Байланысты: 5 дәріс Мәдениеттану Әлеуметтік мәдениет
Мәдени саясат - мемлекеттің басты идеологиялық тұғырнамасы
Саяси мәдениет - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.