4. А. Байтұрсынов пен Ә. Бөкейхановтың әлеуметтану жөніндегі көзқарастары
Ғасырлар тоғысында және XX ғасырдың бірінші жартысында ұлттықдемократиялық бағыт ұстанған қазақ зиялылары шықты. М. Дулатов, М. Шоқаев, М. Тынышбаев, Ж. Ақбаев, Ә. Ермеков, X. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, X. Ғаппасов, т.б. қоғамдық ғылымда бірегей туындыларымен өшпес із қалдырды.
Олардың әлеуметтік-саяси көзқарастары Алаш қозғалысының көшбасшылары А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейхановтың тұжырымдамаларына ұқсас, сабақтас болғандықтан жоғарыда аталған зиялылардың еңбектеріне сараптама жасамай-ақ, А. Байтұрсынов пен Ә. Бөкейхановтың әлеуметтанулық көзқарастарына тоқталуды жөн көрдік.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) - Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің даму тарихында өзіндік орны бар біртума алып тұлға.
Қазақ халқының, әсіресе «оқыған азаматтардың тұңғыш ... көсемі» болған А. Байтұрсыновтың саяси іске араласуы Ресей ішіндегі саясиәлеуметтік құбылыстармен тікелей байланысты болды: түрлі саяси партиялар мен қозғалыстардың құрылып, олардың қызметтерінің жанданған кезеңіне, бірінші орыс революциясының өршіген тұсына сәйкес келді. Бұл кезеңде ол Қарқаралы қаласында қызмет істейтін еді. Өз халқының мүддесін, болашағын ойлаған А.Байтұрсынов осы кезеңде саясатқа белсене араласты. Осы мәселені М.Әуезов «Қарқаралыда тұрғандағы соңғы төрт жыл Ақаңның саясат ісіне белсене кірісіп, жазумен де, ісімен де бой көрсеткен кезі, сол мезгілде 1905 жылдың өзгерісі болған. Қазақтың Мәскеуден келген біренсаран студенттері, басқа қалаларда оқып жүрген жастары һәм ескіліктен келе жатқан пікірі түзу үлкендердің арасында өзгеріс рухы жайылып, қазақтың
1. елдігін сөйлей бастаған кездері сол мезгіл болатын деп атап көрсетті
М. Әуезовтің пікірінен А. Байтұрсыновтың саяси көзқарасының қалыптасуы Қарқаралы жерінен бастау алып, патша үкіметі кемсітіп бұратана атаған қазақтардың мұңын мұңдап, жоғын жоқтауды өзінің негізгі мақсаты еткенін аңғаруға болады. Осы алға қойған мұратын іс-жүзіне асыру үшін халық арасында саяси үгіт-насихат жұмысын жүргізуді қолға алады. Қоянды жәрмеңкесінде А. Байтұрсынов қазақтан шыққан бірнеше зиялылармен бірге өз халқының атынан патша өкіметіне петиция жолдап, онда қазақ депутаттарының сайлануы, даланы басқару ережесіне өзгерістер жасау, орыс қоныс аударушыларын тоқтату, дінге қысым жасамау, іс
1 Әуезов М. Ақаңның 50 жылдық тойы // Ақ жол. 1923. 4 ақпан.
қағаздарың қазақ тілінде жүргізу, қазақ балаларына арнап ана тілінде мектептер ашу іспетті тағы да басқа да мәселелерді халықтың маңызды мүддесі ретінде тиянақты шешуді талап етті. Қазақ зиялылары мұнымен шектеліп қалмады. Патша өкіметінің шет аймақтар жөнінде ұстаған саясатын әшкерелеп, сынаған көптеген мақалалар жазды.
