Монархиялардың түрлері: Абсолюттік монархия (шектеусіз) — мемлекеттегі жалғыз жоғарғы орган болып табылатын монархы бар мемлекет. Бүткіл мемлекеттік биліктің құзыреті монархтың қолында болады (Сауд Арабиясы, Оман, Катар). Тағы бір ерекше бір түрі теократиялық монархия (Ватикан) болып табылады.
Шектеулі монархия — монархтан бөлек басқа да мемлекеттік басқару органдары бар мемлекет, ал мемлекеттік билік барлық жоғарғы билік органдарына жүктелген, сондай-ақ монархтың билігі белгілі бір арнайы дәстүрдің немесе Конституция актісінің негізінде шектелген. Өз кезегінде шектеулі монархия келесідей бөлінеді: