылымды біз мәртебелердің жиынтығы арқылы, қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы және т.б. арқылы құрылылатынын көрсетуге талпындық. Қарапайым қоғамда мәртебелер саны аз және еңбек бөлінісі деңгейі төмен болады, ал қазіргі замандағы қоғамда – мәртебелер көптеп саналады және еңбек бөлінісін ұйымдастыру деңгейі де әлдеқайда жоғары.
Әлеуметтік құрам әлеуметтік стратификацияға айналады – вертикальды тәртіппен орналасқан әлеуметтік жіктердің жиынтығы, дәлірек айтқанда кедейлердің, ауқаттылардың, байлардың жиынтығы.
Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастықтарға бөлінеді. Олардың бәрі өзара бір – біріне объективті түрде дәнекер болатын әлеуметтік – экономикалық, саяси, рухани байланыстар мен қатынастардан тұрады. Қоғамның әлеуметтік құрылымының даму негізіне
қоғамның еңбек бөлінісі
өндіріс құрал-жабдықтарына және оның өніміне меншік қатынастары жатады.
Қоғамдық еңбек бөлінісі – әлеуметтік топтардың, таптардың, кәсіби топтардың, сонымен бірге қала мен ауыл адамдарынан, ой еңбегі мен дене еңбегі өкілдерінен тұратын үлкен топтардың пайда болып, одан әрі өмір сүрулеріне себепші болады.
Өндіріс құрал – жабдықтарына деген жеке меншіктік қатынастар қоғамның осы ішкі бөліністеріндегі оның экономикасын және ішінара қалыптаса бастаған құрылымды нығайтады қоғамдық еңбек бөлінісі де, меншік қатынастары да қоғамның әлеуметтік құрылымы дамуының объективті әлеуметтік-экономикалық алғышарттары болып табылады.
Қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтері:
қоғамдық еңбек бөлінісі, өндіріс құралдарына деген жеке меншік қатынастар және қоғамдық өнімді бөлуде соған ортақтасатын әр түрлі таптар жатады. Оларды осылайша түсіндірудің қажеттілігін әр түрлі бағыттың әлеуметтанушылары мойындап отвр;
қала мен ауыл адамдары;
ой және дене еңбегінің өкілдері;
сославие;
әлеуметтік- демографиялық топтар (жастар, әйелдер мен еркектер, аға ұрпақ);
ұлттық қауымдастықтар (ұлттар, ұлыстар, этникалық топтар)
Әлеуметтанудың бірқатар классиктері стратификация проблемасын кең көлемде қарастырады. Мысалы, Т.Парсонс адамдарды жіктерге бөлетін белгілердің үш тобын атап көрсетті, оның бірінші тобын адамдар дүниеге келген кезде пайда болатын сипаттар (этникалық тегі, жыныс жас ерекшеліктері, туыстық байланыстары, т.б.) қалыптастырады; екінші белгілерге адам түйсініп, қабылдайтын сол арқылы меңгерген әлеуметтік статусы мен соған орай адамның атқаратын рөлі де енеді (әр түрлі кәсіби қызмет); үшінші топты «меңгеру» элементтері (жеке меншік, материалдық және рухани құндылықтар, жеңілдіктер, біреудің екінші бір адамнан құқықтық артықшылығы, адамдарды басқару мүмкіндігі және т.б.) құрайды.
Жалпы адамзаттың стратификация картасын жасауда бір өлшемді және көп өлшемді стратификация тәсілдерін үйлесімді пайдаланудың үлгісін П.Сорокин көрсетіп берді. Ол социомәдениет дүниесінде ұйымдасқан түрде өзара әрекет ететін диад пен триадтан басталып, империялар мен миллиондаған әр түрлі ұйымдасқан топтардың немесе әлеуметтік жүйелердің өмір сүретіндігін атап көрсетті. Әлеуметтік жүйелердің осы сан алуан түрлерінің көпшілігін классификацияның мақсаттарына орай әр түрлі топтарға бөлуге, топтастыруға болады.
П.Сорокиннің көзқарасына сүйенсек, мұндай әлеуметтік топтарға мыналарды жатқызуға болады:
І. Сыңаржақты маңызды (бір қатардағы негізгі құндылықтардың маңында құрылған және топтасқан) топтар;
а) биоәлеуметтік:
1) нәсілдік,
2) жыныстық,
3) жас мөлшеріне орай;
б) социомәдени;
1). ру,
2). көршілестік
3).тілдік
4).мемлекет
5). кәсіби
6).экономикалық
7).діни
8).саяси
9).идеологиялық топтар (ғылыми, философиялық, этникалық, эстетикалық, демалу және сауық сайран топтары)
10).элитаның нормалды топтары (көсемдер, данышпандар және тарихи тұлғалар).
ІІ. Көпжақты маңызды топтар (екі немесе одан да көп құндылықтар қатарларың комбинациясы төңірегіне біріккендер):
1). Отбасы
2). Клан
3).тайпа
4).ұлт
5).әлеуметтік жүріс тұрыс немесе сословие (дін басылары, буржуазия, жұмысшылар мен шаруалар)
6). әлеуметтік тап.
Стратификацияның тарихи типтері – құдық дәуірі, касталар, сословие жабдық қоғамды сипаттады, ал таптар болса, ашық қоғамды айқындайды.
Мемлекеттік қызметкерлер өздері жүргізіп отырған әлеуметтік саясатта өзара органикалық байланыстағы және динамикалық тұрғыда өзара әрекет етуші осы екі тенденцияны есепке алу қажет. Бұл әлеуметтік құрылымның одан әрі дамуы мен қоғамдағы әлеуметтік динамикаға саналы түрде ықпал жасау үшін осы процестерді қайткен күнде де ғылыми басқару үшін де аса қажет.
Әлеуметтік саясат – бұл қоғамдағы бүкіл әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастарды реттеуге бағытталған саясат. Мұндағы басты нәрсе – халықтың барлық әлеуметтік топтары мен қабаттарының материалдық хал-ахуалы мен тұрмысын жақсарту, олардың тіршілік етуіне қажетті дұрыс жағдайларды қамтамасыз ету және әлеуметтік әділеттілікті сақтау. Осы мәселелерді шешу әлеуметтік саясаттың негізгі мазмұнын құрайды.
Әрине, мемлекет, саяси партиялар мен қозғалыстар өкілдері арасында бұл проблемаларды түсіну және оларды шешу, жүзеге асыру барысында әрқилы тәсілдерді қолдану жөнінде әр түрлі көзқарас болуы мүмкін. Алайда, нағыз демократиялық әлеуметтік саясаттың ең басты және түбегейлі мақсаты – барлық әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастарды үйлестіру болып табылады.
Қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік стратификация мен мобильдік
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында Қазақстанның әлеуметтік құрылымы бұрын – соңды болмаған күделі өзгерістерге ұшырап отыр. Егемендік, тәуелсіздік алған уақыттың ішінде республиканың әлеуметтік құрылымында жаңа таптар, топтар, жіктер пайда болды. Олар: бизнесмендер, кәсіпкерлер, фермерлер, банкирлер, алуан түрлі жеке фирмалардың, дүкендердің, қонақ үйлерінің, мейманханалардың, т.б. жеке меншік иелері.
Көпшілікке мәлім, нарықтық экономика меншіктің алуан түрлігін қажет етеді. Ал, осы жағдай Қазақстанның әлеуметтік құрылымына зор әсер етті, өйткені меншік нысанының алуан түрлілігі жалпы экономиканың одан әрі бөлшектелінуін күшейтті, яғни қоғамдық меншікті жекешелендіру процесі басталды.
Республикада меншік иелері табы әлі қалыптасу үстінде болғандықтан, оның көлемін санмен көрсету әзірге қиын.
Сонымен, Қазақстан ірі орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын бизнесмендер тобы қалыптасып келеді.
Кәсіпкерлік – бұл заңды әлеуметтік – экономикалық құбылыс. Кәсіпкерлік немесе бизнес қоғамның ілгерілеп дамуына елеулі ықпалын тигізеді. Сондықтан еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік тұрақтануында ірі, орта және шағын бизнестің рөлі зор.
Қазақстанда да халықты осы салада жұмыс істеуге ықпал ететін кейбір жағдайлар төбе көрсете басталды. Әрине, біздің елде де тұрмыстық қызмет көрсететін мекемелердің (қонақ үйі, ресторан, дүкен, сән, сауда үйлері, денсаулық сақтау кешендері, казино, туризм, санаторий, т.б.) көлемі ұдайы өсуде.
Дүние жүзінің дамыған елдерінде белгілі бір пайыздағы адамдардың жұмыссыздығы әдетте, жай құбылыс ретінде егемендік, тәуелсіздік алғаны мәлім. Ол өз бетінше өндірісті ұйымдастырып дамытты.
Достарыңызбен бөлісу: |