А. Байтұрсынов өзінің әлеуметтік-саяси көзқарастарын бірнеше еңбектерінде баяндады, атап айтқанда, «Тағы да народный сот хақында», «Қазақтың өлкесі», «Қазақ һәм 4-ші Дума», «Қазақ жерін алу тұрғысындағы низам», «Қазақша оқу жайынан», «Оқу жайы», «Мектеп керектері», «Соғысушы патшалар», «Қазақ халқын билеу туралы 1868 жылы шыққан уақытша положение», «1891 жылы 25-ші мартта шыққан степной положение, яғни осы күнгі положение. Сайлау һәм партия пәлесі», «Осы күнгі соттың тәртібіндегі кемшіліктер» және т.б. Реформатор ретінде демократиялық ойпікірлерін А. Байтұрсынов оқу ісі, мектеп жұмысымен байланыстырады. Оның пікірінше, мектептің жұмысына қатаң бақылау қою дұрыс емес. Мектеп автономия болып, өзін-өзі басқаруы тиіс. Мектеп басшылары мен ұстаздары жоғарыдан тағайындалмауы, олар дауысқа салу арқылы сайлануы керек. Сонда ғана оқыту мен тәрбие жұмысы демократиялық принциптер негізінде іске асады. Ол бастауыш мектептерде оқу процесін тек ана тілінде жүргізуді талап етті. Ана тілінде оқытуды патша үкіметінің қазақтарды орыстандыру саясатына қарсы қолданылатын құрал, жас буын ұрпақты орыстандырудан аман сақтап қалудың бірден-бір жолы деп бағалады. Мектепті діннен бөлуді ұсынды. Мектептің мемлекеттің идеялық қаруы болудан қалып, тек білім ордасы болуын талап еткен еді. А. Байтұрсынов діни оқулардың кемшіліктерін көрсете келіп, оны оқыған балалардың басым көпшілігі ұзақ оқығанына қарамастан хат танымай кететінін және діни оқудың ғылыми-техникалық прогреске үлес қоса алмайтындығын атап көрсетті.
Қазақ даласындағы оқу жайын зерттей отырып, оның әлеуметтікбілімдік құрылымын анықтады. Мысалы, бір ғана Қостанай уезінде 1909 жылы 12 657 қазақтың 6065 ер адамы қазақша оқығанын, ал 690-ы орысша оқығандар екенін, ал әйелдердің 379-ы қазақша, 29-ы орысша хат танитындығын баяндайды. «Бұл есептен көрінеді: Қостанай уезінде қазақша хат танитын еркек әрбір жүз кісіден алтау, орысша хат танитын әрбір мың кісіден алтау. Қазақша хат танитын әйел үш жүз кісіден біреу, орысша хат танитын әрбір әйел төрт мыңнан біреу екен. Бұл цифрлар қазақша оқудың тіпті аздығын көрсетеді»13. Ал Торғай облысыңда 1912 жылдың 1 қаңтарына дейін 570109 қазақ тұрған, қазақ балалары оқитын 132 мектеп болған еді.
2.
Бұлай болғанда әрбір 3561 кісіге бір мектептен ғана келеді екен Мектептердің аз болуы сауатты адамдардың, білімді балалардың қатарын да аз етті. Бұл орыстандыру саясатының қазақ мектептерін ашуға тигізген қырсығынан еді. А. Байтұрсынов үкіметтің қол астындағы жұрттың жазусызуы, тілі, діні бір болуы саясатын жүргізіп отырғанын ашына жазды. Ана тіліндегі оқу кітаптарының жоқтығы мектептерді ашпауға сылтау болғандығын, балаларды бірден орысша оқытудың қате екендігін қынжыла жазды.
А. Байтұрсынов қазақ халқына білім мен ғылымның аса қажеттілігін әлеуметтік-экономикалық және техникалық даму мәселелерімен тығыз байланыстыра қарастырады. Ол былай деп жазды: «Неше түрлі ғылым, өнер - бәрі де тіршіліктің ауырлығын азайту үшін, рахатын молайту үшін шығарған нәрселер. Ғылым, өнер артылған сайын дүнияда бейнет кемімекші»3. Алайда, қазақ сахарасында сол бейнеттен арылтатын ғылым, соның негізінде құрылған завод-фабрикалар жоқтың қасы еді. Бұларсыз, оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтың қолына
4, деп қатаң ескертті. Демек: «басқалардан кем болмас үшін біз
көшеді
білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек»5. Жалпы ел ішіндегі барлық проблемаларды шешудің алғышарты және құралы оқу екендігін баяндай отырып: «әуелі біз елді түзетуді бала оқыту ісінен бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халық та оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде оқумен түзеледі халықтың түзелуінің үміті жастарда. Сондықтан жастардың қалай оқып, қалай тәрбиеленуі - бәрінен бұрын ескеріліп, бәрінен 6 - деп қорытты. жоғары қойылатын жұмыс!»
Оқу мәселесін А. Байтұрсынов 1913 жылғы наурыздан бастап, кейін өзі редактор болып шығара бастаған «Қазақ» газетінің бетінде көтеріп отырды. Ресейде қалыптасқан саяси-әлеуметтік жағдайды терең сараптаған А. Байтұрсынов оны түнерген бұлттарға теңеп, өз халқын одан аман алып шығудың амалын іздестіретін, жұртқа мұрындық болатын газет ұйымдастыру қажет деген байламға келеді. Оның пікірінше: «Әуелі, газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. ...Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр секілді. Екінші, газет - жұртқа қызмет ететін нәрсе, олай болатын мәнісі жұрттың білімді, пікірлі, көргені көп көсемдері, оқығаны көп адамдары газет арқылы халыктың алдына түсіп жол көрсетіп, жол сілтеп, басшылық айтып тұрады. Төртінші, газет - халықтың даушысы. «Жұртым» деп халықтың арын арлап, зарын зарлап, намысын жоқтайтын азаматтары газет арқылы халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарарына қарсы тұрып, қарғаға
1 -ақ бұл көзін шоқытпасқа тырысады . Газеттің алғашқы санынан бастап
Бұл да сонда. 256-б.
Бұл да сонда. 253-б.
Бұл да сонда. 243-б. 6 Бұл да сонда. 252-б.
1 Қазақ газеті / Бас редакторы Ә. Нысанбаев. Алматы: Қазақ энциклопедиясы бас редакциясы, 1998. 10-б.
басылымда қазақ қоғамында орын алған саяси-әлеуметтік проблемалар және оларды шешудің жолдарын баяндап отырды. Ол қоғам дамуын революциямен іске асыруды мойындамады, керісінше, эволюциялық, реформалық шараларды іске асырумен қоғамның дамуына жету жолдарын қолдады. Халықтың саяси және әлеуметтік еркіндікке жетуі үшін отаршылдыққа қарсы аянбай күресу керектігін айтып, оның қуатты құралын оқу-білімнен көрді. Халықтың мүддесін қорғайтын саяси партия құру қажеттігін түсінді. Сипаты жағынан ұлттық-демократиялық бағыттағы «Алаш» партиясының құрылуына, оның күресінің түпкі мақсаттар мен күрес жолдарын анықтаған бағдарламасын дайындап қабылдануына белсене араласты. Құрылтай съезін (1917ж. 21-26 шілде) ұйымдастыруға қатысты. Ұлт мәселесін жер проблемасымен ұштастырып, қазақтарға тартып алынған құнарлы жерлер қайтарылуы тиістігін дәлелдеді.
Съезде талқыланған мәселелер бойынша А.Байтұрсыновтың ұстанымдары қазақ қоғамы үшін саяси маңызы зор, әлеуметтік мәні үлкен шешімдер қабылдауға ықпал етті. Съезде ол ұлттық-демократиялық сипаттағы қазақтың тәуелсіз мемлекетін орнату идеясын ұсынды. Бұл қазақ қоғамын дамытуда өркениетті елдердің даму тәжірибесіне негізделіп, эволюциялық өркендеуді басшылыққа алған балама жол болатын. Оның мақсаты казақ халқының өзін-өзі билеуге, әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени проблемаларды, тағы басқа мәселелерді өзінің шешуіне қол жеткізу еді. Алайда, Ә. Бөкейхановтың Ресей құрамында автономиялық мемлекет құру жөніндегі пікірі съезд шешіміне негіз болды. Бұл шешім «Алаш» партиясының бағдарламасының бірінші тарауында былайша тұжырымдалды: "Россия демократиялық республика болады. Демократия мағынасы - халықтық өкімет билігі; федерация мағынасы - тең мемлекеттер одағы. Федеративтік республикада әр мемлекет автономды, бірдей құқық пен мүддеде басқарылады»14. «Алаш» партиясының бағдарламасында Ахмет Байтұрсыновтың да әлеуметтанымдық көзқарасын айқындайтын тұжырымдамалар жарияланды. Онда: «Земство басқармалары мен милицияда қызмет істейтіндер туралы мәселелерді халық шешеді. Партия халық үшін игілік пен мәдениет орнатуға тырысады... Партия кедейлерге - жолдас, қанаушыларға - жау деп қарайды... Дін мемлекеттен бөлінуі қажет. Салық байлықтың дәрежесімен жалпы мүліктік жағдайға сәйкес алынуы тиіс: бай көп мөлшерде, кедей аз мөлшерде төлейді. Халыққа білім беру - баршаның игілігі болуы керек. Барлық оқу орындарында оқыту тегін жүргізіледі»2, — деген биік мақсаттар белгіленіп қойылды.
А. Байтұрсынов саяси лидер ретінде осы мұраттарды жүзеге асыруды қолға алды. Алайда, Ресейде қалыптасқан саяси ахуал оларды іске асыруда қиыншылықтар туғызды. Соған қарамастан ол саяси-әлеуметтік көзқарастарынан ешқашан бас тартпады. Оны билік басына келген большевиктер партиясының көсемі В. И. Ленинге жолдаған хатынан байқауға болады. Хатта қазақтың автономиялық мемлекетін құрудың өзіндік жолдарын ұсынады. Оның концепциясы бойынша:
1) Қазақ өлкесін басқару басшылығына халық толық сенетін, идеялық тұрғыдан нағыз коммунистерді және қазақ интеллигенттерінен шыққан, сенімді ақтаған әділ идеялы қызметкерлерді қою керек; 2) аралас әр түрлі жұрттар тұратын аудандардағы барлық билік органдар құрамының 3/2 қаналған ұлт өкілдері болуы тиіс; 3) қазақ өлкелік шаруашылықэкономикалық ұйымдарды басқару орталықтандыру немесе орталықтандырмауға қарамастан қазақтардың қолында болуы керек. Түрлі экономикалық жақындықты сылтау етіп, өзге губерниялардың немесе облыстардың құрамына қазақ жері бөлшектеніп берілмеуі керек және бағындырылмауы қажет; 4) қазақ коммунистері мен революцияшыл интеллигенцияның бүкіл саяси-мәдени жұмысы кеңестік социалистік шаруашылық саясатына негізделуі тиіс; 5) басқарылуы Орынбор қаласында болатын қазақтың әскери округін құру қажет; 6) қалалардағы гарнизондар
1 міндетті түрде қазақтардан құрылуы тиіс . Осы көзқарасы арқылы А. Байтұрсынов ұлт мәселесін, оның автономиясын дұрыс шешудің жолын меңзеді. Оның бұл ұстанымдары іске асырылмады. Тоталитарлық, қоғам дамуындағы кереғар құбылыстарды ашық айтқаны үшін Ахмет Байтұрсынов тұтқындалып, 1937 жылы үштіктің шешімімен атылды.
Әлихан Бөкейханов (1870-1937) Ресей империясында саяси-әлеуметтік қарама-қайшылықтар шиеленісіп тұрған тұста шыққан қоғамдық ойдағы ірі тұлға болды.
Ол Ресейді, оның құрамындағы қазақ қоғамын зерттеп, қоғамдық құбылыстар мен процестерді жан-жақты терең талдап, әлеуметтік және саяси мәні зор тың тұжырымдар жасайды. Бұл мәселелер оның «Қазақ өлкесінің тарихи тағдыры және оның мәдени жетістіктері», «Қазақтар», «Сұлтан Кенесары Қасымов тарихына материалдар», «Би һәм билік», «Далалық өлкенің ортасындағы орыс қоныстары», «Екі жол», «Төртінші Дума һәм қазақ» және т.б. монографиялары мен мақалаларында көкейкесті проблемалар ретінде қарастырылып зерттелді.
1896-1901 жылдары қазақ сахарасының Семей, Ақмола облыстары 12 уезінің жерді пайдалану тәсілдерін зерделеп, қазақ даласына орыс шаруаларының пәрменді түрде қоныс аударуына қажет ғылыми негіз жасап беруге тиіс болған Ф. А. Щербина бастаған экспедиция ұйымдастырылып, Ә. Бөкейханов бастапқыда статист қызметін атқарады, оның зерттеу тобына кейін жетекшілік жасайды.
Экспедиция барысында алуан түрлі деректі материалдар жинады. Үй санын, қора, мал санын есепке алды. Экспедиция өзіне жүктелген міндеттерді біршама орындап шыққаннан соң сонда жиналған құнды
1 Омарбеков Т. Қателескен Ленин бе, жоқ әлде қазақ зиялылары ма? // Егеиенді Қазақстан. 1991. 26 қараша.
материалдарды Ә. Бөкейханов топтастыруға, өңдеуге, оның ғылыми нәтижесін жазуға атсалысады. Есеп беру құжатын дайындауға қатысады. Жер мен өзен-көлдерді қартаға түсіреді. Қазақтардың тіршілік-тынысының негізгі тәсілі болған шаруашылық формаларына жан-жақты сипаттама береді. Бай мәліметтерге жүгіне отырып, ол Омбы, Қарқаралы, Семей, Павлодар өңірлеріндегі тарихи жерлерді картаға белгілейді. Шаруашылық түріне орай қалыптасқан қазақ қауымдастығын зерделей келіп, этностық қалыптасу процесін, тарихи шежіресін, ата қонысын анықтап жазады. Қазақтардың жүргізіп отырған шаруашылығының қаншалықты пайдалы екенін, сонымен бірге жоғарыда айтылған төрт уезде Ресейдің ішкі аймағынан қоныс аударған қара шекпенділердің тыныс-тіршілігін қарастырып, олардың негізгі кәсібі болып отырған егін шаруашылығының өнімсіздігіне көңіл қояды. Экспедициядағы жұмыс Ә. Бөкейхановтың географиялық жағдайы әр түрлі аймақта тұратын қазақтардың әлеуметтік жағдайын жан-жақты, жете білуіне мүмкіндік жасап, патша үкіметінің бұл өлкеде жүргізіп отырған саясатының қазақ халқының мүддесіне сай еместігін әшкерелетеді, сөйтіп ол орыстың
1.
қоныстандыру саясатына табанды түрде қарсы тұрады
1910 жылы Санкт-Петербордан шыққан "Қазіргі мемлекеттердегі ұлттық қозғалыстардың түрлері" деген жинақта "Қазақтар" деп аталатын көлемді еңбегі жарияланды. Бұл еңбегінде казақ қоғамында қалыптасқан саясиәлеуметтік жағдайдың себептері мен салдарларын, патша өкіметінің ұстаған отаршылдық, қоныс аудару саясатына қазақ халқының көзқарасын, олардың қоныс аударуы қара шекпенділермен арақатынасын, Алаш қозғалысының алға қойған мұрат-міндеттерін, т.б. маңызды мәселелерді талдап, сипатын, мазмұнын ашады.
Ә. Бөкейханов өзінің шығармаларында қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен дамуының заңдылықтары мен тарихи кезеңдерін маңызды әлеуметтіксаяси процесс ретінде қарастырып, қазақтың үш жүзінің патшалық Ресейдің құрамына енуінің мотивтеріне назар аударады. Хан Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысының түпкі мақсатын, оның әлеуметтік-саяси маңызын, жеңілу себептерін қарастырып, одан тағылым алады. Кенесары хан көтерілісінің сәтсіздігі Әлиханды өз халқын еркіндік пен теңдікке жеткізетін күрестің жаңа жолдарын, әдіс-тәсілдерін іздестіруге септігін тигізді. Нәтижесінде ол күрестің екі жолын анықтайды: оның біріншісі - саяси күрестің бейбіт жолы саналатын парламенттік күрес әдісі еді. Екіншісі- дамыған халықтардың мәдениетін қабылдау жолы. Соның негізінде қазақ халқының өнері мен білімін дамыту, ұлттық және саяси санасын қалыптастыру еді. "Қазақтың ұлт болып өркениетті ел қатарлы өмір сүруі үшін, - дейді ол, - ең алдымен, халықтың сана-сезімін оятатын жағдай тудыру керек, қазақтың ұлттық тілін, әдебиетін өрістету керек. Өз әдебиетін
2.
қалыптастыруда табысқа жеткен халық қана азат өмір сүре алады
1 Бөкейхан Ә. Таңдамалы. Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995. 11-б. Бөкейхан Ә. Таңдамалы. 16-б.
Осы жаңа стратегиялық бағыт Алаш қозғалысының лидері
Ә.Бөкейхановтың және де басқа да қазақ зиялыларының саяси тәуелсіздікке буржуазиялық-демократиялық деңгейде қол жеткізуге болады деген түсінігін қалыптастырды. Кейін бұл көзқарасты тереңдете келіп, ұлт-азаттық қозғалыс жеңіске жетер болса, онда қазақ қоғамының мемлекеттік-саяси құрылысы батыс елдеріндегідей буржуазиялық-демократиялық құрылыс болады деген қорытынды жасайды.
Қазақ халқының ұлттық және саяси санасын көтерудегі және қоғамдық пікірді қалыптастырудағы баспасөздің рөлін жоғары бағалаған Ә. Бөкейханов ана тілінде газет басып шығару жұмысын ұйымдастырып, соның негізінде «Қазақ» газеті (1913) шықты. Газет өзінің төңірегіне қазақтың зиялыларын біріктіріп, олардың саясат, экономика, әлеуметтік және мәдениет туралы мақалаларын басып отырды. Ә. Бөкейхановтың 250 аса мақалалары, ғылыми
1 зерттеулері осы басылымда жарық көрді . Еңбектерінде қазақ халқының әлеуметтік жағдайын қарастырумен қатар, патшалық отарлауға қарсы жаңа өрлеу ала бастаған ұлттық қозғалысқа саналылық, ұйымдасқан сипат беру жолдарын қарастырды.
Ә. Бөкейханов Ресейдің заң шығарушы органы I Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланған санаулы ұлт өкілдерінің бірі еді. Ол Дума мінбесін өз халқының түбегейлі мүдделерін қорғайтын орынға айналдыруды мақсат етті. Өйткені Дума қазақтардын маңызды проблемаларын шеше ме деген үмітте болды. Сондықтан Дума сайлануына үлкен мән берді, халыққа арнап оның мазмұнын ашатын еңбектер жазып, ақпарат құралдарында жариялап отырды. Мұның өзі халықтың саяси санасын көтеруде зор рөл атқарды.
Ресей патшалығы ішкі мекендерден жерсіз шаруаларды шет аймақтарға қоныстандыруды отарлау саясатын бейбіт жолмен жүзеге асырудың тиімді тәсілі ретінде қараған. Осы әрекеттерін сырт көзден жасыру үшін, оны заңды процесс ретінде көрсету үшін түрлі құжаттар қабылдаған. Мысалы, 1909 жылдың 9 маусымында Министрлер Кеңесі Ақмола, Семей, Торғай және Орал облыстарындағы мемлекеттік жер қорын есепке алу жөніндегі нұсқау шығаруы және Түркістан өлкесін басқару туралы ережені күшейту үшін қосымша заң қабылдауы соның дәлелі. Көші-қон мекемелеріндегі чиновниктер осы құжаттарды жүзеге асыруға бар күш-жігерін жұмсап, орыс қоныстанушылары сияқты қазақ шаруаларына 15 десятина үлестік жер бөліп, оларды отырықшылыққа көшіру міндеттерін іске асыруға тырысты. Демек, қазақтарды отырықшылыққа тартудың өзі оларды өз жерлерінен айырудың және үкіметке бағынышты етудің сұрқия амалы болды.
Ә. Бөкейханов жер мәселесі төңірегінде жүргізіліп жатқан саясаттың әлеуметтік-экономикалық сырын ашып, қазақ халқына тигізетін оның ауыр салдарларын әшкерелеп отырды. Егіншілікке көшудің қазақтар үшін жағымды жақтарын жоққа шығармады. Бұл процестің эволюциялық жолмен
1 Бөкейхан Ә. Таңдамалы. 19-б.
жүруін қолдады. Ол өзінің осы көзқарасын былайша түсіндірді: «біздің ақылымызша, адам баласының шаруасы бірте-бірте қиыншылықпен, көп жылдарға созылады. Мал бағып, шаруа қылып келе жатқан жұрт, патша 15тен жер берді деп, егінші бола қоймады. Мал шаруасы тымақ емес, төре келе жатыр деп қолға жұлып ашатын. Мал шаруасын тіршілік үшін ұстап жүрген жұрт 15-тен жер алса, үлкен аяққа тар етік киген болады. Біз қазақ-ау, 15-тен жер алмай тұрып жан-жағына қара дейтініміз содан, қазақ 15-ті алып, осы
-пікірі арқылы алақандай жерге мал бақпақ, бұған мал бағылмайды» . Осы ой
Ә. Бөкейханов қазақтарға отырықшы норманың өздері үшін тиімсіз екенін ескертеді.
Ә. Бөкейханов К. Маркстің бірнеше еңбектерін оқып, қазақ тіліне аударған еді. Алайда, оның таптар күресі қоғамдық дамудың бірден-бір көзі деген ілімін, ондағы төңкерістің рөлі туралы қағидасын мойындамады. Демократиялық жағы басым болғандықтан Ақпан төңкерісі халқына теңдік әпере ме деген үмітпен уақытша үкіметтің қызметіне зор қызығушылық танытты. Сондықтан ол жаңа биліктің Торғай облысы бойынша комиссары болуға келісімін берді.
Алайда, Ә. Бөкейхановтың Ақпан төңкерісінен күткен үміті ақталмады. Кадет партиясының лидері бұратана халықтарға, соның ішінде қазақтарға автономия бермейтінін, Ресей империясының тұтастығын сақтайтындытын ашық айтты. Осы себептен Ә. Бөкейханов аталмыш партияның қатарынан шығып, қазақтың мүддесін көздейтін өз алдына жеке саяси партия құру қажеттігін түсінді және бұл идеясын жүзеге асыру үшін жер-жерде съездер өткізуді қолға алды. Жалпы қазақ съезі шақырылып, ол "Қазақ саяси партиясын" құру туралы шешім қабылдады. Сол шешімнің негізінде Алаш партиясының жергілікті комитеттерін құру процесі жүрді. Торғай, Ақмола, Семей, Орал және Жетісу облыстық партия комитеттері құрылып, халық арасында саяси жұмыстар жүргізді. Қоғамда қалыптасып отырған объективті жағдайларды ескере келе, Ә. Бөкейханов бастаған қазақ саяси қайраткерлері Орынбор қаласында жалпы қазақ съезін шақырып, онда қазақ мемлекеттігі туралы мәселені қарады. Съездің шешімі бойынша Алашорда деп аталатын «Ұлт кеңесі» құрылып, оның құрамына 15 адам сайланды. Ә. Бөкейханов көпшілік дауыспен осы өкіметтің төрағасы болып сайланды. Съезд қазақтардың шығу бір тектілігін және орналасу жағдайын есепке алып, Алаш автономиясының құрамына Бөкей ордасының Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облысының Ферғана, Самарқан облысының Әмудария аймағының, Закаспий облысының қазақтар мекендеген уездерінің, Алтай
губерниясының кейбір облыстарының енгенін мәлімдеді . Съезд мемлекеттік жүйені құруға, оның институттарының атқаратын функцияларына да тоқталды. Өйткені бұл мәселелерді анық шешпейінше өкімет билігін жүзеге асыру мүмкін емес еді. Сондықтан съезд аталмыш мәселеге зор маңыз берді.
Бөкейханов Ә. Шығрмалар. Алматы: Қазақстан, 1994. 19-б.
Әбдіманов Ө. Қазақ газеті. Алматы, 1993. 106-б.
Мемлекеттік жүйені құруда алдыңғы қатарлы елдерде қалыптасқан мемлекеттік жүйенің озық тәжірибесін ескере отырып, кейбір мәселе бойынша жаңа озық шешім қабылдады. Съезде тек жер мәселесі қаралмады. Бірақ съезд делегаттарына бұл мәселе бойынша Алашорда өкіметінің ұстаған саясаты партия бағдарламасының жобасынан, оның лидерлерінің "Қазақ" газеті бетінде жариялаған мақалаларынан белгілі болатын. Аталмыш құжат пен туындыларда Алашорда өкіметінің жер саясатының мән-мазмұны, оның негізгі бағыттары тұжырымдалған еді:
қазақ автономиясында жерсіз қазақ бұқарасы жер еншісін алып болғанша қоныс аударушылар тоқтатылуы тиіс. Жер үлесін алдымен патша заманында ата қонысынан ығыстырылған жергілікті халық алуы керек;
қазаққа жер кесілгенде ауылға, ұлысқа, руға, өздерінің тілегіне қарай бөлінсін. Жерді бірге алған ру, ауыл, болыс өз ішінде тәртіп орнатып, әділеттілікпен пайдалансын;
жерді сатуға тыйым салынады. Үлестен артылған жер мемлекет қазынасы аталып, оның билігі жұрт мекемесі қолына өтеді;
Алаш автономиясының жер үстіндегі түгі, суы, астындағы кені Алаш
1.
мүлкі болып табылады
Алайда, Ақпан төңкерісінен кейін ел ішінде қалыптасқан әлеуметтіксаяси жағдайлар Алаш өкіметінің алға қойған міндерін жүзеге асыруға кедергі болды. Тіптен Алашорда өкіметінің өмір сүруін тоқтатуға ықпал етті.
Сайып келгенде, Ә. Бөкейхановтың саяси-әлеуметтік көзқарастары Қазақстанда әлеуметтану ғылымның іргетасын қалауда үлкен рөл атқарды.
Алаштықтардың ұлттық сипатта жүзеге асырмақ болған бағдарламаларын кеңестік дәуірде іске асырмақшы болған көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлері: Т. Рысқұлов, С.Қожанов, С. Садуақасов, Ж. Мыңбаев, Ы. Мұстамбаев, Н. Нұрмақов, М. Әуезов, т.б. шықты. Бұлардың әлеуметтанулық көзқарастары арнайы қарастыруды қажет етеді.
XIX ғасырда әлеуметтану ғылымын қалыптастырған ойшылдардың тұжырымдамаларын, ой-пікірлерін XX ғасыр әлеуметтанушылары одан әрі дамытып, жаңа теориялар мен ағымдар пайда болды.