Әлеуметтану пәні бойынша дәрістер кешені


Дәріс №10. Білім және әлеуметтік теңсіздік



бет21/27
Дата16.02.2022
өлшемі348,5 Kb.
#132118
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27
Байланысты:
лекция Әлеуметтану-1

Дәріс №10. Білім және әлеуметтік теңсіздік
Мақсаты:
Білім әлеуметтануының негізгі мәселелерін, қоғамдағы орны мен қызметін анықтау.
Дәріс жопары:

  1. Білім әлеуметтік-мәдени феномен ретінде.

  2. Білім әлеуметтануындағы негізгі концепциялар.

  3. Білімді зерттеу саласындағы әлеуметтік әдістер.

Дәріс тезистері:

  1. Әлеуметтік білім – білім жүйелерінің қоғаммен қарым-қатынасын және байланысын, әлеуметтік мәселелерді, білім жүйесін әлеуметтік институт ретінде қарастыратын социология тармағы.

Әлеуметтік білімнің басты мәселесі – қоғамдық шарттың туындауы, жаңа технологиялық білімді дамыту және функциялау; өндіріс техникасын және әлеуметтік қажеттіліктер; білім жүйесіндегі әлеуметтік теңдік пен теңсіздіктер; білімнің ұлтаралық қарым-қатынастармен, қоғамның әлеуметтік мәдениетімен, саяси институттармен байланысы; тұлғаны әлеуметтендірудегі білім жүйесінің орны.
Білім көп шекаралық объект болғандықтан көптеген ғылымдармен, оның ішінде философиямен, педагогикамен, әлеуметтанумен, психологиямен қатар зерттелуде. Бұл тізімге логика, тарих, антропология және т.б. ғылымдар енгізілуі тиіс. Ғылыми педагогикалық қоғамдастықта, мемлекеттік құрылымдарда білім жүйесіндегі қажеттіліктерді практикада анықтау және көрсету, білім берудегі мемлекеттік саясаттың орнын анықтау, Отандық және әлемдік білім жүйелерін қалыптастыру және білімнің жаңа идеалдарын жүйелеу бағыттары қолға алынды.
Білім жүйесінің әлеуметтік институт ретінде дамуы мен жүйеленуі ғылыми тану кезінде пайда болатын көптеген мәселелері айқындалатын ішкі қайшылықтармен сипатталады. Мұндайға педагогикалық, психологиялық, экономикалық және әлеуметттік мәселерді жатқызамыз.
Білімнің әлеуметтік мәселелері глобальды - әлеуметтік жүйе ретінде білім жүйесі мен қоғам арасындағы қайшылықтарды көрсетеді және осы қарым-қатынас әлеуметтік білім пәнін құрайды.
Әлеуметтік білім пәнін анықтау.
Әлеуметтік білім пәні логикалық түрде ғылыми және пәнді анықтау жолы болып сипатталады. Әлеуметтік білімнің объектісі - әртүрлі білім жүйесінің бірлігі және білімдегі болып жатқан үрдістердің қарым-қатынасы. Әлеуметтану объектісі – тек қана білім емес, сонымен қоса ол туралы ақпарат. Білім объектісі – білім туралы жүйе және ақпарат. Білім пәні – білім әлеуметтік институт ретінде. Әлеуметтік білімді экстраспектік тұрғыдан қарауға болады. Ол дегеніміз сыртқы байланыстар мен қатынастар. әлеуметтік білімді интроспектік тұрғыдан қарау кезінде басты мәселесі педагогикалық әлеуметтану болып келеді. Әлеуметтік білім пәнін анықтау үшін тек қана өзіндік білім жүйесін ғана емес, сонымен қоса оның қоғамдық құрылымымен байланысын, ішкі полиқұрылымдық жүйесін қарастыру керек.
2. Тарихтың әлеуметтік - философиялық ойында білім идеясының дамуы. Ежелгі өркениеттер. Платоның, Аристотельдің, Сенеканың тәрбие мен білім туралы ойлары. Цицерон мен Квинтилианның білім жүйесі. Христиандық дәуір және білім концепциялары.
Әлеуметтік білімнің пайда болуы (ХІХ ғ аяғы мен ХХ ғ басы).
Л.Уордтың, Д.Дьюидің, П.Сорокиннің, Д.Пейннің, К.Махейннің зерттеулері. Әлеуметтік білімнің басты болжамдары.
Функционалдық болжам (Э.Дюркгейм, Т.Парсонс, Р.Мертон, Г.Беккер, Р.Будон, М.Крозье). Феноменологиялық болжам (М.Гарфи-нкель, Х.Блумер, А.Шутц, А.Штрауц, Б.Глазер, М.Янг, Н.Кедди). Құрылымдық болжам (Р.Дарендорф, П.Бурдье, М.Пиор). Радикалды гуманистік болжам (К.Маркс, А.Горц). постмодернистік әлеуметтік білім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет