Бихевиоризм қазіргі кезде необихевиорстік бағытта дамуда. Негізінен топтағы процестер емес, екеу аралық (диадалық) қарым- қатынастар зерттеледі (К.Халл, Б.Скиннер, Н.Миллер, Д.Деллард, Дж.Гибо, Г.Келли, Д.Хоманс). Зерттеулердің басым бөлігі тек жануарларда жүгізілуі (А.Бандур зерттеулерінің көбісі адамдарда жүргізлдіі) бұл бағыттың негізгі кемшілігі. Топтық процестерді талдаудың жеткіліксіздігінен, әлеуметтік психологияның “әлеуметтік” түрі аз көрініс береді. Психоанализ әлеуметтік психологияда бихевиоризм сияқты кең таралмаған. Мұнда да әлеуметтік - психологиялық теория тұрғызу талпыныстары бар. Бұл орайда неофрейдистік тұрғы, әсіресе Э.Фромм мен Дж.Салливан еңбектері аталынады. Дегенмен классикалық Фрейдизм ндеяларын әлеуметтік психологияға тікелей енгізетін теориялар да бар. Ондай теорияларға мысал ретінде топтық процестер теорияларын: Л.Байон, В.Беннис, Г.Шепард, Л.Щутц атауға болады. Бихевиористерден өзгешелігі екеулік (диада) қарым-қатынастан гөрі көбірек адамдар қатысқан топтардағы процестерді қарастыру, осы бағытта Т-топтарда (тренинг топтары), адамдардың бір-біріне әсерінің әлеуметтік-психологиялық механизмдерін пайдалану тән. Психоанализді әлеуметтік психологияда қолдану жүйелі түрде емес, кейбір жағдайларын практикаға кіріктіру негізінде жүргізіледі.
.
Әлеуметтік-психологиялық зерттеулер контексіндегі үйрену теориясының негізгі ұғымдары.
Әлеуметтік психология белгілі деңгейде қоғамдық ғылымдарға жататындықтан, марксизм теориясының іргелі теориялық қағидаларын (қоғамдық қүбылыстар, адам табиғаты, қоғам) қабылдауына болады. Бүл тұрғыдан алғанда, қоғамдық құбылыстардың нақты әлеуметтік - психологиялық феномендерді зерттеуде қандай көрініс беретінін қарастыру. Сонымен бірге әлеуметтік - психологияның әдіснамалық құрал-жабдықтары марксизм теориясының негізгі қағидаларына сүйенеді. Әлеуметтік - психологиялық білімнің маңызды теориялық негіздері К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин және де Г.В.Плеханов, А.В.Луначарский, А.Трамшит, т.б. еңбектерінде керсетілген. Ұзақ уақыт бойы кеңестік психологтардың көзқарасында маркстік теориялар үстемдік етіп келді. Қазіргі кезде, әрбір ғалым-зерттеушінің қандай теорияны негізге алуы, зерттеу мақсат - міндеттеріне сәйкес өзінің тізгінінде.
Әлеуметтік-психологиялық феномендердің психоаналитикалық талдауы.