Мәдени саясат – қоғамның негізгі құндылықты бағыттары мен тұлғаның жасампаз бастамасын қалыптастыратын әрбір дамыған мемлекеттің басты идеологиялық тұғырнамасы. Мәдени саясатты жаңғыртудың қажеттілігін түсіне отырып, Мемлекет басшысы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ментальдігін қалыптастыруға, заманауи мәдениет кластерлерін дамытуға бағытталған елдің мәдени саясаты дамуының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын әзірлеу және бекіту» туралы нақты міндет қойды. Бұл міндетті жүзеге асыру– 2050 жылға дейін Қазақстанның әлемдік мәдениет пен өнердің даму орталықтарының біріне айналуына мүмкіндік береді.