Электронды оқулықтар
1. Основы антикоррупционной культуры [Электронный ресурс]: учебное пособие / под ред. Б. С. Абдрасилова. - Электрон. текстовые дан. (702Мб). - Астана: Акад. Гос. упр. при Президенте РК, 2016. - 176 с.
2. Гендерная социология. Акбаева Л.Н., 2017. Aknurpress / https://aknurpress.kz/login
3. Әлеуметтану. Ертаев М.А., Тасқымбаева С.М., Қаратаева Ф.М., 2020. Aknurpress / https://aknurpress.kz/login
4. Әлеуметтану. Тесленко А.Н., Сембина Ж.Ж., Аязбаева А.Т., 2019. Aknurpress / https://aknurpress.kz/login
5. Решетников, А. В. Социология медицины / Решетников А. В. - Москва: ГЭОТАР - Медиа, 2014. - 864 с. - ISBN 978-5-9704-3067-5. - Текст: электронный. http://rmebrk.kz/
6. Тәжітаева, Р.С. Саясаттану: Электрондық оқулық. - Жетісай: «Сырдария» университеті, 2016. http://rmebrk.kz/
7. Ритцер, Д., Степницки, Д. Әлеуметтану теориясы: Оқулық. - 10-басылым - Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 856б. - ISBN 978-601-7943-17-2. http://rmebrk.kz/
6. Бақылау сұрақтары (Feedback кері байланысы):
1. Биліктің анықтамасын және оның функцияларын атаңыз.
2. ҚР-ның қоғамның қазіргі қоғам модернизациясы кезеңіндегі саясатын атаңыз.
3. Биліктің негізгі компоненттерініңсубъект,объект,ресурстар және процесс ерекшеліктерін көрсетіңіз.
4. Биліктің түрлерін атаңыз. Саяси үстемдік пен заңдылықты қалай түсінесіз?
№8 дәріс
1. Тақырыбы. Саяси элиталар және саяси көшбасшылық. Қоғамның саяси жүйесі.
Мемлекет және азаматтық қоғам.
2. Мақсаты: саяси элиталар мәні мен жіктелуін, саяси жүйе мәнін, құрылымын, қызметтерін, ерекшеліктерін және типтерін ашу.
3. Дәрістің тезистері:
1. Саяси элита түсінігі.Саяси элиталардың жіктелуі. Элиталардың негізгі теориялары.
2. Саяси көшбасшылық түсінігі мен табиғаты, оның әлеуметтік функциялары. Қазақстан Республикасындағы саяси элиталардың қалыптасу ерекшеліктері.
3. Саяси жүйе түсінігі. Саяси жүйе функциялары. Саяси жүйенің негізгі теориялары.
4. Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты ретінде. Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның даму келешегі.
«Элита» термині француз тілінен elite – іріктелген, таңдалған деп аударылады. 17 ғасырдан бастап, бұл термин таңдалған, атақты, жоғары мәртебелі адамдарды атауға қолданған.
Элита теориялары - әр әлеуметтік структураның қажетті бөлігі деп жоғарғы, ерекше құқықтары бар қатарды мойындаған әлеметтік-саяси концепцияларының жиынтығы.
Саясаттың сан алуан субьектілерінің оған ықпалы, әрине әр түрлі. Жеке азаматтар және әлеуметтік топтар күнделікті саяси өмірге тікелей қатынаса бермейді. Күнделікті саясатпен адамдардың ерекше қабаты айналысады , оларды ерекше басшы топ атайды. Саяси элита аталымын қалай түсінуге болады.
20 ғ бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі , байлығы, беделі , билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді . Бұл аталымның этимологиялық маңызының екі аспектісі бар. Оның біріншісі элита өзіне белгілі бір сапалық қасиеттерді , айқын белгіленген интенсивті белгілерді жинақтайды. Екінші аспектісі , осы белгілерді кң жоғарғы өлшеммен бағалайды . Өзінің алғашқы этимологиялық маңызы бойынша элита түсінігінде ешқандай ізгіліктілікке, демократиялыққа қарсылық жоқ. Әдетте, жоғары сапалы жылқы тұқымы , дәннің тұқымы, спорт саласындағы элита т.б түсініктер пайдаланылады. Демек, адамзат қоғамында да адамдар арасында табиғи және әлеуметтік айырмашылықтар орын алып, бұл жағдайлар олардың басқару саласындағы мүмкіндіктерінің әр түрлілігінен, саяси және қоғамдық процестерге әр түрлі ықпалынан көрінеді. Осының өзі саяси элитаны айқын бейнелеген саяси- басқарушылық сапаны иеленуші ретінде сипттауға негіз болады.
Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және олардың дегенін істейтін бағыныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б 551-479) адамдарды асыл азаматтарға және төменгі адамдарға бөлді. Платон билеуші-философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде 20ғ басында итальян ғалымдары Г. Моска, В.Парето, неміс Р. Михельс және т.б қалыптастырды.
Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын “Cаяси ғылым негіздері” деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлінеді деді. Оған ұйтқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені жатқызды. Осы үш қасиет , оның ойынша, адамға басқарушылар ( элита ) қатарына кіруге жол ашады.
«Элита» терминін ғылымға алғаш енгізген Вильфредо Парето (1848-1923). Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуның арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып оытрады.
Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен бағынушыларға бөлінеді деді. Оған ұйытқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені жатқызады.. Осы үш қасиет адамға басқарушылар қатарына енуге жол ашады.
Саяси элита дегеніміз қоғамда билікті, байлықты және танымалдылықты иеленген жоғарғы топ. Қоғамның екіге басқарушыларға және бағынушыларға немесе элита мен бұқараға бөлінуі табиғи нәрсе, оған әсер еткен бірнеше факторларды айта кетуге болады. Олар:
Еңбектік бөлінуі;
Әлеуметтік құрылымның иерархиялы түрде болуы;
Басқарушы қызметтің жақсы сипатты иеленуі;
Көпшіліктің билікке, саясатқа қызықпауы.
Саяси элита бірнеше түрге бөлінеді. Олар:
Жоғарғы элита;
Ортаңғы элита;
Әкімшілік элита.
Саяси элитаның қалыптасуына байланысты екі жүйе қалыптасқан. Гильдия және антрепренерлік.
Антрепренерлік түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртқа ұнай білу қабылеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына. Кәсібіне, біліміне, мамандығына онша мән берілмейді. Жеке басының ерекше қабылеті мен қасиеттері арқасында элита құрамына өте алады. Элита да ол кандидаттың жеке принциптері мен көзқарастарына тосқауыл қоймайды.
Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар қойылады.
Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін. Егер элитаның идеясына қарсы пікірлері болса ол кандидаттың элитаға өтпей қалуы мүмкін.
Антрепренерлік жүйе көбіне демократиялық қоғамда қалыптасса, гильдия жүйесі авторитарлық және тоталитарлық қоғамдарды кең таралған.
Сонымен, қоғамның саяси жүйесі – бұл саяси институттардың, саяси рөлдердің, қатынастардың, процестердің, саяси, әлеуметтік, заңдық, идеялогиялық, мәдени
нормалардың кодексіне, нақты қоғамның саяси режимінің дәстүрлері мен нұсқауларына бағынатынқоғамның саяси ұйымы принциптерінің біртұтас, тәртіптелген жиынтығы.
Саяси жүйе қоғамдық өмірдің барлық салаларының дамуына бағыт беріп, ықпал етеді, оларды басқарады. Қоғам дамуының мақсатын айқындайды. Мақсатына байланысты саясат экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ұлттық, ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Тұтастай алғанда, қоғамның қосымша жүйелерінің бірі болып табылатын саяси жүйе айрықша ерекшеліктермен сипатталады:
А) саяси жүйенің басқа қоғамдық жүйелерден басым түсуімен;
Б) қоғамдық ортаның, қоғамның әлеуметтік таптық құрылымының сипатын анықтаумен;
В) біршама дербестігімен сипатталады.
Саяси жүйе қоғамның саяси кеңістігінде болады, ол кеңістіктің аумақтық өлшемі және қоғамның саяси ұйымының әртүрлі деңгейлеріндегі саяси жүйе мен оның құрамдас бөліктерінің саласымен анықталатын қызметтік өлшем болады.
Зерттеушілер саяси жүйенің мынадай негізгі төрт бөлігін айтады:
1.саяси инситутар;
2.саяси қатынастар;
3.саяси ережелер;
4.саяси мәдениет;
Саяси институттарға мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, коперативтік, жастар, әйелдер т.б. ұйымдар мен бірлестікткер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай т.б. байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат-мүдделерді білдіріп, қорғау үшін құрылады. Солардың ішіндегі ең негізгісі мемлекет. Ол қоғамда белгілі бір тәртіп орнатады, оны басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғайды.
Саяси қатынастарға таптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, азамат пен мемлекет арасындағы қатынастар кіреді. Олардың басқа (экономикалық, ұлттық, діни, жанұялық т.б.) қатынастардан айырмашылығы мұнда олардың саяси және мемлекеттік билікке қатынасы көрініс береді.
Саяси ережелер саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысына Конституция және соған сүйенетін заңдар мен басқа нормативтік актілер жатады.
Саяси мәдениет саяси сана мен іс-әрекетте, саяси көзқарастарда, идеяларда, теорияларда, саяси тұғырнамаларда, бағдарламаларда, шешімдерде, саяси ережелерге қатынаста көрініс табады. Саяси мәдениеттің реттеушілік қызметі адамдардың іс-әрекетіне және олардың ұйымдарына енетін әсерінен білінеді.
Саяси жүйенің көрсетілген бұл төрт бөлігі үздіксіз дамып отырады. Олар өздеріне тән арнайы әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, белгілі бір мақсаттар мен қызметтерді атқарады. Олар бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Саяси жүйенің басты қызметі – қазына, байлықты бөлу саласына бақылау жасау. Олардың дұрыс бөлінбеуі ел ішінде әр түрлі әлеуметтік топтар арасында алакөздік, дау-дамай тудыруы мүмкін.
Саяси жүйенің қызметтері:
1) белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету. Ол биліктің тәртіпке келтірілген, ережелерде, қалыптарда бекітілген, яғни институционалданған түрі.
2) Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат-мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әр түрлі салаларын басқарады. Ол әлеуметтік институттар қызметінің мақсаттарын айқындайды, солардың негізінде оларды орындаудың саяси жобаларын жасайды.
3) Саяси жүйе қоғамда жинақтаушылық, топтастырушылық қызмет атқарады. Ол ортақ әлеуметтік – саяси мақсаттар мен құндылықтардың айналасында барлықәлеуметтік топтар, таптар, жіктердің белгілі бір бірлестігін қамтамасыз етеді.
4) Экономиканың қалыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау.
5) Қоғамды, оның мүшелерін ішкі және сыртқы бүліндіргіш әрекеттерден қорғау.
Саяси жүйенің міндеттері:
1) әлеуметтік мүдделерді және билік институттармен өзара іс-қимылдарды ұштастыру;
2) қоғам мүшелерінің мүдделерін білдіру және ол мүдделерді олардың ортақ мүдделерімен үйлестіру;
3) саяси басшылық;
4) белгілі бір қоғамның тұтастығын сақтау мақсатында қоғамның саяси күштерін біріктіру;
5) қоғамда қабылданған және басым мұраттарға бағдарланған саяси қатынастарға белсене қатысушылардың әлеуметтік базасын ұлғайту.
Жалпы мемлекеттің шығуын, ғылым адамзат қоғамы дамуының белгілі бір тарихи кезеңімен, яғни әлеуметтік таптар мен топтардың пайда болып, қоғамда саяси-әлеуметтік теңсіздіктердің қалыптасуымен байланыстырады. Өткенде мемлекет дәулетті таптың саяси, экономикалық үстемдігін нығайту құралы болып келгені де белгілі. Ал, "мемлекет" деген атау термин ретінде жаңа заманда - итальяндық қайта өрлеу кезеңінде шықты. Ол алдымен Испанияда орнығып одан Франция мен Германияға, артынша XIX ғасырга дейін бүкіл Европа елдеріне тарап үлгерді. Испаниядағы "мемлекет" ұғымы латынның "состояние" - "қалыпты жағдай" деген созінен шыққан. Алғашында ол өкімет билігін иеленуші деген мағынада айтылып, бертін келе ол үкімет функциясы ретінде қаралды да ақырында мемлекет ұғымына ауысты. ХҮІІ ғасырдан бастап "мемлекет" деген атау мемлекеттік мекемелер, бір салаға үстемдік ету, мемлекеттік халық деген түсінікпен де сипатталып қабысып жатты. Жаңа заман жағдайында да "мемлекет" ұғымын қоғамда болып жатқан өзгерістер арасында, соларга байланысты қарау қажет. Оған ұғым ретінде ғана қарамай, мемлекеттік құрылымдардың уақыт пен кеңістікке қарай өзгеріп отыратынын, оның көп түрлі болатынын, соған қарай ұғымның да тұрақты болмайтынын ескерген жөн. Алғаш рет мемлекет түрлерін типтеуді Аристотель жасады. Ол Герродот пен Платонды үлгі ете отырып, мемлекетті монархияға (бір адамның үстемдігі), аристократияға (элитаның үстемдігі), және политейге (тіке демократия мағынасында халықтық үстемдік) болді. Оның ойынша бұл үш түрі де халыққа мансапқорлықсыз, пайдакүнемдіксіз қызмет ететін болса занды болып танылды.
1. Теологиялық теорияның негізін салушы Ф. Аквинский мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіреті арқылы деп түсіндірді.
2. Патриархтық теория. Оның негізін салушы ХҮІІІ ғасырда өмір сүруші ағылшын ойшылы Роберт Филмер мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастықтарға бірігуінен әкеліп шығарады.
3. Қоғамдық келісім тсориясы бойынша (Т. Гоббс, Г. Гроций, Ж. Ж. Руссо) Мемлекет бір әміршіге бағынған адамдардың келісімінің арқасында пайда болады дейді. Т. Гоббс адамдардың мемлекетті құрудағы басты себебі өзге адамдардың шабуылынан өмірлерін қорғау, бостандықтары мен мүліктерінен айрылып қалу қаупінен туған сақтану қажеттілігі деп біледі. Ал ағылшын ойшылы Д. Локк мемлекеттің пайда болуын адамдардың табиғи құқын қамтамасыз ету үшін, арнайы құрылған ұйым, адамзаттың ақыл-ойының жемісі деп қарайды.
4. "Зорлық жасау" теориясы (Е. Дюринг, Л. Гумпилович, К. Каутский) бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арадағы қатынастарды реттеу үшін мемлекет пайда болады дегенді айтады.
5. Географиялық теория (А. Ратцель, В. Соловьев, В. Чичерин) мемлекеттің пайда болуын географиялық ортаға (ауа райы, жер бедері және т.б.) өзгешеліктермен түсіндіріледі.
6. Маркстік теория мемлекеттің пайда болуын жеке меншік пен таптардың шығуымен байланыстырады.
Ал саясаттанушы Макс Вебер "мемлекет күш қолдаудың заңды құралына сүйенген адамдардың бір бөлігінің екінші бөлігіне үстемдік ету қатынасы" - дейді. Мемлекеттің анықтамасы өз міндетін атқару барысындағы құралдардың өзгешеліктеріне байланысты белгіленеді.
Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің басты элементі, саяси институттардың маңызды бөлігі. Ол белгілі бір аумақ шеңберінде тұратын адамдардың мүдделерін қорғап, олардың арасындағы ара-қатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттеп бақылайтын қоғамдық механизм. Мемлекет қоғамдағы билікті іс жүзіне асырушы орталық институт. Ол адамдардың белгілі бір заңға бағынған қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ететін саяси орган.
Мемлекеттердің негізгі функциялары ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі функцияларға: өмір сүріп отырған өндіріс тәсілі, экономикалық және әлеуметтік жүйені қорғау, экономиканы басқару, шаруашылық қызметін реттеу, тәртіп пен қоғамдық тыныштықты сақтау, әлеуметтік қатынастарды реттеу, мәдени-тәртіп және идеологиялық қызмет жатады. Ал сыртқы функцияларға халықаралық қатынас жасағандағы қызметі, өзінің (мемлекеттің) мүддесін қорғау, елдің қорғанысын қамтамасыз ету, басқа мемлекеттермен қалыпты өзара қарым-қатынастарды дамыту, жаңа саяси ойлау шеңберінде, бейбіт қатар өмір сүру принциптері негізінде өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту жатады.
Мемлекет белгілі бір теория шеңберіне халықты ырықсыз көндіру монополиясына ие, сол елдің атынан ішкі және сыртқы саясатты жүргізу құқына, барлық жұртқа міндетті заңдар мен ережелер шығарудың ерекше құқына, салық салу құқына ие.
Мемлекеттің халықаралық құқықтың субъектісі болуы үшін өзіне лайықты сапасы болу міндетті. Ол мынадай үш элементтен тұрады:
1. Мемлекеттің жер аумағы.
2. Мемлекеттің халқы.
3. Мемлекеттік өкімет.
Мемлекеттің жер аумағы - бұл әлемнің шектелген бір бөлігі, үстемдік етілетін ерекше өңір. Мемлекеттің халықы - бұл ұзақ мерзімге бір жерде орналасқан адамдардың одағы. Бұл арада жердің көлемі мен онда тұратын адамдардың саны шешуші рөл атқармайды.
Ағарту (Қайта өрлеу) заманынан бастап мемекетті үш түрге бөлу қалып, оны монархия және республика деп екі түрге бөлетін болды. Егер демократияны конституциялық мемлекет дейтін болсақ, парламенттік үкімет және президенттік басқару жүйелері де бар. Мемлекеттер типі ретінде қазірде абсолюттік және конституциялық монархия, әскери диктатура, автократия, хунталдарды атауға болады. Діннен ажыратылған (светтік) мемлекеттерге қарсы діни мемлекеттер типі бар.
Автократиялық мемлекеттің өзіндік бір типі - ол авторитарлық пен тоталитарлық тәртіп түрінің қосындысынан пайда болған тоталитарлық мемлекет. Оларға Гитлер өмірге әкелген фашистік мемлекет пен Сталин құрған өкімшіл-әміршіл жүйедегі мемлекеттерді жатқызуға болады.
Мемлекетгің типі оның мәніне, шешегін міндеттеріне сәйкес болып отырады. Сондай-ақ мемлекеттің өтпелі типі де болады.
Мемлекет басқару формасы мен саяси өкіметтің негізгі институттарының құрылысына қарай да әртүрлі болады. Ал басқарушылық формасы дегеніміз өзінің заңдандырылған тәртібімен сипатталатын өкіметті ұйымдастыру болып саналады. Басқарудың монархиялық формасы - мемлекетте билік жүргізетін бір адам - монарх. Ал мемлекеттің республикалық формасында - заң бойынша өкімет билігін халықтың көпшілігі жүзеге асырады. Өйткені ондағы өкімет билігінің көзі халықтан шығады. Мемлекеттік басқарудың басқа да түрлері бар. Олар: демократиялық, әміршіл-әкімшіл т.б.
Монархиялық формадағы мемлекеттің жоғары өкімет билігі жекедара бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрі. Оны хан патша, император, король, шах және т.б. басқарады. Монархия өз кезегінде абсолюттік (шексіз) және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальды түрде шектелместен бір адамның қолында тұрған мемлекетті айтады. Мұнда үкіметті монарх тағайындайды.
Конституциялық монархияға монархтың билігі заң шығаратын билік-парламентпен шектеледі. Басқарудың мұндай түрі алғаш рет Ұлыбританияда пайда болды. Ондай елдерге Бельгия, Голландия, Дания, Жапония, Иордания, Испания, Норвегия, Морокко, Сауд Арабиясы, Швеция және т.б. жатады. Әлемдегі 200-ден астам мемлекеттің 24-інде мемлекет басшысы монарх болып саналады.
Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілділік мекемелер (парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқару түрін атайды.
Унитарлық (латынның біртұтас, біріккен деген сөзінен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Олар Греция, Италия, Қазақстан, Польша, Франция және т.б. жатады.
Федерация деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруын айтады. Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпы мемлекеттік конституциямен реттеледі. Әрбір субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болды.Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Австралия, Австрия, Бельгия, Бразилия, Германия, Канада, Малайазия, Нигерия, Ресей және т.б. жатады.
Конфедерация деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды (әскери, сыртқы саясаттағы және т.с.с.) жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдердің тұрақты одағын айтады. Онда жалпыодақтық азаматтық немесе ол одаққа кірген мүшелердің бәріне міндетті заң шығарушы билік болмайды. Оның мүшелері өздерінің мемлекеттік дербестіктерін сақтайды. Бірақ олардың алған шешімдері ол одаққа кірген мүшелердің бекітуінен өтуі тиіс. Конфедерация 1848 жылға дейін Швейцарияда, 1778-1787 жылдарда Солтүстік Америка штаттарында, 1815-1867 жылдары Германия т.б. кейбір мемлекеттерде болды.
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда капиталистік сатыға өткен батыс өркениетін құраған Ұлыбритания, Франция, Германия т.б. елдер 3 ғасырдан астам уақыт коммунизм құрамыз демей-ақ, капиталистік құрылыстың өзінде-ақ өмір сүре отырып адамға қажетті игіліктердің бәрін жасады. Олардың, құқықтық мемлекеттің арқасында, "социалистік" қоғам құрмай-ақ молшылыққа кенеліп отырған жайы бар.
Бүгінде мемлекеттің сан-алуан түрлері өмірге келгені белгілі. Жалпы мемлекеттер, басқару формасы мен саяси өкіметтің негізгі институттарының құрылысына қарай да әртүрлі болады. Қазіргі өркениетті елдердің көбі азаматтық қоғам арқылы құқықтық мемлекет дәрежесіне жеткен жайлары бар.
Азаматтық қоғам дегеніміз - мемлекеттің қызметінен тыс, топтардың, ұжымдардың, экономикалық, мәдени, рухани-адамгершілік, ұлттық, діни белгілері бойынша біріккен құрылымдардың жиынтығы. Ол - қоғам мүшелері арасында экономикалық, мәдени, құқықтық және саяси қатынастары дамыған қоғам, олар мемлекеттен тәуелсіз, бірақ олармен бірігіп өмір сүретін әлеуметтік, экономикалық саяси мәдени және моральдық мәртебесі жоғары мемлекет. Азаматтық қоғам термині ең алғаш рет 1594 жылы Англияда қолданылған көрінеді. Ол латынның civis, азамат (гражданин) деген сөзінен сivitas қоғам-общество деген ұғыммен ұласады. Ал шын мәнінде ол ХҮІІ ғасырда Шотландияда және XIXғасырда Германияда жүзеге асты.
Гегельдің айтуынша: азаматтық қоғам бұл әлеуметтік және экономикалық қажеттіліктен туындаған, жеке адамдардың өз мүдделерін белгілі бір мөлшерде жүзеге асыратын қоғамның бір бөлігі делінсе, қазіргі ғылымда азаматтық қоғам дербес әлеуметтік-экономикалық өмір ретінде көрсетіледі. Ол экономикалық ұйымдардың, өндіріс орындарының, кооперативтердің, қайырымдылық ұйымдардың мәдени, діни бірлестіктерінің мүдделері бойынша біріккен клубтардың жергілікті өзін-өзі басқаратын органдардың т.б. сол сияқтылардың жиынтығы ретінде көрінеді. Олардың басты белгісі ол ұйымдардың мүшелерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі ұйымдар құрамына ерікті түрде кіре алатындығы болып табылады.
Азаматтық қоғамның экономикалық негізін жеке меншік иелерінің дербестігі мен меншік түрінің түрлі формасының әртүрлігі құрайды. Азаматтық қоғам, мемлекет пен жеке тұлғалар арасында дәнекерші рөлін атқарады. Ол жеке тұлғаны мемлекеттен қорғайды, адам құқығының сақталуын қамтамасыз етеді, мемлекеттің қызметіне бақылау қояды. Сондай-ақ азаматтық қоғам құқықтық мемлекеттің тұрақтылығы мен беріктігінің кепілі де бола алады. Адамзат қоғамының дамуында белгілі бір кезеңді ғана қамтитын бұл қоғам белгілі бір уақыттан соң ғылыми-техникалық қоғамға ауысады.
Ал құқықтық мемлекетке келсек, ол өз негізін осы азаматтық қоғамда қалыптастырады да сол ортадан өсіп жетіледі. Құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы басты принцип товарлы өндірісте жеке меншіктілік пен нарықтық қатынастардың болуы. Алғаш рет құқықтық мемлекет термині (немісше rechfstaat) XIXғасырда неміс заңгерлері К.Т. Велькер мен фон Р. Молянның еңбектерінде берілді. Кейінірек XXғасырдың соңғы ширегінде әлемнің көптеген елдерінде жаңа, ерекше белгілері бар мемлекеттер қалыптаса бастады. Осы ерекше белгілер құқықтық мемлекеттің сипатын құрады. Құқықтық мемлекет деген атаудағы "құқық" деген сөздің алғашқы болып тұруында да өзіндік мән бар. Ол қоғамның саяси-әлеуметтік өмірінде, оның барлық аясында құқық жоғары орында түру керек дегенге мегзейді. Бұл заңның үстемдігі әрбір құқықты мемлекеттің бұлжымайтын принципі болуы тиіс. Яғни құқық әрбір елдің негізгі заңы - Конституциясында бекітіліп, басқа да зандары мен жарлықтарына нұсқа болуы қажет. Ал, Ата заңның баптарындағы нұсқаулардың мүлтіксіз орындалуын құқықты мемлекеттің бүкіл сот жүйесі қадағалайтын болады. Заң үстемдігі болмаған жерде құқықты мемлекет те болмайды. Тіпті ежелгі дүние адамдары да еркіндікті аңсағанда заңның үстемдігі арқылы ғана бостандыққа жетуге болады деп топшылаған екен. Сол заманның атақты философы Цицерон: "Бұл заңның құлы болғанда ғана еркін бола аламыз" - деп дәл айтқан көрінеді. Құқықтық-мемлекеттің адамға берген сыйлығы емес, олай деп түсіну мүлде қате. Құқық адамның табиғатымен бірге туған. Бұл туралы американың тәуелсіздігі декларациясына енген өзінің тамаша сөзінде Томас Джефферсон құқықтық мемлекеттегі демократиялық үкіметтің іргетасын қалайтын негізгі қағиданы атап көрсеткен еді. Онда демократиялық үкімет Джефферсон айтқандай бостандықтың басты түрлерін халыққа сыйлай салмайды, үкімет әр адам туғаннан бастап ие болуға тиісті бостандықты қорғау үшін ғана құрылады деген. Ал мемлекет құқықты тек іске асыруға жағдай жасаушы ғана. 1948 жылғы халықаралық дәрежеде қабылданған "Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясында: "Барлық адамдар жаратылысыда азат, бойындағы қасиеттері мен құқықтары тең болып туады. Олардың басында ақыл, бойында ар болғандықтан олар бір-біріне туысқандық рухта ықылас білдіруге тиіс". (1-бап) -деп жарияланған. Осы тұжырымды айқындай келіп Декларацияның 3-бабы: "Әрбір адам өмір сүруге, еркін болуға және жеке басына ешкімнің қол сұқпауына құқылы", - деп бүкіл әлем халқынан қолдау тапқан.
Барлық адамзат мойындап отырған осы аса маңызды халықаралық құжаттың аталған қағидалары Қазақстанның Ата заңында да толығымен өз бейнесін тапқан. Оның 1-бабында "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары" - деп жазылған.
Міне, Ата заңымызда көрсетілгендей тәуелсіздігі қолына енді ғана тиген, Қазақстан Республикасы да батыс өркениетіндегі мемлекеттер сияқты құқықтық, демократиялық мемлекет құруға талпынуда.
Ал енді өкіметтің осы үш тармағында басымдылыққа жету үшін таласты болдырмау үшін солардың бәріне құқықты мемлекетте жоғары мәртебе беріледі. Ондай мәртебе заң шығарушы өкіметке тиесілі. Барлық құқықты мемлекеттерде заңдардың Конституциялығын қадағалап отыратын Конституциялық соттар құрылады.
Сөйтіп құқықтық мемлекет болуы үшін:
1. Халықтың саяси тәуелсіздігі, мемлекеттің егемендігі.
2. Оның пайда болатын негізі яғни, алғышарты болып табылатын азаматтық қоғам, атына сай жан-жақты жетілген болуы керек.
3. Барлық азаматтардың құқықтық теңдігі, мемлекет заңдарынан адам құқығының жоғары тұруы қажет.
Мемлекеттер басқару түрі, өзіндік құрлысымен ғана емес саяси тәртібі жағынан да ерекшеленеді. Ол "Қоғамның саяси жүйесі" деген тақырыпта қарастырылады.
Саяси режиміне қарай – тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық жүйелер бөлінеді.
Саяси тәртіптің демократиялық түрі:
а) саяси іс-қимылдарға қатысушылардың әлеуметтік базасын ұлғайтумен, олардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етумен, жоғарғы тұрмыс деңгейімен, орташа таптың басым рөлімен;
б) саяси бәсекемен, саяси қатысудың жарысқа түсу нысанымен, адамдардың қалың топтарының және билік институттарының билігін жүзеге асыруға қатысумен;
в) халықтың еркін парламенттік әдіспен білдірумен, өкімет билігінің заң шығарушы органдарының төменен жоғарыға дейін сайлануы мен есеп берілуімен;
г) азшылықтың мүдделері мен құқықтарын құрметтеу жағдайында көпшіліктің саяси шешімдер қабылдауымен;
д) дасыған азаматтық қоғаммен, бұқаралық қоғамдық бірлестіктерді, одақтарды құрумен;
е) демократиялық саяси мәдениетімен, пікірлердің, көз-қарастардың әралуандығымен, жариялылығымен, ашықтығымен сипатталыды.
Саяси тәртіптің тоталитарлық түрі:
а) билік бір көшбасшысының немесе адамдардың шағын тобының қолдарына мейлінше шоғырландырумен;
б) жеке көшбасшы, қатаң бағыныстағы және тәртіптегі басшылықтың бірпартиялық негізінде билік құрылымдарының тетігімен;
в) барлық саяси институттарды және билік құрылымдарын жетекші партия мен оның көшбасшысына міндетті түрде бағындыруымен;
г) бүкіл қоғамдық өмірдің бірыңғай орталығынан жаппай реттеу (экономика, мәдениет, білім, медецина т.б.), пікір алуандығының, қарсыластардың барлық нысандарын жоюмен, азаматтардың жеке өміріне араласуымен;
д) қоғамға бір ресми идеологияны таңумен, басқаша ойлауды тұншықтырумен, жаппай саяси бақылау, бұқаралық ақпарат құралдарындағы цензурамен;
е) әлеуметтік-саяси даурықпалықпен сипатталады.
Саяси тәртіптің авторитарлық түрі:
а) саяси шешімдерді қабылдаудың бірыңғай орталығында саяси билікті барынша толық шоғырландыру;
б) атқарушы биліктің біліктілігін барынша ұлғайту;
в) үкіметтік емес партиялар мен қазғалыстардың саяси қатсуын шектеу;
г) билікті бақылаусыз қолдану мен халықтың барлық жіктерінің тәртібін бақылау;
д) номенклатуралық принципті іске асыру, яғни жоғары тұрған өкімет биліктерінің ырқы бойынша барлық деңгейдегі басшы қадрларды орналастыру мен орындарынан ауыстыру және олардың “төмендегілерге” есеп бермеуі:
Достарыңызбен бөлісу: |