Әлеуметтік ғылымдар факультеті Құқықтану кафедрасы


Күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін бұлтартпау шарасын қолдану



бет4/11
Дата24.12.2021
өлшемі72,34 Kb.
#104788
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ҚІЖҚ 12 БӨЖ Даниярова

Күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін бұлтартпау шарасын қолдану

      Осы Кодекстiң 136-бабында көзделген негiздер болған айрықша жағдайларда және осы Кодекстің 138-бабында көрсетiлген мән-жайлар ескерiле отырып, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін күдіктiге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылуы мүмкiн. Бұл ретте күдіктiнің іс-әрекетін саралау туралы қаулы – бұлтартпау шарасы қолданылған кезден бастап он тәулiктен кешiктiрiлмей, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 173, 179, 181, 184, 255 –268 және 272-баптарында көзделген қылмыстардың ең болмағанда біреуі жасалған жағдайларда – отыз тәуліктен кешiктiрiлмей, ал егер күдiктi ұстап алынып, содан кейiн күзетпен қамалған болса, ұстап алынған кезден бастап дәл сондай мерзiмде жариялануға тиiс. Егер осы мерзiмде күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылмаса және жарияланбаса, бұлтартпау шарасының күші дереу жойылады.

      Күдіктіге оның іс-әрекетін саралау туралы қаулы жарияланған кезде оған бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстауды қолдану туралы мәселені сот осы Кодекстің 147-бабында көзделген тәртіппен қайтадан қарайды. Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін жиырма төрт сағат ішінде күзетпен ұстау орнының бастығына соттың күдіктіні күзетпен ұстауды санкциялау туралы қаулысы келіп түспесе, күзетпен ұстау орнының бастығы ол туралы іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан органды немесе адамды, сондай-ақ прокурорды хабардар етуге міндетті. Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім аяқталған бойда бұлтартпау шарасының күшін жою немесе айыпталушыны күзетпен ұстауды соттың санкциялағаны туралы тиісті шешімдер келіп түспесе, күзетпен ұстау орнының бастығы оны өзінің қаулысымен босатып, оның көшірмесін жиырма төрт сағаттың ішінде іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан органға немесе адамға және прокурорға жібереді.

      Осы баптың екiншi бөлiгiнің талаптары орындалмаған кезде күзетпен ұстау орны әкiмшiлiгiнiң басшысы заңда белгiленген жауаптылықта болады.

Бұлтартпау шараларын қолдану тәртiбi

      Күдіктіге, айыпталушыға бiр мезгiлде екi және одан да көп бұлтартпау шараларын қолдануға болмайды.

      Қылмыстық процестi жүргізетін орган бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы шығарады, онда адамға күдік келтіріліп, ол айыпталып отырған қылмыстық құқық бұзушылықты көрсету және осы бұлтартпау шарасын қолданудың негіздері қамтылады. Қаулының көшірмесі өзіне қатысты қаулы шығарылған адамға табыс етіледі және сонымен бiр мезгiлде оған осы Кодексте көзделген, бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешiмге шағым жасау тәртiбi түсiндiрiледi.

      Осы Кодекстің 139-бабында көзделген жағдайлардан басқа, күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы оның іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғаннан кейін ғана қолданылады.

      Күзетпен ұстауға байланысты емес бұлтартпау шарасын қолданған кезде күдіктінің, айыпталушының, сотталушының тиісті мінез-құлқын қамтамасыз ету үшін оларға:

      1) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, прокурорға не сотқа олар белгілеген уақытта келу;

      2) қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатынсыз тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жерінен кетпеу;

      3) қылмыстық процесті жүргізетін адамды, прокурорды тұрғылықты жерінің, жұмыс орнының өзгергені туралы хабардар ету;

      4) белгілі бір адамдармен араласпау және белгілі бір жерлерге бармау;

      5) психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарынан (ауруларынан) емделу курсынан өту;

      6) электрондық бақылау құралдарын тағып жүру міндеттерінің бірі немесе бірнешеуі жүктелуі мүмкін.

      Күдікті, айыпталушы осы Кодекстiң 141, 142, 143, 144, 145 және 146-баптарында көзделген шараларды бұзатын іс-әрекеттердi жасаған жағдайда оларға неғұрлым қатаң бұлтартпау шарасы қолданылады, ол туралы күдіктіге, айыпталушыға тиiстi қаулының көшiрмесiн табыс ету кезiнде жариялануға тиiс. Осы Кодекстің 156, 165-баптарында көзделген процестік мәжбүрлеу шараларын бұзған жағдайда, күдіктіге, айыпталушыға бұлтартпау шарасы таңдалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет