Оқытуда білім алушының оқу мотивациясына творчестволық тақырыптық жетістігін көтеруге арналған үлестірме материал
Соңғы гендерлік зерттеулер адамның айналысатын кәсібі олардағы маскулиндік мен феминдік сипаттың деңгейімен байланысты екенін анықтаған. Еркектер және әйелдер тобының мамандықтарының көрсеткіші бірбірінен ерекшеленетінін төмендегі кестеден көруге болады:
Еркектер тобы
|
Әйелдер тобы
|
инженерлер, архитекторлар
заңгерлер, банкирлер, менеджерлер
мұғалімдер, дәрігерлер, ғылыми қызметкерлер
механиктер, құрылысшылар, ауыл
шаруашылығы қызметкерлері,
кеңсе қызметкерлері, кәсіпкерлер
журналистер, әртістер, дін қызметкерлері т.б.
|
мектеп, колледж, университет оқытушылары, тәрбиешілер
медбикелер мен дәрігерлер
үй шаруашылығындағы әйелдер, өнер саласы мамандары
тігіншілер мен шаштараздар
хатшылар
үй қызметшілері т.б.
|
ХХ ғасырдың соңындағы зерттеулер бойынша ер мен әйелдің таптаурындық көрсеткіштерінің салыстырмасы
Ер адамның мінез сипаттамасы
|
Әйел адамның мінез сипаттамасы
|
Мықты,спортқа бейім
|
Әлсіз,спортқа бейім емес
|
Түр сипаты онша толғандырмайды, қартаюдан қорықпайды
|
Сыртқы келбетіне баса назар аударады,қартаюдан қорқады
|
Жанұяның асыраушысы ролін атқарады
|
Жанұяға деген жақындық байланысы
|
Жыныстық өмірден тәжірибесі болады
|
Адал болу ұстанымын болады
|
Эмоциясын тежей алады,мығым.
|
Эмоциясы қарқынды байқалады,нәзік.
|
Логикалық ойлау басым, интеллект дамуы жоғары.
|
Жеңіл ойлы, ішкі интуициасы басым.
|
Билікке,көшбасшылыққа ұмтылады.
|
Қызмет етуге дайын,көнгіш
|
Тәуелсіз,еркін
|
Тәуелді,көп жағдайда қорғанышты қажет етеді
|
Белсенді
|
Белсенсіз
|
Жетістікке ұмтылады,шыншыл,
|
Шыдамды,қысылып-қымтырылады
|
Мықты таптаурын
Пікір
|
Келісемін (%)
|
Жауап беру қиын (%)
|
Келіспеймін (%)
|
Жігіт.
|
Қыз.
|
Жігіт.
|
Қыз.
|
Жігіт.
|
Қыз.
|
Еркек белсенді, мақсатқа ұмтылушылық басым болу керек
|
93
|
95
|
4
|
2
|
3
|
3
|
Әйел үнемі әдемі болып жүру керек
|
90
|
91
|
4
|
5
|
6
|
4
|
Әйел үй шаруашылығымен айналысып,тамақ дайындау керек
|
90
|
83
|
4
|
4
|
6
|
13
|
Әйел ер адамға қамқор болу керек ал , еркек оның қорғанышы болу керек
|
89
|
87
|
5
|
4
|
6
|
9
|
Әйел сексуально және тартымды болу керек
|
89
|
82
|
7
|
8
|
4
|
10
|
Еркек шеге қағып, кран , үтіг т.б жөндеу керек
|
88
|
87
|
6
|
4
|
6
|
9
|
Карьера – еркектің өмір негізі, олар жоғары шенді орында болу керек
|
80
|
75
|
8
|
9
|
12
|
16
|
Еркек үнемі жееңіске жету және әйелдің жүрегін жаулап алу керек
|
74
|
77
|
15
|
13
|
11
|
1
|
Әйел ер адам үшін қол жетімді болу керек
|
66
|
84
|
20
|
8
|
14
|
8
|
Динамикалық таптаурын
Пікір
|
Келісемін (%)
|
Жауап беру қиын (%)
|
Келіспеймін (%)
|
Жігіт.
|
Қыз.
|
Жігіт.
|
Қыз
|
Жігіт.
|
Қыз.
|
Еркектерге керемет болып көріну маңызды емес
|
20
|
14
|
17
|
13
|
63
|
73
|
Жанұя еркек үшін ең бастысы емес
|
25
|
25
|
21
|
27
|
54
|
50
|
Еркек, егер ол әйелге тән мамандықпен айналысса,кейін ол әйел тектес болып кетеді
|
26
|
25
|
23
|
24
|
51
|
51
|
Дискуссионды таптаурын.
Пікір
|
Келісемін (%)
|
Жауап беру қиын (%)
|
Келіспеймін (%)
|
Жігіт.
|
Қыз.
|
Жігіт.
|
Қыз.
|
Жігіт.
|
Қыз.
|
Жанұядағы қаржы мәселесінің дұрыс шешілуі еркекке байланысты
|
77
|
58
|
9
|
11
|
14
|
31
|
Ана болу әйел өмірі ол өмірге бала әкелу керек
|
73
|
57
|
12
|
11
|
15
|
32
|
Еркек әйел адамға қарағанда көбірек ақша табу керек
|
68
|
48
|
9
|
11
|
23
|
41
|
Әйел қарапайым болу керек
|
56
|
37
|
20
|
21
|
24
|
42
|
Әйел ер адамға тән мамандықты меңгеруге ұмтылмау керек
|
42
|
28
|
28
|
25
|
30
|
47
|
Жанұяны сақтау жауакершілігі әйелге жүктеледі
|
31
|
22
|
29
|
16
|
40
|
62
|
Әйел еркектен көп ақша табуға ұмтылмауы керек
|
29
|
17
|
24
|
13
|
47
|
70
|
Қарсылық таптаурыны.
Пікір
|
Келісемін (%)
|
Жауап беру қиын (%)
|
Келіспеймін (%)
|
Жігіт.
|
Қыз.
|
Жігіт.
|
Қыз.
|
Жігіт.
|
Қыз.
|
Әйел үнемі куйеуге шығуға ұмтылады
|
43
|
34
|
30
|
14
|
27
|
52
|
Әйел қыздық абыройымен күйеуге шығу керек
|
45
|
10
|
16
|
10
|
39
|
80
|
Өз мінез құлқымен әйел еркек адамның бабын табу керек
|
49
|
22
|
25
|
23
|
26
|
55
|
Басқарушы,жетекші еркек болу керек
|
55
|
15
|
18
|
16
|
27
|
69
|
Еркек мәселені әйелдің ыңғайын қарай емес үнемң өзі шешу керек
|
67
|
25
|
13
|
24
|
20
|
51
|
Ой-шабуылы арқылы тақырып негізіндегі бекіту сөздік диктант
1. Қарапайым жүйелі, эмоционалды боялған белгілі бір гендерлік топтың немесе қауымдастың тұрақты бейнесі ............................................ деп атаймыз.
2. «...................» термині гендерлік ғылымға 1922ж У. Липпман қоғамдық ой концепциясын құрастыру барысында енізген.
3. Әлеуметтік ғылымға «....................» категориясын ................... 20 ғ 60 ж аяғында еңгізді.
4. ................... өз теоретикалық – эксперименталды психологиялық зерттеулерінде адамдардың жыныстық құрамының сипатына негізделеді.
5. ....................... және........................ жыныстық айырмашылығын психоофизиологиялық аймақта қарастырды.
6. .......................жасөспірімдердің жыныстық ролдердің бағыттардың және батылдылықпен нәзіктіктің стереотиптердің зерттеді.
7. 1930 – 1970ж ж арнайы маскулиндік феминистік ақыл ой қабілетін, эмоция, қызығушылық т. б. өлшейтін шкалалар жасалынды,олар: ..................................................................
8. Психолог ...................... (1974) ғалымдар ішінде ең бірінші болып андроминоть дәрежесін өлшетіп сұрақнама жасады.
9.Г.Тэджфэл бойынша гендерлік таптаурынның ......... аспектісі бар.
Кейс негізіндегі пікір – сайысты қолдану әдістері ( сабақ үлгісі)
Пікір – сайыс технологиясын қолдану үшін мынадай талаптарды есте ұстау қажет.
Пікір – сайыс сабағының айқын мақсаты болуы керек.
Пікір – сайыс сабағында ойын тәртібін қатал сақтау керек.
Студенттер пікір – сайыс алдында тақырыпты толық меңгеруі тиіс.
Пікір – сайыс тақырыбы да талапқа сай, талас туғызатындай болуы керек.
Студенттер пікір - таласта толық қатысуы тиіс.
Пікір – талас өз мәнінде өту үшін уақыт керек.
Гендерлі психология № 5 семинар
Тақырып: Ер мен әйелдің дәстүрлі бейнесін құраудағы түрлі факторлардың ролі.
Сабақтың мақсаты:
1. Ер мен әйел адамның дәстүрлі бейнесін қалыптастыру мен ұстанудағы жанұяның ролі.
2. Ер мен әйел адамның дәстүрлі бейнесін қалыптастыру мен ұстанудағы бұқаралық ақпарат көздерінің ролі.
Топ студенттері екі топқа бөлінеді. Әр топта бір спикерден болады. Топтың қалған студенттері әділ қазылар алқасы және бір студент уақыт өлшеуші- таймкиппер болады.
Жақтау тобының резолюциясы: Бүгінгі қоғамдағы әйел бейнесінің басым беделдідігі.
Даттау тобының резолюциясы:Қоғамдағы әйел белсендігінің ерлерге қарағанда төмендігі.
Университет деңгейінің өзінде де студент қыздардың когнитивті жетістіктердің аса әлсіз күштеуі регистрацияланған студент ұлдарға қарағанда. Студенттердің және оқушылардың кең анкеттік зерттеулер орнатулары көрсетеді, студент қыздардың интеллектуалды ұмытылыстары оқытушылармен аз салмақты қабылданады.
Жоғары оқу орындарынан әйелдердің ең жоғары елеуінің себептерінің бірі сүйеудің жоқ болуы және әйелдің интелектуалды іс әрекетінің теріс күштеуі болуы мүмкін. Үй, лабораториялық және оқу жағдайларында алынған осындай нәтижелер айтады, қыздардың күш салаулары – жоғары жетістіктері де бар қыздар – аз марапатталады, ұл – құрбылардың күш салуына қарағанда. Өзіне сенімді болу деңгейлерінде, Мең – концепциясында және мәселені шешудегі жүріс – тұрыс деңгейлерінде гендерлі ерекшеліктердің бар болу себебі үйде, мектепте ұсынған ұқсас тәжірибе әбден болуы мүмкін және жиі әйелдің күш салуын көңіл қалтуға және құнсыздандыруға әкеледі.
Дәстүрлі әйел рөлімен жасалатын маңызды шектеулердің бірі әйелдің үй шаруасы мен бала үшін жауапты болуы .Өзін әйелдерімен салыстырғанда, қара нәсілді ерлер үй жұмысының – 40%, ақ нәсілді ерлер – 34%, ал испан ерлері –36% жасайды. Іскер әйел орташа үй жұмысының 69% орындайды. Әйел өзінің жұмысына арнаған уақыттың көбеюі, оның үй міндеттерінің аз ғана қысқаруына әкелді, ал бала қамын ойлауға кететін уақыт саны өзгермеді
Ерлерге қарағанда әйелдердің жұмысындағы статусы төмен болады. Қоғамдағы абыройлы кәсіптердің көбін ерлер жасайды, яғни ғылыми қызметкерлер, дәрігерлер, университеттердің профессорлары. Ерлермен салыстырғанда, ұйымдардағы әйелдердің төмен билігін көрсететін көп дәлелдер бар. Әйелдер ресурстарды басқару немесе фирманың мақсаттарын көрсететін, көздейтін қызмет орындарында сирек тұрады. Бұған себеп, ерлердің гендерлік стереотиптеріне билікті жаулап алу мен сақтап қалуға қажетті қасиеттері кіреді. Сондықтан, ерлер басқару рөлдеріне сай болып көрінеді .
Жақтау тобының кейсі
Бірінші спикердің сөзі:
Резолюция: қоғамдағы әйел ролінің белсенділігі басым.
Дефинция: Әйел белсенділігі,теңдік ұғымдарына сипаттама беру.Дәлелдеу үшін өз аргументтерін ұсынады.
1 аргумент: Гендерлік мәселе бойынша қазіргі кездегі Қазақстандық зерттеушілерді атап кетейік: Б.Х. Хасанов, Г.Г. Соловьева, С. Шакирова, М.А. Өскембаева, Н. Шеденова, К.А. Тохтыбаева, Б. Қылышбаева. Оларды алғашқы феминистік қозғалыстың либералды, марксистік, радикалды бағытына қосу қиын. Республикада жаңа қазақстандық философияның қалыптасуына байланысты ерекше гендерлік тәсілдер қалыптасуда. Бұл философия марксистік философиядан бас тарта отырып, руханилықтың артықшылығына және қазақтың дәстүрлі мәдениетіне тән ақыл мен жүректің, ой мен ожданның бөлінбес бірлігіне сүйенеді.
Әйелдердің «жеке өмірін» шектелген салада көрсету орын алған, олардың үлесі – отбасы, үй және балалар. Бір жағынан еркектер көп жағдайда «қоғамдық өмірге» араласады деген түсінік бар. Олардың саласы – еңбек ету, өндіріс, саясат. Көптеген әйелдер толық емес еңбек күнін иеленеді және бала күтіміне байланысты ұзақ уақытқа еңбектен қол үзіп қалады. Сонымен қатар көптеген әйелдер күйеуіне экономикалық тәуелділікте болады да, оның таптық жағдайы күйеуінің таптық жағдайымен анықталады.
2- аргумент.
Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат стратегиясы 2005-2015 жылдарға арналған «Әйелдер мен еркектер арасындағы құқықтар мен мүмкіндіктердің теңдігі – саналанған қажеттілік» атты бағдарламада нақты көрсетілді. Стратегия бағдарламасында гендерлік ұғымның түсінігі, мәні, мақсаты, жағдайды талқылау, басым бағыттары мен әлсіз тұстары, мүмкіндіктері көрсетілген және саяси өмірдегі, экономикалық өмірдегі, қоғамдық өмірдегі гендерлік теңдікке жету жолдарының стратегиясын көрсеткен.
Еркектер мен әйелдердің мүмкіндіктерін қамтамассыз етуде мемлекет басшысының Жарлығымен 1998 жылы Қазақстан Республикасы жанынан отбасы және әйелдер мәселесі жөніндегі Ұлттық комиссия құрылды. 1999 жылы Үкімет Қазақстан Республикасындағы әйелдердің жағдайын жақсарту мақсатында Ұлттық жоспар құрды. Бүгінгі таңда оның 80 пайызы орындалған.
Қазақстан әйелдерінің 4 форумында ел Басшысы мемлекеттің өркендеуі әйелдердің қатысынсыз мүмкін еместігін атап өтіп, мынадай міндеттер жүктеді:
- 2005-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдіктің стратегиясын дайындау;
- Бұл шешімді қабылдауда әйел қауымының үлес салмағының көп болуына баса назар аудару қажеттігі,
- Гендерлік теңдікті қамтамассыз ететін құрылымдар мен заңнамаларды жетілдіру және «Еркектер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері» атты заңды тездету:
- әйелдердің экономикалық өмірге белсене араласуына жағдай жасау; әйелдердің құқықтық, әлеуметтік кепілдігін арттыру мен ана мен бала денсаулығын жақсарту мақсатында шаралар ұйымдастыру:
- адамгершілік құндылықтарды жетілдіру:
Қазақстан адам құқықтары жөніндегі 60 халықаралық ұйымдарға қатысушы болып табылады. Солардың арасында әйелдерге қатысты қысымның барлық түрлерін жою туралы Конвенция да бар.(СИДО)
Әйелдердің азаматтық белсенділігінің артуымен әйелдердің үкіметтік емес ұйымдары көбеюде. Парламентте «Отбасы» депутаттық тобы құрылды.
Бірақ мұндай пікірлер мынадай бағыттардағы сыни пікірлерге ұшырауы мүмкін:
1. көптеген отбасыларда әйелдердің жалақысы отбасындағы экономикалық тұрақтылықты сақтауға біршама үлес қосады;
2. әйелдің еңбек етуі күйеуінің жағдайына немесе керісінше ықпал етуі мүмкін. Әйелдердің күйеулерінен көптеу табыс табуы сирек жағдай, сондықтан әйелдің жұмысы күйеуінің таптық жағдайын сипаттауда «жетекші» фактор болуы мүмкін;
3. Асыраушысы тек қана әйел болып табылатын отбасылар саны арта түсуде. Алимент есебінен әйел өзінің экономикалық жағдайын бұрынғы күйеуінің табысымен теңестіре алады.
Гендерлік рөлдер отбасындағы рөлдерді үлестіруден бұрын пайда болады. Қазіргі кезде үй шаруаларын гендерлік деңгейде үлестіру, гендерлік теңсіздіктегі және гендерлік-рөлді әлеуметтенудің жалғастырушы симптомы болып отыр. Үй жұмысын дәстүрлі түрде бөліп беру, әйел жанының төмен деңгейіне әкелуі де өтірік емес. Күні бойы жұмыс істеп, үйге келгенде үй шаруасымен айналысумен күн өткізіп, төмен статусқа ие болу өте қатерлі жағдай болса, күні бойы жұмыс істеп, үйге келгенде үй шаруасымен айналыспай жоғары статусқа ие болу ойналдыратын жайт. Осындан барып балада әйел мен ердің өз-өздерінде тән іс-әрекеттері, міндеттері бар екенін көруге тура келеді. Басқа сөзбен айтқанда, ер мен әйел әртүрлі рөлдерді орындап, әртүрлі психологиялық сапаға ие болады деген ұғымға да келуі мүмкін. Қортындысында олар өз гендерлеріне тән әртүрлі дағдыларды үйренеді де, келешек өмірінде, әртүрлі гендерлік рөлдерге дайын емес болып шығады (56).
Зерттеулердің нәтежесінде көрсеткендей, отбасындағы әйел мен ердің реніші үй шаруасындағы іс-әрекетте пайда болып, ол некелілердің отбасындағы қанағаттанулары төмендеп сапасы азаяды. Отбасындағы шаруаның жартысын, баланы тамақтандыру секілді істерді ерлер атқарған сайын, әйел жанында отбасына деген сенімі арта түседі. Бұндай жағдайлар, мысалы: баланы ойнату, тамағын беру деген секілді әрекеттер ер мен әйелге бір жағынан ляззат әкелері айдан анық. Тіпті, үй шаруасын орындағанда ерлер психологиялық пайда алып, өздерін кінәлі сезімдерінің азайғанын да сезі алады.
Қазіргі кезде дәстүрлі әйел рөлі болып, ол жұмыс тан келсе де үй шаруасымен айналусуы мен бала жауапкершілігі болып табылады.
Өз әйелдерімен салыстыра қарағанда қара нәсілді еркектер үй шаруасының 40 % - ын., ақ нәсілді еркектер – 34 % - ын., ал испан тілдес ерлер үй шаруасының – 36 % - ын атқарады екен. Бірақ, соңғы кездегі көрсеткіштерге қарағанда ерлердің үй шаруасымен айналысуы, көбейе түскен. Бірақ,сонда да, жұмыс істеуші әйел. Сондықтан бізді жақтап дауыс берулеріңізді сұраймыз» деп қорытады.
3-аргумент.Әйелдер тарихының жекелеген кезеңдерін зерттеуде таптырмайтын үлгі, әсіресе ерте жаңа заман кезеңіндегі, осы кезге дейін америкалық феминизмнің теоретигі мен практигі , тарихшы Джоан Келлидің « Было ли у женщин Возрождение» атты айтулы мақаласы болып табылады. Әртүрлі әлеуметтік топтардағы әйелдерге қоғамдық өзгерістердің әсер етуін зерттеу үшін Джоан Келли өзінің теоретикалық моделін әйел бостандығының сапасы және деігей индекаторын жасады. Ол төрт байланысты критериді санатқа алды. Олар: ерлермен салыстырғандаәйелдердің жыныстық ерекшелігінің қоғамдағы регламентациясы, әйелдерге қатыстырылған шаруашылық және саяси саладағырөлі, сонымен қатар олардың меншікке, билікке, білімге, кәсіби оқуға қол жетімдігі, қоғамның мәдени өміріндегірөлі, әйелдердің, яки жыныстардың қоғамдық санадағы, өнердегі , әдебиет пен философиядағы рөлдік функциялары. Осы негіздерге қатысты жүргізілген Дж. Келлидің анализі 15-16 ғасырларндағы италия әйелдерінің гендерлік статусын тәуелденуі мен төмендеуіне әкелді деген қорытындыға ұшыратты. Нәтижесінде « Әйелдерде ешқандай Қайта өрлеу, тым болмаса Реннесанс дәуірінде болған жоқ » деген қорытынды жасалды. Француз революциясы кезінде әйелдер тарихымен айналысқандар осы методикаға сүйене отырып бұл революцияның әйелдердің жағдайына әсері туралы түсінікті теріске шығарды. 1791жылы француз революциясының программалық құжаттарының бірі « Декларация прав человека и гражданина » шыққан соң әйелдің құқықтарын жақтаушы Олимпия де Гуж « Декларация прав женщины и гражданки » атты манифесін баспадан шығарды. Бірақ бұл революция жақтастарының энтузиазмын туғызбады. Жәнедағы нәтижесінде шығу тегі әлеуметтік топқа жататын автор контрреволюциялық күштермен байланыста деп айыпталып, 1793 жылы қазанда басы шабылды. Нәтижесінде ол француз феминистерінің атақты тұлғасына айналды. Осылайша, қоғамдық тарихқа әйелдік дауыс нүктесінің қосылуы күн тәртібіне тарихи процесстің жалпы көрінісіне коррекция жасау мәселесін қойды. Қоғамның прогресивті даму түсінігі , тарихи периодтардың жалпыға ортақ бағасы өзгеріске түсті және қоғамдық прогресс әйелдердің бостандыққа, теңдік пен туыстыққа қосылуын көрсетпеді. Сонымен қатар жаңа заманға жылжыған сайын гендерлік иерархияның күшеюі байқалды. Бұл социум өмірінің әртүрлі дерктері мен аспектілерінде бақыланады. Европаның жаңа заман тарихынан қоғамдық құрылымның күрделенуі әйелдің жанұядағы беделін түсірді, оның меншіктік құқығын шектеді, өзін ұстау нормалары мен моральдың екі жақты стандартының орнауына әкеліп соқты. Дегенмен осымен қатар әйелдердің жанұя мен үй шаруашылығынан тыс ресми емес әлеуметтік байланыстар арқылы өз ықпалдарының күшеюіне қол жеткізілді. Әйелдер тарапына көбіне қоғамдық прогресстің ұстанымдық негіздері түсті. Сөйлеуші сұраққа жауап беруге әзірлігін білдіріп, сөзін аяқтайды. (Қарсы сұрақ –жауап)
Даттаушы топтың кейсі.
Резолюция: Қоғамдағы әйел белсендігінің ерлерге қарағанда төмендігі.
Дефиниция: Әйел бойындағы ұлттық менталитет, еркек асыраушы, табыс табушы,қорғаушы ұғымдарына сипаттама беріледі.Дәлелдеу үшін аргументтер келтіреді.
аргумент.
Еркек бастамасы—рациональді—рухани— құдайшыл—мәдени;әйелдер бастамасы—сезімтал—тәндік—күнәлі—табиғи.
Жыныстың тологиялық аспектісінен ерекше, оның басқа екі әлеуметтіке және мәдени-символикалық аспектілерде – шынайы емес құндылықтық бағдарлар мен ұстанымдар мазмұндалған, себебі «ерлер» бастамасына позитивті, маңызды, доминант көзқарастары жатса, «әйелдер» бастамасына – негативті, бағынышты және субординацияланатындар кіреді.
аргумент.
Әйелдер есінде сақтайтын он үш қағида
1. Өзіңізге киім таңдағаны-ңызда құрбыларыңыздың ға- на емес, күйеуіңіздің де тал-ғамымен, ақыл-кеңесімен са-насыңыз.
2. Күйеуіңіздің қатты қас-терлейтін заттарына тиіспе- ңіз, пайдаланбаңыз, басқалар-ға ұстап көруге, қызықтауға ұсынбаңыз. Оның зат салатын жәшігін, үстелінің тартпасын, портфелін ақтармаңыз, ішін тәртіпке келтіремін деп әуре болмаңыз, киімінің қалтасын қарамаңыз.
3. Күйеуіңіз ұнататын та-ғамды қай кезде дайындау қажетін сұратпай-ақ білуге, дастарханға қоюға үйрені-ңіз. 4. Көпшілік ортасында кү- йеуіңіз өзіңе таныс бір әңгі-мені айтып отырса да, оны ықыласпен тыңдап отырған қалып танытып, сөзін бөлме-ңіз, күмән келтірмеңіз, қарсы дау шығармаңыз.
5.Отбасы мүшелерінің алдында күйеуіңізді сынап, мінемеңіз.
6. Жүріс-тұрысын аңдып, телефон арқылы біреумен сөйлескен әңгімесін тыңдап, өзгелердің айтқан өсегіне мән беріп сенімсіздік танытпаңыз. Олай жасасаңыз, оның көңі-ліне ауыр дақ қалдырасыз. Көшеде бір әйелмен сөйлесіп тұрғанын, бірге келе жатқанын көрсеңіз «Ол кім? Неге онымен бірге келе жатырсың? Қайда барасыңдар?», - деп алқымынан алмаңыз.
7. Күйеуіңіздің әке-шешесіне, туған-туыстарына деген ыстық ықыласына қызғаныш білдірмеңіз.
8. Күйеуіңіздің ұнатпайтын адамын қонаққа шақырмаңыз. Ол жақтырмайтын ортаға бар-маңыз. Жалғыз қыдырмаңыз, қонаққа да жалғыз бармаңыз.
9. Реті келгенде күйеуіңізді мадақтап қойған артық емес. Ақыл-кеңесіне де құлақ асыңыз.
10. Күйеуіңіздің жұмыстан соң, еңбек демалысында, де- малыс күндері жақсы тыны-ғуына, рухани күш-қуат алуына жәрдемдесіңіз. Күйеуіңіз ұйықтап жатқаанда теледидар, радионы қосып, компьютерде жұмыс істеп мазасын алушы болмаңыз.
11. Бұрын тұрмысқа шық-саңыз, ол күйеуіңіздің жақсы қасиеттерін айта бермеңіз.
12. Жұмыста кешігетін бол- саңыз, жұмыстан соң бір жақ- қа баратын болсаңыз күйеуі-ңізге ескертуді ұмытпаңыз. Көшеден үйге ішіп келмеңіз. Бірге жұмыс істейтін бір ер-кектің автокөлігімен үйге келетін болсаңыз ол күйеуіңіздің көңілінде күдік туғызатынын естен шығармаңыз.
13. Үйден бір жаққа кетіп бара жатсаңыз қайда бара жатқаныңызды, қашан келе-тініңізді күйеуіңізге ескертуді ұмытпаңыз.
Түйін: Бұл сабақта студенттер ғаламдық мәселелер көтеруге ұмтылады.
Сабақтың мұндай формасы студенттерді бір мәселеге екі жақты көзқарас білдіріп, оның тиімді жағын таңдауға үйретеді. Әр студенттің қабілетін шыңдап, ізденімпаздығы мен шешендік өнерін дамытады.
Тірек сөздер
Гендер - бұл ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы.
Гендерлік талдау - әзірленіп жатқан және қолданыстағы дамыту жобаларының ерлер мен әйелдерге түрлі әсерін жүйелі түрде зерттеу. Ол саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да факторлардың әйелдер мен еркектерге қалайша әсер ететінін көруге және салыстыруға мүмкіндік береді.
Гендерлік теңгерім - ұйымдастырушылық құрылымның барлық деңгейлеріндегі ерлер мен әйелдердің теңдігі.
Гендерлік зерттеулер - әйелдер мен ерлердің әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени мәртебесін, гендерлік рөлдері мен гендерлік қарым-қатынасын зерттеу. Қоғамдағы гендерлік қатынастарға ықпал ету жөніндегі саясатты, стратегиялар мен бағдарламаларды әзірлеу мен жоспарлау үшін ақпарат беру.
Гендерлік-құқықтық сараптама - халықаралық стандарттар мен нормалардың ұлттық заңнамада қандай дәрежеде іске асырылатынын айқындау.
Ерлер мен әйелдер үшін тек тең құқықтар мен жауапкершілікті ғана емес, сонымен қатар тең мүмкіндіктерді де қамтитын гендерлік әділетті саясатты қалыптастыруға ықпал ететін, өкілді және атқарушы органдардың, әлеуметтің гендерлік сезімталдығының дәрежесін айқындау.
Гендерлік ескі нанымдар - белгілі бір жыныстық тегімен және "жыныстардың мақсатымен" деп аталатын өзара байланысты артықшылық немесе кембағалдық болуы туралы таптаурындар.
Гендерлік саясат - қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет.
Гендерлік теңдік - әлеуметтік функцияларды орындау кезінде жыныстық тегіне қарамастан әйелдер мен ерлердің ресурстар мен игіліктерге тең дәрежеде қол жеткізуі.
Гендерлік тең құқықтылық - әйелдер мен ерлердің заң алдындағы тең құқықтығы гендерлік теңдікке жету жолдарының бірі болып табылады.
Гендерлік рөлдер - белгілі бір қоғамда және тарихи жағдайда қолданылатын әлеуметтік және мәдени нормаларға сәйкес ерлер мен әйелдерге берілетін әлеуметтік рөлдер.
Гендерлік статистика - ерлер мен әйелдердің әлеуметтік-саяси өмірдің барлық салаларындағы тиісті жағдайын бейнелеу және қоғамдағы гендерлік проблемаларды көрсетеді.
Гендерлік таптаурындар - лайықты "әйелдік" және "еркектік" мінез-құлық, олардың мақсаты, әлеуметтік рөлдері мен қызметі туралы қоғамда жалпыға бірдей қабылданған орнықты көзқарастар.
Гендерлік сезімталдық - жыныс нышаны бойынша кемсітудің негізінде жататын әлеуметтік жағынан ұштасқан факторларды түсіну және назарға алу.
Гендерлік сезімтал жоспарлау - әйелдер мен қыздарға даму процесіне қатысуға көбірек мүмкіндік беруге арналған және жоспарланған іс-қимылдардың әйелдер мен ерлерге әсерін өлшеуге арналған арнайы әдістер мен құралдар.
Гендерлік сараптама - мемлекеттік бағдарламалар мен өзге де актілердің ерлер мен әйелдер теңдігінің конституциялық құқығына сәйкес келуін айқындау және жыныс нышаны бойынша кемсітуді болдырмау мақсатында оларды қоғамдық-құқықтық тұрғыдан талдау.
Жынысы бойынша кемсіту - жынысы бойынша адамның құқықтары мен бостандықтарын кез келген шектеу немесе қысым көрсету, сондай-ақ оның қадір-қасиетін түсіру. Кемсітудің ең кең таралған түрі жынысы нышаны бойынша кемсіту болып табылады.
Жанама түрде кемсіту - жынысы бойынша жалаң ажыратуға (шектеуге, ерекшелеуге) негізделмеген, бірақ жынысы түрлі адамдардың өз құқықтары мен бостандықтарын пайдалануында оларға әр түрлі әсер ететін іс-әрекеттер.
Оң тұрғыда кемсіту - ерлер мен әйелдердің арасында іс жүзіндегі теңдік орнатылуын жеделдетуге бағытталған уақытша арнайы шараларды енгізу мүмкіндігі. Жынысы бойынша дәстүрлі түрде кемсітілетін топтардың өкілдеріне қызмет сатысы бойынша жоғарылату, биліктің сайланатын органдарына ұсынылу, жұмысқа орналасу, білім алу кезінде артықшылықтар беру.
Тікелей кемсіту - жыныстық тегін оны тікелей көрсете отырып іс-әрекеттерде пайдалану мақсатында кемсіту.
Астыртын кемсіту - жыныстық тегін тікелей көрсетпейтін, бірақ жынысы әр түрлі адамдар үшін бірдей нәтиже бермейтін қасақана кемсіту.
Үйдегі зорлық-зомбылық (отбасындағы зорлық-зомбылық) - егер бұл іс-әрекет отбасы мүшесінің заңды құқықтары мен бостандықтарына қысым көрсетсе, оның тәнін немесе жан дүниесін қинап, моральдық зиян келтірсе немесе отбасы мүшесінің дене жағынан немесе жеке басының дамуына қатер келтіретін болса, отбасының бір мүшесінің екінші мүшесіне қатысты кез келген қасақана іс-әрекеті.
Үй еңбегі - әйелдердің үй шаруашылығын ұстап-күту жөніндегі ақысы төленбейтін, сандық баламасы мен әлеуметтік тұрғыдан мойындалған мәні жоқ қызметі (үй жинау, кір жуу, тамақ дайындау және т.б.). Үй ішілік міндеттердің тең бөлінбеуі әйелдерді кемсіту нысандарының бірі болып табылады.
Дәріс сабақтарының курсы
№ 1 дәріс
Тақырып: Гендерлік психологияға кіріспе.
Жоспар:
1. Гендерлік психология пәні, міндеттері,принциптері.
2. Гендерлік психологияның пайда болуының алғы шарттары
3. Гендерлік психологияның дербес ғылым ретінде дамуы.
1. Гендерлік психология пәні, міндеттері,принциптері.
Гендерлік психология - жынысқа байланысты болатын адамдар арасындағы психологиялық айырмашылқытрады зерттейтін психология саласы.
Гендерлік психологияның зерттеу заты болып жынысқа байланысы болатын психикалық айырмашылықтар табылады7.
Гендер психологиясы келесі теориялық және практикалық мәселелерді шешуге бағытталған:
Ғылыми – зарттеушілік.Олардың қойылымдары кезінде ғылым пәні әртүрлі деңгейде қарастырылыды: гендерлік дамудың жалпы заңдылықтар деңгейінде және өмірдің жекелеген кезеңдерінде олардың спецификалық көрініс беруінің деңгейінде. Бұл мәселелер объект пен зерттеу пәні аса толық және терең түсінуге бағытталған.
Диагностикалық. Олар адам жыныстық дамуының әртүрлі кезеңдерінде оның сипаттарының индивидуалды және тұлғалы ересектік дәрежесін бағалауға және білуге, әртүрлі жастағы адамдардың психикалық дамуындағы әртүрлі ауытқуларды бағалауға, психикалық дамудың потенциалдық мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Коррекциялық. Психикалық дамудағы жыныс саласындағы дефекттерді түзетуге және әртүрлі ауытқуларды тудыратын себептерді алып тастауға бағытталған. Гендер психологиясы пәнінің күрделілігіне байланысты психологиялық ғылым тармақтарында әдістемелік тұрғыдан аса бір байы, нәрлісі.
Зерттеу әдістері:
Ұйымдастыру әдістері- салыстыру, лонгитюд, комплексті;
Эмпирикалық әдістер- бақылау, өзіндік бақылау, эксперименталды әдістер, психодиагностикалық әдістер( тест, сауалнама, сұрақ-жауап, әлеуметтік өлшем әдісі, интервью, әңгіме);
3.Мәліметтерді өңдеу әдістері- сандық және сапалық талдау;
4.Интерпретациялық әдістер- генетикалық және құрылым әдістері;
XIX ғасырға дейін ол жақта әйелді адам құрлы көрмей, «адамзаттың жұмақтан қуылуына себеп болдың» деп кез келген салада құқығын шектеп қойғаны да тарихтан мәлім. Бұндай бассыздыққа шыдамаған батыс әйелдері бас көтеріп, нәтижесінде «гендерлік саясат», «феминизм» деген терминдер пайда болды.Әйелдер мен ерлер арасындағы айырмашылық күрделі сипатқа ие. Қоғамда әйелдер мен ерлердің мәртебесі үнемі өзгеріп тұрады және бұл үрдіс сақталып қалады. Теңсіздік теориясын зерттемес бұрын «гендер» ұғымына тоқталу қажет.
Феминистік әдебиеттерде гендер ұғымының бірнеше концепциялары бар. Бұл гендерлік түсініктің, жалпы ұғымның кеш қалыптасуына байланысты болуы мүмкін. Олардың барлығының негізі жыныс (sex) пен гендер (gender) түсінігін ажыратудан басталады. Жыныс – бұл адамдардың анатомиялық-биологиялық ерекшеліктерін анықтайтын ұғым, яғни оның негізінде адамдарды еркек және әйел деп бөледі. Гендер – бұл өте күрделі әлеуметтік – мәдени құрылым, яғни қоғам қалыптастыратын еркектер мен әйелдер арасындағы ролдер, іс-әрекеттер, мінез-құлықтар, менталдық, сезімдік сипаттамалар.
Осы жүйенің шеңберінде гендер ұғымы еркектер мен әйелдер арасындағы тұлғаралық байланысты, отбасындағы өзара іс - әрекетті ғана емес, қоғамның негізгі құрылымдары салаларындағы олардың әлеуметтік қатынастарын анықтайтын әлеуметтік байланыстардың ұйымдасқан үлгісі болып табылады. Осылайша гендер басқа да әлеуметтік – демографиялық және мәдени сипаттамаларымен (нәсіл, тап, жас) қатар әлеуметтік жүйені құрайтын қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі өлшемдерінің бірі болып табылады.
Гендер әлеуметтенудің, еңбек бөлінісінің және қоғамда қалыптасқан белгілі бір мәдени нормалар, рольдер, стеоротиптердің белгілі бір жүйесі арқылы қалыптасады. Қоғамда қабылданған гендерлік нормалар белгілі бір тұрғыда адамдардың биологиялық жынысына қарай психологиялық сапасын, мүмкіндіктерін, іс-әрекетін, мамандығын анықтайды.
Гендер түсінігі зат немесе нәрсені емес, қатынастар мен процестердің комплексті қиылысуын көрсетеді.
Феминдік пен маскулиндік түсінігі гендер ұғымын зерттеу барысында кең қолданыла бастады. Гендер (gender) 1. Еркек пен әйелдің анатомиялық жынысына қарай бөлінуі. 2. Анатомиялық жынысына қарай әлеуметтік бөлу.
Антропологтар, мысалы Маргарет Мид,(1) психологтар мен әлеуметтанушылар гендерді биологиялық емес, әлеуметтік деп көрсетіп, мәдениет пен тарихқа қатыстылығын дәлелдеді. Оның мәні, араласуы, көрінуі іштей және мәдениеттер арасында өзгереді. Тап, жас, нәсіл, этнос – сияқты әлеуметтік таптар гендердің көрінуі және тәжірибесі болып табылады. (Мид Маргарет. Культура и мир детства. М.1988г.С.54)
Гендерлік теңдік – бұл әйелдер мен еркектер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарға қоғамның тең беретін бағасы.
Еркектер мен әйелдер арасындағы теңдіктің мәнін түсіну үшін ең алдымен мынадай екі құрылымның маңызы зор:
1. жыныстың әлеуметтік құрылымы (әйелдік және еркектік)
2. жыныстар арасындағы қарым - қатынас
Саясат пен қоғамдық - саяси құрылым өмір жағдайын үйлестіруде басты орын алады. Осылайша екі жыныстың да мәртебесінің сақталуы мен өңделуіне жағдай жасайды.
Гендерлік әділеттілік – бұл әйелдер мен еркектерге деген бірдей көзқарас, яғни олардың бірдей позицияны ұстауға кедергі келтіретін тарихи және әлеуметтік себептерді жоюға бағытталған арнайы шараларды жүзеге асыру.
Сонымен қатар барлық әйелдер мен барлық еркектер бірдей емес, яғни, әлеуметтік стратификация әйелдер социумының ішінде еркектер мен әйелдер арасындағы айырмашылыққа қарағанда тереңдеу болуы мүмкін.
2. Гендерлік психологияның пайда болуының алғы шарттары
Гендерлік психологияның пәні екі бөлек ғылымның – социология (әлеуметтану) және психологияның (жантану) жігінде пайда болып, XX ғасырдың басынан өз бетінше дербес ғылым ретінде қалыптасуда.
Сондықтан да, бір жағынан, социология ғылымы гендерлік психологияны өзінің бір тармағы деп есептес, екінші жағынан, ол - психология ғылымының бір саласы деп есептелінеді. Оның бірнеше себептері бар. Негізінде, қоғамдық өмірдегі көптеген құбылыстарды зерттеу, екі ғылымның да – психология мен социология ғылымдарының жетістіктерін пайдаланғанда жемісті болуы мүмкін. Қоғамдық заңдылықтар, адамдар іс - әрекеті, адамдардың мінез – құлқы, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты болса, екіншіден адамдар қарым – қатынасында, іс - әрекетінің барысында ерекше байланыс, өзара әсерлесу, ерекше қарым –қатынас типтері пайда болады, ал оларды талдау психология білімінің жүйесін білмейінше мүмкін емес екені анық.
Гендерлік психологияның екі жақтылығы, бұл пәннің осы екі ғылымның – психология мен социологияның қойнауынан дамып, жеке пәнге айналуымен байланысты.
Гендерлік психологияның жеке тұлға психологиясымен де түйісетін жерлері бар. Екеуінің де негізгі қарастыратыны – индивид, жеке тұлғаны зерттейтін психологтар индивидтердің ішінара жекедаралық механизімдері мен олардың бір - бірінен ерекшеліктеріне көңіл аударса, гендерлік психология индивидтерден тұратын адамдар тобы тұтастай алғанда бір – бірін қалай бағалайды, біріне – бірі қалай әсер етеді деген мәселемен айналысады.
Гендерлік психология әртүрлі гендерлік қауымдардың, топтардың, ұжымдардың психологиялық көріністерін, яғни олардың көңіл – күйін, қоғамдық пікірін, еліктеуін, т. б. топтар мен ұжымдардағы адамдар арасындағы өзара қарым – қатынастар сипатын, олардағы жеке адамның алатын орнын зерттейді.
Қазіргі таңда әлі де болса бұл ғылымның анықтамасы жасалына қойған жоқ. Көбінесе, гендерлік психологияның пәні әртүрлі гендерлік топтарға біріктірілген адамдардың қарым- қатынасының заңдылықтарын, және де сол топтардың өзінің психологиялыық сипаттамаларын зерттейтін ғылым деген қөзқарас басым.
Принциптер жалпы ғылымның ,сол ғылымның жалпы ғылыми және де жекелік прициптері болып табылады. Гендерлік психологияның принциптері жекелік принциптер қатарына жатады. Ол, жалпы ғылыми емес, нақтыланған және толықтырылған психология ғылымдарының принциптерінен тұрады.
3. Гендерлік психологияның дербес ғылым ретінде дамуы.
Гендер идеялары философия тұрғысында қалыптасқан. Ер адам мен әйел адам ұқсамайтындығы, өзгешелігі, және оның себептері мен тарихы көне заманнан адам назарын өзіне тартуда. Мысалы, Библия әйел адам ер адамнан жаралғанын (Еваның Адам қабырғасынан пайда болғанын) әңгімелейді.
Көне гректер де әйел адам ағзасы ер ағзасының дамымай қалған, жетілмеген түрі дейді. Мысалы, Платон бірқатар еңбектірінде жыныстық теңдестік, қоғам ішіндегі ер адам мен әйел адам орындарын қарастырады. Ол андрогиндер деп аталынатын екі жынысты тірі жәндіктер туралы аңызды талдап, ер адам мен әйел адам ағзалары бірі-бірінсіз өмір сүре алмайтын, бірі-бірін толықтыратын ағзалар екенін айтады. Платон айтуынша, әйел адам ер адамнан төмен сұрыпты ағза. Дегенмен, Платон алғашқы болып екі жыныс арасында қоғамда теңдестік болу қажеттілігін айтады.
Аристотель қоғамда үйлесімтік болу үшін адамдар саны аз болуы керек, сондықтан жанұядағы балалар санын реттеу қажет дейді. Ер адам мен әйел адам арасындағы қарым-қатынастарды басшы мен қол астындағы адамдар арасындағы арақатынасқа теңейді. Қоғамда қалыптасқан гендерлік стереотиптерді қолдай отырып, ер адам мен әйел адам өзінің жыныстық міндеттеріне сай қоғамдық рөлдерінен таймауы қажет дейді.
Жалпы әйелдер тарихында әрқайсысы оның даму стадияларын және оның көпқырлы бейнесінің бір жағын көрсететін үш бағыттың бөлінуі айқындалды. Осы бағыттар арасындағы айырмашылықтар өзідерінің басты зерттеу мінддеттерін орындауда көрінеді. Барлығынан бұрын қалыптасқан бірінші бағыттың міндеті , танымдық әрекеті ресми « ерлер» тарихнамасынан ұмыт қалған немесе мүлдем алынып тасталған «әйелдердің тарихи тіршілік ету жағдайларын қалпына келтіру». Дәл осы ерекше «әйелдік»тарихын жазу тұжырымдамасы жетпісінші жылдардың ортасына дейін әйелдердің зерттеу жұмыстарында басшылық орында болды. Ол ереже бойынша суреттеу жағына көбірек сүйенді және тарихи зерттеулерді жанр түрінде жасады. Шартты түрде her- story, ал оған қарама-қарсы ерлер тарихнамасы феминистер үшін his- story болды. Феминистерді жақтаушылары ағылшынша «history» сөзінің мағынасында өзгертпекке құштар болды. Өйткені бұрынғы тарихи суреттеуде ол ылғи ерлер тарихын білдірді. Бұл екі нұсқа бір-бірімен үйлесім таппады, сондықтан « әйелдер тарихының» оқшаулануы жалғаса берді. 1970 жылдардың екінші жартысында бірінші орынға шыққан екінші бағыт өкілдері өздерінің алдындағы басты мақсат ретінде класстық қоғамдағы патриархалдық құрылымда ерлердің басшылық орынға шығуы және әйелдердің бағыныштылық қатынастарының қалыптасуын зерттеу еді. Олар « әйелдер тарихын » қоғам тарихымен байланыстырмақ болды, жанжалдасушы жақтардың мүдделерін және әйелдердің әртүрлі әлеуметтік категориялардағы альтернативті өмірлік тәжірибесін көрсетпек болды. Бұл жерде оларда специфистік феминистік неомарксизм қалыптасты. Әлеуметтік класстық анализді олар жыныстық айырмашылық факторымен толықтырды және тарихи тұлға статусын индивидуалды, жыныстық, жанұялық — топтық комбинация статусы мен класстық түрде айқындады. Бұндай интерпритацияда өндіріс тәсілі мен меншік қатынасы жыныстар арсындағы теңсіздіктердің базалық детерминанты болып қала берді.
1970-80 жылдар тоғысында феминистік теорияда пәнаралық көқарасқа бейімделу сақтала берді.
1980 жылдары сонымен қатар тағы бір көзқарас, қазір әзірше « ерлердің гендерлік тарихы» деп аталып жүрген ағымның құрылуы басталды. « Ерлердің тарихшылары» да өздерәне скептикалық қатынаста болды. Олардың пайда болуы модаға сыйлық ретінде қабылданды. Бірақ нақ солардың мысалында қоджэғамдық қатынастар гендерлік құрамдастан тұратыны одан әрі айшықты көрінді. Зерттеушілер ерлердің тарихындағы гендерлік белгілері де әлеуметтік- класспен, статуспен, іс қарекетімен, өмір сүру ортасымен, жасы және тағы басқалармен байланысты екенін анықтады. Жаңазаманның алғашқы кезеңдерінде үйленген ерлер нағыз еркек болып саналды, ал олардың бойдақ бауырлары олармен салыстырғанда азаматтық құқықтарға ие болғанымен қоғамдық өмірге үйлденгендердей араласа алмады. Бойдақтарға күйеуге шықпаған әйелдерге қараған сияқты күмәнді қатынас танытылды, өйткені олардың өмір салты әзірше қандайда бір гендерлік – дифференциалды әлеуметтік тәртіптің орнына сай емес. Ерте жаңа заман тарихы кезеңінде үйленбеген подмастьерлердің өзіндік суб мідениеті қалыптасты. Оларға цехтық шеберлер күшпен бойдақтық жағдайды таңды. Себебі олар қазірге дейін нормаға сәйкес жанұя құру үшін жеткілікті қаражат бермеді. Өйткені бұл ортада ертеден отағасының өзіндік қаражат көзі болу керке деген қағида ұстанылды.
Қазіргі таңда ер адам мен әйел адам арасындағы конституциялық және әлеуеттік –психологиялық ерекшеліктер екі түсінікпен байланыстырылады:
Жыныс – генетикалық ерекшеліктермен, анатомиялық-физиологиялық сипаттамалармен, репродуктивты функциялармен себептелінетін адамдар арасындағы биологиялық айырмашылықтар.
Гендер түсінігі – жыныспен байланысты болатын, онымен себептелінетін, бірақ онымен шектеліп ғана қоймай, қоғаммен белгіленетін, адамаралық қарым-қатынастарда көрінетін тұлғаның әлеуметтік статусы, әлеуметтік-психологиялық, мәдени-тарихи сипаттамысы.
Жыныс түсінігі генетикалық, эндокриндік және церебралды деңгейдегі айырмашылықтармен ғана себептелінбейді. Жыныстық өзгешеліктерге психикалық, қимылдық, психофизиологиялық белсенділік, реакциялар шыпшыңдылығы, зат алмасуының айырмашылықтар, сияқты көптеген сипаттамлара байланысы болып келеді.
Гендерлік сараптама - мемлекеттік бағдарламалар мен өзге де актілердің ерлер мен әйелдер теңдігінің конституциялық құқығына сәйкес келуін айқындау және жыныс нышаны бойынша кемсітуді болдырмау мақсатында оларды қоғамдық-құқықтық тұрғыдан талдау.
Жынысы бойынша кемсіту - жынысы бойынша адамның құқықтары мен бостандықтарын кез келген шектеу немесе қысым көрсету, сондай-ақ оның қадір-қасиетін түсіру. Кемсітудің ең кең таралған түрі жынысы нышаны бойынша кемсіту болып табылады.
Жанама түрде кемсіту - жынысы бойынша жалаң ажыратуға (шектеуге, ерекшелеуге) негізделмеген, бірақ жынысы түрлі адамдардың өз құқықтары мен бостандықтарын пайдалануында оларға әр түрлі әсер ететін іс-әрекеттер.
Оң тұрғыда кемсіту - ерлер мен әйелдердің арасында іс жүзіндегі теңдік орнатылуын жеделдетуге бағытталған уақытша арнайы шараларды енгізу мүмкіндігі.
Сонымен, жыныс пен гендер – бірін-бірі толықтыратын, ер адам мен әйел адам арасындағы өзгешеліктерді көрсетеді.
№ 2 дәріс
Тақырып 2 . Гендерлік психологияның даму теориялары
Жоспар:
1. Гендерлік теорияның Ресейде және Батыста дамуының әлеуметтік - мәдени детерминанттары
2. Әртүрлі мәдениеттегі гендер және гендерлік рөлдердің атқарылуы
3. Ресейде гендерлік зерттеулердің даму кезеңі
4. Қазақстанда гендерлік зерттеулердің даму кезеңі
Гендерлік теорияның Ресейде және Батыста дамуының әлеуметтік-мәдени детерминаттары
Жынысты зерттеудегі принципиальді жаңа ғылыми парадигманың пайда болуында, яғни гендерлік теорияда шешуші рөл атқарған феминизм болды. Феминизмнің туындауы адамзаттың жартысын мәдениеттің сыртына тұрғызған патриархальді мәдениетке иммонентті және белгілі бір әлеуметтік және интеллектуалды алғышарттарға байланысты болды.
Осылармен қатар дәстүрлі батыс ғылымының феминистік сыны дамыды. Ғылымның феминистік сыны оған тән андроцентризм мен маскулинизмге қатысты. Ғылымның маскулинді сипаты оның көптеген құбылыстарында байқалады. Ғылымның анықтамасының өзі маскулинді атрибуттарды қолдану арқылы беріледі: объективтілігі, рациональділігі, қатаңдығы, имперсио-нальділігі, құндылықтық әсерлерден тәуелсіздігі. Бірақ еуропалық ғылымның маскулинизмнің басты ерекшелігі – бұл білімдерді өндірудің сипаты.
Феминді (индукция, сезімдік таным) таным тәсілдерімен ассоциасция-ланатын тәсілдерді ескермегенде ғылым дүниені тану тәсілдерінің көбінен бас тартады. Ғылыми зерттеулердің феминистік ревизиясы бойынша, зерттеу объктісі ерлер болуында андроцентризм бейнеленді. Мысалы: биология, медицина және ерлерді ұзақ уақыт бойы зерттеді. Тағы бір қызықты мысал: дәстүрлі қызықты зерттеулер, әдетте, «үлкен» (ерлердің) тарихи оқиғаларына – күрестерге, төңкерістерге, жарықтарға, династияларының ауысуына бағытталған, ал әйелдердің іс - әрекетінің аумағы болып есептелетін, адамдардың күнделікті өміріне зерттеушілер көп мән бермейді. Осылай әйелдер тарихтан тыс қалады, бірақ тарихтың өзі де бір жақты болып қалады. «Ғылымдардың иерархиясы» да маскулинді сипатталды, мысалы, математика, физика сияқты «қатал ғылымдар» сыйлы, престижді болса, әдебиеттану ғылымдарына аз көңіл бөлінеді .
Жалпы, қазіргі ғылымның феминизм тұрғысынан сыны еуропалық ғылымға қатысты философиялық, тарихи - мәдени және әдіснамалық концепциялардың негізгі сындарымен ұштасады. Ғылыми ілімнің дегуманизациясын немесе ғылымның әлеуметтік-мәдени «нейтральділігінің» тезисінің жалғандығын дәлелдейтін феминистік аргументтер, қазіргі уақыттағы ғылымның әлеметтанушыларының ұқсас аргументтеріне көбінде бірігеді.
«Жыныс» пен «гендер» түсініктерін көрсеткен еңбектердің бірі Г.Рабин жұмысы болды. Психоанализ құрылымдық антропология әдістерін қолданып, Рабин қарапайым қоғамда әйелдер мен ерлер арасындағы айырбастау фактісін символикалық мәнін зерттеді. Нәтижесінде ол мынандай қорытындыға келді, тайпалар арасында әйелдерді айырбастау ерлер билігін және гендерлік идентификациялау құрылымын жаңартады, бұнда әйелдер биологиялық тіршілік иелері ретінде бағаланады және тек ғана отбасылық аумаққа сай келеді. Бұның негізінде құрылатын ой «Келісімдер ретінде жыныстық гендерлік жүйе». Басқаша айтқанда, екі жынысты түрлі, тең емес, бірін-бірі толықтыратын жүйе билік пен доминанттаудың жүйесі болып табылады, оның мақсаты – әкелердің қолдарында материалдық және символикалық капиталды концентрациялау.
Жалған гендерлік теория – деп, бұл түсінікті дәстүрлі әлеуметтік демографиялық категория ретінде қолдануды немесе гендерлік зерттеулер түрінде әйелдер мен балалардың жағдайын өткізуді атайды. Гендерде әлеуметтік жыныстық рөл ретінде гендерді қабылдау әлеуметтік экономикалық зерттеулерге тән, өйткені олардың авторлары қазіргі уақыттағы идеялардан тыс қалғылары келмейді. Бұл келіс фемнистік жұмыстар мен women, studies талқылаған, идеялары мен дәстүрлі әлеумет танудың комбинациясы болып табылады. Бұл келісте, бір жағынан, биологиялық фактор ретінде жыныс және әлеуметтік құрылғы ретінде гендер ерекшеленеді, екінші жағынан, екі қарама-қайшы «гендерлер» ескеріледі. Сонымен қатар әйелдер мен еркектер «табиғаты» қатты өзгешеленетіндіктен оларды әртүрлі категорияларға бөледі
Жыныстың тологиялық аспектісінен ерекше, оның басқа екі әлеуметтіке және мәдени-символикалық аспектілерде – шынайы емес құндылықтық бағдарлар мен ұстанымдар мазмұндалған, себебі «ерлер» бастамасына позитивті, маңызды, доминант көзқарастары жатса, «әйелдер» бастамасына – негативті, бағынышты және субординацияланатындар кіреді. Бұл еркектер мен еркектердің предикаттары қоғамды доминантты болуына байланысты емес, жыныспен байланыспаған феномендер мен түсініктер (табиғат пен қоғам, сезімталдық пен рациональдылық және т.б.) мәдени-символикалық қатар арқылы «ер бастамасы» «әйел бастамасымен» үйлеседі. Яғни, иерархия құрылып, осы ішкі жыныстық түсініктер жұптарында бағыну пайда болды. Көптеген құбылыстар мен түсініктер «жыныстық» сипатқа ие болды.
2.Әртүрлі мәдениеттегі гендер және гендерлік рөлдердің атқарылуы
Мәдениет – адамдардың тобымен бөлінетін және тіл немесе басқа коммуникацияның тәсілі арқылы ұрпақтан-ұрпаққа берілетін қатынастардың, құндылықтардың, сенімдердің және мінез-құлық формаларының жиынтығы.
Арнайы психологтар, кросс мәдени келісімінің қажеттіліген ескереді. Осының бір себебі ғылым әмбебап болуға ұмтылады және басқа мәдениеттер үшін біздің жаңалықтардың дұрыстығын түсіну үшін, кросс мәдени зерттеулері керек. Басқа себебі, бір нәрсе біздің мәдениетте таралса, ол барлық адамзатта «қалыпты» болатын ұсынысты болдыртпау. Үшінші себеп, мәдениеттің мәнімен байланысты. Себебі мінез - құлқымыз, ойларымыз оның әсеріне тәуелді, ал кросс мәдени психологиясы әр түрлі мәдениеттердің әсерінен, психологиялық процестердің қалай өзгеретіндігін анықтай алады (28).
Әр елдің мәдениеті жеке-дара, оның басқалармен ұқсастықтары, өзгешеліктері бар. Әр елдің өзіндік мәдени дәстүрлері де бар. Сондықтан басқа мемлекеттің адамдарын толық түсінуге болмайды. Біз әр елдің мәдениетін сыйлауымыз қажет.
Кейде гендерлік теңдік пен мәдени көпжақтылық бір-біріне қарама-қайшы келер. Бірақ мәдени көпжақытылықты сыйлау, барлық мәдени дәстүрлерде шексіз қабылдауды қажет етпейді. Гендерлік және нәсілдік теңдік сияқты кейбір мәдени дәстүрлерге сын көзбен қарауға және оларды өзгертуге итермелейді.
3. Ресейде гендерлік зерттеулердің даму кезеңі
Ресейдің әлеуметтік, экономикалық және интеллектуалды дамуы еуропалық тарихтан ерекшеленеді. Ресейде тек қана ХІХ ғасырдың соңында құқықтан бас тартып, ХХ ғасырдың басында өндірістік қоғам дамуы өтіп, қоғамның секуляризациясы интеллектуалды (еуропадағыдай) емес, 1917 жылғы төңкерістен кейін зорлау жолымен басталды.
Келесі бағыт – бұл орыс діндік «Жыныс философиясын» В.Соловьев, В.Розанов философтары мен Л.Толстой және Ф.Достоевский жазушылары ұсынды.
Л.Толстой өзінің «Жыныс метафизикасында» адамның табиғилығы мен құдайдың шындығының бұрмалануы ретінде өркениетті сынайды. Әлемнің бұрмалануының метафизикалық себепшісі әйелдің кегі, өші «Тәндік, жыныстық махаббат» адамзат тарихының мақсатына жетуге, пәк махаббатты игеруге кедергі болады .
Ресейдің ірі философтарының бірі В.Соловьев (1853-1900) жыныстық махаббаттың құндылығын қолдады. Ол «Смысл любви» атты еңбегінде өзінің жыныс теологиясының негіздерін ұсынды. Ол жыныстық махаббатты адамдық болмыстың жоғарғы абсолютті құны деді. Соловьев бойынша, тек бұндай махаббат «нағыз адамды» жасай алады. Себебі «нағыз адам» идеалды тұлғасында тек ер немесе тек әйел бола алмайды, «ол екеуінің жоғарғы бірлесуі болу керек». Тұтастай адам – бұл ер мен әйелдің принциптерінің бірлігі, оның біріншісі (ер) «танушы және әрекет етуші субъект», ал екіншісі (әйел) – «танылған және пассивті әйел» дейді .
4. Қазақстанда гендерлік зерттеулердің даму кезеңі
Гендерлік мәселе бойынша қазіргі кездегі Қазақстандық зерттеушілерді атап кетейік: Б.Х. Хасанов, Г.Г. Соловьева, С. Шакирова, М.А. Өскембаева, Н. Шеденова, К.А. Тохтыбаева, Б. Қылышбаева. Оларды алғашқы феминистік қозғалыстың либералды, марксистік, радикалды бағытына қосу қиын. Республикада жаңа қазақстандық философияның қалыптасуына байланысты ерекше гендерлік тәсілдер қалыптасуда. Бұл философия марксистік философиядан бас тарта отырып, руханилықтың артықшылығына және қазақтың дәстүрлі мәдениетіне тән ақыл мен жүректің, ой мен ожданның бөлінбес бірлігіне сүйенеді.
Әйелдердің азаматтық белсенділігінің артуымен әйелдердің үкіметтік емес ұйымдары көбеюде. Парламентте «Отбасы» депутаттық тобы құрылды.
Гендерлік теңдік стратегиясының жеке тарауы қоғамдағы зорлық-зомбылықты болдырмауға арналған. 1998 жылдың өзінде-ақ ішкі істер құрылымдарының аудандық буындарына дейін әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы бөлімшелер құрылды. Қазір олардың саны 16 және онда 126 қызметкер жұмыс істейді. Қазақстан бұрынғы кеңестік кеңістіктегі мұндай бөлімшелер құрылған жалғыз ел болып табылады. 2009 жылы отбасындағы құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл әдістерін одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленген «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң қабылданды.
XX ғасырдың ортасынан қазіргі кезге дейін социологиялық әдістің бес түрі қалыптасты: интеракционистік, құрылымдық -функционалдық, жағдаяттық, эволюциялық және институционалдық. Отбасы ұғымын анықтаудағы әр түрлі пікірлерді ескере отырып, төмендегі дефиницияға келісуге болады: "Отбасы — ортақ тұрғын үйімен, экономикалық кооперациямен, ұдайы өндірумен сипатталатын әлеуметтік топ. Отбасына ең болмағанда екеуі әлеуметтік бағытталған жыныстық қатынас жасайтын және бір немесе одан да көп өз балалары, сондай-ақ тәрбиелеуге алған балалары бар ересек жыныс өкілі кіреді".
Әйелдер есінде сақтайтын он үш қағида
1. Өзіңізге киім таңдағаны-ңызда құрбыларыңыздың ға- на емес, күйеуіңіздің де тал-ғамымен, ақыл-кеңесімен са-насыңыз.
2. Күйеуіңіздің қатты қас-терлейтін заттарына тиіспе- ңіз, пайдаланбаңыз, басқалар-ға ұстап көруге, қызықтауға ұсынбаңыз. Оның зат салатын жәшігін, үстелінің тартпасын, портфелін ақтармаңыз, ішін тәртіпке келтіремін деп әуре болмаңыз, киімінің қалтасын қарамаңыз.
3. Күйеуіңіз ұнататын та-ғамды қай кезде дайындау қажетін сұратпай-ақ білуге, дастарханға қоюға үйрені-ңіз.
4. Көпшілік ортасында кү- йеуіңіз өзіңе таныс бір әңгі-мені айтып отырса да, оны ықыласпен тыңдап отырған қалып танытып, сөзін бөлме-ңіз, күмән келтірмеңіз, қарсы дау шығармаңыз.
5.Отбасы мүшелерінің алдында күйеуіңізді сынап, мінемеңіз.
6. Жүріс-тұрысын аңдып, телефон арқылы біреумен сөйлескен әңгімесін тыңдап, өзгелердің айтқан өсегіне мән беріп сенімсіздік танытпаңыз. Олай жасасаңыз, оның көңі-ліне ауыр дақ қалдырасыз. Көшеде бір әйелмен сөйлесіп тұрғанын, бірге келе жатқанын көрсеңіз «Ол кім? Неге онымен бірге келе жатырсың? Қайда барасыңдар?», - деп алқымынан алмаңыз.
7. Күйеуіңіздің әке-шешесіне, туған-туыстарына деген ыстық ықыласына қызғаныш білдірмеңіз.
8. Күйеуіңіздің ұнатпайтын адамын қонаққа шақырмаңыз. Ол жақтырмайтын ортаға бар-маңыз. Жалғыз қыдырмаңыз, қонаққа да жалғыз бармаңыз. 9. Реті келгенде күйеуіңізді мадақтап қойған артық емес. Ақыл-кеңесіне де құлақ асы-ңыз.
10. Күйеуіңіздің жұмыстан соң, еңбек демалысында, де- малыс күндері жақсы тыны-ғуына, рухани күш-қуат алуына жәрдемдесіңіз. Күйеуіңіз ұйықтап жатқаанда теледидар, радионы қосып, компьютерде жұмыс істеп мазасын алушы болмаңыз.
11. Бұрын тұрмысқа шық-саңыз, ол күйеуіңіздің жақсы қасиеттерін айта бермеңіз.
12. Жұмыста кешігетін бол- саңыз, жұмыстан соң бір жақ- қа баратын болсаңыз күйеуі-ңізге ескертуді ұмытпаңыз. Көшеден үйге ішіп келмеңіз. Бірге жұмыс істейтін бір ер-кектің автокөлігімен үйге келетін болсаңыз ол күйеуіңіздің көңілінде күдік туғызатынын естен шығармаңыз.
13. Үйден бір жаққа кетіп бара жатсаңыз қайда бара жатқаныңызды, қашан келе-тініңізді күйеуіңізге ескертуді ұмытпаңыз.Ер адамның әйелі алдындағы жеті міндеті
1. Ер адам ізгі мінезбен әйелін қадірлеп, жарасымды өмір сүруге тиісті. Ешуақыт-та әйеліне жаманшылық жасауына болмайды. Өйткені Ұлық пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Сіздердің ең жақсыларыңыз - әйелдеріңізге жайлы болғандарыңыз». Тек сырт көзге сыпайы болып, әйеліңе үйде дөрекі мінез таныту ер азаматқа лайықты іс емес.
2. Мұсылман еркек үй ша- руасында әйеліне көмектесу- ге міндетті. Бұл-сүннет. Сахабалар Айша (р.а.ғ.) анамыздан «Аллаһ Тағала ел- шісі бос уақытында немен шұ- ғылданады?», - деп сұраған- да ол былай деп жауап берген: «Ол бос уақытында үй шаруасына көмектесетін еді».
3. Ер адам әйеліне мейірімді болуға тиіс. Анас ибн Малик (р.а.ғ.): «Мен Аллаһтың елшісінен артық әйелдеріне мейірімді адам көрмедім», - деген.
4. Еркек әйелінің намы- сын аяқасты етпей, қаді- рін сақтауға, оны құрмет-теуге міндетті. Аяғы абы-ройсыздыққа апаратын іс- терден де сақтандырып оты- руға тиіс.
5. Әйелін асырау, киіндіру, отбасы табысын ысырапқа ұшыратпай тиімді пайдалану – ер азаматтың парызы. Аллаһ Тағала бала-шағасын асыраған адамға сауап жазады. Бұл орайда Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар былай деген: «Аллаһ Тағаладан сауап күткен (адам) әйелін асырау үшін тапқан нәпақасы үшін де сауапты болады», «Егер адам сауапты болуды ойлап, отбасын асыраса, бұл да оның садақасы». Олай болса, еркектің жұмыс іс-темей, әйеліне масыл болуы – үлкен ұят. 6. Егер әйелі діни міндеттерді білмесе, күйеуі үйре-туге тиіс.
7. Мұсылман еркекке сө-зімен де, ісімен де әйелінің жаратылысын, яғни мінезін келемеждеуге немесе туған-туыстарын балағаттап, кемсітіп қорлауға рұхсат жоқ.
Еркектерге алты ақыл Бойдақ болсаңыз, бір әйел- ді өзіңе қаратып алу үшін мына алты ақылға үнемі назар аударғаныңыз абзал. Отбасылық өмірде де оны жадыңыздан шығармаңыз.
1.Ешқашанда сырыңды түгел айтпаңыз.
2.Көп тыңдаңыз, аз сөй-леңіз. Өзіңді мақтамаңыз.
3. Әйелге қандай жәрдем бере аласыз, оған не ке- рек, оны тап басып, ұмы-тылмастай етіп орындауға тырысыңыз. Ренжісіп қал-саң, «мен саған сондай жақ- сылық жасап едім», - деп міндетсімеңіз, әйелмен есеп- теспеңіз.
4. Аз ғана уақыт кез-дескеннің өзінде өзіңнің на- ғыз еркектік қасиетіңді – сыпайылығыңды, әдепті- лігіңді, тәрбиелігіңді, бия-зылығыңды, өжеттілігіңді танытуға тиістісің. Әйелдің алдында мас болмаңыз, әдеп- сіз сөз, анекдот айтпаңыз.
5. Әйелді таңқалдыруға тырысыңыз. Оның қандай гүлдерді, қандай тәттіні, қандай сәндік бұйымдар-ды, иіссуды жақсы көреті-нін біліп алыңыз. Әйелдің сараңсығанды ұнатпайтыны жадыңызда болсын. Туған күнімен, мерекелермен құт-тықтауға айрықша көңіл бөліңіз.
6. Әйелге: «Қандай әде-місің, өзіңмен бірге болу қандай жақсы», - деген тә- різді сөздерді айтып, аялауды ұмытпаңыз.
Тікелей кемсіту - жыныстық тегін оны тікелей көрсете отырып іс-әрекеттерде пайдалану мақсатында кемсіту.
Астыртын кемсіту - жыныстық тегін тікелей көрсетпейтін, бірақ жынысы әр түрлі адамдар үшін бірдей нәтиже бермейтін қасақана кемсіту.
Тең мүмкіндіктер - құқықтар теңдігіне іс жүзінде қол жеткізу үшін қажетті құралдар мен жағдайлардың жүйесі.
Тең құқықтар - мемлекет кепілдік беретін, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен басқа да заңнамалық актілерінде бекітілген, азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа да құқықтарды жүзеге асырудың әйелдер мен ерлер үшін тең құқығы.
Ұрпақты болу денсаулығы - адамның толыққанды ұрпақ әкелу қабілетін көрсететін денсаулығы.
Ұрпақты болу құқықтары - азаматтардың ұрпақты болу денсаулығын сақтау, азаматтардың некеде немесе некеден тыс бала тууға немесе бала туудан бас тартуға, бойына бала бітіру мен оларды туу әдістеріне, балалардың санына, туатын уақыты мен жеріне, бала туу арасындағы уақыт аралығына қатысты шешім қабылдау мен оны іске асыру, сондай-ақ осы салада медициналық-әлеуметтік, ақпараттық және консультациялық көмек алу құқығы.
№ 3 дәріс
Тақырып . Гендерлік психологиядағы ғылыми зерттеу принциптері мен ережелері
Жоспар:
1. Гендерлік-психологиялық зерттеудің методологиялық мәселелері.
2. Ғылыми зерттеу методологиясы туралы түсінік.
3. Гендерлік психологиялық мәліметтердің сапасы мәселесі.
4. Гендерлік психологиялық зерттеу әдістерінің жалпы сипаттамасы
1. Гендерлік-психологиялық зерттеудің методологиялық мәселелері.
Ғылыми зерттеудің аталып өткен қасиеттері гендерлік психологиясында өз спецификасына ие. Ғылымның логикасы мен әдіснамасында ұсынылған ғылыми зерттеудің моделі тек жаратылыстану ғылымдардының, әсіресе физиканың мысалдарына сүйеніп отырады. Осының нәтижесінде, гендерлік ғылыми пәндерге маңызды қасиеттер жоғалып отырады. Сондықтан да гендерлік психологияның кейбір спецификалық мәселелерін атап өткенді жөн көреміз.
Ең алғашқы болып эмпирикалық мәліметтердің мәселесі қойылады. Гендерлік психологияда мәліметтер болып индивидтердің топтардағы ашық жүрісі туралы немесе осы индивидтердің санасынының кейбір мінездемелері, немесе осы топтың психологиялық мінездемелері туралы мәліметтері саналады. Осы сұрақ жөнінде гендерлік психологияда пікір-талас болып жатыр, себебі әртүрлі теориялық бағыттарда бұл мәселе әр түрлі шешіледі.
2. Ғылыми зерттеу методологиясы туралы түсінік.
«Қатал» верификация идеясын негізге алса, ғылымның кез келген жалпыланған тұжырымдамасының болуға құқығы жоқ. Осыған орай позитивистік бағытталған зерттеушілер қолданылатын 2 негізгі салдар пайда болады:
ғылымның тек эксперимент әдісін қолдануға мүмкіндігі бар (себебі тек осы жағдайда тұжырымдаманы сезімдік тәжірибенің мәліметтерімен салыстыруға болады);
негізінде ғылым тек теориялық білімдермен ғана шұғылданбайды (себебі, кез келген теориялық түсінік верификацияланған бола бермейді).
Құжаттарды зерттеудің маңыздылығы адамның іс-әрекетінің өнімдерін талдауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда ең негізгі мәселе – құжатты талдайтын зерттеуші, яғни өзіндік даралық психологиялық ерекшеліктері бар адам екендігінде. Құжатты зерттеу жағдайда тексті түсіну қабілеті негізгі роль атқарады.
«Субъективтіліктің» осы түрін жою үшін «контент-талдау» (мазмұнды талдау) атты ерекше тәсіл енгізіледі. Бұл тәсілдің негізінде тексттің ішінде «арнайы бірліктерді» анықтау және оларды қолдану жиілігін анықтау және оларды қолдану жиілігін санау жатады. Контент-талдау әдісін ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс еткенде қолдану жөн. Ал гендерлік психологияда бұл әдіс көпшілік коммуникациялар саласын зерттегенде қолданылады. Тексттің бірліктерін бөліп алу зерттеушінің теориялық позициясына шығармашылық мүмкіндіктеріне байланысты. Гендерлік психологияның басқа да көптеген әдістерін қолданылғанда болатын сәттілік пен сәтсіздік себептері зерттеушінің шеберлігіне байланысты.
Сұрақнама - гендерлік-психологиялық зерттеуде кең көлемде қолданылатын әдістерінің бірі. Осы әдістің кең тараған түрлері – интервью мен анкета (әсіресе үлкен топтарды зерттеген жағдайда).
Эксперимент гендерлік психологияның негізгі әдістерінің бірі болып табылады. Оның 2 негізгі түрі бар: лабораторлық және табиғи. Осы 2 түрінің кейбір жалпы ережелері бар: экспериментатордың тәуелсіз бөлімдерді ерікті енгізуді және оларды бақылау. Сонымен қатар контрольды және эксперименталды топтарды белгілеу талабы да бұларға жалпы болады
3. Гендерлік психологиялық мәліметтердің сапасы мәселесі.
Кез-келген ғылымның белгілі бір дєрежеге жетуі жаңа деректерді жинауға мүмкіндік беретін зерттеу әдістерінің болуымен анықталады. Сондықтан гендерлік психология әдістерін жасау зерттеушілердің назарыннан тыс қалып көрген емес.
Гендерлік психологиялық мәліметтердің наќты болуы өзіне қажетті құбылысты өлшеуде зерттеушінің анғұрлым сезімтал әдістемелік пайдалануы.
Байқау мақсатқа бағытталған, алдын ала жасалған жоспарға сәйкес зерттеушіні қызықтыратын құбылыстар мен ерекшеліктерді белгілеп отыруды қамтамассыз ететін әдіс.
Байқау әдісін гендерлік-психологиялық зерттеудің эмпирикалыќ әдістерінің негізгілерінің бірі деп сипаттауға болады. Ол гендерлік-психологияның арнаулы әдістеріне жатпайды, бірақ жалпы ғылыми әдістер қатарына кіреді.
Сұрақтардың әр типінен µзіне тән кемшіліктері бар: мысалы, жасырын сұрақта жауапты талдау жеңіл болғанымен, зерттелушінің пікірі берілген жауаптарға сәйкес келуі мүмкін. Ал ашыќ сұрақтардың жауаптары көбіне салыстыруға келмейді.
Анкетаны ќұра отырып зерттеуші с±раќты тікелей немесе жанама етіп ќоюы мүмкін.
Лабороториялық эксперимент- негізінде арнайы ұйымдастырылған жағдай жататын, кейбір жасанды жағдайда өтетін зерттеу. Табиғи эксперименттен айырмашылығы оқушы үшін єдеттегідей емес, жасанды тапсырмалар жүйесі мен оларды орындауды кµздейді. Зерттеуші µзіне зерттеу жүргізіп жатќанын біледі, бірақ гендерлік психолог эксперимент барысында шешетін міндеттер сипаты туралы бейхабар.
Тесттер – арнаулы гендерлік- психологияныњ әдісі емес, олар психологияныњ түрлі салаларында қолданылады. Гендерлік- психологияда тестерді қолдану сөз болѓанда, көбіне жеке бастыќ тестер туралы айтады. Бірақ тестіњ бұл түрі де жеке адамды жалпы психологиялық зерттеу кезінде де қолданылады, єлеуметтік –психологиялық зерттеуде бұл єдісті қолдануда ерекшелік жоқ.
Диагностикалау аясына байланысты тестер интеллектуалдық тестер, жеке бастық тестер, қызығу тестісі, бағдар, бағаланатын үрдістер, жеке адамдар арасындағы қарым-қатынасты диагностикалау т. б. тестер болып бөлінеді. Мысалы;тесттер жеке адамдардың өзара қарым-қатынасы мен топтағы өзара әрекет барысында маңызды.
№ 4 дәріс
Тақырып: Жыныстық диморфизм ұғымы.
Жоспар:
1. Жыныстық диморфизм түсінігі.
2. Жыныстық дамудың жалпы түсінігі.
3. Жыныстық диморфизм түрлері.
1. Жыныстық диморфизм түсінігі.
Адам психологиясы және жүріс-тұрысының әртүрлі айырмашылықтарын белгілегенде ажыратудың бір негізі - ол гендерлік фактор, басқаша айтқанда әйел және ер адам арасындағы айырмашылықтар. Көптеген адамдар осы айырмашылықтар ер және әйел адам ағзаларының генетикалық, анатомиялық және физиологиялық өзгешеліктермен себептелінеді деп санайды. Екі жыныс ұқсамастығы көптеген аңыздарда, қандай болмасын ұлт дәстүрлерінде, әдебиеті мен мәдениетінде бейнеленеді. Әртүрлі әлеуметтік ұжымдарда, институттарда, ұйымдарда, мысалы әскери, құқықтану, тәрбиелеу мен оқыту мекемеерінде жыныстық аспект аңызды орынға ие болады.
Гендерлік айрмашылықтарды зерттегенде жыныстық ерекшеліктерге тоқтап кеткен жөн болады, өйткені биологиялық өзгешеліктер гендерлік айырмашылықтардың биологиялық табиғи негізі болып табылады. Биологиялық ерекшеліктермен себептелінетін ер адам мен әйел адам ағзалары арасындағы сыртқы және ішкі айырмашылықтар жыныстық диморфизм деп аталынады.
Оның сыртында, психикалық қасиеттер аутқулары да жыныспен байланысты болуы мүмкін. Мысалы, дальтонизм, аутизм, алкоголизм сырқаттары ер адамдарда жиі кездеседі. Шизофрения, истерия сияқты аурулар саны әйел адамдарда үстем болады.
2. Жыныстық дамудың жалпы түсінігі.
Жынысқа байланысты маскулинді және фемининді сипаттармен қоса гендерлі идентификациясының көлемі мен мазмұны өзгереді.Екі жастағы бала өз жынысын біледі, бірақ ол атрибуцияны түсіндіре алмайды. Үш-төрт жаста ол саналы түрде қоршаған адамдардың жынысын айыра бастайды (интуитивті түрде ол ерте пайда болады), бірақ жиі түрде оны кездейсоқ сыртқы белгілерімен ассоциациялайды, мысалы киіммен. 6-7 жасында бала гендерлі ұқсастықты толығымен түсінеді және де ол жыныстық жүріс-тұрыс дифференциациясына, бағдарларға сәйкес болып келеді; ұлдар мен қыздар өздерінің инициативасы бойынша әр түрлі ойындарды, ондағы адамдарды таңдайды, әр түрлі қызығушылықтарды танытады.
Басқа жағынан гендерлік ұқсатулар, яғни бала қандай рольді басқалардан артық көреді. Ол келесі сұрақ арқылы айқындалады: “Сен кім болуды ұнатасың - ұл ма, әлде қыз ба?” және бала еркек және әйел бейнелерін өзі таңдап алуға мәжбүр болатын эксперименттер. Әсіресе осы мәселе қандай да бір биологиялық жыныстың звеноларында бұзылулары бар балаларға тән, мысалы эндокринді патология.
Балалық шақтағы жыныстық тән жүріс – тұрыс қалыптасуының психологиялық механизмі психолог Сандра Бэмнің гендерлік сызба концепциясында түсіндірілген. Берілген концепция когнитивті даму теориясына сүйенеді, жыныстық ролді меңгеру процесінің негізгі баланың белсенділік болып табылады.
3. Жыныстық диморфизм түрлері.
Жыныстық типизация балалардың ақпаратты топтастыру мен өңдеу қабілетінен және “маскулиндік / фениндік” түсінік контекстердегі өзі жайындағы ақпаратты меңгеруге дайындағымен жүзеге асады. Балада ақпараттың гендерлік – сызбаланған өңделуі қоғамда бар жыныстық дифференциацияланған тәжірибелердің барлығынан жүзеге асады. Бала санасында алдын ала таңқалдыратын құрылым ретінде қызмет ететін гендерлік сызба орнатылады.
Баланың Мен – концепциясының құрылымына енгізілген гендірлік сызба тек түскен ақпараты сұрыптау үшін ғана емес, өзіне қатынасынан да “жұмыс” істей бастайды.Балалар көптеген адамдық сипаттамалар ішінен тек өз жынысына сәйкес келетін берілегн мәдениетте анықталған сипаттамаларды таңдайды.
Бірақ бала - гендерлі әлеуметтенудің белсенсіз объектісі емес. Тәрбиелеушілердің, ересек пен әріптестердің және өзінің өмірлік тәжірибеде әрекеттердің келіспеушіліктеріне сүйене отырып ол оған ұсынылатын үлгілері ішінен өзіне жақынын таңдап алады.
Маскулинді және фемининді мәдени стереотиптер тек қана дәреже бойынша ғана емес, сонымен қатар қасиеттердің сипаттамалары бойынша ажыратылады: еркектер еңбек және қоғамдық іс-әрекет терминдерде көрінсе, әйелдер жанұялық-туыстық және сексуалды терминдерде жиі кездеседі.
Осындай таңдаушылық индивидуалды санада бар, және ол біздің зейініміздің бағытын алдын ала анықтайды. Ол ұл қыздан күштірек болу себебінен емес, яғни “әлсіз-күшті” параметрі маскулинді бейнелерде орталық орында болады (ұлдарды әрқашан осы параметр бойынша бағалайды), ал фемининді жүйе көріністе ол онша маңызды емес болады (қыздарды қамқорлық көрсетуіне қарап, сүйкімділігіне қарап бағалайды).
Жыныстық диморфизм әйел мен еркек жүріс-тұрысының, өмір стилінің көптеген әлеуметтік-тарихи, мәдени және индивидуалды психологиялық нұсқаларды және вариацияларды болжайды.
“Шынайы батылдылық” пен “Мәңгі нәзіктік” туралы әңгімелер сұрақты тек қиындатып, адамдарға оның тарихы ешқашан білмеген біркелкілікті жұқтырады.
Өте қатал жынысты рольдік стереотиптер адамдарға жаман қызмет көрсетеді. Бірақ мускулдық күш, энергетикалық потенциал және кез келген жұмысты жақсы орындау әйелдерде қысқа өмірімен компенсацияланады. Бұнда тек биология ғана емес, сонымен қатар маскүнемдікті тек бір жағынан қарастыру орын алады.
Еркектер әйелдерге қарағанда жағымсыз ажыратылатын өмірден кетудің негізгі себептерін талдай отырып (өкпе аурулары, өзін-өзі өлтіру, бауыр циррозы, артериосклероз) ғалымдардың тапқаны: осының барлығы жүріс-тұрыстың кейбір ерекшеліктерімен байланысты: шылым шегу, ішімдік ішу, тәуекелге, зорлауға бейімділік.
№ 5 дәріс
Тақырып: Гендерлік стереотип ұғымы
Жоспар:
Стереотип туралы жалпы ұғым.
Әлеуметтік стереотип психологиялық түсінік ретінде.
Гендерлік стереотип мәні, мағынасы мен міндеттері.
1. Стереотип туралы жалпы ұғым.
Гендерлік стереотип ер адам мен әйел адам ұғымдарына лайықты болатын қасиеттер туралы қалыптасқан пікір.
Гендерлік стереотип қоғамда келесі роль атқарады:
феминділік пен маскулиндық туралы түсініктерді реттейді.
Қоғамдағы әлеуметтік дифференциацияны белгілейді.
Жанұялық және қоғамдық сегрегацияны белгілейді.
Гендерлік стереотип - әлеуметтік стереотиптердің кең тараған түрі. Ол өте тұрақты болып, ер адам мен әйел адам міндеттерін, құқықтарын, мүмкіндіктерін белгілейді.
Гендерлік стереоиптер келесі себептермен пайда болады:
мәдени-тарихи;
экономикалық;
саяси, діни;
биологиялық
Жыныстық стеретиптер мынадай функцияларды атқарады:
Гендерлік стереотип жыныс арасындағы теңсіздікті ақтайды және қорғайды;
Ер адам мен әйел адам жүріс-тұрыстарын реттейді;
Адам жүріс-тұрысын жобалауға мүмкіндік береді;
Ретрансляциялық функция – стереотип гендерлі әлеуметтену үші өте маңызды болады, өйткені бала тәрбиелеуінде жиі кездеседі және оған маңызды әсер жасайды.
Гендерлік стереотип (таптаурын) ұғымының дамуы.
Гендерлік таптаурын – дегеніміз қарапайым жүйелі, эмоционалды боялған белгілі бір гендерлік топтың немесе қауымдастың тұрақты бейнесі. Ол, сонымен бірге барлық оның өкілдеріне онайлықпен тарайды. Гендерлік стереотипты анықтағанда әдетте оның тұтастығын, ашық бағалаушылығын және «қате» компоненттің болуымен сипатталатыныны айтамыз. Сонымен бірге, гендерлік таптаурынның динамикалық сипаттамасы болады – тұрақтылық, консерватизім және оның өзгеруіне бағытталған кез келген ақпаратқа қарсылық қабілетті бар. Гендерлік таптаурын анықтауда оған гендерлік шындықты бұрмалайтынын және адамдардың өзара түсінушілігіне кедергі болатын негативті феномен тән.
Гендерлік таптаурындардың ұғымы, мазмұны және функциялары.
Әлеуметтік таптаурындарының ішіндегі гендерлік таптаурын адам туралы барлық ғылымдардың зерттеу пәні болып табылады. Адам туралы және рның қалыптасуы туралы әртүрлі көз қарастардан осы құбылыстын мәнің ашуға көмектеседі.
Әлеуметтік таптаурынды алғашрет зерттеу әлеуметтік ғылымда басталды бұнда жыныстық әлеуметтену зерттейтін арнайы бөлімі. Ол «жыныс әлеуметі» деп аталады. Оның зерттеу пәні: Еркектермен әйелдердің әлеуметтік рөлін еңбекті бөлу, мәдени символдармен әлеуметтік функциялаулық таптаурындарды дифференциялау және қоғамдық өмірде әлеуметтік жүріс – тұрыс аспектілерімен әсерін анықтап болып табылады.
Еңбекке дейінгі кезең адамның еңбектенуіне дейінгі бүкіл кезеңді қамтиды. Бұл кезеңнің өзі де екі кезеңге бөлінеді:
А) ерте кезеңдегі әлеуметтену – баланың кезеңінен бастап, мектепке дейінгі кезеңді қамтиды, жас ерекшелігі психологиясында оны – ерте балалық шақ деп атайды (мектепке дейінгі шақ).
ә) оқыту кезеңі, кең мағынадағы бүкіл жастық кезеңін қамтиды, оған мектеп кезеңі тұтастай жатады. Орта арнаулы оқу орнына оқу кезеңі туралы, оның өзіндік ерекшеліктеріне (оқудың еңбекпен ұштастырылуына) байланысты екі түрлі көзқарас бар. Дегенмен де, бұл проблема теориялық жағынан да, практикалық тұрғысынан да өте маңызды: студенттік кезең – қоғамның өте маңызды әлеуметтік топтарының бірі, сондықтан да бұл топтың әлеуметтену проблемалары өте маңызды.
Әлеуметтенудің еңбек кезеңі – адамның ер жету, кемеліне келіп, толысу кезеңін қамтиды, яғни адамның бүкіл еңбектік іс - әрекет кезеңі. Осы кезеңде әлеуметтік тәжірибені игерумен қатар, оны қайта құруы – кезеңнің маңыздылығын көрсетеді.
Қазіргі кезде үздіксіз білім беру, оның ішінде ересектерге білім беру көзқарасына байланысты, бұл кезеңдегі әлеуметтену проблемасының маңызы арта түсуде. Осы тұрғыдан қарастырғанда бұл проблеманы шешуде, педагогика ғылымымен тығыз байланысты зерттеулер жүргізуге мүмкіндіктер бар. Еңбектен кейінгі кезең өте күрделі мәселе, себебі әлеуметтік психология үшін бұл проблема әлеуметтену проблемасына қарағанда әлі жаңа.
Жеке тұлға үшін оның қандай әлеуметтену әсерінде қалыптасқаны өте маңызды. Үлкен әлеуметтік топ ретінде көрінетін: әдет- ғұрып, дәстүрлер, өмір сүру бейнесі де өзінің әсерін тигызеді. Сонымен бірге, қала мен ауылдың әлеуметтік – экономикалық айырмашылығы, әртүрлі елдердің тарихи - әлеуметтік ерекшеліктері, т.с.с. факторларды есепке алу қажет. Қорыта айтқанда, әлеуметтенудің нақты нәтижесі осылардың барлығының тең әсерлі күші қандай болуына байланысты. Яғни әлеуметтену мәселесі өз ретінде шағын және үлкен топтарды байланыстыратын көпір іспетті зерттелуі қажет.
Баланың өзінің жынысына сәйкес келуінің рефлексивті емес көріністері жасөспірімдік гендерлік ұқсастыққа айналып өзіндік сананың орталық элементтерінің бірі болады, кенеттен ұлғая түсетін жыныс гормондарының секрециясы (пуберантты гормондар) өмірдің барлық жақтарына маңызды әсер етеді. Екінші ретті жыныстық белгілер жасөспірімнің дененің сыртқы бейнесін өзгертеді және оның Мен бейнесін мәселелі болдырады. Осының барлығы жасөспірімдік эротизмге және романтикалық уайымдарға әкеледі. Жасөспірімде белгілі бір сексуалды бағдарлар қалыптасады немесе көрінеді, қарама-қарсы немесе өз жыныс иелеріне эротикалық елігулер және өзіндік даралық “махаббатты карталар”, сексуалды сценарийлер қалыптасады. Соңында осының барлығы ересек гендерлі ұқсастықта, мәртебеде интеграцияланады.
Психосексуалды дамуда “табиғи” және әлеуметтік факторлар түптелгендіктен оларды бір-бірінсіз түсінуге болмайды, яғни ол күрделі биоәлеуметтік процесс болып табылады. Жыныстық дифференциациясының кез келген сын кезеңінің бұзылуы болашақта адамның сексуалды жүріс-тұрысына, өзіндік санасына зиян келтіруі мүмкін. Осы кезде потенциалды әлсіз болып табылатын әйел емес еркек.
3. Гендерлік әлеуметтену түрлері, сатылары мен механизмдері.
№ 7 дәріс
Тақырып: Отбасы мүшелерінің гендерлік ерекшеліктерін зерттеу мәселелері
Жоспар:
1. Отбасындағы гендерлік ерекшеліктерді зерттеу негізі
2. Дәстүрлі әйелдік рөлдің әсерінен пайда болатын шектеулер
3.Дәстүрлі ерлер рөлінің әсерінен пайда болатын шектеулер
4. Жұбайлардың құқықтары мен міндеттері
5. Отбасындағы әйелдер мен ерлердің қарым - қатынас стилі мен түсініспеушіліктері
6. Отбасы - ер мен әйелдің бірлескен, гендерлік ортасы
1 Отбасындағы гендерлік ерекшеліктерді зерттеу мәселелері
Психологияда гендерді – «ер» мен «әйел» ұғымдарына анықтама беретін әлеуметтік биологиялық сипаттама деп атайды .Әлеуметтік психологтардың ойынша, ер мен әйел ақпараттық және нормативті қысым үшін гендерлік талаптарға сай болуы керек. «Нормативті қысым» термині ер мен әйел қоғам қолдауы үшін, қоғамдық немесе топтық талаптарға бейімделуінің механизмін бейнелейді .
Біз ерлер мен әйелдерді қатты өзгешеленетін тіршілік иелері деп есептеуге үйрендік. Ғалымдар ми құрылысындағы кішкентай ерекшеліктерге үлкен мән береді. Психология бойынша, еңбектердің авторлары жыныстардағы төрт психологиялық ерекшеліктерді бейнелейді. ХІХ ғасырдың соңынан бастап психологтар гендерлік ерекшеліктерді кеңістікте бағдарлану қабілеті, математикалық қабілеттер, сөйлеу дағдыларын және агрессивтілік зерттеуге кірісті. Бірақ, 1970 жылдарға дейін олар жыныстардың ерекшеліктерін демонстрациялаумен айналысып, осы арқылы ерлерге және әйелдерге әр түрлі қатынасты негіздеді. Байқалған ерекшеліктер үлкен емес, әдетте 10% аспайды, ал көбісінде 90% сай болады .
2.Дәстүрлі әйел рөлінің әсерінен пайда болатын шектеулер
Дәстүрлі әйел рөлімен жасалатын маңызды шектеулердің бірі әйелдің үй шаруасы мен бала үшін жауапты болуы .Өзін әйелдерімен салыстырғанда, қара нәсілді ерлер үй жұмысының – 40%, ақ нәсілді ерлер – 34%, ал испан ерлері –36% жасайды. Іскер әйел орташа үй жұмысының 69% орындайды. Әйел өзінің жұмысына арнаған уақыттың көбеюі, оның үй міндеттерінің аз ғана қысқаруына әкелді, ал бала қамын ойлауға кететін уақыт саны өзгермеді .
3. Дәстүрлі ерлер рөлінің әсерінен пайда болатын шектеулер
Бүгінгі таңда дәстүрлі ерлер рөлінен пайда болатын шектеулерге қатысты зерттеулер өте аз. Әйелдің төмен әлеуметтік статусына феминистік қозғалыс, қоғамның назарын аударғаннан кейін, психологтар әйелдің рөлін зерттей бастады. Соңғы бірнеше жылдар бойы ерлер рөліне зерттеушілердің қызығушылығы ұлғая бастады.
Ерлердің рөлдік нормаларының құрылымы үш фактордан құралады. Біріншісі – «ер өзгелердің статусы мен сыйлы қатынасын өзі жаулап алады» – деген ой. Екінші фактор – «ерлердің ойлау эмоциялардың және физикалық қаттылықтарының бейнесін көрсететін қаттылық нормасы». Үшінші фактор – «ерлердің стереотипті әйелдер ісінен аулақ жүруі» жатады.
Сәттілік нормасы (статус) – ерлердің әлеуметтік құндылығы оның жалақысы мен жұмысындағы сәттіліктен анықталады дегенді білдіретін гендерлік сетереотип. Ерлер үшін шектеулердің тұтастай қатары бұл нормамен байланысты Біріншіден, ерлердің көбі оған 100% сай емес, сондықтан өзін-өзі төмен бағалайды. Дәстүрлі ерлер қасиеттерін иеленуші, барына қанағаттана алмайды. Ол үнемі жұмыс уақыты мен көлемін өсіру керек. Бұндай өмір стилі стресспен байланысты физиологиялық және психологиялық симптомдарға әкеледі. Ерлер жұмыс пен карьераны жалақысына қарай таңдайды. Финанстық қысымға, әсіресе, үйде отырып, жұмыс істейтін әйелдері бар ерлер тәуелді. Егер сізге бірнеше адам экономикалық тәуелді болса, ол психикаға қатты әсер етеді. Ерлердің отбасындағы басты міндеті – үйге бар жалақыны үнемі әкелу көзқарасы, оның ата-аналық қызметтерді орындауына жағымсыз әсер етеді, себебі бұл сенімдерді ақтау үшін ерлер барлық уақытын жұмысқа арнауы керек. Мысалы, ерлердің ұғымына жұмысқа толық берілу қасиеті кіретіндіктен, Жапонияда әкелер өз балаларымен күнделікті уақытта 3 сағат, ал демалыстарда 19 сағат өткізеді.
4. Жұбайлардың құқықтары мен міндеттері
Некеге тұрған ерлізайыптылар отбасын құрады. Онда жұбайлар арасында жеке және мүліктік қатынастар орнайды, оның 6ipi құқықпен реттеледі, екіншісі керсінше, адамгершілік және моральдік ұстаныммен реттеледі. Жұбайлар арасындағы жеке қарым-қатынас некеде басым роль ойнайды. Олар отбасылық өмip мәселесінде парасатты шешім қабылдауды жөн көреді.
Қазіргі уақытта гендер мәселесі өте маңызды болып келеді. Қазіргі заманғы қоғам әйел мен ер жыныстарының өкілдерінің психологиясына және әлеуметтік рольге қатысты жаңа көзқарасты қалыптастырады. Бұл әйел адамның қоғам өмірінде іс-әрекет активизациясымен, олардың кәсіби және саяси белсеңділігімен байланысты болып келеді. Көптеген әйел адамдар жаңа нарықтық жағдайларға тез бейімделіп, ер адамдармен қатар өздерінің іскерлігі, шешімділігі мен инициативтілігін танытады. Сонымен қатар оларға дипломатиялық, пунктуалдылық, жоғары жауапкершілік және тәртіптілік сияқты тұлғалық қасиеттер жағдай жасайды.
Қазақстанда әйел адамның іскерлік мәселесі толық қабылданбайды. Әйел адамдар іскерлік әрекетімен айналысуға мәжбүр болады, себебі бұл қатаң экономикалық нарықтық жағдайларда тіршілік етудің бірде бір жолы болып табылады. Микрокредиттер бойынша президенттің парламентке тапсырылған тапсырмалар бойынша 17 мың адам қаражатқа ие болып, өздерінің шағын бизнесін ашуда. Соның 63 пайызын әйел адамдар құрайды.
Әйел адамның іскерлігін зерттеудің психологиялық бағыты әйел адамдарды ерекше әлеуметтік қоғамдастық ретінде шығаруды және әлеуметтік қарым-қатынас ретінде жыныс арасындағы қатынастарды анықтауды білдіреді. Дифферециалды психологияның өкілдері әйел адамның келесі ерекше қасиеттерін ажыратты : ойлау иілгіштігі, эмоционалды және моральді тұрақтылық және осының салдары ретінде бақылаудың интерналды локусы, яғни әйел адамның өміріндегі маңызды оқиғаларында жауапкершіліктің жоғары деңгейі. Дәстүрлі бағытқа сәйкес ер адамдарға интеллектуалды, кәсіби іс-әрекет сфераларында жетістікке жетуге көмектесетін тұлғалық қасиеттер жатады. Осыдан әйел адамның ер адамға қарағанда жетістікке жетуде шектердің бар екендігін көруге болады, яғни ер адамдарда мүмкіндіктер салыстырмалы түрде көп болады. Егер әйел адам жұмы уақытында ер адаммен бірдей нәтижеге жетсе, бұл оның табандылығымен, кездейсоқ сәттілікпен немесе басқа да сыртқы факторлармен түсіндіріледі. Осы фактінің ғылыми интерпритациясы әйел адамның биологиялық тұрғыдан кемтарлығын (Шрпенгаур, Ницше, Конт), психологиялық кемтарлығын (Фрейд, Кречмер, Метьюз) немесе интеллектуалды кемтарлығымен (Мейер, Хейманс) түсіндірілді.
Әйео адамның қоғамда алатын орнын талдай отырып, әйел социумы түсінігіне көңіл аудару қажет. Осыған байланысты зерттеуші Силластенің айтуы бойынша әйел адамды тар мағынадағы әлеуметтік-демографиялық топ ретінде қарастыру жеткіліксіз, себебі әйел адамдар саясат, тұрмыс, іскерлік, өндірістік процесстерге белсеңді қатысады. Сондықтан “әйел” реалды өмір сүретін және эмпирикалық тұрғыдан тіркелген салыстырмалы түрде тұтас және тұрақты қоғамдастық болып табылады.
Әйел адамның теңдік үшін күресінің екінші қозғалысы Батыста 60-жылдары әйел адамның әлеуметтік және саяси қамқорлығы туралы агитациямен бірге жүрді.
Әлеуметтік жыныс кез-ккелген қоғамда әйел және ер адаммен байланысты жүріс-тұрыс нормалары мен позициясының жиынтығын білдіреді. Әлеуметтік бейненің аспектілерінің бірі түрлі мәдениет пен уақыт аралығында әйел мен ер адамдардың қалайша қалыптасатындығы болып табылады. Жүріс-тұрыс нормалары мен жыны бейнесі табиғи болып табылмайды, олар қоғамен анықталған және әлеуметтік өзаар әсерлесу кезінде айқын көрінеді.
Таза әйел және ер адамдарға тән жүріс-тұрысты атап көрсететін гендерлі ролдердің дифференциациясын түсіндіретін бірнеше психологиялық концепциялар бар.
Жыныс-гендер, сексуалдылық, жыныс рольдері мен әйел және ер адамның қоғамда алатын орны туралы пікірдің әлеуметтікмәдени жағынан қамтамасыздандырылуын антропологиялық зерттеулер дәлелдейді. 90 жылдары Лайконелл Тайгер және Робин Фокс адам жүріс-тұрысында генетика эволюциясына көңіл бөлді. Олар адамзат мәдениет пен әлеуметтенудің жемісі деген пікірге қарсы болды.
Қазіргі заманғы гендерлі қатынастар туралы концепцияларына сәйкес осы бағыттағы маңызды рольді орыс социолог Серегин өзінің “Профессиональная карьера” деген еңбегінде атқарды. Ол гендерлі қатынастарға анықтама береді. Гендерлі қатынастар – “стериотиптер” – ер адам мен әйел адамға тән жүріс-тұрыс пен мінез қасиеттерінің стандартталған пікірі. Осы бағдарларға сәйкес әйел адамдар ер адамның ойында дәстүрлі түрде “үй ошағының иесі” деген пікірге сәйкес болуы міндетті. Ал ер адамдар оларға жоғары әлеуметтік статусты қамтамасыз ететін және олардың жанұяларының өмірлерінің деңгейі мен сапасын қамтамасыз ететін кәсіби еңбекпен айналысуы қажет.
Бірақ кәсіпкерлер ішінде әйел адамдарға қарағанда ер адамдар саны салыстырмалы түрде көп болады. Әсіресе Қазақстан Республикасында. Себебі мұнда шығыс менталитеті басым болып келеді, яғни ер адамдар доминантты болып, әйел адамдар оған бағынады. Осыдан НЕГЕ деген сұрақ туады. Себептердің бірі - әйел адамдардың сәттілік алдында қорқыныш сезімінің болуы, рискті ситуациялардан қашу болып табылады.
21 ғасыр футурологтардың ойлауынша “әйел адамның ғасыры” болып табылады. Осы ғасырда әйел адамның кәсіпкелік сферасына қосатын үлесі қандай деген сұрақтар туындайды. Әйел адамның кәсіпкерлік іске сіңіретін еңбегі туралы зерттеулердің көрсеткіштері бойынша әйел адамның экономикаға әсері келесідей :
1) ұлттық экономиканың қайта құрылу құрылымында өсуші және маңызды рольді ойнайды.
2) дамудың жаңа динамикалық күшін білдіреді және өсу темпіне әсерін тигізеді.
3) ұлттық шаруашылықтың өнімділігінің өсуне қолдау жасайды.
4) адамдық потенциалды қолдана отырып, жағымды жағдайдың болуын қамтамасыз етеді және жұмыссыздықты қысқартады.
Американдық докторлар Маргарет Хеннинг және Ани Жарден кәсіпкер әйел адамның психологиясын зерттей отырып, оның бизнеспен шұғылдануға кедергі болатын эмоционалдылығы, адамдармен тез іл табыса алмауы басқа адамдардың жағымсыз әректтеріне жылы қарауы болып табылады. Осындай қасиетерді біле тұра әйел адамның карьераны қалайша жасайтындығына, вице-президент, президен, директор және басқа да жоғары орындарда бастық бола тынына таңғалады.
Гульнар Танкаева осыған байланысты келесі тұжырымды ұсынды : ерлі-зайыптылар арасында жағымды даму олардың қарым-қатынастарымен анықталады. Оларға жатады :
1) психофизиологиялық (жыныстық, сексуалды қатынастар)
2) психологиялық (эмоционалды тартылыс, махаббат, өзара түсінушілік)
3) әлеуметтік-психологиялық (ерлі-зайыптылардың өздеріне тән әлеуметтік рольді қабылдауы, жанұяның жағдайы үшін ортақ жауапкершілік)
4) әлеуметтік-мәдени (адаптация, мәдениетті қабылдау, бір жанұялы мәдениетті өңдеу)
Осылайша әйел адамға қоғамның белсеңді өмірінде өз мүмкіндіктерін тексеруге кедергі жасайтын бірнеше себептерді анықтауға болады :
1) мәдени экспортациялар (күтулер), олар мотивацияға, құндылықтар жүйесіне үрей деңгейіне, мамандық таңдауына, өзіне сенімді болуына әсер тигізеді.
2) әлеуметтенудің ерекшеліктері : баланың әлеуметтік-мәдени кеңістігі оған ерте жасынан жыныстық рольдері туралы стериотиптер сендіріліп ұйымастырылған ретінде болады. Балаларға әртүрлі ойыншықтарды береді, олардан түрлі жүріс-тұрысты күтеді.
3) ата-ананың жынысы әртүрлі баламен қарым-қатынас жасау типі, қамқолық көрсетудің сипаты, бақылау деңгейі т.б.
Әйел адамның озықтықтықтан қорқуы ер адам көзінде негативті бағасына байланысты болып келеді. Әйел адамның гендерлі және кәсіби рөлдері арасында қарама-қайшылықты жоюға бағытталаған негізгі аңдаудың бірі әйел адамның кәсіптенуінің стратегиясы. Көп зерттеушілердің ойлауы бойынша әйел адам үшін кәсіптік рөл құндылықтар әлемінде екінші орында болады. Кәсіптену стратегиясын үнемі гендерлі рөлмен сәйкестендіру тұлғаның қозу жағдайын, қанағаттанбау сезімін туғызады және әйел адамның өзіндік өзектенуін шектеді : кәсіби мақсаттар не жоқ болады, не екінші орынға ығыстырылады, не ол мақстаттарға жету мәселелі болып табылады. Осыған байланысты әйел адамның кәсіптенуі спецификалы болып табылады және әйел адам келесі жағдайларды демонстрация алады :
- гендерлі рөлге қатысты кәсіптенуден бас тарту.
- кәсіптену ұмтылыстарының гендерлі рөлге бағынуы.
- кәсіптік және гендерлік рөлді сәйкестендіруге бағдар.
- жанұя қолдауымен кәсіптік қозғалысты таңдау.
Әйел адамдардың кәсіптік өзіндік өзектенуіе шектейтін себептерінің бірі еліктеу мысалдарының шектігі, аздығы болып табылады, бірақ ең басты қоғамда бекітілген маскулинді және феминді типтер мен олардың иерархиясының негізіндегі жыныстық рөлдік таптаурындардың доминанттылығы болып табылады.
Әйел адамда кәсіби карьера үшін барлық қажетті қасиеттерге ие болса да, оған салыстырмалы түрде жетекші болу қиынға түседі. Әйел адам – жетекші технологиясының қалыптасуы салыстырмалы түрде күрделі өтеді. Оларға статус пен рөл туралы гендерлі стериотиптерді жеңу керек. Жұмысшы-әйел адам сұрау-нама көрсеткіштері көрсетіп отырғандай 53 пайызы қолдайды. Жұмысшы-әйел адам жоғары дәрежедегі орындаушылық, жауапкершілік және тіртіптілікке ие.
Әйел адамның кәсптік өзектену мәселесі – қазіргі күннің объективті реалдылығы. Қазіргі кезде әйел адамды профессионал, квалификацияланған жұмысшы ретінде қарау көзқарастары түбегейлі өзгерді. Ғылыми зерттеулер әйел адамға қатысты, яғни оның ер адамдар әлемінде жарамсыз деген стериотиптеріне қарсы шықты.
Өзіндік өзектену арнайы іс-әрекетте кәсіби бағдарсыз мүмкін емемс. Осы планда мамандық таңдау – адамның өмірлік олын анықтайтын маңызды моменттерінің бірі болып табылады.
Әлеуметік-психолгиялық әдебиеттерде әйел жынысты индивидтің әлеуметтік жүріс-тұрысқа, құндылықты және карьералық құндылықтарға, мамандық таңдау сферасына ата-анасының әсері зерттелінді. Көп жағдайда әкесінің әсері басым болған индивидтердің жоғары карьералық бағдары байқалынды, олар жетістікке жетуге күшті бағдарланған, сонымен қатар олар бірлесіп жұмыс істеуге қабілетсіз болып, ер адамға тән мамандықтарды таңдауға бейім болады. Ал анасының әсері басым болған әйел адамдар басқаларға қамқорлық көрсетуге бағытталған мамандық таңдауға бейім болады.
Кәсіби мотивацияны зерттеушілер әйел адамдарды шарты түрде 2 топқа бөледі – карьера жасаушылар және оған бағдарланбаған. Карьераны жасаушылардың жетекші мотивтері кәсіби өсуі, өзіндік реализация, өзіндік өзектену, өзіндік бекіту болып табылады, ал екінші категорияға жататын индивидтердің жетекші мотивтеріне – материалды қамтамасыздыққа ұмтылу, өзінді пайдалы екендігін сезіну тән.
Әйел адам мен ер адам арасындағы гендерлі айырмашылық өмірдің барлық сфераларында кездеседі. Гендерлі зерттеулер теориясында кәсіптік сегрегация әйел мен ер адамдардың жұмысқа тұрудың тұрақты тенденциясы болып табылады. Кәсіптік сегрегацияны 2 түрін ажыратады : горизантальді және вертикальді. Горизонтальді кәсіптік сегрегация ретінде экономика мен кәсіп бойынша ер адам мен әйел адамдардың дұрыс бөлінбеуі, ал вертикалды түсінігі ретінде – қызмет ету иерархиясындағы ер адам мен әйел адамның дұрыс бөлінбеуі алынады.
Ер адам мен әйел адам арасындағы мамандық таңдауда гендерлі айырмашылықтар бар. Зерттеулер бойынша әйел адамға тән мамандықтар ішінде – білім беру мен ағарту сфераларында, өнер және десаулық сақтау сфераларында басым болып келеді. Ал ер адамдарға тән мамандықтар ішінде - өндіріс, құрылыс, транспорт, экономика, құқық сияқты сфераларда басым.
Осыдан қоғамда өзгермеген жағдайды байқауға болады : қыз балалар әйел адамға тән мамандықты игеріп, оларды таңдайды, ал ер адамдар сәйкесінші ер адамға тән мамандықтарды қалайды. Карьера мақсаты рсы уақытқа дейін ер адам мен әйел адам түсінігінде әр түрлі болып келеді. Сонымен қатар олардың арасында тек айырмашылықтар ғана емес, кемшіліктері мен артықшылықтары да бар. Мәселен, әйел адамға тән мамандықтар - перспективтілігі төмен болып бағаланады, ал бұл жұмыссыздықтың болуына әсерін тигізеді.
Кәсіпке даярлану кезіндегі стереотип әсері.
Гендерлік теңдік әйел мен ер адамдардың тең құқықтары, мүмкіндіктерін білдіреді. Яғни адам жынысына байланыссыз оның құқығы, міндеті, әлеуметтік статусы тең болады. Гендерлі теңдікте әйел мен ер адамдарға қатысты қалыптасқан стериотиптерге байланыссыз әйел мен ер адамдар өзінің индивидуалды қабілеттерін еркін дамыта алады және мамандық таңдауда еркін болады.
Әлеуметтік және психологиялық бағытындағы пәндерді өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулық
Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
Әлеуметтік және психологиялық пәндері кафедрасының пәндері бойынша аудиторияға арналған материалдық жұмыстар барлық сабақтар кредиттік жүйеге сәйкес оқытудың дәстүрлі және интерактивті үлгісін ескере отырып дайындалған. Пәндер бойынша әртүрлі сабақ түрін өткізу және рейтинг тапсырмаларын орындау сабақтары уақытпен белгіленуі тиіс.
Дәрістердің қысқаша курсы (тезистер) оқу бағдарламасының материалдарынан (силлабусс), яғни мазмұны жағынан тиімді көлеммен және керекті ақпараттардан құралған, жалпы алғанда жүргізіліп отырған пән бойынша барлық мәліметті қамтамасыз етеді. Дәріс курсының мазмұнында қазіргі заман ғылымының жетістіктері мен ғылымның даму болашағы жөнінде қарастырылуы міндетті.
Семинар (практикалық) сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтарды орындау барысында, кафедраның пәндері бойынша зертханалық және әртүрлі үлестіріліп берілетін материалдар қосымша дайындау қарастырылған, практикалық және семинар сабақтарына арналған материалдар дәріс курсының материалдарын бекітіп және қайталауға арналған, сонымен қатар пәннің кейбір бөлімдері бойынша дәріс курсында қарастырылмаған тақырып бойынша білімін толықтыруға арналған.
Кредиттік жүйе бойынша студенттің өзіндік жұмысы екі түрге бөлінеді: (СӨОЖ) – оқытушының басшылығымен оқытылатын аудиториялық жұмыс, аталған сабақ оқытушының сабақ кестесінде белгіленген және педагогикалық жүктемесінде енгізілген, СӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы, яғни аудиториядан тыс студенттің кітапханадағы және ғаламтор торабындағы тәжірибелік жұмысы. Өзіндік жұмыс – студенттің терең және сапалы білім алуына және білім сапасын арттырудағы маңызды фактор болып табылады.
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған материалдарының мазмұны мемлекеттік типтік оқу жоспарынан құралған. Өзіндік жұмысқа (СӨОЖ), (СӨЖ) арналған сұрақтар оқытылатын курстың мақмұнын толықтырып, тереңдетіп отыруы қажет. Тапсырмалар тақырыптардың негізгі сұрақтарынан құралуы тиіс.
Тапсырмалардың түрі мен мазмұны пәндердің ерекшелігін және күрделілігін ескере отырып, сонымен қатар ОӘК дайындаушы-оқытушының жеке авторлық көзқарасымен дайындалады. Өзіндік жұмысқа арналған материалдар кафедраның шешімімен талқыланып, бекітіледі.
Тапсырмалардың сандық есебі кредиттік технология бойынша ПОҚ педагогикалық жүктемесіндегі сағат санымен сәйкестендіріліп ЖОО Ғылыми кеңесімен, сонымен қатар пәндерді оқытуға бөлінген кредит санын ескере отырып әзірленген.
1.2. Білімді бақылауға арналған материалдар
Студенттердің білімін бақылауға арналған материалдар бірыңғай білімді бақылау ережелері мен қағидаларына сәйкестендірліп дайындалады. Ағымдық бақылауға арналған тапсырмаларды СӨОЖ сабақ аясында ауызша немесе жазбаша сұрақ түрінде және тест түрінде алуға болады.
Емтихан материалдары (ауызша сұрақтар, тесттер) пән бойынша типтік оқу бағдарламасына және СӨЖ тапсырмаларының материалдарына сәйкестендіріліп дайындалуы тиіс. Емтихан материалдарын дәріс оқытушысы дайындайды, дайындалған материалдар кафедраның құрамымен талқыланып, бекітіледі.
ОӘК студенттерге қажетті әдебиеттер тізімі көрсетіледі (негізгі және қосымша), осы әдебиеттер бойынша студенттер ағымдағы және қорытынды бақылау жұмыстарының сұрақтарына дайындалады, сонымен қатар СӨЖ тапсырмаларын орындау үшін беріледі. Студенттердің пән бойынша сабақтың барлық түрінен дайындалуға бағытты және тапсырмаларының мазмұнын қазіргі ғылыми және әдістемелік деңгейдегі әдебиеттермен дайындалу үшін, әдебиеттер тізімі ұсынылады.
1.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық
Дәріс – білім беру көзі, студенттерді мәліметпен қамтамасыз ету мақсатында оқытылады, оқыту қызметін жүзеге асыратын қажетті бөлігі. Дәрістер тұжырымдамалармен идеяларды студенттерге жеткізу үшін, сонымен қатар сыни ойлау жүйесін ынталандыру мақсатында қолданылады. Дәріс – бұл мәліметті беру әдісі ғана емес. Білікті оқытушының қолындағы дәрістер серпінді және әмбебап оқыту жүйесімен жүргізіледі. Тақырыпты оқытудағы тиімді жинақталған дәрістер мазмұны жағынан мынандай сипаттамаларға бөлінеді:
жүргізіліп отырған пән бойынша мәліметтердің санын шектен тыыс асырмау керек, өйткені студенттер мәліметтерді қабылдап естерінде сақтаулары тиіс.
студенттердің оқу үрдісіне белсенді қатысулары үшін әртүрлі әдістерді қолданады.
Егер дәріс оқытушысының мақсаты - білімді студентті дайындап шығару болса, ол оларға тақырыпты толығымен меңгеру мүмкіндігін (жұмыс жасау қағидаларын түсіну, тәжірибиеде қолдану, жоспарлар құру, бұл шындықты қалай қолдану керек) мол ақпарат беру арқылы жеткізу керек. Оқытушының тағы бір басты бір міндеті - дәрістерді дайындау барысында кілтті бөлімдерді бірнеше рет қайталап отыру әдісін қолдана отырып әзірлеу керек.
Басты қағида - дәрісті құру болып табылады, дәріс тақырыптарын оқытуда жаңа бірегей тәжірибелі әдісті игеру ұсынылады. Тәжірибиеде қолданылмаған 10 жаңа әдісті қолдансаңыз да қолжетімді көрсеткішті бермейді өйткені бұл өте тиімсіз.
Дәрістер қысқа да нұсқа болу керек. Дәрістердің құрылымы жағынан басы өте қызықты басталып, ортасы сенімді ойлармен және аяғы маңызды аяқталуы тиіс.
Студенттерге терең ой салып басталынатын дәрістер студенттердің оқытылып отырған пәнге деген қызығушылығын арттырады, мұндай дәрістер аудитория назарын оңай баурап алуға тиімді. Оқытушы оқытылатын материал жөнінде мынандай шолу жасау керек: аталған пәнді неліктен оқу керек және әрқайсысы үшін маңызы қандай, осы берілген білім студенттің кедергілерден өтіп, алдына қойған мақсаттарына жеткізе ала ма, материалды жоғары деңгейде меңгерту үшін қандай тәжірибиелік сабақтарды жүргізуге болады.
Сенімді ой пікірлерге толы дәрістің ортаңғы бөлімі дәрістің негізгі өзегі болып табылады. Бұл дәрістің – сүбелі ой тұжырымдары, белгілі бір бағытта дамуына негіз бола алады. Дәріс кезінде ең маңыздысы - KISS принципін ұстану керек. Бұл дегеніміз мынаны білдіреді: таныс сөздерді қолдану, екімағыналы терминдермен анықтамаларды қолданбау, көрнекілік құралдарын пайдалану, ой тудыратын картинкалар, деректер және мысалдарды қолдану. Деректерді келтіргенде статистика өте сенімді әдіс болып табылады. Айтылған деректерді бәр ауыз дерексөздер келтіру арқылы түйіндеп отыру қажет.
Дәрісті оқытудың басқа да түрлерін қолдана отырып оқытуға болады, мысалы, сұрақт-жауаптар, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану, кестелерді, жобалық аппараттармен фильмдерді. Осының барлығы сабақтың әртүрлі өтуіне және студенттің ақпаратты толығымен қабылдауына жағдай жасайды. Пәнге қатысты оқып білуге үлестіріліп берілген сабақ материалдары, студенттерді пікірталасқа тартуға көмектеседі.
Дәрістердің соңғы бөлімі кілтті сөздермен аяқталады және студенттерге бірнеше әдісті ұсынады, соның арқасында олар оқығандарын өмірде жүзеге асырады. Дәрістің осы кезеңінде студенттермен жеке жеке немесе топ бойынша сабақтан қандай әсер алғандары жөнінде ой бөліскен өте пайдалы. Дәрісті аяқтау кезінде қайталап шолу жасау тақырыпты толықтай меңгеріп келесі тақырыпты жалғастыруда тиімді қызмет атқарады.
Сәтті оқылған дәрістер - яғни бұлар мұқият жоспарланып үш принципте құрылғандар: біріншіден, олар өте қысқа, жаңа идеялармен құралған ақпарат көздері «аз мөлшерде» ақпараттандыру; екіншіден, сәтті жоспарланған дәрістер қызықты бастамалардан, сенімді ортаңғы бөлімінен және нәтижелі қорытындыдан тұрады; үшіншіден, оқытушылар дәрістерді оқыту барысында студенттердің белсенді қатысуларына мүмкіндік жасау керек.
1.4. Семинар, СӨОЖ сабақтары бойынша және СӨЖ тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
Кредиттік технология бойынша интерактивті оқыту жүйесіне басты назар аударады. Аудиториялық сағаттарда, дәріс немесе семинар, СӨОЖ сабақтарында дәстүрлі әдісті және интерактивті сабақ үлгісін жүргізуге болады. Интерактивті оқыту жүйесі студенттердің қабілеттілігін дамытады:
Өз пікірін қалыптастырып айта білу;
Өзгенің пікірін құрметтеу;
Оқу материалын мұқият меңгеру;
Материалды орындауда шығармашылық қабілетті таныту;
Үлкен аудитория алдында өз көзқарасын дәлелдеу;
Алынған мәліметтерге анализ жасау;
Табысты жұмысы мен өзіндік ізденушілігін дамыту; Жеке даралығын көрсете білу;
Әртүрлі ситуациялардан өту арқылы өмірлік тәжірибие жинау.
Әлеуметтік және психологиялық пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері
Дебат – студенттердің дұрыс жауап және мағыналы қорытындыны іздестіру мақсатында ауызша пікір алмасу.
Дискуссия (талқылау) – оқытылып отырған тақырып бойынша студенттер арасында ой пікірлерді талқылау. Студенттердің ой пікірлерді талқылауға қатысуы – білімді естерінде сақтау мен сіңірудің кілті болып табылады. Дискуссия – бұл студенттерді оқыту үрдісіне тартудың серпінді әдісі болып табылады.
Рөлдік ойындар – студенттерді сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын тудыратын көпжақты оқыту әдісі.
«Аквариум» - топты командаға бөлу арқылы оқыту әдісі. Команданың бір тобы тапсырманы талқылаумен немесе шешумен айналысса, осы уақытта келесі топ жүріп жатқан процессті зерттеп жазып алады. Қорытындысы белгіленген ереже шешіміне дейін талқыланады.
Топтық нұсқау - оқытушы кілтті деректерді немесе «тақырыптың негізгі кезеңдерін» береді, осының негізінде бұдан әрі сабаққа қатысты сұрақтармен жауаптар қалыптастыру.
Топтық талқылау - аудитория дәрістен кейін, топқа бөлініп өзіндік ой пікірлерімен, көзқарастарымен, сұрақтарымен және қорытынды пікірлерімен топ көшбасшыларымен бірге талқылау өткізу .
Кейс - әдісі - білім беру әдісі, студенттерге тиімді ойлауға көмектеседі. Топқа нақты жағайдға негізделген, сонымен бірге кейбір мәселелерді талқылауға ұсынылып, жағдайларға сараптама беріп және нұсқауларды жасап шығаруға бағытталған нақты ақпарат беріледі. Кейсттер әр түрлі әдістермен беріле алады. Олар ұзақ және бүкіл ақпаратты көрсете алады немесе қысқа болуы мүмкін, қандай жағдайда болмасын олардың мақсаты бір – студенттердің берілген фактіге қандай да бір ой тұжырымға келу.
Кейс-әдісі сонымен қатар топтық дискуссия түрінде өте алады. Әдетте кейс-әдісі екі кезеңде өткізіледі: бірінші кезеңде қатысушыларға кейс беріліп, оны қажетті уақыт аралығында оқып бүкіл материалды түсіну керек. Дискуссияны мадақтау үшін студенттерге сұрақтарды таратып беруге болады. Екінші кезеңде қатысушыларды кейстерді талқылауды сұрайды. Барлық қатысушылар өз пікірлерін айтуға мүмкіндігі болуы тиіс, өздерінің ой тұжырымында логикалық негіздеме беруі керек. Бұл процестің нәтижесінде дискуссия барысында оқытушы қатысушылардан кейстердің фактіден белгілі бір қорытынды жасауды сұрайды. Бұл әдістің артықшылығы – студенттердің басқарушылық, белгілі бір шешімдерді қабылдау, бақылаушылық дағдыларын жетілдіруге көмектеседі. Жақсы дайындалған студенттер өздері кейсті жаза алады.
Презентация - білім беру әдісі, презентация арқылы студент кез келген тақырыпты таңдап алып, қарастырылып отырған мәселе бойынша өзінің түсінігін немесе түсініксіздігін айта алады. Презентация уақыты – 8-10 минут. Презентация келесі критериялар арқылы бағаланады: тақырыптың ашылуы, берілген мәселе басқаларды қызықтырды ма, қарастырылып отырған мәселе бойынша студент өзінің кәсібилігін көрсете алды ма деген талаптар қойылады.
Сыни жағдайды өңдеу әдісі — сыни жағдайды өңдеу әдісі зерттеу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл әдіс нақты жағдайды моделдеуге негізделген, студенттерге белгілі бір сыни жағдайдың негізгі ақпараты беріліп, сосын өзара сұрақтар қойып және ақпаратты талап етуге болады. Әдіс мәселені анықтау үшін тиімді қолданылатын әдіс болып табылады.
Қатені анықтау әдісі – студенттер үй жұмысын алып, болатын дәрістің мазмұнымен танысады. Оқытушы оқу материалына өзгерістер енгізіп, қате кеткен мәліметтерді қайтадан құрастырады. Оқытушы дәріс оқу барысында студенттер қателерді анықтау қажет. Бұл әдіс студенттердің бүкіл оқу барысында критикалық тыңдау қабілеттілігін жетілдіреді.
«Миға шабуыл» әдісі – интерактивтік оқытудың ең қарапайым және тиімді әдістерінің бірі, шығармашылық ойлау қабілеттігін, топтарды құрастыру және белгілі бір мәселені шешу дағдыларын жетілдіретін әдіс. Шығармашылық пікірлерді жетілдірудің тәсілі, ал қатысушылар болса бұл тәсілдерді әрі қарай қолдануын ұсынады.
Өткенді қайталау – бұл әдіс тақырыпты талқылауда, қорытындылау кезінде қоданылады, бұл тақырыпты студенттер толығымен меңгеріп, арасында қолданылуын қамтамасыз ететін әдіс. Бұл әдіс бірнеше мақсатқа жетуді көмектеседі: студенттердің топ ішіндегі әрекетін ояту, кейбір тәжірибеге бағыт беру, аталған материал бойынша студенттердің қабылдауын қандай дәрежеде екенін анықтау, студенттер мен оқытушылар арасында қатымды байланысын көрсететін әдіс және т.б. Өткенді қайталаудың әр түрлі түрлері кездеседі.
«Дөңгелек үстел әдісі» - жылдам, әрі тиімді әдіс, әр бір студенттің өз пікірін айта алуы мысалы, «бүгін мен үш нәрсені білдім», «мен пән жөнінде білдім...» және т.б.
Ақырын ойлану - әдетте жазбаша түсініктеме беру, сұрақтар ьойынша тақтада немесе қағазда көрсету.
Топтық ойлану – шағын топтарды өткен тақырыпты қайталау және басқаларға айту әдісі.
Білдіретін әңгімелесу әдісі – студенттің сабақта ашық немесе сұрақтармен мен құрылымын баяндап беруі.
Хатты құрастыру әдісі – белгілі бір материалды меңгеруге бағытталған әдіс, бұл әдісте негізгі сөз берілген, осыдан хат сызба түрінде құрастырылады, осы сызба негізгі сөздің мағынасын ашып береді.
Тәжірибелік (семинар сабақтарын) СӨОЖ және СӨЖ сабақтарын өткізу келесі формалары ұсынылады:
Кез келген танымды анықтау, шағын эссе жазу – 1-1,5 бет.
Тақырып бойынша жалпы шолу – ұсынылған тақырып бойынша ақпараттық рессурс басылым мен Интернеттен шағын әдеби шолу (эссе) жазу. Глоссарий жазу – терминдердің шағын түсініктемесі және берілген тақырып бойынша түсінік беру, сөзжұмбақтарды қолдануға болады.
Презентация – студенттің берілген тақырып бойынша өз презентацияны жасау барысында, қарастырылып отырған мәселе бойынша өзінің түсінігін немесе түсініксіздігін айта алауы, презентацияда қарастырған кейбір аспекттерді қарастыру.
Презентацияның уақыты - 8-10 минут, презентация келесі критериялар арқылы бағаланады: тақырыптың ашылуы, берілген мәселе басқаларды қызықтырды ма, қарастырылып отырған мәселе бойынша студент өзінің кәсібилігін көрсете алды ма деген талаптар қойылады.
Іскер ойын – рольдік немесе топтық, болашақ кәсіби қызметі үшін іскерлігін және дағдылануды өндірту.
Топтық жоба – топта 4-5 адамнан артық болмау керек, әр бір топ өзінің жобасын құрастырып, оны қорғау керек.
Әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу
Реферат қысқаша мазмұнда құралған немесе ғылыми еңбектің мазмұнында жазылған аудиториялық баяндама, таңдалған тақырып бойынша мамандардың еңбектері, аталған бағыт бойынша әдебиеттерге шолу. Осындай шолу оқырманға кез келген мәселе бойынша қазір заманға сай болуы, мамандардың пікірін қосып қарастыру.
Рефераттың мақсаты – басқалардың жетістіктерін ижалпылау, фактілер базасында әдебиет бойынша мәселені өзіндік сараптама жасау.
Жоғарыда көрсетілгендей, реферат – бұл оқылғанның қысқаша мазмұндауы, жауапты жұмыс, автордың өте ұқыпты дайындығының нәтижесі болып табылады. Және ғылыми жұмыс тән маңыздырақ оқу-әдiстемелiк мақсаттар рефераты ғалымдар қатар танысуды басты мiндетiмен зорға ескертемiз. Бұл – алдын ала ойластырылған тақырып, библиографиялық ізденіс, ғылыми әдебиеттердегі фактілердің сараптау және таңдау, олардың топтастырылуы, реферат авторының өз бағалауы және жоспарға сәйкес логикалық мазмұндамасы, анықтама аппаратын құрастыру, (сілтемелер және қолданылған әдебиеттер) және бүкіл тексті рәсімдеу. Рефератпен шұғылдана, ғылыми әдебиеттiң талдауының дағдылары студент, ғылыми зерттеудiң әдiстемесi және жазбаша жұмыстың әзiрлеуiнiң негiздерiмен ие болуға тауып алуға мүмкiншiлiк алады. Әрине, таңдап алынған ғылыми тақырыпқа рефераттың жазуы тиiстi тарихи мерзiм жататын материалдармен танысуға тым тереңiректерiне көмектеседi, табандатқан кiтаппен жеке алғанда өз алдына жұмыс iстейтiн қасында пайдалы дағдыларды меңгеруiне мүдде айқындалып және болуы мүмкiн ары қарай ғылыми жұмыстардың шеңберiн анықтауға көмектеседi мүмкiндiк туғызады.
Рефераттың көлемі 20-30 бет.
Конспект – жүйелік, оқытылатын материалдың мазмұны логикалық сабақтастығы, жоспарды біріктіретін, көшірмелер немесе осы аталған екі әдістің қосындысы.
Көшiрмелерге қарағанда және мазмұнның ашылуы конспектiнiң тезистерiнiң ол оқылатын көзде ұсынылатын мазмұндаманың тiзбектерiнде көрсетілгендей.
Конспектті құрастыру үшін ең маңызды және қажетті ақпарат алынады.
Бас жағдайлар көрінеді, аталы сөз, тiркестердi асты сызылады. Әрбiр жаңа ой жаңа жолдан басталады. Конспектте автордың фамилиясы, қайнар көздiң атауы, оның шығаруы, беттiң орын, уақыты көрсету керек.
Қайнар көздермен жұмыс жасау:
- кiтап немесе тараудың атауына ұғыну, оның мағынасын түсiну;
- тексті ынтамен оқып шығу және негізгі ойларын оқу барысында қысқаша жазу;
- бiр ойды басқа ойға бөлiңiз, олардың тезис түрiнде жазып алыңыз;
- негізгі категорияларды және түсініктерді көшіріп алыңыз, кең
- педагогикада қолданылуын, және олардың басқа ғылымдарды қолданылуын анықтап алу;
- жұмысты аяқтағаннан соң барлық қайнар көздерін көшіріп алыңыз.
Оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын қолданылуына шолу
Оқу процесі барысында кафедра оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын, білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар және қазіргі заманға сай ғылыми жетістіктерін пайдалана отырып қолданады. Олар студенттердің шығармашылық қабілеттілігін және өзіндік жұмыс жасауды бағытталған. Олар ақпараттық білім беру технологияларын қолдануды қарастырады, сонымен бірге оқу-әдістемелік материалдарын, әлемдік деңгейге сәйкес келуі, пәндерді оқыту барысында:
мультимедиялық оқулықтарды қолдану, пәндерді оқыту кезінде эксклюзивті электрондық курстарды қолдану;
медиаресурстарды қолдану, энциклопедиялар, электронды кітапхана мен Интернет желісі;
рефераттардың электрондық презентация ретінде өткізу, курстық жұмыстарды және білікті тітіруші жұмыстары;
видеоконференцбайланыс режимінде сабақтарды өткізу;
электрондық пошта арқылы студенттерге кеңес өткізу;
студенттердің білімін бақылау үшін бағдарламалық-педагогикалық тест тапсырмаларын қолдану және т.б.
Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау және бақылау материалдары
Бірінші аралық бақылау сұрақтары
Гендерлік психология пәні, міндеттері,принциптері.
Гендерлік психологияның пайда болуының алғы шарттары
Гендерлік психологияның дербес ғылым ретінде дамуы.
"Гендер" термині
Гендерлік талдау
Гендерлік зерттеулер
Гендерлік ескі нанымдар
Гендерлік саясат
Гендерлік рөлдер
Гендерлік статистика
Тұқымқуушылықты зерттеуде сәуле энергиясын қолдану қандай әдіс
Генетикалық әдісті психологиялық болмысты тануда жетекші әдіснама принципі дәрежесіне көтерген
Гендерлік психологияның зерттеу пәні
Ғылыми – зерттеушілік бағытының зерттеу нысаны
Диагностикалық зерттеушілік бағытының зерттеу нысаны 112.Коррекциялық зерттеушілік бағытының зерттеу нысаны
Гендер психологиясының зерттуе әдістері
Гендерлік әділеттілік
Гендер теориясының негізгіұстанымдары
Гендерлі психологиядағы конструктивизм ұстанымы
Гендерлі психологиядағы мәдени дәстүр ұстанымы
Гендерлік теорияның Ресейде және Батыста дамуының әлеуметтік - мәдени детерминанттары
Әртүрлі мәдениеттегі гендер және гендерлік рөлдердің атқарылуы
Ресейде гендерлік зерттеулердің даму кезеңі
Қазақстанда гендерлік зерттеулердің даму кезеңі
Гендерлік-психологиялық зерттеудің методологиялық мәселелері.
Ғылыми зерттеу методологиясы туралы түсінік.
Гендерлік психологиялық мәліметтердің сапасы мәселесі.
Гендерлік психологиялық зерттеу әдістерінің жалпы сипаттамасы
Жыныстық диморфизм түсінігі.
Жыныстық дамудың жалпы түсінігі.
Екінші аралық бақылау сұрақтары
Жыныстық диморфизм түрлері.
Сандра Бэмнің пікірінше андрогиния түсінігі.
Е.П. Ильин әйелдермен ерлер рөлдерін қабылдауды түсінуі
Гендер түсінігі.
Гендерлік психология ғылымының басқа ғылыммен байланысы.
Гендерлік психологияның дербес ғылым ретінде қалыптасуы
Гендерлік психологияның зерттеу тұжырымы.
Гендерлік психологияның зерттеу нысаны.
Гендерлік психологияның прициптері
Гендерлік психологиядағы комплекстік принцип
Гендерлік психологиядағы себеп –салдар принципі
Гендерлік психологиядағы жүйелік принципі
Адамның гендерлік психологияның жағдайымен даму принцип
Гендерлік факт негізінде қортынды жасау принципі
Көне гректердің әйел туралы пікірі
Ежелгі грек ойшылы Платонның гендерлік пікірі
Ежелгі грек оқымысты Аристотель тұжырымы
Гендерлік стереотиптер негізіндеі Аристотельдің пікірі
Модификация
Томас Мордың ер мен әйел теңдігі жайлы еңбегі
Жан Жак Руссо пікір
Ер адам мен әйел адамға байланысты стереотиптерді жақтаған оқымысыты
Канттың еркектің ролі жайлы ой тұжырым
Канттың әйелдің ролі жайлы ой тұжырым
Гендерлік психологияны алғашқы болып зерттеген ғалым
Жанұяда қалыптасқан екі жыныс арасындағы қарым-қатынсаты қоғамға да көшіру мәселесін көтерген оқымысты
Екі жыныс тең, қоғамда атқаратын міндеттері бірдей, сондықтан құқықтары да тең болуы қажет деп санған
Шетел қоғамында «Феминизм» құбылысының пайда болуы
Әйел адамдарға дауыс беру мүмкіндігін беріп, саясатқа қатысуына талап қойған әйел
Олимпия де Гуж басылымы
Қорытынды бақылау сұрақтары
Психоаналитикалық феминизм
Психикалық ритм түсінігінің жыныстық айырмашылығы
Жыныстық диморфизм құбылысы
Психофизиологиялық айырмашылықтармен айналысқан оқымыстылар
Тұлғааралық қатынастардың гендерлік аспектілері
Әйел мәселесін философиялық тұрғыдан қарастырған философ
Симонде Бовуарддың әйел мәселесін философиялық тұрғыдан қарастырған еңбегі
Батыстық университеттер программасында әйелмәселесіне арналған курстар
Әйелдік зерттеулердің жаңа дәуірі
Американ зерттеушісі Джоан Скоттың мақаласы
Жыныс пен гендер түсініктерінің дифференциясын ең алғаш түсіндірген
Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат стратегиясы
Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат стратегиясы бағдарламасы
Бихевиористік гендерлік психология
Гендерлік-психологиялық зерттеуде кең көлемде қолданылатын әдістер
Гендерлік стереоиптердің пайда болу себептері
Жыныстық стереотиптер функциялары
Гендерлік таптаурын
Г. Тэджфэл сипаттаған гендерлік таптаурын бағыттары
Тэджфел бойынша гендерлік таптаурындардың аспектісі
Стереотип туралы жалпы ұғым.
Әлеуметтік стереотип психологиялық түсінік ретінде
Гендерлік стереотип мәні, мағынасы мен міндеттері.
Отбасындағы гендерлік ерекшеліктерді зерттеу негізі
Дәстүрлі әйелдік рөлдің әсерінен пайда болатын шектеулер
Дәстүрлі ерлер рөлінің әсерінен пайда болатын шектеулер
Жұбайлардың құқықтары мен міндеттері
Отбасындағы әйелдер мен ерлердің қарым - қатынас стилі мен түсініспеушіліктері
Либералды феминизм.
Әлеуметтік феминизм.
Марксистік феминизм.
Радикалды феминизм
Отбасы - ер мен әйелдің бірлескен, гендерлік ортасы
Когнитивті аспекті
Аффективті аспекті
Гендерлік-психологиялық аспекті
Гендерлік аспект: бағдарлаушы және реттеуші функциясын атқарады.
Әлеуметтік ғылымға «гендер» категориясын енгізген
Адамдардың жыныстық біріншілік тәрізді құрамының оқуында негіздеген оқымысты.
Акиншекова Г.И. және Степанова Е.И қарастырған мәселелер.
Каган В.Е зерттеген стеоритиптер
Гендерлік әлеуметтену.
Гендерлік роль
Гульнар Танкаеваның гендерге байланысты тұжырымдары
Психофизиологиялық тұжырым
Психологиялық тұжырым
Әлеуметтік-психологиялық тұжырым
Әлеуметтік-мәдени тұжырым
Гендерлік теңдік
Гендер психологиясының тарихы
Философиялық ой тұжырымдар (антикалық дәуірден XIX ғ соңына дейін.)
Гендерлі психология пәні мен салаларының қалыптасуы ( XIX ғ аяғы мен — XX ғ басы)
«Фрейдтік кезең», З.Фрейд есімімен және психоанализбен байланысты (XX ғ басы . — 1930-жж.)
Алғашқы теориялар мен экспериментті зерттеулердің басталуы (1950-1980-жж.)
Гендерлі психологиялық қарқынды дамуы
Гендер зерттеуінің антикалық кезеңі
Оқытудың техникалық құралдары, демонстрациялық материалдардың тізімі (плакаттар, слайдтар, мультимедиялық қамтылуы және т.б.)
Достарыңызбен бөлісу: |