Миграция – Миграция (лат. migratio — көші-қон, қоныс аудару) — адамдардың (мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі. Халық көші-қонын бірегейлендірудің негізгі белгілерінің бірі - қандай да бір аумақтың әкімшілік шекарасын кесіп өту (мемлекет, аудан, аймақ, қала және т.б.).
Диаспора – (гр. διασπορά - шашыраңқы) - әлеуметтік ғылымдарда ұлттық ата-жұрты болып табылатын елден тысқары өмір сүретін халықтың бір бөлігі. Диаспора ұлттық шығарып жіберу, геноцид қаупі және т.б. факторлар әсерімен пайда болады. Диаспора күштеп көшірудің, геноцид қатерінің, экономикалық және географиялық факторлардың әсері салдарынан пайда болды. Диаспора термині алгаш рет еврейлердің Палестинадан тысқары жерлерде тұруына қатысты, әсіресе, оларды б.з.б VI гасырдың басында Вавилон патшасы Навиходоносар ӀӀ-шінің, одан соң б.з Ӏ-ӀӀ ғасырларда римдіктердің қудалауына байланысты қоныс аударуынан кейін қолданыла бастаган. Кейінірек диаспора термині басқа этностық қауымдастықтар мен діни қауымдастықтар|діни қауымдастықтарға да қатысты қолданылатын болды. Диаспора өзі тұрып жатқан елде аз этностық топ болып табылады да, әрдайым өзінің тегі шыққан елмен рухани және шаруашылық байланыста болуға тырысады.
Репатриация –(лат. repatrіatіo — Отанға оралу) — түрлі себептермен бөгде мемлекет аумағында қалған адамдарды Отанына қайтару. Әскери тұтқындар жайы туралы Женева конвенциясына (1949) сәйкес соғысушы мемлекеттер әскери қимыл кезінде шені мен санына қарамастан ауыр науқас не ауыр жаралы әскери тұтқындарды жол жүруге жарайтын жағдайға жеткізіп барып отанына қайтаруға міндетті. Әскери қимылдар тоқтаған соң соғысушы мемлекеттер Репатриацияға жатпайтындарынан (қылмыс жасағандары, жазасын өтеп жатқандары) өзгесін сөзсіз Репатриациялауға тиіс.