2.5. Саналылық пен белсенділік принципі
Мектеп оқушыларына қазақ тілінен білім беру барысында олардың саналы түсіну қабілеті дамытылып отырылады. Тілдік фактілерге
байланысты мәліметтерді оқушылар жапанды түрде емес, саналы түрде меңгеруі керек. Саналы түрде меңгеру үшін мынадай жұмыс түрлері іске асырылады:
1) Тілде берілетін мәліметтерді жеке түсіндіріп, ол мәліметтерді өз түсінікі бойынша айтқызып отыру. Түсіндіру кезінде объектілердің өзіндік белгілері толық қамтылуы қажет;
2) Түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылар тапсырманы еркін орындау керек;
3) Күнделікті, тоқсандық және жылдық қайталаулар кезінде өткен материалдарға байланысты сұрақтарға толық жауап болуы тиіс;
4) Орфография мен орфоэпияға байланысты дағдыларды шартына қарай орындай білуі керек;
5) Күнделікті өмір қажетіне қарай практикалық дағдыларды саналы түрде меңгеруі керек.
Білімді саналы меңгерту мұғалімнің білімдарлығы, түсінігінің айқын дәлдігі, жеткілікті түсіндіруінен көрінеді. Білімді саналы меңгерген оқушы өз белсенділігін оқудың бүкіл барысында көрсете алады. Саналы көзқарас білімді саналы менгерумен бірге, оқушының іскерлік пен дағдыны саналы меңгеруге калыптастырады. Бұл принцип қағида, қазақ тілінен беріліп отырған білімді шеберлікпен айқын да, анық түсіндіргенде, таным процесінің аяқталу барасында /жаңа білімді түсіндіргеннен кейін/ белсенділік танытады. Белсенді оқушы алған білімін жаттығу кезінде де көрсете алады. Белсенділіктің көрінбеуі жайында академик Ю.К.Бабанский: "Сабақ үстінде белсенділіктің көрінбеуі оқытушы білімді саналы игермегенін, «формализм» ең алдымен, айқын ситуацияға сәйкес методикалық әдіс-тәсілді таңдай білмеуінен көрінеді",- дей келіп, екіншіден, мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасының нашарлы ғынан ден, олардың сабаққа деген ықыласын, ынта-жігерін жоятынын айтады (Ю.К.Бабанский.
2.6. Теорияны практикамен байланыстыру принципі
Мектепте қазақ тілінен алынған теориялык білімді күнделікті өмір қажетіне қолдана білу теорияны практикамен байланыстыру принципі болып табылады. Оқушыларға қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағдылар беріледі. Осы алған білімдерін кеңейте отырып, оны күнделік өмір қажетіне жаратады. Оқушыларға диалогтық сөйлемді меңгертумен бірге монологтік сөйлеу де үйретіледі. Оқушылар ауызша мазмұндаудың бірнеше түрлеріне меңгереді. Сонымен бірге ауызша және жазбаша тілін дамытуға, жылдар саналы мәнерлеп оқуға, әртүрлі баяндамалар жасауға және іс қағаздарының алуан түрлерін жазуға дағдыландырылады. Қазақ тілінен берілетін теориялық білім мына сияқты практикалық мақсаттарды жүзеге асырады:
1) тілден алған теориялық білімін ауызша және жазбаша мақсатта қолдана білу;
2) түрлі талдаулар жасай білу;
3) орфография мен орфоэпиядан алған білімді ауызша және жазбаша түрде сауатты іске асыру.
Достарыңызбен бөлісу: |