б) жеке адам өзін қауымдастықпен біргемін деп санайды.
Әлеуметтік сипат ұғымы әлеуметтік қарым-қатынастар ұғымын да қамтиды және әлеуметтік детерменизм принципі негізінде анықталады.
Адамдар, топтар, қауымдар арасындағы үнемі қайталанып отыратын әлеуметтік байланыстар әлеуметтік қарым-қатынастар деп аталады.
Олар саяси, экономикалық, құқықтық т.б. қарым-қатынастар болып бөлінеді. Бұл қарым-қатынастардың бәрі де өзара тығыз байланыста, біріне-бірі себепші болады. Әсіресе, саяси қарым-қатынастардың қоғамдағы рөлі зор.
Әлеуметтік қарым-қатынастардың басқа түрлеріне елеулі ықпал етеді. Әлеуметтік қарым-қатынастардың сипаты қоғамның әлеуметтік даму деңгейіне байланысты.
Өркениетті, дамыған қоғамда әлеуметтік қарым-қатынастардың сипаты да жоғары деңгейде болады