Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері «Әлеуметтану»



бет2/7
Дата26.02.2022
өлшемі70,96 Kb.
#133424
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Социология1каз

Объект дегеніміз – бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, институттар, мемлекет, т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б. Бұлар зерттелетін объекті болғаннан кейін субъектіден тәуелсіз, тыс өмір сүреді. Оларды адам өзінің теориялық немесе практикалық мәселелерін шешу арқылы алға қойған мақсатына жету үшін пайдаланады. Осыдан әлеуметтану пәні шығады.

Әлеуметтану пәнінің  байланыс, қатынастар жиынтығы «әлеуметтік» қоғамның біртұтас жүйесін құрайтын нақтылы ұғымдарға кіреді. Олар әрбір объектіде, құбылыста, процесте ерекше ұйымдастырылған белгілі бір әлеуметтік жүйе ретінде болады. Ал, әлеуметтану пәнінің қалыптасуы объектінің қасиеті мен зерттеушінің алдына қойған мәселелерінің мақсаты мен сипатына, оның ғылыми білімінің деңгейіне және өз дүниетанымында қолданатын құрал – тәсілдеріне байланысты. Зерттеу пәні әр уақытта зерттеу объектісін қажет етеді, бірақ, оған кірмейді, онымен тең емес, өйткені бір ғана әлеуметтік объект өмірдің алуан түрлі мәселелерін шешу үшін зерттелуі мүмкін. Осыған орай әлеуметтанудың пәні зерттелетін объектінің шекарасын белгілейді. Сондықтан әлеуметтану пәнінің басты міндеті - әлеуметтік жүйелерді типологизациялау (яғни, ортақ белгілеріне қарай жіктеу, топтау), әрбір әлеуметтік объектінің байланысы мен қатынастарын заңдар деңгейінде зерттеу – бұл заңдылықтардың әрбір әлеуметтік жүйесін басқару, оның тәртібін реттеу, оның іс - әрекет, қызмет ету тетіктерін анықтау болып табылады. Сонымен, әлеуметтілік - әлеуметтік байланыс пен қатынастарды ұйымдастырудың негізгі бастамасы ретінде болса, ал, әлеуметтік заңдылықтар бұлардың мәні мен мазмұнын түсінудің негізі болып есептеледі.
«Әлеуметтік» дегеніміз, нақтылы қоғамдағы қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Бұл қатынастардың жиынтығы жеке тұлғалар мен олардың белгілі бір тобының белгілі бір кеңістікте, уақытта іс - әрекетінде атқарған қызметтерінде байқалады.
Қандай да бір қоғамдық қатынастардың жүйесі әр уақытта адамдардың өзара қарым-қатынасынан және қоғамға қатынасынан көрінеді. Сондықтан әрбір қоғамдық жүйенің әлеуметтік жағы болады.
Қорыта айтқанда, әлеуметтік - әр түрлі жеке тұлғалардың бірігіп істеген қызметінің жемісі, нәтижесі. Бұл олардың бір – бірімен байланыс – қатынастарынан тікелей көрінеді. Ал, олардың қоғамдық құрылымындағы алатын орны, атқаратын рөлі және әр түрлі жағдайлары бір – бірінен өзгеше қоғамдық үрдістерге қатынасынан көрінеді.
Әлеуметтану пәнінің қалыптасуы әруақытта оның категориялары арқылы жүзеге асырылады. Категориялар өмірдің нақтылы шындығын, әлеуметтік құрылымның дамуындағы маңызды жақтарды, ондағы қатынастар мен байланыстарды бейнелейді. Олар осы қатынас, байланыстардың тұрақты, қайталанатын, маңызды түрлерін және құбылыстар мен процестердің өзара іс – қимылын көрсетеді. Бұл категориялар бір – бірімен тығыз байланыста, қатынаста болады, олар ешуақытта бір – бірінен бөлек, оқшау тұрмайды.
Категориялардың негізінде әлеуметтанудың заңдары қалыптасады. Әлеуметтанудың категориялары алуан түрлі болады. Бұған адам қоғамына тән қасиеттердің бәрі кіреді.
Негізінде әлеуметтану екі үлкен категорияға басты назар аударады. Ол – қоғам жәнет ұлға. Ал, қоғам туралы әлеуметтану мәселесі қозғалғанда төмендегі категориялар арқылы зерттеу жүргізеді. Ол – «әлеуметтікбірлік». Бұл адамдардың арасындағы әртүрлі қарым – қатынастар. Осы қарым – қатынас, байланыстардың негізінде олардың күнделікті өмірі мен іс – әрекетінің мұң – мұқтажын, талап – тілектерінің бірлігі жатыр.
Әлеуметтік бірлестіктер қоғамды қайта құру, өзгерту субъектісі болып саналады және бұл – әлеуметтік субъектінің өзін – өзі ұйымдастыруының тұрақты түрі. Әлеуметтік бірлестіктің түрлеріне: отбасы, адамдардың әлеуметтік – таптық, топтық, әлеуметтік – демографиялық, ұлттық, территориялық, мемлекеттік және бүкіладамзаттық қоғам бірліктері, қозғалыстары, т.б. жатады.
Әлеуметтануда әлеуметтік құбылыстар мен процестердің бес негізгі заңы тұжырымдалған:
  1. Әлеуметтік құбылыстардың қатар өмір сүру заңы. Мысалы, егер «А» құбылысы болса, ол әр уақытта «Б» құбылысын қажет етеді.


  2. Әлеуметтік құбылыстардың даму тенденцияларын анықтайтын заң. Мысалы, өндіргіш күштердің өзгеруі өндірістік қатынастардың өзгеруін талап етеді.


  3. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы алуан түрлі байланыстарды, қатынастарды анықтау заңы. Бұл заң іс – қимыл, атқаратын қызмет деп те аталады. Ол әлеуметтік объектінің әрбір элементінің, бөлігінің арасындағы байланыс, қатынасын бейнелейді.


  4. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы себепті байланыстарды бейнелейтін заң. Мысалы, әлеуметтік бірліктің негізгі, қажетті шарты – ол қоғамдық және жеке мүддені сәйкестендіру, үйлестіру болып саналады.


  5. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы байланыстардың болу мүмкіндігін білдіретін ықтималдық заңы.


Әлеуметтік құбылыстар мен процестерді және олардың арасындағы байланыстарды, қатынастарды біліп – тануда әлеуметтану жалпы теориялық ғылыми зерттеу әдістеріне сүйенеді.


Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардан ең басты айырмашылығы – оның өзіне ғана тән әлеуметтік – экономикалық, саяси, рухани, құбылыс, процестерд ізерттейті арнаул әдістерінің болуында.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет