Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттер»



Дата23.08.2017
өлшемі1,01 Mb.
#25071
түріСабақ
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы

«№3 нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат» КММ

Тарих пәні мұғалім: Ақжигитова Карлыгаш Нургазиновна
6 сынып.Ежелгі Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттер»

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: Сақтар туралы алғашқы мәліметтер, сақ тайпаларының қоныстануы, сақ қоғамы туралы жан-жақты түсінік беру;

Дамытушылық: Оқушының ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін ашатын сұрақтар қою, сұрақ-жауап әдісі бойынша сабақтың тақырыбына сай білімін толықтыру;

Тәрбиелік: Оқушыларды еліміздің өткен тарихына құрметпен қарауға, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Коррекциялық;Ұсыныс бойынша көру қабілетінің кемшіліктерін түзету.

Сабақ түрі: дәстүрлі

Сабақ көрнекілігі: тест, карточка,
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Көшпелі бақташылық-шаруашылықтың негізгі түр»

А) Тест сұрақтары.

1. Жайылымның неше түрі бар?

А) 2            Б) 4

Ә) 3            В) 5

2. Малды алысқа ұзатып жаятын жайылым ...

А) қыстау            Б) көктеу

Ә) күзеу              В) жайлау

3. Көктемгі жайылым қалай аталады?

А) жайлау           Б) күзеу

Ә) көктеу            В)қыстау

4. Қыс жақындағанда қоныстанатын, қыстауға жақын жайылым қалай аталады?

А) жайлау           Б) күзеу

Ә) көктеу            В)қыстау

5. Біздің заманымызға жеткен ежелгі мерекенің бірі

А) Наурыз мейрамы    Б) Бірлік күні

Ә) Жаңа жыл мейрамы         В) Дұрыс жауап жоқ

Дұрыс жауаптары:

1. Б) 4
2. В) жайлау
3. Ә) көктеу
4. Б) күзеу
5. А) Наурыз мейрамы
ІІІ. Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттер»

Жоспар:
1. Сақтар туралы алғашқы мәліметтер
2. Сақ тайпаларының қоныстануы
3. Сақ қоғамы

Дәптермен жұмыс.

Сақтар туралы жалпы мәлімет

1. Парсы патшаларының тастағы сына жазуы
2. Грек-рим авторларының шығармалары
3. Герадот пен Страбон

КӨЗГЕ АРНАЛҒАН СЕРГІТУ ЖАТТЫҒУЫ 

Сақтар:


Теңіздің арғы                                Шошақ бөрік киіп                       Хаома сусынын

жағындағы сақтар–                      жүретін сақтар-                          дайындайтын сақтар -

парадарайа                                  тиграхауда                               хаомаварга

Қара теңізінің солтүстігі,              Сырдарияның орта                    Мургаб аңғарында өмір

Арал теңізінің маңы,                    ағысы, Тянь-Шань,                     сүрді.

Сырдария мен                             Жетісу.

Амударияның төменгі ағысы.

Сақ қоғамы:

1. Жауынгерлер – киім түсі-қызыл, сары қызыл
2. Абыздар – киім түсі ақ
3. Малшылар мен егіншілер – киім түсі сары, көк.
Кітаппен жұмыс беріледі. Сол тақырып бойынша қорғайды

Сақтар –Сақтар туралы мәліметтер. Герадоттың «Тарихынан» үзінді.

Тиграхауда –Сақтар туралы мәліметтер. Страбонның «Географиясынан» үзінді.

Парадарайа – Сақ тайпаларының қоныстануы.

Хаумаварга – Сақ қоғамы.

Жаңа сабақты бекіту.

6. Көшпелілердің баспанасы қалай аталады?

А) үңгір              Б) киіз үй

Ә) ағаш үй          В) олардың баспаналары болмаған

7. Төрт түлік малға жатады . . .

