Әлеуметтік психологияның зерттеу әдістері мен әдіснамасы



бет2/2
Дата08.01.2022
өлшемі1,21 Mb.
#129185
1   2
Байланысты:
549917.pptx

Социометрия әдісі


Социометрия кіші топтардағы әлеуметтік құбылыстарды зерттеудің жеткілікті дәрежеде танымал әдісі болып табылады. «Социометрия» термині латын тіліндегі: socius – дос, серіктес және mеtrum — өлшеу деген екі түбірдің қосындысынан құралған. Аталмыш термин ХІХ ғасырдың соңында бір топтың басқаларына деген ықпалын зерттеу үшін ағылшын әлеуметтанушысы мен психологы Джекобо (Якоб) Мореномен алғашқы рет қолданылады.

Социометрияның көмегімен тұлғааралық өзара әрекеттестікте анықталатын қалаудың, селқостықтың немесе қабылдамаудың сандық өлшемін шығаруға болады. Социометрия топ мүшелерінің арасындағы ұнатуды немесе ұнатпауды анықтау үшін қолданылады. Аталмыш әдс өте жедел жүргізіледі, оның нәтижелерін математикалық өңдеп, кесте түрінде шығаруға болады.



Социометриялық сұраудың негізіне: Сен кіммен бір партада отырғың келеді? Кіммен бірге демалғың келеді?; Кіммен ірге жұмыс жасағың келеді? деген сұрақтарды алуға болады. Таңдаудың – біріккен іс-әрекет бөліміндегі және көңіл-көтеру бөліміндегі екі бағыты ұсынылады. Таңдау қалаулылығының дәрежесін нақтылауға жәнетаңдауға ұснылған адамдардың санын шектеуге болады. Таңдаулар енгізілген матрицадан өзара ұнату мен ұнатпаулардың күрделі шиелінісін, социометриялық «жұлдыздарды» (көпшлікпен таңдалғандар), шеттетілгендерді (ешкіммен таңдалынбағандар) және сол полюстердің арасындағы аралық үзбелілердің тұтастай иерархиясын көруге болады.

Әлеуметтік- психологиялық зерттеу жүргізу үшін , алдымен бағдарлама құру дұрыс. Әр бір нақты зерттеуде шешілетін міндеттер, зерттеу обьектісі, зертеу проблемасын тұжырымдау, қолданылатын  ұғымдарды нақтылау және  де пайдаланылатын  барлық әдістерді анықтап алу қажет. Дұрыс құрылған бағдарлама негізінде ғана шын мәніндегі нәтиже алуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет