Дәріс тезистері:
Отбасы социологиясы — отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттейтін социологиядағы негізгі бағыттардың бірі. Негізгі мәселелері отбасылардың өз қызметін орындау сипатын, әр түрлі типтегі отбасылардың өмірін, ажырасу себептері мен салдарын және т.б зерттеу болып табылады.
Отбасы сияқты әлеуметтік институттардың табысты қызмет өтуін тарихтың қозғаушы күшіне жатқызуға болады. Отбасының дүниеге келу сәті бізге белгісіз, бірақ оның пайда болуы отбасылық үй шаруасы, отбасының бірлескен әлеуметтік және өндірістік әрекеттері негізінде отбасын нығайтудағы әр түрлі қызметке байланысты.
Социологтардың отбасын бірнеше ондаған жылдар бойы зерттегеніне қарамастан, қоғамның осы бөлігін анықтауда келісім де, оны зерттеуде бір ізді әдіс те жоқ. Социологияның пайда болуымен есімі тығыз байланысты Огюст Конт қоғамды отбасы арқылы тану керек, өйткені отбасы — адамзат тегін жалғастырушы, ондай қоғам антропологиялық деңгейде дами алмайды,- дейді. Адамзаттың сақталуы - әлеуметтік ұйымдасу әрекетінің қорытындысы, әлеуметтік жүйенің табысты нәтижесі. Конт отбасын зерттеу адамның өндірістік әрекетін түсіну мүмкін емес дейді. Оның отбасы тұжырымдамасында ажырасуды айыптайды.
XX ғасырдың ортасынан қазіргі кезге дейін социологиялық әдістің бес түрі қалыптасты: интеракционистік, құрылымдық – функционалдық, жағдаяттық, эволюциялық және институционалдық. Отбасы ұғымын анықтаудағы әр түрлі пікірлерді ескере отырып, төмендегі дефиницияға келісуге болады: "Отбасы — ортақ тұрғын үйімен, экономикалық кооперациямен, ұдайы өндірумен сипатталатын әлеуметтік топ. Отбасына ең болмағанда екеуі әлеуметтік бағытталған жыныстық қатынас жасайтын және бір немесе одан да көп өз балалары, сондай-ақ тәрбиелеуге алған балалары бар ересек жыныс өкілі кіреді".
Билік формасына қарай отбасы патриархалды (күйеуі отбасының басшысы), матриархалды (әйелі басшы), құрамына қарай — отбасы нуклеарды (ата-анасы мен балалары), кеңейтілген (нуклеарды отбасы және бірнеше ұрпақтан тұратын туыстары) болып бөлінеді. Отбасы пайда болуы үшін экономика мен жеке меншіктің болуы, билік қатынасы мен бағыну, яғни отбасында, бүтіндей қоғамдағы сияқты, билікті бөлу төртібі бар, онда кімнің материалдық игілігі көп, сол басқарады. Отбасында билікті бөлуге жұбайлар арасындағы маххабат әсер етеді, мұнда сүйетін жұбай аз билікке ие, яғни психологиялық бағыныштылық болады. Егер жұбайлар бір-бірін бірдей мөлшерде сүйсе, онда отбасында бірдей билікке ие.
Отбасын, қоғамның бір бөлігі ретінде, социологтар оның қызметін орындауға қатысты қарастырады. Отбасының қызметі дегеніміз отбасы мен оның мүшелерінің белсенділігі, тіршілік әрекеті. Қоғамның отбасына қатысты, отбасының тұлғаға қатысты және тұлғаның отбасына қатысты қызметтерін анықтауға болады. Осыған байланысты отбасының қызметін әлеуметтік (қоғамға қатысты) және жеке (тұлғаға қатысты) деп бөлуге болады. Отбасы қызметі отбасы институтындағы қоғам қажеттіліктері мен отбасы тобына жоятын жеке тұлғаның қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Отбасы қызметінің тарихы тереңде жатыр, қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен тығыз байланысты, сондықтан уақыт өте келе қызмет сипаты қалай өзгерсе, иерархия да солай өзгереді. Отбасының негізгі қызметтері ретінде төмендегілерді атауға болады: репродуктивті, тәрбиелік, шаруашылық - тұрмыстық, экономикалық, алғашқы әлеуметтік бақылау (әлеуметтену), әлеуметтік-мәртебелік, демалыс және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |