Рольдер теориясы. қоғамдағы адамдардың белгілі бір алатын орнына, жағдайына, оларлын баскалармен карым-қатынастарына байланысты және қабылдаған ережелерге сәйкес адамдардың атқаратын қызметтері. Қосымша: Символикалық интеракционизм теориясына сәйкес әрбір рөл өзіне басқа рөлдермен қарым-қатынасты қамтиды; мысалы, “мұғалім” рөлін “оқушы” рөлінсіз түсіну мүмкін емес және ол оқушының өзіне тән мінез-құлқы мен арақатынасы тәрбиешінің өзіне тән мінез-құлқы ретінде анықталуы мүмкін. Өзара қарым-қатынас процесі адамдардың өз рөлдерін атқара отырып, басқалардың рөлдеріне қатысты қалыптасқан азды-көпті тұтас үғымды және басқалар рөлінде іс-әрекет жасайтын адамдардың шынайы жауап әрекеттерін әрқашан тексеретінін, ондай тұжырымдамаларды нығайтып немесе күмән туғызатынын білдіреді.