Спенсердің әлеуметтік көзқарасы. Ол өзінің әлеуметтік көзқарастарын «Бастаудың негіздері» , «Биология негіздері», «Психологиялық негіздері» , «Әлеуметтану негіздері» деген еңбектерінде баяндады. Спенсердің әлеуметтануының аса құнды жағы «Әмбебап эволюция заңы» деп аталды. Бұл заң бойынша Спенсер қоғамның нақты әлеуметтік жағдайын жан-жақты білу қажет екендігін атап көрсетті. Еркін және ішкі себептердің пайда болуы әлеуметтік эволюциялық жетістігінне жетуінің бірден-бір шартты мелекетік қызметіне қатаң шек қою болып табылады деп көрсетті. Мемлекеттің негізгі міндеті деп қоғамда құқықтың жүзеге асырылуы және еркіндік тиімділігі заңының сақталуын қамтамасыз ету. Ал Спенсердің қоғамды организм ретінде түсінуі әлеуметтік дамуда туындаған.
Спенсер қоғамдық өмірде мемлекеттің ойын шектеуді тіптен кедейлерге көмек немесе балаларға тәрбие беру туралы қамқорлығынанда бас тартуды ұсынды. Спенсердің пікірінше кез-келген қоғам дамуы органдардың үш жүйесінің негізінде баталып жүреді деді.
1)жүйе : сүйемелдеуші жүйе (материалдық жағынан қамтамасыз ету).
2)жүйе: бөлуші жүйе-еңбек бөлінісінің негізінде қалыптасқан әлеметтік органнан, әртүрлі бөлімдерінің байланысын қамтамасыз етеді.
3)жүйе : реттеуші жүйе-бұл қоғамның құрамды бөлімдерін біртұтас орталыққа бағындырып мемлекет тарапынан оның дамуын реттеп отырады.
Спенсер қоғам ерекше бөлімдерден, яғни «органдардан» тұрады дейді. Бұл бөлімдер немесе мекмелер болып табылады. Мекемелердің алты түрі бар: салт-дәсүр, саясат, мешіт, кәсіби-мамандық, өнеркәсіп және үй іші жабдықтары.
Әлеуметтаудың классикалық негізін салушылардың ірі өкілінің бірі, әрі өте беделдісі – Эмиль Дюркгейм (1858-1917ж. ж.). Өзінің әлеуметтануында ол әлеуметтік таным процесінің әдістемесіне көп көңіл аударды. Ал бұл методология «Социологизм» деп аталады. Социологизмнің мәні мен мазмұны әлеуметтілікте. Э.Дюркгеймнің пікірінше, әлеуметтану әлеуметтік нақты мәні бар, оған ғана тиісті қатынастарды, олардың сапаларын терең зерттеуі керек.
Әлеуметтік нақтылықтың негізгі элементі-әлеуметтік фактілер, осылардың жиынтығынан қоғам құралады. Осы фактілер әлеуметтанудың пәнін құрайды. Оның басты мақсаты қоғамдағы құбылыстарға түрткі болатын заңдылықтарды ашып, тұжырымдау. Э.Дюркгейм қоғамды ерекше субстанция ретінде қарастырады, оны топтық сана мен топтық мінез-құлық ерекшеліктерімен салыстыра отырып түсіндірген.
Э.Дюркгеймнің әлеуметік теориясының өзегін әлеуметтік келісім, ынтымақтастық теориясы құрайды. Осы теорияны зерттеуге оның ең басты еңбегі- «Қоғамдық еңбектің бөлінуі» арналған . Бұл еңбегінде ол әлеуметтанудың басты міндеті — әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың табиғатын және осы әлеуметтік бірліктердің негізін анықтау деп санады.
Э.Дюркгейм қоғамның тұтастығының негізі – ұжымдық сана. Яғни әр қоғамда тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлердің, көзқарастардың, моральдық ережелердің жиынтығы болады. Қоғам дамуының ХІХғ. Аяғы мен ХХғ. Басындағы өзгерістерге талдау жасай келе, Э.Дюркгейм ұжымдық санадағы өзгерістерге тоқталған. Оның пікірінше экономикалық байланыстар әлеуметтік ұйымдастыруды қоғамдық еңбектің бөлінуін қамтамасыз етеді.
Қазіргі қоғамды өткен көне қоғаммен салыстырғанда оның тұрақтылығы төмен, аномия (яғни қоғамда адамдардың тәртібін, адамгершілік қасиетін басқарып реттеудің төмендеп кетуі) жағдайында болады. Дюркгеймнің пікірінше, аномия қоғамның белгілі бір кезеңінде адамның мінез құлқының төмендеп, моральдық, яғни адамгершілік тұрғыда басқару қиынға соғуынан, қоғамдағы негізгі әлеуметтік институттардың іс әрекетінің тиімсіздігінен және әлеуметтік қайшылықтардың өсуінен байқалмақ.
Э.Дюркгейм нақтылы әлеуметтік зерттеулер негізінде социологизм постулатына сүйене отырып, адамдардың өзіне қол жұмсаудағы басты себебін анықтауға тырысады. Оның ойынша, адамның өзіне қол жұмсау әрекеті қоршаған әлеуметтік ортаның сипатына байланысты болмақ. Нақтылай айтсақ, оның тамыры ұжымдық байланыстардың деңгейі мен шапшаңдығына және әлеуметтік интеграцияның негізінде тетігінде жатыр. Э.Дюркгейм мынадай тамаша қорытындыға келеді: қоғамның даму деңгейі және интеграциясы жоғарылаған сайын адамның өз жанын өзі қиюшылық әрекеті төмен болады және керісіншеде де солай. Осындай тұжырыммен ол әрбір әлеуметтік топтардағы өзін-өзі өлтірушіліктің түрліше деңгейін ашып берді. Ол өзін-өзі өлтірушіліктің төрт типін анықтап берді, олар: эгоисттік, альтуристтік, экономикалық және фатолисттік. Э.Дюркгеймнің бұл теориялық еңбегі қылмыстық істердің және девианттық мінез-құлық әлеуметтануының негізін салды.
Ежелгі қоғамдар өміріне үңіле отырып ол діннің ерекше әлеуметтік тұжырымын да жасады. Ол дінді қоғамның өзі, қоғам барлық киеліктің , қасиеттіліктің шығатын көзі деп есептеді. Осыған орай әлеуметтік бірлікте дін шешуші рөл атқарады. Қоғам дінсіз өмір сүре алмайды. Дін қоғамдағы ең құнды, бағалы қасиеттерді бейнелейді.