Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды басқарудың толық анықтамасы


Балалар емханасының жұмысын ұйымдастырудың негізгі әдісі?



бет202/244
Дата16.04.2022
өлшемі198,13 Kb.
#139651
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   244
Байланысты:
леуметтік медицина ж не денсаулы са тауды бас аруды толы аны

585. Балалар емханасының жұмысын ұйымдастырудың негізгі әдісі?
А. Профилактикалық.
Б. + Диспансерлік.
В. Учаскелік-аймақтық.
Г. Бақылау әдісі.
Д. Бала денсаулығының жағдайын бақылау әдісі.
586. Перзентханадан шығарған соң учаскелік бала дәрігері нәрестені үйіне барып қарауы керек?
А. 4-ші күні.
Б. Алғашқы 4-5 күні.
В. + Алғашқы 3 күн ішінде.
Г. 2-ші күні.
Д. Алғашқы 10 күн ішінде.
587. Нәрестені алғашқы 1 айында бақылау керек?
А. 1 рет.
Б. + 2 рет.
В. 3 рет.
Г. 4 рет.
Д. 5 рет.
588. Дәрігер дені сау баланы 1 жасқа дейін қандай жилікпен бақылау керек?
А. + Айына 1 рет.
Б. Айына 2 рет.
В. 3 айда 1 рет.
Г. 3 айда 2 рет.
Д. Айына 4 рет.
589. Учаскелік бала дәрігері 2-3 жасар баланы бір жыл ішінде қанша рет тексеріп, оның денсаулық жағдайы мен даму деңгейін бағалау керек?
А. Бір жылда 2 рет (6 айда 1 рет).
Б. Бір жылда 3 рет.
В. Бір жылда 6 рет (әрбір 2 ай сайын).
Г. + Бір жылда 4 рет (3 айда 1 рет).
Д. 12 рет (ай сайын).
590. Учаскелік бала дәрігері 3 жастан асқан баланы бір жыл ішінде қанша рет тексеріп, оның денсаулық жағдайы мен даму деңгейін бағалау керек?
А. + Бір жылда 1 рет.
Б. Бір жылда 3 рет.
В. Бір жылда 4 рет (3 айда 1 рет).
Г. Бір жылда 6 рет (2 ай сайын).
Д. Бір жылда 2 рет (6 айда 1 рет).
591. Балалардың денсаулығын кешенді түрде бағалаған соң қандай балаларды І денсаулық тобына жатқызады?
А. Созылмалы дерті бар балалар.
Б. Қауіпті факторы бар және денсаулығында емдеуді қажет етпейтін аз ғана ауытқуы бар сау балалар.
В. Компенсация, субкомпенсация, декомпенсация жағдайдағы созылмалы дерті бар балалар.
Г. Бақылау кезінде ауырмаған немесе денсаулығында аз ғана ауытқуы бар сау балалар кезінде ауырмаған немесе емдеуді қажет етпейтін денсаулығының аз ғана ауытқуы бар сау балалар.
Д. + Денсаулықтың барлық белгілері бойынша ауытқуы жоқ, бақылау кезінде ауырмаған немесе емдеуді қажет етпейтін денсаулығының аз ғана ауытқуы бар сау балалар.
592. Балалардың денсаулығының кешенді түрде бағалаған соң қандай балаларды ІІ денсаулық тобына жатқызады?
А. Созылмалы дерті бар балалар.
Б. Денсаулығында емдеуді қажет етпейтін аз ғана ауытқуы бар сау балалар қатері бар балалар.
В. + «Қауіпті» балалар, ауыруға бейім, созылмалы дертке ұшырау қатері бар балалар.
Г. Жанұялық-әлеуметтік жағдайы нашар, бір жыл ішінде 2 рет жедел аурумен ауырған сау балалар.
Д. «Қауіпті» балалар, бір жыл ішінде 3 рет жедел аурумен ауырғандар.
593. Балалардың денсаулығын кешенді түрде бағалаған соң қандай балаларды ІІІ, IV, V топтарға жатқызуға болады?
А. Асқынулардың қайталануына байланысты (жылына 2 реттен аз, жылына 2 рет, жылына 2 реттен көп) созылмалы дерті бар балалр.
Б. Созылмалы дертттің пайда болуы ықтимал, аурулыққа өте жоғары бейімді «қауіпті» балалар (қауіп дәрежесі: төмен, орташа, жоғары)
В. Аурудың қайталану қаупінің жиілігіне байланысты созылмалы дерті бар ауру балалар (бір жылда 3 реттен аз, бір жылда 3 рет, бір жылда 3 реттен көп) созылмалы дерті бар балалар.
Г. + Компенсация, субкомпенсация, декомпенсация жағдайындағы созылмалы дерті бар балалар.
Д. Созылмалы сырқаттың санына байланысты (1-2 сырқат, 3-4 сырқат түрі, 4-тен көп сырқат түрі) созылмалы дерті бар балалар.
594. Қандай медициналық құжат бала денсаулығының жағдайын және туылғаннан, 15 жасқа дейін медициналық қызметпен қамтамасыз етілу тиімділігін көрсетеді?
А. Профилактикалық егулер картасы.
Б. Диспансерлік қадағалаудың бақылау картасы.
В. + Баланың даму тарихы.
Г. Амбулаторлық науқастың жеке картасы.
Д. Стационарлық науқастың медициналық картасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   244




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет