«Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік үрдістер» пәні дәрістері Тақырып Әлеуметтік құрылым


Тақырып 11. Қазақстан қоғамының стратификациялық процестерінің ерекшеліктері



бет12/17
Дата21.05.2022
өлшемі148,5 Kb.
#144423
түріҚұрамы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
лекция әлеумет құрылым

Тақырып 11. Қазақстан қоғамының стратификациялық процестерінің ерекшеліктері
Қазақ қоғамында еңбекті және әлеуметтік-экономикалық дифференциацияны қоғамдық бөлу процессі өзінің ұсынысымен қоғамдық пайдалы қызметтің құрылымында әртүрлі функциялардың және рөлдердің күрделі спектрінде көрінетін әлеуметтік институттар мен басқыштаушылықтарды ресімдеуде ие болды. Қазақ қауымының XIX ғасырдың орта шені аралығындағы қоғамдық топтарға бөлінуіне жеке адамдардың «ақсүйек» және «қарасүйек» дегендерге жатқызылуы ерекше тән болды. Бірінші әлеуметтік топ қоғамдық қатынастар құрылымында өздерінің әлеуметтік оңашаланғандығы мен жоғары қоғамдық мәнділіктерге қарай сырттан ешкім өте алмайтын жеке адамдардың артықшылықтармен пайдаланатын жабық корпорациясы тұрғысыңда танылды. Төрелер қазақ халқының құрамына рулардан басқа, генеалогиялық қатынастарға түспейтін субэтникалық топтарға кіреді. Көшпелі ұлыстар ішінде субэтникалық топтардың пайда болуы, этностың жалпы конфигурациясына енуі қызық құбылыс.
Субэтникалық деген ұғым этностан аздаған әлеуметтік-мәдени ерекшеліктері бар, өздерінің тілдік, территориялық оқшаулығы сезінген және ең бастысы өздерін бөлекше этнографиялық топ есебінде танитын этностың ішіндегі бөлшектерге қатысты қолданылады. Қандай дамыған этнос болмасын оның ішінде әртүрлі себептермен оқшау тұратын топтар кездесіп қалады. Сонымен қатар шығу тегі бөлек, бірақ көшпелі қазақ арасында өмір сүріп этникалық тіршілікке қатысып отырған кірме этностар да кездеседі. XVIII ғ. қазақ этносының құрамында осы айтылған екі топтың өкілдері мол. Көшпелі қазақ құрамына ертерек уақытта араласқан және этнос түзуші фактор қызметін атқарған субэтникалық топтардың бірі төрелер. Төрелер өз бастауларын сонау Шыңғысханнан, оның үлкен ұлы Жошыдан таратады. Қазақ хандығы қалыптасар ауыр кезеңде ұлыстарға билікті көбінесе Ұлы қағанның Орыс деген немересінен тарайтын тұқым жүргізді. Төрелер қазақ құрамында ақсүйек саналады, сұлтан мен хандар тек төрелердан сайланады.
Этникалық жағынан төрелер жабық, яғни эндогамды, әлеуметтік жағынан бір бірімен тығыз байланысқан топ. «Қарасүйектің» артықшылықпен пайдаланатын әлеуметтік топтары арасынан көшпелілер ұжымдарында сот билігін атқарушы билер сословиесі аса маңызды орын алды. «Би» деген сөздің, астары, - деп көрсетті Я.П. Гавердовский, - сөзге шешен, бай әрі шамдағай адамдар екенін біз ұғынуымыз керек». Қазақстандағы билердің артықшылықты жағдайы бәрінен бұрын құқықтық реттеудің, қазылықтың және жарастырушылықтың үлкен қоғамдық мәнімен айқындалды әрі мүліктік қатынастар жүйесінде айрықша құқықпен, соның ішінде кінәні іздестіру (билік жүргізу) ақысының оннан бірі түріндегі қосымша табысты иелену құқымен пайдаланатындығынан көрінді. Көшпелі қауымның қойнауынан сұлтандарға қарама-қарсы өсіп шыққан әлеуметтік үстем топ ру старшындары - билер еді. Билер де қазақтардың арасында үстем жағдайға ие болды. Олар ерекше құқықтық және экономикалық артықшылықтарды пайдаланды. Ру старшындары әуел бастан-ақ қауымдық қоныстардың едәуір бөлігіне иелік еткен, бірақ XIX ғасырдың бірінші жартысында мал өсіру дағдарысының күшеюіне байланысты олар зорлық жасап, таңдаулы қыстауларды өздерінің жеке меншіктеріне ала бастады. Байыған ру старшындарының, яғни билердің кейбір ауылдары сұлтандардың ауылдары сияқты ру қауымдарынан бөлек көшетін болды.
Сонымен бірге ру билері хандармен және сұлтандармен қатар сот-талап істерін қарап, кірісті бөлуге қатысты. Тек «қарасүйектің» өкілдері ғана би бола алатын, шыңғыстықтар би болып сайлана алмайтын; бірақ сот істерін талқылауға бұлар да қатысатын. «Би» сөзінің қайдан шыққаны осы кезге дейін әлі толық анықталған жоқ. Құрбанғали Халид Оғлы «би» деген сөз «бек» немесе «биік» сөзінен шыққан деп дәлелдемек болады. «Бек - кейбір чиновниктер мен лауазымды адамдардың атағы, патша әулетіне қызмет ететін адамдарға берілетін атақ, кейбір шетелдік өкілдерге берілетін атақ: Сефир-бек, Консулус-бек; автономиялы облыстардың әкімдеріне берілетін атақ. Бұл мағынада «бек» дегек атақ «ргіпсе» деген атаққа тең. Әдеттегі құқық нормаларын сақтаушы және түсіндіруші болғандықтан, билер қазақ қоғамыңда көрнекті орын алды. ХVIII-ХІХ ғасырлардың орта шенінде Қазақстандағы батырлардың - әскери көсемдері әлеуметтік тобының үлкен беделі мен саяси ықпалы болды. Е.К.Мейендорфтың айқындауы бойынша қазақтар батыр деп батыл, әділ және тапқыр адамдарды айтады, соғыс кезінде – бұлар нағыз шабандоздар». «Батыр» атағы ешқашанда мұрагерлікке қалдырылған емес, оны әркім жеке басының ерлігімен алып отырды. Батырлардың үстем тапқа жатқызылуы қазақ қоғамындағы қарастырылып отырған тарихи кезеңдегі әскери-басқару құрылымының үлкен рөл атқаруымен, демек, әскери қарсыласу дәуірінде батырлар да көсемдер ие болатын зор билік ықпалымен анықталды. Қазақстанның шекараларындағы әскери-саяси жағдайдың салыстырмалы түрде тұрақтана бастауына байланысты XIX ғ. ортасында бұл жүйе өзінің маңызын жоғалтып, бірте-бірте екінші қатарға ығысты. Әлеуметтік категория ретінде батырлар институтының қалыптасуы әскери-феодал шонжарлардың пайда болуымен тығыз байланысты. Ал «батыр» терминінің өзі қазақтарда өте ерте заманда пайда болған.
«Батыр» деген сөз «багадур» және «бакхатур» деген түрік сөздерінен шыққан. Қазақ халқы тарихының сонау алғашқы дәуірінде-ақ қазақ даласы сыртқы жаулардың шапқыншылығына ұшыраған кезде, оларға қарсы күресу үшін өздерінің қолбасшылары бар арнаулы жасақтар құрыла бастады. Осы жасақтардың шайқастарда ерекше көзге түскен жетекшілерін қазақтар «батыр» деп атады. Қазақ және басқа түркі тілдерінде «батыр» сөзі «күрескер», «қаһарман», «ер», «ержүрек», «жаужүрек» деген мағыналарды білдіреді. Қазақ қоғамында күрделі этникалық процестердің негізінде пайда болған этнографиялық топты төлеңгіттер деп атайды. XVIII ғасырда дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік организмінің бір жүйесі ретінде қалыптасқан құбылыс — төлеңгіттер институты болып табылады. Көшпелілер мемлекеттілігіндегі дәстүр талапқа сай «ақсүйектердің» маңайына шоғырланған төлеңгіттер, саяси билікті нығайтудың ерекше құралы ретінде қызмет атқарады. Қолда бар деректерден аталмыш кезеңде төлеңгіттер хандар мен Ұлыс сұлтандарына өте сенімді адамдары екенін дипломатиялық және орда ішіндегі маңызды істерді тындыратының, осылардың ең бастысы әскери қызметшілері болғанын көреміз.
Төлеңгіттер – Қазақ хандығындағы әлеуметтік топ, ханның жансерігі, хан билігі сүйенетін әскери жасақ. Төлеңгіттер көмегімен хандар мен сұлтандар халықтан салық жинаған, жайылымдарын қарап жүрген. Сонымен қатар төлеңгіттер дипломатиялық бұйрықтарды орындап отырған. Төлеңгіттер көбінесе жаугершілік кезінде қолға түскен тұтқындардан құралған. Аңыздар төлеңгіт деп халқымыз алғашқыда Хан мен сұлтандардың қолына тұтқынға түскен Алтай телеуіттерін және олардың бірте-бірте төренің айналасындағы күтушілеріне айналуын атап кеткен сияқты. Дегенмен ғалымдарымыздың келесі бір жағы «төлеңгіт» сөзінің мән — мағынасы қазақ тіліндегі «төреңді күт» деген ұғымды білдіреді деп айтады. Қазақтардың әскери-саяси құрылымы рулардың өте күшті әскери және саяси қарым-қатынасының басқалардан басым болу нысанында құрылды. Бұл ретте осы ұйымда алғаш рет ядро жасақталды. Мәселен, Абай секілді ірі мемлекет қайраткерінің күші мен беделі – Орта жүз құрамындағы ірі ру – арғындардың құдыретімен негізделді; көшпелі шекті және төртқара күшінде – Қайып хан; наймандарда – Барақ хан; қыпшақтарда – Кенесары Қасымов және т.с.с. осы негізде мемлекеттік құрылым – хандық құрылды. Әскери-саяси ұйымның құрылымы әдетте орташа алғанда 10 мың адамды қамтыды және Кенесары Қасымовтың қозғалысы жылдарында олардың саны 20-25 мың адамды құрады. Көршілес мемлекеттер тарапынан (мысалы, Жоңғария) үлкен көлемді басқыншылық болған кездер ерекшелік болды, ол кезде әскери әрекеттерге ересек ер адамдар тобы басым қатысты.
Хандық билікті ұйымдастыру. Қазақстандағы жоғары билік тек қана шыңғыстықтардың (төре) династиясынан сайланған ханның қолына шоғырланды. Хандық билік мұрагерлік болып есептелді. Ханның заңды мұрагері болып, әдетте оның балалары, ағалары және немерелері танылды. Мұраға қалдыру механизмінің негізінде меритократия принципі жатты, соған сәйкес сирек кездесетін ойға және қоғамға шынайы саяси әсер ететін адамдар хан болып сайланды. Көшпенділерде ондай ойға генеалогиялық иерархияда құрметті орынға ие, айтарлықтай ірі және күшті рулардағы басшылар немесе ру одақтары: арғындар, шектілер, наймандар ие болды. Сондықтан, Қазақстанда жоғары билікті ұстанушылар құдыретті рулардан пайда болған төре өкілдері болды. Алайда, кез-келген жағдайда хан тағына иелік ету тек қана қазақтардың атақты съездерінің келісімімен жүзеге асырылды. Қазақ қоғамында жоғары билік деңгейінде саяси реттеу функциясын ханның жақын туыстары орындады. Хан оларды ірі ру-тайпа бөлімшелеріне сұлтан етіп тағайындады, ол көшпелі ұжымда маңызды сепаратизмді билеуге және көшпенділердің шаруашылық және қоғамдық-саяси өмірін үйлестіруді жүзеге асыруға мүмкіндік туғызды. Осыған байланысты, қазақтарда хандық биліктің күші және тиімділігі хан мен беделді сұлтандардың арасындағы тәуелді байланыстың қаншалықты мықты екендігі анықталды. Хандық кезінде қазақтардың әдеттегі құқығында нақты регламенттелген құзыреті жоқ, хан кеңесі деп аталатын мерзімдік құрылатын органдар болды.
Жоғары билік субъектілері мен саяси құдіретті көшпелі беделділер арасындағы шынайы қарым-қатынасқа байланысты қазақ қоғамындағы бұл органның атауы ауысып тұруы мүмкін болды. Қорытынды: Нақты қоғамның әлеуметтік құрылымы әрқашан эволюция нәтижесінде пайда болған, әртүрлі әлеуметтік рөльдермен, позициялармен ерекшеленетін стратификациялық жүйе болып табылады. Бұл жүйе еңбек бөлінісі мен осы қоғамдағы құндылықтар мен мәдени стандарттар жүйесімен анықталады. Әлеуметтік стратификация теориясында реттелген белгілер (критерийлер) болады. Мұнда олардың әрқайсысының әлеуметтік маңызы ескеріледі. Оның қатарына жеке меншік формасы, табыс мөлшері, билік көлемі, бедел, ұлттық белгілер, білім, мәдениет түрлері және т.б. кіреді. Әлеуметтік топ – бұл экономикалық, саяси және кәсіби статустарға, позицияларға ие адамдар қауымдастығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет