14.Стратификациялық жүйелердің тарихи типтері Біз қоғамының әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Əлеуметтік стратификация — қоғам мүшелерінің материалдық байлықты, табысты, артықшылықты, мəртебені, билікті, құқық пен міндеттерді иеленуінің бірдей болмауынан көптеген əлеуметтік топтарға, таптарға бөлінуі. Стратификация-қоғам мүшелерінің белгілі бір әлеуметтік позициялары,мәртебелері бойынша жіктелуі Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар: а) касталар; ə) сословиелер; б) таптар. Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе ашық жəне жабық жүйелерге бөлінеді. Қоғам мүшелерінің статустары мен əлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар əлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп алады да, ал, мұндай мүмкіндік балмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады. Жабық жүйеге Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға болады. «Каста» — латын тілінде castus (таза) деген мағынаны береді. Бұл жүйе 1900-шы жылға дейін сақталып келген. Үнді қоғамында қалытасқан дəстүр бойынша қоғам мүшелері касталарға жіктелген жəне соған байланысты əлеуметтік статус ата-аналарынан балаларына беріліп, ол өмірлік статусқа айналып отырған. Бұл қоғамда касталардың 4 тобы болған: брахмандар (діни иелері, абыздар), олар халықтың 3%-ын құрайтын;