Этникалық иденттілік
⦁ Этникалық иденттіліктің -басты объективті тасушысы болып табылатын «ұлттық мәдениеттің » әлсіреуі барысында өтетін этникалық сана сезімдердің күшеюі
Республикамызда әрбір адамзаттың қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі ұйғаруға және оны көрсетуге немесе көрсетпеуіне болады. Әркімнің ана тілі мен өзінің төл мәдениетін пайдалануға, қарым – қатынас тілін, тәрбиені, оқуды және шығармашылықты еркін таңдап алуға құқығы бар.
Қазақстанда қазір 130 – ға жуық ұлттар мен ұлыстардың, этникалық топтардың өкілдері өмір сүріп жатыр. Олардың әрқайсысы өз ұлтының көркеюін қалайды, өз ана тілінде сөйлегілірі келеді, өздерінің балаларын, немерелерін өз ұлттық дәстүр, әдет – ғұрып, мәдениетіне сай тәрбиелеп, баулығылары келуі - табиғи, заңды нәрсе. Сондықтан біз өзге ұлт өкілдерін кемістпеуіміз, шеттетпеуіміз керек. Өйтсек, оларды өз ұлтымызға қарсы қойып, ашындырып аламыз. Сондықтан осы атамекеннің иесі – қазақ халқы республикамыздағы басқа халықтардың басын қосып, оларға ұйтқы болып, бір қоғамға топтастыруға тырысқанымыз абзал. Біз Қазақ Республикасын мекендеуші әр халықтың санасында «қазақстандық ұлтжандық», «жалпы қазақстандық мақтаныш» рухын, сезімін оятып, қалыптастырғанымыз жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |