04 АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ • жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасайды; • азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның қүқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық , экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелейді; • Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасайды; • жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамытады; • қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар
КЕМШІЛІКТЕРІ Бір
інші, біз дайын өңделген ақпаратты баланың аузына салып береміз де, оны бала қабылдап алды ма, ол білім баланың меншігіне айналды ма, жоқ па оны ескере бермейміз. Біз дайындап берген материалдарымыз баланың меншігіне айналмаса ол оны кез-келген уақытта ұмытып қалады. Міне сондықтан да біз ең үлкен кемшілік осы дайын нәрсені бере салу деп білеміз. Мысалы, бала бір тригонометрияның өзінен 48 формуланы жаттайды екен. Біздің жаңа стандарт балаға ол форомуланы беріп қана қоймай, оны қайдан табу керек екендігін үйретеді. Сонда бала білімді қайдан алуға болады, қалай іздеуге болады және сол білімді пайдалана білуді үйренеді. Өйткені соншама білімді баланың басына салып қою мүмкін емес.Екіншіден, оқу процесіндегі қарым-қатынас. Бізде мұғалім мен оқушы арасында субъективті объективті қарым-қатынас орнаған. Яғни, оқушы мұғалімге бағынышты. Бұл жерде мұғалім балаға білімді айтып беру үшін қажет емес , баланы білімді алуға үйрету үшін қажет екендігін түсіну керек. Осыны ескере