601. Аурухана жұмысының көрсеткіштеріне жатпайды? А. Летальдік.
Б. + Жалпы өлім көрсеткіші.
В. Төсек айналымы.
Г. Орташа жылдық төсекті пайдалану.
Д. Стационарлық науқастың төсекті пайдалануының орташа ұзақтығы.
602. Төсек қорын пайдалану көрсеткішіне аталған көрсеткіштердің қайсысы жатпайды? А. Төсек айналымы.
Б. Жоспар бойынша төсек күндер санын орындау пайызы.
В. Науқастың төсекті пайдалануының орташа ұзақтығы.
Г. + Летальдік.
Д. Орташа жылдық төсекті пайдалану.
603. Ауруханалық көмектің сапасын бағалау үшін аталған көрсеткіштердің қайсысы қолданылады? А. + Летальдік.
Б. Орташа жылдық төсекті пайдалану.
В. Науқастың төсекті пайдалануының орташа ұзақтығы.
Г. Төсек айналымы.
Д. Жоспар бойынша төсек күндер санын орындау пайызы.
604. Дәрігерлердің диагноз қоюының сапасын аталған көрсеткіштердің қайсысы сипаттайды? А. + Клиникалық және патологанатомдық диагноздардың сәйкестігі (немесе сәйкессіздігі).
Б. Стационардағы науқастың емделуінің орташа ұзақтығы.
В. Летальдік.
Г. Орташа жылдық төсекті пайдалану.
Д. Операциядан кейінгі летальділік.