Факультеті «Философия және психология» Кафедрасы «Жалпы және қолданбалы психология»
СӨЖ Тақырыбы: «Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеуметтанудың рөлі» «Әлеуметтанулық қиял түсінігіне аныктама> «Қазіргі адамға неліктен "әлеуметтанулық қиялды" меңгеру мен әлеуметтанулық перспективаны көре алу маңызды» Орындаған:Қожан.Ә Тексерген:Омарова.Ә Алматы 2021ж «Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеуметтанудың рөлі» «Әлеуметтанулық қиял түсінігіне анықтама» «Қазіргі адамға неліктен "әлеуметтанулық қиялды" меңгеру мен әлеуметтанулық перспективаны көре алу маңызды» Ең алдымен әлеуметтану дегеніміз не? Әлеуметтану (франц., sociologie – қоғам туралы ілім) – бұл біртұтас жүйе ретіндегі қоғам мен олардың тұтас қоғаммен байланысын қарастыратын жекелеген әлеуметтік тәртіптер, үдерістер мен топтар туралы яғни, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым.Әлеуметтану қоғам мен әр адамның өмірінде маңызды орын алады. Әлеуметтану кез-келген адамға қоғамдағы өз орнын анықтауға, өмірлік жолды таңдауға және өмірлік прспективаларын білуге жеке күш-жігерін әлеуметтік қайшылықтарды шешуге шоғырландыруға көмектеседі. Негізінен әлеуметтанудың қоғамдағы маңызы әр мемлекет өзінің тәуелсіздігін алған соң орын ала бастады. Әлеуметтанудың рөлі қазіргі қоғамда артып келеді, өйткені ол қоғамның нақты жағдайы, ондағы өзгерістер, біз бұрын кездестірмеген жаңа процестер мен құбылыстар туралы білім беріп бізге қалыптастырып жатыр. Әлеуметтану сонымен қатар болашақтың даму тенденциясын нақтылауға, алдағы жылдарға және одан да алыс болашаққа ғылыми негізделген болжам жасауға көмектеседі. Әлеуметтану қандай да бір деңгейде болмасын, ол әр уақытта жаңа білімнің, көкжиегін кеңейтіп, оның деңгеймен дәрежесін өсіріп отырады, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтарын болашағын ашып береді.Яғни қазіргі кезде әлеуметтанудың рөлі қазіргі қоғам үшін өте маңызды. Бұл жерде қиял дегеніміз адам баласының сыртқы дуние лерді жаңа құбылысқа салу. Әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді.Яғни ,әлеуметтанулық қиял жеке тұлғаның өмірбаяны тарихи процестің нәтижесі болып табылатындығын және үлкен әлеуметтік контекте болатындығын терең түсінуді дамытады,яғни бір көзқарастан екінші көзқарасқа ауысу мүмкіндігі.Әлеуметтанулық қиялды жеке адам мен қоғамның өзара байланысын түсінетін ақыл-ойдың сапасы деп те қарастыруға болады.