Әлеуметтанудың даму тарихының негізгі бағыттары (2 бӛлім) Жоспары



Дата09.12.2016
өлшемі74,07 Kb.
#3526
Әлеуметтанудың даму тарихының негізгі бағыттары (2 бӛлім)

Жоспары:

1.Ресейдегі әлеуметтану ғылымының негізгі бағыттары.

2. Қазақстандағы әлеуметтанулық ой-пікірлер.

3. Қазіргі заманғы Батыс әлеуметтануы.



Ресейдегі әлеуметтану ғылымының негізгі бағыттары.

Ресейдегі әлеуметтанулық ойдың қалыптасуы мен дамуы ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырлардың үлесіне тиеді. Осыкезеңдердегі ресейлік әлеуметтанудағы географиялық бағыттың ӛкілі географ ғалым әрі әлеуметтанушы Л.И.Мечников болды. Л.И.Мечниковтың әлеуметтанулық тұрғыдан қарастырған мәселелері оның «Ӛркениет және ұлы тарихи ӛзендер» атты еңбегінде баяндалды. Бірнеше тіршілік иелері ортақ мақсатқа бірлесе күш жұмсап жету үшін қай жерде жиналса, қоғам сол жерден басталады деп ойлап, Л.И.Мечников қоғамда кооперациялар, ынтымақтастық құруға тырысу анықтаушы болатындығын атап кӛрсетті. Қоғамдық прогресс идеясы Л.И.Мечниковтың әлеуметтанулық тұжырымдамаларында ерекше орынды иеленді. Оның пікірінше, прогресс идеясы болмайынша, адамзат тарихы тек оқиғалардың мағынасыз қоймасы тәрізді болып қалады. Географиялық ортаның басты компоненті гидрологиялық фактор болуы ықтимал деп түсінген орыс әлеуметтанушысы дүниежүзілік тарихтан ӛзендік, теңіздік және мұхиттық үш негізгі дәуірді немесе ӛркениетті бӛліп кӛрсетті.

Ресей әлеуметтануында органикалық бағытты қалыптастырған А.И.Стронин және П.Ф.Лилиенфельд болды. А.И.Стронин әлеуметтік білімді жаратылыстану ғылымына, ең алдымен биологияға ұқсас үлгіде қарау қажет деп есептеді. Оның пікірінше, әрбір социумның кез келген биологиялық организм сияқты, белгілі бір жинақталған күш қорына сәйкес ӛмір сүруі шектеулі болады.

П.Ф.Лилиенфельд әлеуметтік заңдар әлеуметтік күштердің және табиғаттағы органикалық күштердің арасындағы әрекеттерді ұқсастыру жолымен шығарылуы мүмкін деген қорытынды жасады.

Субъективтік бағыттың кӛрнекті ӛкілдері П.Л. Лавров пен Н.К.Михайловский болды. П.Л.Лавров әлеуметтануды нормативті ғылым деп санады. Оның кӛзқарасы бойынша, қоғамның бір ғана қозғаушы күші бар, ол – тұлға. Лавров әлеуметтануға анықтама беруге де талпыныс жасады. Н.К.Михайловский әлеуметтану басқа да қоғамдық ғылымдармен байланыста болуы керек деп есептеді. Ол қоғамдық ӛмір фактілеріне әділ қарау керек деген тұжырымды ұстанды. Оның пікірінше, тұлға мен қоғам арасында үздіксіз қақтығыс болып жатады.

Анархизм бағытын қалыптастырған М.Бакунин мен П.Кропоткин болды. Анархизмнің басты идеясы – ешбір мемлекеттік институттар бұза алмайтын тұлғаның еріктілік идеясы, табиғи күй ретіндегі оның еркіндік идеясы болды.

Психолгиялық бағыттың ӛкілдері Е.В.Де-Роберти мен Н.И.Кареев қоғам дамуының негізгі бағыттарына, прогресс пен регреске, бұқара халық пен тұлғаның тарихтағы роліне назар аударды. Олар қоғам дамуындағы психологиялық факторлардың ролі мен маңызын дәлелдеуге үлес қосты.

Ресей әлеуметтануындағы негізгі бағыттардың бірі жария марксизм бағытының ӛкілдері П.Струве, М.Туган-Барановский, Н.Бердяев, С.Булгаков және т.б. болды. Олардың кӛзқарастарының негізінде кейінірек идеалистік және діни бағыттар дами бастады.

Қазан тӛңкерісінен кейін ресейлік әлеуметтанудың дамуы шиеленісті жағдайда жүрді. Кеңе ӛкіметінің алғашқы жылдарында әлеуметтану ғылымының ӛрлеуі байқалды. Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы екі рет: Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 20 бет Барлығы 164
30-жылы және 60-жылдың басында әлеуметтануды марксизмге жау, жалған ғылым деп жариялады.

Қазақстандағы әлеуметтанулық ой-пікірлер.

Батыс Еуропа мен Ресейдегі әлеуметтанушылардың идеялары, кӛзқарастары қазақтың кӛзі ашық азаматтарына ықпалын тигізбей қоймады. Солардың қатарында Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев және т.б. болды. Ш.Уәлиханов қазақ қоғамындағы жағымсыз құбылыстардың тоқырауға себеп болғанын, қоғам дамуындағы жаңа бетбұрысқа бағыт алған еркін ағымды тоқтатқанын сынай келе, ендігі қазақ елінің ӛркендеу болашағын реформалармен тығыз байланыстырды. Шоқанның кӛзқарасы бойынша экономикалық және әлеуметтік реформалар шынайы қоғамдық прогреске жетуді мақсат етуі керек, ал, қоғамдық прогресс, ӛз кезегінде халықтың материалдық жағдайын жақсартуға қызмететуі тиіс. Халықтың пайдасы үшін іске асырылатын қоғамдағы ӛзгерістер «материалдық қажеттілікке» және «ұлттық мазмұнына» орайластырылған бірнеше талаптарды қанағаттандыруы керек.

Шоқан қазақ қоғамын әлеуметтік организмнің күрделі объектісі ретінде қарастыра отырып, оның әлеуметтік-таптық құрамының қоғам дамуына сәйкес үлкен ӛзгерістерге ұшырап отыратынын кӛрсетті. Кейінірек Қазақстанның Ресейге қосылуы (бодан болуы), хандық институттың жойылуы, басқарудың жаңа жүйесінің енгізілуі және т.б. себептер де қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын біраз ӛзгеріске ұшыратты.

Шоқан ұлтаралық қатынастар мәселесінің ӛршуін қазақтардың ӛз жерінен ығыстырылып, материалдық жағдайының күрт құлдырауынан деп білді. Шоқан ӛркендеудің қай сатысында тұрғанына қарамастан кез-келген халықтың ӛзін-ӛзі дамытуын, ӛзін-ӛзі қорғауын, ӛзін-ӛзі басқаруын және ӛзін-ӛзі жазғыруын қоғамдық даму заңдылықтары ретінде қарастырып, олардың қазақ қоғамындағы әрекет ету кӛріністеріне тоқталады.Билер сотының сақталуын Шоқан халықтың ӛзін-ӛзі басқаруының маңызды буыны деп қарай отырып, патша үкіметі ХІХ ғасырдың 60-жылдарында қазақтардың мүддесіне сай ӛлкені басқару жүйесін орнатады деп сенген болатын. Алайда , оның үміті орындалмады.

Шоқанның әлеуметтік кӛзқарастары О.Конт, Г.Спенсер тәрізді Батыс әлеуметтанушыларының ой-пікіріне ұқсас. Алайда Шоқан олардың кӛзқарастарының тӛңірегінде қалып қоймады.

Шоқан секілді қазақ қоғамындағы әлеуметтік проблемаларды зерттегендердің бірі – Ы.Алтынсарин болды (1841-1889).Ы.Алтынсарин білімсіздіктің етек алуынан қазақ қоғамын надандық жайлап бара жатқанын айта келіп, халықты білім алуға шақырды. Сол себепті ол ӛзінің ӛмірінің 25 жылын жастарға білім беруге арнады.

Ы.Алтынсарин ағартушы-демократ ретінде патша үкіметінің отаршылдық саясатына, жергілікті ӛкімет орындарының озбырлық істеріне наразылық танытты. Қазақ халқының қамын жеп, мүддесін қорғады. Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 21 бет Барлығы 164
Кӛшпелі қазақ елін отырықшылық ӛмірге, тек мал бағумен ғана емес, егін егіп, бау-бақша ӛсіруге шақырды. Дінді зерттеп, оған ӛзіндік үлес қосты. «Мұсылманшылықтың тұтқасы» атты кітап жазып, онда ислам діні туралы объективтік түсінік беруге ұмтылыс жасады. Ы.Алтынсарин қазақ қоғамының әлеуметтік-таптық құрылымын да зерттеді. Зерттеу объектісіне Торғай облысының халқын алды.

Отырықшылықтың тиімділігін Ы.Алтынсарин оқу процесімен де байланыстырады. Отырықшылқ оқу процесінің үздіксіздігін, мектептердің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді деп түсінді. Ы.Алтынсарин отбасының мәселелеріне де кӛп кӛңіл бӛлді. Отбасының қазақ қоғамында ерекше міндеттер атқаратындығына зор мән беріп, ата-аналардың ұл-қыздарын атастыру, некелестіру салт-дәстүрі жанұяның тұрақтылығын сақтаудың, туыстық қатынастарды нығайтудың құралы деп сипаттайды. Қазақ халқында жеті-сегіз атаға дейін қыз алыспау салты әлеуметтік нормаға айналғанын кӛрсетеді. Ыбырайдың әлеуметтану тұрғысынан қарастырған мәселелері, оның нәтижелері отандық әлеуметтану ғылымы үшін маңызы зор деп есептеледі.

Абай Құнанбаевтың әлеуметтанулық кӛзқарастарынң қалыптасуына орыстың революцияшыл-демократтары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларының еңбектері ықпал етті. Абай Г.Спенсердің орыс тіліне аударылған әлеуметтанулық еңбектерімен танысып, оның эволюциялық теориясын қабылдайды.

Абай ӛз шығармаларында әлеуметтік мобильдік, адам статусы мәселеллеріне тоқталып, адамның қоғамдағы орнын билік, байлық, билік деңгейі айқындайтынын атап түсіндірді.

Абай қазақ қоғамын дамытудың құралы халыққа білім беру, оларды ғылымға тарту деп есептеді. Ғылым әлеуметтік жағдайларды жақсартудың бірден-бір құралы деп қарай отырп, ғылымды игеру бүкіл прогреске жеткізетін жол деп түсіндірді.

Абай дінге қоғамдық институт ретінде қарады. Абай дін мәселесін ӛзінің ӛлеңдерінде, қара сӛздерінде алға тартып, оның әлеуметтік мәні мен мазмұнын ашады. Әлеуметтік ортаны, жалпы қоғамды Абай адамды жан-жақты етіп қалыптастыратын негізгі социум және басты фактор ретінде қарастырады. Абай жек адам мен қоғам арасындағы ӛзара байланыс пен қарым-қатынастың мазмұнына үңіліп, оған әлеуметтік процесс ретінде қарады.

ХІХғасырдың аяқ шенінде ХХғасырдың бірінші жартысында ұлттық-демократиялық бағыт ұстанған қазақ зиялылары М.Дулатов, М.Шоқай, М.Тынышпаев шықты. Олардың шығармалары қоғамдық ғылымда ӛшпес із қалдырды.

Олардың әлеуметтік-саяси кӛзқарастары Алаш қозғалысының жетекшілері А.Байтұрсынов пен Ә.Бӛкейхановтың тұжырымдамаларына ұқсас, сабақтас болғандықтан жоғарыда аты аталған зиялылардың бәрінің Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 22 бет Барлығы 164


еңбектеріне сараптама жасамай-ақ А.Байтұрсынов пен Ә.Бӛкейхановтың әлеуметтанулық кӛзқарастарына тоқталамыз.

А.Байтұрсынов (1873-1937) – Қазақстандағы қоғамдық ойдың дамуында ӛзіндік орны бар тұлға. Қазақ халқының, әсіресе «оқыған азаматтарының» кӛсемі болған А.Байтұрсыновтың саяси іске араласуы Ресейдегі саяси-әлеуметтік құбылыстармен тікелей байланысты болды: түрлі саяси партиялар мен қозғалыстардың құрылып, олардың қызметтерінің жанданған кезеңіне, бірінші орыс революциясының ӛршіген тұсына сәйкес келді. М.Әуезовтың пікірі бойынша А.Байтұрсыновтың саяси кӛзқарасының қалыптасуы Қарқаралы жерінен бастау алды. Патша үкіметі кемсіткен бұратана қазақтардың мұңын мұңдап жоғын жоқтау оның негізгі мақсаты болды.

Ә. Бӛкейханов (1870-1937) Ресей империясында саяси-әлеуметтік қарама-қайшылытар шиеленісіп тұрған тұста шыққан ірі тұлға болды.Ол Ресейді, оның құрамындағы қазақ қоғамын зерттеп, әлеуметтік-саяси мәні бар зор тұжырымдар жасайды.

1896-1901 жылдары қазақ сахарасының Семей, Ақмола облыстары 12 уезінің жерді пайдалану тәсілдерін зерделеп, қазақ даласына орыс шаруаларының пәрменді түрде қоныс аударуына қажет ғылыми негіз жасап беруге тиіс болған Ф.А Щербина бастаған экспедиция ұйымдастырылып, Ә.Бӛкейханов сонда алғашқыда статист қызметін атқарып, оның зерттеу тобына кейін жетекшілік жасайды.

Экспедициядағы жұмыс Ә.Бӛкейхановтың географиялық жағдайы әр түрлі аймақтағы тұратын қазақтардың әлеуметтік жағдайын жан-жақты жете білуіне мүмкіндік жасады.

Қазіргі заманғы Батыс әлеуметтануы.

Символдық интеракционизм. Осы теорияның негізін салағн әлеуметтік философ Дж. Мидтің пікірі бойынша, саналы түрдегі «мен» әлеуметтік процестен шығады. Адамның әлеуметтендірілуі мен есеюі оның ролге ие болуы ретінде түсініледі.

Феноменологиялық әлеуметтану. Оның негізін салушы А.Щюц адамдар қоршаған ортамен байланыста болады, оны сезімнің кӛмегімен таниды деп пайымдайды.

Драматургиялық әлеуметтану. Бұл теорияны жасаушы Э.Гоффман адамдардың ӛзара әрекет ету ортасы – бұл ойын алаңы деп есептеді.

Этнометодология. Г.Гарфинкель ӛзара әрекетке түсе отырып, әрбір индивидтің осы нақты ӛзара әрекет қандай болатындығы және қалай жүретіндігі жӛнінде түсініктері болады деп топшылады.

1.Қазақстанда әлеуметтанымдық ойдың дамуы. Мақалалар жинағы. Алматы, 1998.

2. Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану. Оқу құралы. Алматы, 2007.

3. Социологиялық сӛздік. Алматы: Қазақ университеті, 2004, 2008.



4. Современнная западная социология. Словарь. М., 1990.
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет