«Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік үрдістер» пәні дәрістері Тақырып Әлеуметтік құрылым



бет15/17
Дата21.05.2022
өлшемі148,5 Kb.
#144423
түріҚұрамы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
лекция әлеумет құрылым

Ежелгі кезең (V ғ. дейін) — алғашқы мемлекеттер Ежелгі МысырКарфагенніңГрекияЕжелгі Римнің дамуы мен күйреуі.

  • Орта ғасырлық кезең (V -ХV ғ.) — ұлан ғайыр құрлық жерлерді әр түрлі мемлекеттер өзара бөліседі: Киев РусіВизантия, Мәскеу (Орыс), мемлекеті, “Қасиетті Рим империясы”, ПортугалияАнглияГермания.

  • Ұлы географиялық ашылулар кезеңі — АмерикаАфрикаҮндістан, Оңтүстік Шығыс Азия, Аустралияның зерттелуі.

  • Жаңа кезең (ХV - ХVІ ғ) — Англия мен Францияның көтерілуі, отаршылдықты жүргізе бастауы. Дүние жүзі державаларының бөліске салынуы, Африка жерлерін отарлау.

  • Әлемнің I және II дүние жүзілік соғыстан кейінгі өзгерісі — Ірі Осман империясының әлсіреуі, Босния мен ГерцоговинаАустрия,Венгрия қосылды. Чехословакия мен Польша пайда болды. Батыс Украина, Батыс Белоруссия, Балтық жағалауы, Оңүстік Сахалин КСРО-ға қосылды.

  • Дүниежүзілік социалистік жүйенің кұрылуы мен күйреуі — Колониализмнің ыдырауы.

Әлем халқы


Халықтар географиясы
Демография адам популяциясын оның көлемі мен құрылымына сәйкес, яғни жынысы, жасы, отбасылық жағдайы және этникалық шығу тегі бойынша, сондай-ақ, осы популяцияның туу, өлу және миграция коэффициенттеріндегі өзгеруі тұрғысынан статистикалық зерттеу.
Адамзат тарихының басым бөлігінде әлем халқы баяу өсті, әлем халқы алғашқы миллиардқа тек 1800-1804 ж. жеткен. Ал XX ғасырдың аяғына қарай 6 млрд-тан асты. Жер бетіндегі халық саны үнемі артып отырды.

Дүниежүзілік халықтың санының болжамы.


1900 жылы 1,5 млрд, 1960 жылы 3 млрд, 2000 жылы 6 млрд-қа жетті. Демографиялық күрт өрлеу процесінің ең жоғары қарқыны (20% жуық) 60-жылдары болды. Ал 80-ші жылдары бұл көрсеткіш 17% төмендеді. Бұл демографиялық өтпелі кезең деп аталады. Елдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты табиғи өсімнің өзгерістері:

  1. туудың көптігі, өлімнің көптігі (Африка елдері);

  2. туудың көптігі, өлімнің азаюы (Азия мен Латын Америкасы );

  3. туудың аздығы, өлімнің аздығы (Жапония , Шығыс Еуропа, Ресей, ҚХР).

Демографиялық саясат — әр мемлекеттің халқының табиғи өсімін және халық санына байланысты мәселелерді шешу үшін жүргізілетін шаралар. Әр мемлекетте демографиялық саясат бағыты әр түрлі жүргізіледі. Көптеген дамушы, әсіресе, халық саны көп елдерде қазіргі адамдардың өмір сүру деңгейі одан әрі құлдырап кетпеуі үшін адамның табиғи өсімін шектеуі, ал, дамыған елдерде керісінше, бала тууға ынталандыру шаралары жүзеге асырылады.
Халықтардың нәсілдік және этностық құрылымы
Жер шары халқының этностық (ұлттық) құрамы – ұзақ тарихи процестің нәтижесі. Қазіргі уақытта дүние жүзінде этностық қауымдастықтардың әр алуан түрлері: жекелеген тайпалар, рулас тайпалар топтары, ұлыстар, ұлттар бар. Нәсілдік құрам - тұқым қуалау арқылы берілетін ұқсас сыртқы (дене) пішіндері (терісінің түсі, шашы мен көзі, мұрны мен еріндерінің пішіні, бойы мен дене пропорциясы, сондай-ақ кейбір "жасырын" белгілері) бар адамдардың тарихи қалыптасқан топтарының саны мен үлесі. Әр түрлі нысандардың таралу ареалдары сәйкес келмейді, сондықтан нәсілдік шекаралар анық емес және шартты болып келеді. жер бетінде негізгі үш нәсіл бар:

  • Еуропоидтік 

  • Моңғолоидтік

  • Экваторлық нәсіл (негроидтер, австралоидтер, негравстралоидтер),

Сонымен қатар аралық және аралас нәсілдік топтар (эфиоптар, малагасийліктер, полинезиялық, меланезиялықтар және т.б.) бар.
Этностық құрамы
Жер шарында түрлі тайпаларрулас тайпалар, ұлыстар, ұлттар бар. Этностық қауымдардың негізгі белгілеріне тіл, аумақ, мәдениет жатады. Жер бетін 4 мыңдай түрлі халықтар мекендейді. Бірақ мемлекеттік және этностық шекаралар өзара сәйкестендіріле орналаспаған. Жер бетіндегі мемлекеттердің жартысына жуығы бір ұлтты (ДанияШвецияЖапония) болып келеді және көп ұлтты (Ресей мен АҚШ) мемлекеттер бар. Дүние жүзінде көп таралған тілдер: қытай тілі (1 млрд-тан астам адам), ағылшын тілі (400 млн), хинди (300 млн), испан (280 млн), араб (230 млн), орыс тілі (220 млн).
Діни құрамы
Дүние жүзінде негізгі үш дін бар:

  • христиандықкатоликтікправославиепротестанттық (ЕуропаАмерикаАустралия елдері);

  • мұсылмандықсүннеттер мен шииттер (Азия мен Африка - Сауд АрабиясыТүркияИранИракАуғанстанПәкістанМароккоИндонезияҮндістанҚазақстан, Кавказдың кейбір елдері);

  • буддалықНепалдықтарБирмалықтарҮндіқытайҮндістанШри-ЛанкаҚытайМоңғолия.

Сонымен қатар индуизм, конфуциишілдік, ситоизм, иудаизм ұлттық діндері бар.
Халықтың орналасу географиясы
Жалпы 1945 жылдардың соңынан бастап дүние жүзі мен оның жеке аймақтары тұрғын халқының есебін БҰҰ- ның экономикалық және әлеуметтік кеңесіне қарасты Халықтың орналасуын зерттеу комиссиясы жүргізді. 1949 жылдан бастап, бұл Комиссия жыл сайын «Демографиялық жылнама» басып шығарып отырды.
Жер бетінде халық әр түрлі таралған Шығыс Жарты шарда Батыс Жартышарға қарағанда халық көбірек шоғырланған, солтүстік Жартышарда оңтүстік Жартышардан тығыз шоғырланған. Жердегі халықтың орташа тығыздығы бір шаршы шақырымға 30 адамнан артығырақ келеді. Еуропа мен Азияда бір шаршы шақырымға 100 адамнан, ал Солтүстік және Оңтүстік Америкада бұдан екі есе, Аустралия мен мұхиттық аралдарда 10 есе аз. Халықтың ең көп шоғырланған аумақтары:

  • Шығыс АзияҚытайЖапония, КХДР, Корея Республикасы 1 млрд-тан астам адам бар;

  • Оңтүстік АзияҮндістанБангладешШри-ЛанкаПәкістан - 1 млрд адам;

  • Оңтүстік-Шығыс АзияИндонезияТайландФилиппиндерМалайзия - 300 млн-нан астам халық;

  • Еуропа;

  • Атлантикалық аймақ: АҚШ-тың солтүстік шығыс бөлігі.

Қалалар және урбандалу
Нью-Йорк -8,5 млн халық, ал агломерациясында 20,6 млн адам тұрады.
Дамыған елдерде қалатұрғындары 75-80%, ал дамушы елдерде 40-50%. Қазір жер шарының жартысынан көбінде қала халқы тұрады. Урбандалу дегеніміз - қалалар мен қала халқының көбеюі, қалалардың ролінің артуы.  Бір-біріне жақын орналасқан ірі қалалардың қосылуын агломерациялар деп атайды. Мысалы, Мәскеу агломерациясында 12 млн адам тұрады. Урбанизацияның ең жоғарғы буыны мегаполюстер агломерациялардың қосылуы. Мысалы, Бостон-Вашингтон (40 млн-ға жуық адам), Нью-ЙоркФиладельфия және т.б. Қалалардағы адамдардың қала маңына шоғырлануы субурбанизация деп аталады. Қала халқының үлес салмағы индустрияландырудың көрсеткіші. Дамушы елдерде урбанизация деңгейі төмен, қала халқының үлесі 30-41%. Мысалы, Латын АмерикасыАзия елдері. Ауыл-село халқы жер бетінде шамамен 18-20 млн.
Халықтың көші-қоны
Халқының саны басқа елден көшіп келушілердің есебінен өзгеруін - механикалық қозғалыс деп атайды. Адамдардың бір елден басқа елге қоныс аударуы - миграция деп аталады. Адамдардың өзге елдерге тұрақты тұруға кетуі - эмиграция, ал басқа елден келіп тұрақтануын иммиграция деп атайды.
Миграция сальдосы 2008 жыл: оң мән (көк), теріс мән (қызғылт), нөлге жақын (жасыл), мәлімет жоқ (сұр).
Алғашқы көші-қон қарқыны Еуропа елдерінен Солтүстік АмерикағаОңтүстік АмерикағаАфрикағаАустралия мен Жаңа Зеландияға және т.б. жерлерге тарады. Мысалы, АҚШ халқының көп ұлтты болуы миграцияға байланысты 
Қазіргі негізгі сыртқы көші-қоң бағыттарының жоғары аймақтары: Солтүстік Америкадан (Куба, Мексикадан Еуропаға, Оңтүстік Америкадан Солтүстік Америкаға, Оңтүстік Шығыс Азиядан Парсы шығанағы елдеріне дейін).
Ішкі миграцияның негізгі бағыттары Шығыс Еуропадан Ресейге, Азиядан Еуропаға, Солтүстік Африкадан Еуропаға, Үндістаннан Еуропаға, БразилияПарагвайдан Аргентинаға дейінгі аймақтар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет