«Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәні бойынша №1 межелік бақылау сұрақтары


Азаматтық қоғамның мәні және оның критерийлері



бет100/107
Дата29.03.2022
өлшемі165,8 Kb.
#137220
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   107
Байланысты:
СПК РК1 ГИПЕРС

58.Азаматтық қоғамның мәні және оның критерийлері.
Азаматтық қоғам дегеніміз мемлекеттен өзін тәуелсіз сезінетін өндірушілер, игілікті жасаушылар, өздерін өздері басқарып отыратын кәсіпкерлер, кәсіподақтар, партиялар мен қозғалыстар, мәдени бірлестіктер, ғылыми қоғамдар, отбасы және дін ұжымдарының жиынтығы болып табылады.
Азаматтық қоғаммен мемлекет бірлесіп, ынтымақтасып қатар бой түзеп өмір сүреді. Бірін бірі тежеп, бір бірінің қызмет аясына араласып, іштей текетіреске де барып отырады.
Азаматтық қоғам тарихи жағынан мемлекеттен бұрын пайда болған. Азаматтық қоғам-адамдардың өмір сүруіне, тіршілік етуіне қажетті өзара қарым-қатынасының шарты. Өйткені адам тіршілік ету үшін бір-бірімен қатынас жасап, өзара қауымдасып еңбек етеді. Сөйтіп адамдар жаңа материалдық игіліктер жасайды, сол игілікті бөлісу, айырбастау, бірлесіп пайдалану үшін, бір сөзбен айтқанда, тіршілік тоқырап қалмау үшін түрлі әрекеттер жасайды, отбасы құрылып, бала сүйеді, топтарға, ұйымдарға бірігіп өз мүдделерін қорғайды. Адамдардың қауымдасуы өзінің белгілі бер даму кезеңінде өз қауымдастарының жеке бастары мен отбасы мүшелерінің, бірлестіктері мен ұжымдарының мүддесін қорғау, тыныштығын қамтамасыз ету үшін саяси күшті қажет етеді. Мұндай күш ретінде өмірге мемлекет келеді.
Азаматтық қоғам мен мемлекет бірлесіп, ынтымақтасып қатар бой түзеп өмір сүреді. Бірін бірі тежеп, бір бірінің қызмет аясына араласып, іштей текетіреске де барып отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет