Электронды оқулықтар
1. Основы антикоррупционной культуры [Электронный ресурс]: учебное пособие / под ред. Б. С. Абдрасилова. - Электрон. текстовые дан. (702Мб). - Астана: Акад. Гос. упр. при Президенте РК, 2016. - 176 с.
2. Гендерная социология. Акбаева Л.Н., 2017. Aknurpress / https://aknurpress.kz/login
3. Әлеуметтану. Ертаев М.А., Тасқымбаева С.М., Қаратаева Ф.М., 2020. Aknurpress / https://aknurpress.kz/login
4. Әлеуметтану. Тесленко А.Н., Сембина Ж.Ж., Аязбаева А.Т., 2019. Aknurpress / https://aknurpress.kz/login
5. Решетников, А. В. Социология медицины / Решетников А. В. - Москва: ГЭОТАР - Медиа, 2014. - 864 с. - ISBN 978-5-9704-3067-5. - Текст: электронный. http://rmebrk.kz/
6. Тәжітаева, Р.С. Саясаттану: Электрондық оқулық. - Жетісай: «Сырдария» университеті, 2016. http://rmebrk.kz/
7. Ритцер, Д., Степницки, Д. Әлеуметтану теориясы: Оқулық. - 10-басылым - Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 856б. - ISBN 978-601-7943-17-2. http://rmebrk.kz/
6. Бақылау сұрақтары (Feedback кері байланысы):
1. Саяси режим түсінігі мен түрлерін атаңыз.
2. Тоталитаризм және авторитарлық саяси режимдердің ерекшеліктері неде?
3. Қазақстандағы саяси режим қандай?
4. Сайлау жүйелерінің мәні мен сайлау жүйелерінің негізгі түрлерін атаңыз.
5. Қазіргі Қазақстанның сайлау жүйесінің ерекшеліктері қандай?
6. Саяси партиялардың түсінігі, мәні, белгілері мен қызметтерін анықтаңыз.
№10 дәріс
1. Тақырыбы. Саяси мәдениет пен мінез-құлық. Саяси сана мен саяси идеология. Саяси даму және модернизация. Саяси шиеленістер мен дағдарыстар. Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық қатынастар.
2. Мақсаты: Саяси мәдениет пен саяси идеологияның түсінігі мен негізгі үлгілері, Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаларды жүзеге асырудағы 100 нақты қадам, 5 президенттік реформаның мазмұнын, саяси шиеленістер мен дағдарыстар мәнін түсіндіру.
3. Дәрістің тезистері:
1.Саяси мәдениеттің түсінігі, мәні, құрылымдық компоненттері мен қызметтері. Саяси мәдениеттің негізгі үлгілері. Қазақстан Республикасындағы саяси мәдениет – қазіргі жағдайы мен даму үрдістері.
2. Саяси әлеуметтену: мәні, кезеңдері, үлгілері мен факторлары. Саяси мінез-құлық пен саяси қатысу – түсінігі, негізгі теориялары, жіктелуі.Саяси идеологияның мәні мен белгіленуі. Қазақстан Республикасындағы сана мен ойлаудың жаңа үлгісінің стратегиясы, қоғамдық сана модернизациясы.
3. Саяси модернизация түсінігі. Саяси модернизацияның мақсаты, оның негізгі сипаттары. Саяси модернизацияның кезеңдері мен факторлары.Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаларды жүзеге асырудағы 100 нақты қадам.«Қазақстан-2050 Стратегиясы» Қазақстан Республикасының саяси бағыты ретінде. Күшті мемлекет және Қазақстанның әлемнің ең дамыған отыз мемлекеті қатарына енуі.
4. Шиеленіс әлеуметтік құбылыс ретінде. Саяси шиеленістер, олардың мәні, конструктивті және деструктивті қызметтері. Саяси шиеленістер мен дағдарыстардың типологиясы. Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан.
Қазіргі кезде батыс әдебиетінде саяси мәдениеттің мазмұнын ашуға бағытталған отыздан астам анықтамалар бар.
Саяси мәдениет саясаттану ілімінде өте күрделі және әлі жеке тексерілмеген тақырыптың бірі болып табылады. Саяси мәдениеттің отыздан астам анықтамасы бар болса да жеке саяси мәдениет ұғымының жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. ʼʼСаяси мәдениетʼʼ деген ұғымды бірінші рет пайдаланып, ғылыми әдебиетке енгізген XVIII э. өмір сүрген немістің ағартушысы фәлсафашы Иоганн Гердер болды. Бұл ұғым саясаттануға XX ғасырдың 50-60 жылдары енді. Американың зерттеушілері Г. Алмонд, С. Верба, Л. Пай ʼʼсаяси мәдениетʼʼ деген атпен саясатқа да, мәдениетке де қатысы бар еңбектер жазды.
ʼʼСаяси мәдениетʼʼ ұғымының жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Сондағы бірнеше анықтамаларға тоқталып көрейік.
Поляк саясаттанушысы Е. Вятрдің анықтамасы бойынша ʼʼсаяси мәдениетʼʼ-өкімет пен азаматтар арасындағы өзара қарым-қатынастарға, байланысты мақсаттар, құндылықтар мен жүріс-тұрыс беталысы актілерінің жиынтығы. Сондықтан саяси мәдениетке жататындар мыналар дейді˸а) Саясат жайлы білімі, фактілермен таныстығы, оларға қызығушылығы болуы;б) билікті іске асыруға қатысты саяси құбылыстарды, құндылықтардың талдануын бағалай білу;в) саяси мақсаттың сезімге әсер ететін жағы-мысалы, отанды сүю,оның жауларына өшпенділік; г) әртүрлі жағдайда қандай әрекет жасауды анықтайтын сол қоғамда әбден танылған саяси мінез-құлықтың үлгілері. Саяси мәдениетке берілген түсініктемелердің басым көбінде-оған халықтың рухани мәдениетінің бір бөлігі, қоғамдық-саяси институттар мен саяси процестерге байланысты элементтер кіретіндігі мойындалады. Сондықтан әр елдің саяси мәдениетін дұрыс түсіну үшін оны жалпыұлттық мәдениеттің кең және тығыз бөлігі ретінде қарауымыз керек. Саяси мәдениетті құрастыратын басты элементтер-жалпыұлттық мәдениетке, тарихи-ұлттық, діни-дәстүрлікке, әдет-ғұрыпқа, рухани мақсаттарға т.б. тығыз байланысты. Саяси мәдениетті құрайтын элементтердің сапалы бөліктері ретінде ұзақ жылдар бойы қалыптасқан саяси дәстүрлер, сол кезеңде пайда болған саяси ереже-тәжірибелер, ойлар, тұжырымдар, әртүрлі қоғамдық-саяси институттардың қарым-қатынастарын сенімді түрде қарауға болады. Оның құрылымына тағы да өмір сүріп тұрған саяси құрылыс, оның институттары, жеке адам мен қоғамның, мемлекеттің араларындағы жалпы өзара көзқарастар туралы түсініктер кіреді. Сонымен, саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығын айтады. Саяси мәдениет дегеніміз қоғамның саяси өміріне лайықты типті саяси сана мен саяси мінез құлықтың жиынтығы болып табылады. Саяси мәдениеттің негізгі қызметтері˸ 1.Танымдық қызметі 2.Реттеушілік қызметі 3. Тәрбиелік қызметі 4.Біріктірушілік қызметі 5. Қорғау қызметі. Саяси мәдениеттің құрылымдық элементіне саяси құндылықтар жатады. Адамдардың қоғам, мемлекет, еңбек ұжыдарының істеріне, саяси процесстеге қатынасуға деген қалыптасқан талаптарын, іштегі қабылдаулары мен сенімдерім саяси құндылықтар ретінде қарауға болады. Саяси құндылықтарға қоғамдық жүйеге бағытталған негізгі нанымдар, мақсаттар, бағдарлар, символдар жатады. Саяси мәдениет белгілі бір дәреженің шеңберінде қоғам мүшелері сол тұстағы басқару түрлерін заң деп танитын, өздерінің саяси қабілетін сезінетін, жүргізіліп отырған саясаттан келісетіндігін білдіреді. Саяси мәдениетте саяси дәстүрлер мен әдет – ғұрыптың да манызы зор.
Саяси дәстүрлер мен мінез – құлқындағы үлгілерді берудің әдісі болып саналады. Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйенің және оның институтаралық қызмет етеуі кіреді. Ол мемлекеттің партиялардың т. б. сайлауды қалай ұйымдастырып, саяси шешімдердің, саяси - әлеуметтік шиеленістерді ұғыну және зерттеудің мәдениеттілігін қамтиді. Саяси мәдениеттің негізгі құрылымы осындай. Енді оны қалыптастыратын қоғамдық қүштерге тоқталайық. Саяси мәдениетті қалыптастурда ең бірінші мемлекет қатысады. Ол бұл міндетін заң шығару, атқару және сот органрдары арқылы атқарады. Саяси мәдениетті қалыптастыруға қоғамдық ұйымдар, әсіресе партиялар қатысады. Саяси мәдениетті қалыптастыруға діни ұйымдар да кіреді. Саяси мәдениетті қалыптастыруда елеулі роль атқаратын көпшілік ақпарат құралдары˸ баспасөз, радио, теледидар.
Саяси мәдениет пен саяси сана тығыз байланысты өйткені адамдардың саналық деңгейі жоғары болған сайын олардың қоғамдық ой-пікірлеріде еркін, әрі батыл болмақ. Азаматтарының белсенділігіне қарап қоғам өмірінің демократиялық деңгейін анықтауға болады. Мемлекеттің негізгі мақсаты-ұлттық қауіпсіздікті сақтау дейміз ұлттық қауіпсіздікті сақтау-қорғаныс күштерін нығайту ғана емес, ал азаматтарынның бірлігін сақтау, рухы берік, өз ұлттының барлық асыл қазынасы мен асыл қасиеттерін бойына сіңіре білген, өз елінің дәстүрімен азаматтарды тәрбиелеп қалыптастыру оның бірден-бір сенімді жолы-жас ұрпақты мәдениет арқылы тәрбилеу. Саяси мәдениеттің бірлігі қоғамның тұрақтылығын нығайтады, көптеген саяси процестерді дұрыс болжауға ықпалын тигізеді.
Идеология түсінігі және оның негізгі теориялары мен бағыттары: марксистік, аксиологиялық, психологиялық, социологиялық. «Идеологиясыздандыру» және «қайта идеологиялану» концепциялары, батыс марксизмінің Франкфуртттық мектебінің өкілдері. Идеология – құндылықтар жүйесі ретінде. Идеологияның қызметі және деңгейлері.
Қазіргі заманғы саяси идеологияның негізгі түрлері: либерализм және неолиберализм, консерватизм және неоконсерватизм, социал-демократия, коммунизм, фашизм.
Қазіргі кезде табиғатына қарай идеология прогрессивтік және реакциялық, либералдық және радикалдық, ұлтшылдық және шовинистік болып жүр. Сондай тарихи тәжірибеге орай антифашизм, антикоммунизм идеялары да өрістеу үстінде.
Саяси идеологияның тұнғыш түрлерінің бірі – либерализм. (Латынның либералис – еркін деген сөзінен). Оның негізін салушылар: Дж. Локк, Ш. Монтескье, С. Смит, И. Кант, Т. Джефферсон, А. Токвил, Дж. Милль. Ол феодалдық қоғам ыдырап, буржуазиялық қоғамдық қатынастар қалыптаса бастаған дәуірде пайда болады. Буржуазия ол кезде экономикалық жағынан еріксіз еді. Сондықтан өзінің саяси билікке деген дәмесін, талабын либеральдық саяси доктрина арқылы білдірді.Бүгінгі таңда либерализм – ең кең дамыған идеологиялардың біреуі. XX ғасырдың бірінші жартысындағы (1929-1933) терең дағдарыс либерализмнің әлеуметтік теңсіздіктің өсуін тоқтатуға мүмкіндігі аз екендігіне көз жеткізді. Шексіз бәсекелестік пен нарық адамдар арасындағы үйлесімділікке, экономиканың гүлденуіне әкелмейді. Сондықтан, либерализм өз идеяларын қайта қарауға тура келді және ол жаңарған либерализм (неолиберализм) деген ат алды.
Консервативтік (латынның консервативус-қорғаушы деген сөзінен) идеология Ұлы Француз революциясының (1789ж) саяси идеялары мен оқиғаларына жауап ретінде дүниеге келді. Бұл революцияны олар қоғамдық былықтың, бүлікшілік пен күйзелістің себебі деп санады. Бірақ ол бастауын XVII ғасырда пайда болған дәстүрлік діни-монархистік қорғаушы ағымынан алады. Консерватизмнің негізін қалаушыларға ағылшын философ және мемлекет қайраткері Эдмунд Берк (1729-1797), француз публицисі және қоғам қайраткері Жозеф де Местр (1754-1821), немістің тарихшысы, құқықтанушысы Фридрих фон Савиньи (1779-1861), Австрияның канцлері Меттерних (1733-1859) және т.б. жатады. XIX ғасырдың аяғы XX басында консерватизм негізгі қағидаларына өзгерістер еңгізді. Ол еркін нарықтық қатынастар, алуан түрлілік және саяси демократия принциптерін қабылдады. Осы ғасырдың 70-жылдарынан Батыстағы консервативтік ой-пікірдің жетекші бағыты жаңарған консерватизмге (неоконсерватизмге) айналды. Ол жеке адамның құқықтары бостандықтарының басымдығын мойындауға бет бұрды.
Коммунистік (латынның коммунис – жалпы деген сөзінен) идеялар XIX ғасырдың орта кезінде дүниеге келген. Негізін салғандар К. Маркс (1818-1883) пен Ф 7 Энгельс (1820-1895). Олар жаң-жақты дамыған, еркін адамды қалыптастырғылары келді. Ол үшін тап күресі жүргізілуі, жұмысшы табы буржуазияны құртуы керек. Олардың ойынша, социализм орнататын бірден-бір құрал — социалистік революция. Оны жасай алатын бірден-бір күш – жұмысшы табы. Мемлекеттік биліктің таптық сипаты болады. XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында марксистік саяси идеология революциялық және реформистік болып екіге бөлінді. Революциялық ағымды В.И. Ленин басқарды. Рюрмистік идеялар немістің социал-демократы Э. Бернштейн еңбегінде дамытылды.
Сонымен қатар, социал-демократия идеологиясы, фашизм, неофашизм идеологиялары бар. Фашизм (Италияның фашизмо-бірлестік деген сөзінен шыққан) 1919 жылы Италия мен Германияда пайда болған. Негізін салушылар: Ф. Ницше, Дж. Джентилье, О. Шпенглер.
Саяси мәдениеттің қоғамның саяси жүйесінің негізгі құрамдас бөліктері есебіндегі мән - мағынасы, орны, атқаратын қызметі қандай деген мәселелер осы тақырыптың мазмұны болып табылады. Саяси мәдениет нақты әлеуметтік және саяси практика негізінде қалыптасады және олардың бейнесі, көрінісі болып табылады. Саяси өмірге қатысушылардың түсінігі, мәнділік бағдарлары мен ұмтылыс - мақсаттары, сондай - ақ, олардың сезім - күйлері, наным пиғылдары мен мінез - құлықтары саяси сана мен саяси мәдениеттің мазмұның құрайды. Ол нақтылы саяси жүйенің сипатын, қазіргі саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін, саяси процестердің даму жолын және бағытын түсінуге мүмкіндік береді. Саяси мәдениет адамдардың жүріс-тұрысы мен әр түрлі ұйымдардың қызметіне, олардың ішкі және сыртқы саясат құбылыстарын ұғынуға, саяси болжам жасауына тікелей әсер етеді. Бұл ұғымның саясаттануға енгеніне көп болған жоқ. XX ғасырдың 50 жылдарының екінші жартысы — 60 жылдардың басында Г. Алмонд, С. Верба, Л. Пай деген Американың зерттеушілері мен олардың шәкірттері саясатқа да, мәдениетке де қатысы бар өзгеше қоғамдық құбылыс жөнінде бірнеше жұмыстар бастырып шығарды. Олар кейін “саяси мәдениет” деген атпен кең тарап кетті. Бірақ бұдан саяси мәдениет жөнінде бұрын еш қандай ой-пікір болмаған екен деген ой тұрмауы керек. Себебі, антикалык ойшылдар, атап айтқанда, Платон (“Мемлекет”, “Заңдар” деген еңбектерінде), Аристотель (“Саясат” деген еңбегінде), кейінірек Н. Макиавелли, Ф. Бэкон, Ш. Монтескье және басқа ойшылдар да бұл мәселеге көңіл аударған. Олар әр түрлі салт-дәстүрлерде тәрбиеленген, әрқилы әлеуметтік және саяси тәжірибе алған адамдар бірыңғай, біртектес жағдайды әр түрлі сезіп, оған сан қилы жауап қайтаратындығын байқаған. Бұл неліктен, неге байланысты болатындығын білгілері келген. Сол сұрақтарға жауап іздеген.
Саяси мәдениет тұжырымдамасын белгілеп, оның негізгі пікірлерін жасауға М. Вебер, Э. Дюркгейм, Т. Веблен, Т. Парсонс сияқты батыстың ірі саясатшылары мен әлеуметтанушылары да елеулі үлес қосты. Ал жалпы “саяси мәдениет” деген ұғымды бірінші қолданып, ғылыми әдебиетке енгізуші деп XVIII ғасырда өмір сүрген немістің ағартушысы, фелсафашы Иоганн Гердерді санайды.
Саяси мәдениеттің негізгі қызметтері: 1.Танымдық қызметі 2.Реттеушілік қызметі 3. Тәрбиелік қызметі 4.Біріктірушілік қызметі 5. Қорғау қызметі.
Қазiргi саясаттану ғылымында «саяси даму» ұғымының жалпытаныған анықтамасы жоқ. Көбiнесе саяси әдебиеттерде саяси даму мына мәндерге ие болады:
· экономикалық дамудың алғышарты;
· өндiрiстiк қоғамға тән саясат;
· саяси модернизациялау;
· ұлттық-мемлекеттi басқару;
· әкiмшiлiк және құқықтық даму;
· жаппай жұмылдыру және қатысу;
· демократиялық қоғамды құру;
· өзгерiстер сабақтастығы мен тұрақтылығы;
· әлеуметтiк өзгерiстердiң көпжақты процесiнiң бiр аспектiсi.
Саяси iлiмдер тарихында саяси дамудың әр түрлi концепциялары қалыптасқан. Мәселен, саяси дамудың либералдық өкiлдерi, саяси дамудың өлшемi ретiнде адам құқығының жоғарылығын, мемлекеттiң азаматтық қоғам бақылауында болуын, плюрализм мен рухани бостандықты алады. Ал, консерваторлар, саяси дамудың негiзгi құндылықтары ретiнде саяси iс-әрекеттегi моралдық басымдылықты, басқарудың алдыңғы формасымен сабақтастықты, билiктi ұйымдастыруда базалық қалыптары мен қағидаларын сақтауды есептейдi. Марксизм, саяси жүйе дамуының өлшемiн жеке меншiктiң қоғамдық меншiкке ауысуымен, жұмысшы табының гегемондығымен және коммунистiк партияның жетекшiлiк рөлi артуымен байланыстырады. Демек, алдыңғы екi бағыт демократияның тоталитаризмге, ал марксизм болса социализмнiң капитализмге үстемдiгiн қолдайды.
Бiрақ, саяси процестер аяқталмаған транзиттi қоғамда бұл өлшемдердi пайдалану қиындық тудырып ғана қоймайды, кейде даму идеясының өзiне қарама-қайшылық тудырады. Мәселен, билiктi демократиялық негiзде институттау, плюрализмдi кеңейту басқарудың деспоттық формасының қалыптасуына, немесе қоғамды басқаруда жағымсыз салдарлардың тууына алып келуi мүмкiн.
Саяси даму − саяси құрылымдар, қалыптар, институттардың жаңа әлеуметтiк, экономикалық және т.б. мәселелердi тез арада қабылдау қабiлетi мен сезiну икемдiлiгiне, әрi қоғамдық пiкiрдi қабылдау мүмкiндiгiне тәуелдi. Демек, керi байланыстың тұрақты механизмi қалыптасуы тиiс, бұл дегенiмiз басқарудың тиiмдi буындары тұрғындар пiкiрлерiн есепке алуға қабiлеттi, шешiмдi тиiмдi таратушы, саяси жүйе шиеленiстi реттеудiң икемдi механизмiне айналған және билiктi қолданудың тиiмдi жолдарын таңдаған деген сөз. Мұнда бұл мемлекет қандай нақты ұлттық-мемлекеттiк форманың өзгерiсiн иеленетiндiгi ешқандай мәнге ие болмайды, қандай партия, қандай идеология саясатты анықтайтындығы ешбiр рөл атқармайды. Ең негiзгiсi, саяси институттардың жаңа проблемелерды шеше бiлу қабiлетiнде, оның қоғаммен ашық сипаттағы қатынасы билiк жүйесiнiң жағымды динамикасын, өмiр сүрудiң жаңа сапасына өткендiгiн бейнелейдi. Бұл пiкiрдi Д. Истон, Г. Алмонд және Г. Пауэлдiң саяси жүйедегi ең бастысы оның құрылымында емес, iс-әрекетiнде деген тұжырымдары да растайды.
Саяси даму дегенiмiз саяси жүйенiң өзгерушi әлеуметтiк жағдайға икемдi бейiмделу қабiлетiнiң дамуы және талап-қолдау және саяси шешiм-әрекет арасында керi байланыстың тиiмдi механизмiнiң қалыптасуы.
Саяси дамудың мақсаты қандай да бiр тиянақты саяси қатынас пен қалыпты қалыптастыру немесе өзгерту емес, саяси институттар мен ашық түрдегi саяси жүйе арқылы бiрте-бiрте күрделенiп келе жатқан әлеуметтiк және экономикалық мәселелердi шешу. Саяси даму процесi саяси жүйенiң iшiнде оның мақсатының мынадай факторлармен − әлеуметтiк-экономикалық даму тұрақтылық, теңдiк, қатысу т.б. өзара байланысы болуын талап етедi. Табысты бөлудегi теңсiздiк пен саяси қатысуды күштеп шектеуге талпынған даму жағдайында әлеуметтiк қиналыс, саяси тұрақсыздық күшейедi, сөйтiп саяси даму процесi бұзылады.
Достарыңызбен бөлісу: |