А) жылқы            Б) сиыр

Ә) қой                 В) жоғарыда аталғанның барлығы

8. Көшпелілік мәдениет қалыптасты

А) неолитте                  Б) энеолитте

Ә) мезолитте                В) ерте темір дәуірінде

9. Батыс Қазақстанның шөлді аудандарында өсірген түлік

А) сиыр               Б) түйе

Ә) жылқы            В) ешкі

10. Ежелгі Қазақстан тұрғындарының көшпелі мал шаруашылығымен айналысуға көшу себебі

А) көрші халықтарының ықпалынан     Б) жаңа еңбек құралдарының пайда болуынан

Ә) климаттың өзгеруінен               В)ежелгі Қазақстан тұрғындары мал шаруашылығымен айналыспады
VI. үй тапсырмасын беру.
6. Б) киіз үй
7. В) жоғарыда аталғанның барлығы
8. В) ерте темір дәуірінде
9. Б) түйе
10. Ә) климаттың өзгеруінен

6 сынып.Ежелгі Қазақстан тарихы.

Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі


Мақсаты:
Білімділік:Сақ тайпаларының ел қорғаудағы ерліктері туралы толық түсінік беру.
Дамытушылық:Оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз бетінше жұмыс жасауына, шығармашылықпен айналысуына ықпал жасау, бағыт - бағдар беру.
Тәрбиелік:Жерін, елін қорғаған ержүрек сақ тайпаларының ерлігіне оқушылардың көңілін аудара отырып, олардың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, ұлтжандылыққа баулу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Көрнекілігі: Карта, Алтын адамның суреті,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс.
Сақтар ертедегі тарихи деректе қалай аталғандығын анықта
«Тиграхауда» тобы -"Деректермен жұмыс жаса"
Геродот сақтардың тұрмыс - тіршілігі туралы не деп жазды?
Грек тарихшысы Ктесийдің дерегі бойынша сақ әйелдерін сипаттаңдар
ІІІ. Жаңа сабақ.
Шабуылдар: 1. Б. з. б 522 ж Кир
2. Б. з. б 518 ж І Дарий
3. Б. з. б ІVғ А. Македонский

Б. з. б VІІІ - VІІ ғасырларда сақ тайпалары Ассириямен, Мидиямен қарым - қатынас жасады. Көрші парсы мемлекетімен соғыс одағын құрды. Парсы патшасы Кир бұл одақты місе тұтпай, сақтарды жаулап алуға бірнеше рет жорық жасады. Бірақ, нәтижесінде парсы әскерлері жеңіліп, Кир патша соғыста қаза табады.


Кирдің жеңілісінен кейін 11 жылдан соң І Дарий қалың қолды бастап, сақтарға аттанады. Грек тарихшысы Полиеннің суреттеп жазуы бойынша сақ жылқышысы Шырақ парсыларды алдап, сусыз шөлге апарады. Парсы әскерлері шөлден қырылады. Шырақ парсылардан осылай кек алады.
Алайда, ұзақ жылғы соғыстан кейін сақтар парсыларға тәуелді болып, оларға алым - салық төлеп тұрады.
Б. з. б ІV ғ сақ жеріне тағы бір қауіп төнеді. А. Македонский Орта Азияға басып кіріп, Самарқанды жаулап алады. Македонскийдің бұл соғысы сәтсіз аяқталады. сақ тайпалары сырттан келген жауларына күш біріктіре отырып, қарсы күресіп, өз жерлерін, тәуелсіздігін қорғап қалды.
1. Кирдің Томириске жазған хаты туралы не түсіндің?
2. Кир сақ жауынгерлерін қалай тұтқынға алды?
3. Томирис Кирге қандай хат жолдады?
4. Томиристің баласы Спаргапис қандай қателік жіберді және олнеге өзіне - өзі қару жұмсады?
ІV. Сабақты бекіту

1. І Дарий сақ еліне қай жылы соғыс ашты?


2. Елінің тәуелсіздігі үшін Шырақ қандай ерлік көрсетті?
3. А. Македонский сақ еліне жорығы қалай аяқталды?
4. Кир, І Дарий сияқты парсы патшаларының сақтарды жеңе алмау себебі неде деп ойлайсың?
V. Қорытынды
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Томирис – сақ патшайымы

І Дарий – парсы патшасы

Спаргапис – Томиристің ұлы

Ескендір Зұлқарнайын – ұлы грек қолбасшысы

Шырақ  – сақ бақташысы

Гобри –  парсылардың қарт қолбасшысы

Кир – парсы патшасы



6 сынып.Ежелгі Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы: Көшпелі мал шаруашылығы - тіршіліктің қайнар көзі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Темір дәуіріндегі тұрғындардың отрықшылықтан көшпелі мал шаруашылығына ауысуы,тебіндік жайылым,төрт түлік мал туралы түсінік бере отырып,оқушылардың білімін арттыру .
Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін,қабілетін дамыта отырып,жаңа тақырыпты меңгерту.
Тәрбиелік:Оқушыларды отансүйгіштікке,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас
Көрнекілігі: сурет, кесте.

Сабақтың барысы


І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс.


Тас дәуірі(б.з.б 2 млн 600- 12 мың жыл)

Палеолит - ерте палеолит 2млн 600 - 40мың жыл


кейінгі палеолит 40-12 мың жыл

Мезолит- орта тас дәуірі 12-5 мың жыл

Неолит- жаңа тас дәуірі 5-3 мың жыл

Энеолит- мыс- тас дәуірі 3000-1800 жыл

Жаңа сабақ жоспары:
1. Темір дәуіріне сипаттама
2. Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы
3. Тебіндік жайылым
4. Төрт түлік мал
Қола дәуірі - б.з.б 2 мың жыл - б.з.б. VIII ғасыр

Ерте қола б.з.б. XVIII- б.з.б.XVI ғасырлар

Орта қолаб.з.б. XVI-XII

Кейінгі қола б.з.б. XII- VIII


Ерте темір дәуірі б.з.б 8 ғасырдан б.з-дың 4 ғасыр.

Екі кезеңнен тұрады


Алдыңғы ерте (б.з.б. 8-3 ғасырлар)

Кейінгі ерте (б.з.б. 3- б.з.-дың 4 ғасырлар)

Темір дәуірі

Қола дәуірі

Тас дәуірі

Қола дәуірінің мәдениеттері

МЫСАЛЫ темір дәуірі жөнінде күтілетін жауап .
Темір дәуірі - адамзат тарихындағы аса маңызды өзгерістердідүниеге әкелген жаңа кезең.
1.Рулық-қауымдастық құрылыс жетілді
2.Адам санының өсуі
3.Тайпалық одақтар құрылды

Сақтар, сарматтар, ғұндар, үйсіндер,қаңлылар


4.көшпелі мал шаруашылығы қалыптасты.
Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы

Қазақстан далаларында шамамен б.з.б. 2 мыңжылдықтың соңына қарай егіншілікпен шұғылданудың пайдасыз екені белгілі болды. Әр түрлі өсімдіктерге бай дала қатты тікенді жантақ пен изенді сорға, сусыз құмды жапан далаға айнала бастады. Табиғатта құрғақшылық бел алып, жауын-шашын азайды. Егіншілікпен шұғылдану қиындады.


Мұндай жағдайда дала тұрғындары шаруашылықтың жаңа тәсілін - көшпелі мал шаруашылығын ойлап тапты. Олар бірте-бірте көшпелі өмір салтына көшті.

2. Көшпелі мал шаруашылығы қалыптасуы

1. Табиғатта құрғақшылық бет алып жауын шашын азайды. Егіншілік пен шұғылдану қиындады
2. Ат абзелдерін жетілдіру жылқыны көлік ретінде пайдалануға мүмкіндік берді
Көшпелілер ат әбзелдерін үнемі жетілдіріп отырды. Олар үзеңгіні, ауыздықты, ерді ойлап тапты.( 78 беттегі суретке назар аударыңдар)

3. Қыштан, шыныдан, металдан жасалған көлемді заттар анағұрлым жұмсақ әрі жеңіл материалдармен: былғары, киіз, ағашпен алмастырылды.


4. Табиғаттың дайын өнімін пайдаланған аңшы -терімшілер сияқты емес, көшпелілердің өздері өнім өндірді. Малшылар жылқы, түйе, қой мен сиыр ұстады.
5 .Мал басының көбеюі жаңа жайылымдарды қажет етті.
Төрт түлік мал өсірілді (суреттер пайдалану)

1.Жылқы - суыққа төзімді, тебіндеп жайылады, керек азығын қар астынан тұяғымен аршып алады, арнайы қораның да қажеті жоқ.


2. Түйе - жүк көлігі ретінде пайдаланылды. Олар жылдам қозғалады, ауыр жүк көтере алады. Олар сусыз және қорексіз ұзақ күнге шыдайды.
3. Сиыр - тебіндеп жайылуға икемсіз, арнайы жемшөп әзірлеуді қажет етеді.
4. Қой - көп күтімді қажет етпейді, кермек суды іше береді, тіпті су жоқ болса, қар жейді. Суық пен ыстыққа төзімді. 
6. Мал басының көбеюі жаңа жайылымдарды қажет етті
Қыстау

Күзеу


Жайлау

көктеу


Мәтін мен жұмыс

1 Қазақстан далаларында шамамен б з б 2 мың ж - ың соңына қарай....................


шұғылданудың пайдасыз екені белгілі болды
2 Көшпелі мал шаруашылығы артық.................... алуға................ мүмкіндік берді
3 Дала тұрғындары шаруашылықтың жаңа тәсілі -....................................... ойлап тапты.
4 Дегенмен - де табиғаты ежелден егіншілік пен отырықшылыққа қолайлы............................. аймағында жартылай көшпелі мал шаруашылығымен бірге отырықшы өмір салты.................... қатар дамыды
5 Көшпелілердің өздері................. өндірді

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1-топ. Тиісті сөздерді тап.

1. .................берік әрі салмақты металл


2. Біздің еліміздің тарихында ерте темір дәуірі..................................
аралықты қамтыды
3. Мал басының көбеюі ......................................... қажет етті?

4.Қазақстан далаларында шамамен б.з.б. ............................................соңына қарай егіншілікпен шұғылданудың пайдасыз екені белгілі болды.

ҮI. Бағалау Ү. Үйге тапсырма §24-25 Көшпелі мал шаруашылығы.

Тест тапсырмасы

1.Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың темірді ашу және кеңінен пайдалана бастаған кезеңі

А) б.з.б 4мыңжылдық

Ә) б.з.б 5-3 мыңжылдық аралығы

Б)б.з.б 1 мыңжылдықтың соңы

в) б.з.б 8 ғасыр

2.Ертедегі темір өңдірудің қарапайым тәсілі

А) домна пеші

Ә) пеш көрік

Б) қазандық

в) мартен пеші

3 Ежелгі Қазақстан тұрғындарының көшпелі мал шаруашылығымен айналысуға көшу себебі

А) көрші халықтардың ықпалымен

Ә) климаттың өзгеруінен

Б) жаңа еңбек құралдарының пайда болуынан

в) ежелгі Қазақстан тұрғындары көшпелі мал шаруашылығымен айналыспады.

4. Батыс Қазақстанның шөлді аумақтарында өсірілетін түлік

А) сиыр

Ә )жылқык



Б) түйе

в) ешкі


5. Тебіндеп жайылуға икемсіз, жемшөп әзірлейтін түлік

А) сиыр


Ә )жылқык

Б) түйе


в) ешкі

6 сынып.Ежелгі Қазақстан тарихы.
Сабақ тақырыбы: Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік:Қазақ халқының ата-тегі болған тайпалар мен рулар туралы айта отырып, сақ тайпаларының тұрмысы мен шаруашылығы,қолөнер кәсібі,діни нанымдары мен ғұрыптары туралы білімдері туралы толық мәлімет беру. 
Дамытушылық: Оқушылардың білімін жетілдіруге ,қосымша ізденуге бағыт-бағдар беру ,ой өрісін дамыту. 
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,оларды өз елін ,жерін сүйетін ұлтжандылыққа ,қайсарлыққа баулу. 
Сабақтың түрі: Аралас сабақ. 
Көрнекілігі: Қазақстан картасы, кестелер,
Сабақ барысы: 
І.Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. 
Кімнің сөзі 
1.«Дұшпанға-қатал,досқа-адал» ---- грек тарихшылары айтқан.
2.«Сақ әйелдері ержүрек келеді,соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетіп ұрысқа араласады» ------- грек авторы Ктесий . 
3.«Садақпен,қылышпен және қола балталармен қаруланған, сауыт киген» ---грек авторы 
Страбон. 

Сұрақтар: 
1.Б.з.б.І мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпа. 
2. .Арал теңізінің солтүстік-шығыс жағасын мекендеген сақ тайпаларын жазба деректерде қалай атаған. 
3.Сақ жауынгерлері киген киім түсі. 
4.Сақ патшайымы кім. 
5.«Сақ» сөзінің мағынасын парсы жазбаларында қалай атаған. 
6.Иран жазбаларында «Сақ» сөзі қандай мағына береді. 
7.Сақ қоғамының 3-ші тобы. 
8.Дарий қай елдің патшасы. 
9.Грек географы кім. 
10.Сақ қоғамында ақ түсті киім кигендер. 

ІІІ. Жаңа сабақ. Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы. 
Жоспары: 1.Сақтардың тұрмысы. 
2.Шаруашылығы 
3.Қолөнері кәсібі 
4.Діни нанымдары мен ғұрыптары 
Аспан әлемі 
Сақтардың ойынша 3 әлем Жер үсті әлемі 
Жер асты әлемі бар деп есептеген 
Олардың түсінігі бойынша әлемнің төрт бұрышы оң,сол,алдыңғы,артқы жағы болады.Сақтардың діни нанымдары мен ғұрыптардың негізгі бағыты ата-баба аруағына сиыну болып табылады. 
Осыған байланысты олар арнайы рулық зираттарға мәйітпен қоса, оның дүние мүлкін қоса жерлеген. Себебі, олар өлген адамның аруағына сиынып қызыл бояу жағып, қабір басына от жағу—от пен күннің белгісін білдіреді. Осындай от орындарын археологтар Жетісу жерінен тапты.Сақ аңыздарында отырықшы сақтар киелі деп жерге, көшпелі сақтар күнге, отқа және соғыс құдайына табынған. 

IV.Жаңа сабақты бекіту. 

Тарихи сынақ хат. 
1.Ұсталар ___________ жасалған қалыптарды пайдалана отырып,_______ құйды,қару-жарақ соқты. 
2.Сақтарда мәйітке __________ жағып, қабір басына от жағу _____________ белгісін білдіреді. 
Сөзжұмбақ: «Сақтар» 
1. Геродот сақтарды қалай атады? /скиф/ 
2. Шошақ бөрікті сақтар қалай аталды? /Тиграхауда/ 
3. Сақтарда жақсы дамыған өнер түрі: /Қолөнер/ 
4. Көшпелі сақтар неге табынды? /от/ 
5. Парсы патшасы I Дарийге қарсы шайқаста ерлік көрсеткен сақ жауынгері: /Шырақ/ 
6. Сақ патшайымы: /Томирис/ 
Қорытынды. 
Үйге тапсырма: «Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы», тест сұрақтары

Тарихи сынақ хат. 
1.Ұсталар тастан,саздан жасалған қалыптарды пайдалана отырып, қазандар құйды,қару-жарақ соқты. 
2.Сақтарда мәйітке қызыл бояу жағып, қабір басына от жағу отпен күннің белгісін білдіреді. 

тест тапсырмасы. 
1.Қатты суық кездерде ағаш үйлер немен жабылған. 
а/ қалың шөппен 
ә/ қалың ақ киізбен б/ мал терісімен. 
2. Малшылар қоныстарының маңынан суару каналдарының іздерін қайдан тапты. 
а/Арал маңы 
ә/ Жетісу 
б/Шірік-Рабат 
3. Сақтарда ілгек, түйме сияқты тұрмыстық бұйымдарды жасайтын қандай қолөнер болған. 
а/ егіншілік 
ә/ сүйек өңдеу қолөнері 
б/ ұсталақ 
4.Сақтардың ойларынша қанша әлем бар. 
а/ 7. ә/ 3. б/ 4. 
5. Сақтардың діни нанымдары мен ғұрыптарының негізгі бағыты. 
а/ ата-баба аруағына сиыну 
ә/ тотемизм 
б/ киелі жерлерге мінажат ету. 

6 сынып.Ежелгі Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы: Орталық Қазақстан

Сабақтың мақсаты.
Білімділік: Орталық Қазақстан аймағының Сарыарқа деп аталу себебін, орналасқан аймағын картадан көрсету, оның табиғаты, қола дәуірінен бастап, ең бір өркендеген мәдениеттің орталығы болғандығын естеріне сала отырып, Тасмола мәдениеті, шаруашылығы, ерте темір дәуірінде осы аймақты мекендеген тайпалар туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пайдалана отырып, сұрақ қою, жаңа материалмен байланыстыру арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, қосымша материал ұсына отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Қазақтың кең Сарыарқа даласы, оны мекендеген тайпалардың мәдени ескерткіштеріне тоқтала отырып, оқушыларды еліне деген сүйіспеншілдікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас
Көрнекілік: Дидақтикалық материалдар, сызба.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
А)«Кім тапқыр» ойыны
1.Мынау қандай қала?
Жауап:Шірік – Рабат қаласы
Қызылордадан 300 шақырым жерде орналасқан
Қаланаң орталығында қамал салынған.
Онда қола жебе ұштары,саздан жасалған ұштары бар
2.Мынау қандай оба?
Жауап:Шірік – Рабат қаласы Қызылордадан 300 шақырым жерде орналасқан.Қаланаң орталығында қамал салынған.Онда қола жебе ұштары,саздан жасалған ұштары бар 
3.Мына адам кім?
Жауап: «Алтын киімді адам»Есік обасынан табылған алтын бұйымдардың 
молдығына қарап,бұл мәйіт "Алтын киімді адам”деп аталадыБұл адам 17 – 18 жас шамасындағы сақ ханзадасы деп тұжырымдаған.
Жаңа сабақ жоспарымен таныстыру.
1.Сарыарқа –ұлы дала;
2.Сарыарқаның тұрғындары;
3.Шаруашылығы;
4.Ерте темір дәуірі ескерткіштері.
1.Сарыарқа -ұлы дала
Орталық Қазақстанның жер аумағы мөлшермен қазіргі Қарағанды,Ақмола жартылай Павлодар облыстары мен Торғай өңірлерін қамтиды.Бұл өңірді ертеден қазақтар Сарыарқа деп атаған.Сарыарқа деген ұғым қазақтың сары даласын шығыстан батысқа қарай бөліп жатқан аласа таулар желісін білдіреді.Қола дәуірінен бастап Орталық Қазақстан жерінде кен өндіру,ал ерте темір дәуірінде мыс,алтын және басқа да металдар өндіру жақсы өркендеген.Сарыарқаны шығыста Тарбағатай тау сілемдері,Батыста созылып жатқан Торғай ойпаты қоршап тұр.Солтүстікке қарай Өлеңті,Сілті,Есіл,Нұра,Құланөтпес өзендері ағып жатса,ал оңтүстікке қарай Аягөз,Қаратал,Жәмші,Мойынты,Сарысу,Сарыкеңгір,Қаракеңгір өзендері ағады.Олардың бәрі бір сағадан бастау алады.
2.Сарыарқа тұрғындары ( слайд арқылы көрсетіледі). Оқушыларға Қазақстан Республикасының кішірейтіліп түсірілген картасы үлестіріледі,ондағы Орталық Қазақстан аймағын мекендеген тайпаларды көрсетіп жазады.Солтүстік батысында-аргиппейлер,орталығында-исседондар,шығысында аримаспылар. 
3. Шаруашылығы.Өзара оқыту стратегиясы.Оқулық мәтініндегі осы тақырыпшаны оқушылар оқып шығып,жұпта бір-біріне сұрақ қояды ( сұрақ қойған оқушы сұрақ деңгейімен бағаланады,мұғалім өз тарапынан толықтырады).
4.Ерте темір дәуірі ескерткіштері ( слайд арқылы түсіндіру). Ерте темір дәуірінің Орталық Қазақстанға тән ескерткіштеріне «Мұртты» обалар жатады.Суреті көрсетіліп,олардың белгілі бір бұрышпен салынып,оңтүстік,солтүстік,шығыс,батыс,бағытын білдіретіндігі туралы айтылады.
Сарыарқаның ерте темір дәуірі ескерткіштері Тасмола деген атпен белгілі.Ол исседон тайпаларынан қалған.Алғашқы ескерткіштері Павлодар облысының Екібастұз ауданындағы Тасмола өңірінен табылған.Орталық Қазақстан ескерткіштеріндегі «Мұртты» обалар екі жерлеу орнынан тұрады. «Мұртты» обалардың төрт түрі кездеседі.
Оқулықтағы «Мұртты» обалардың төрт түрі бейнеленген сызба көрсетіліп,әрқайсысына жеке тоқталып түсіндіріледі.
«Мұртты» қорғандар сәулет өнерінің өзіндік ерекше ескерткіші болып табылады.Мұндай «Мұртты» обалар Солтүстік,Шығыс Қазақстан аймағынан,республикамыздың оңтүстік өңірлерінен де табыла бастады.
ІҮ.Бекіту кезеңі
Тестпен жұмыс.
1.Орталық Қазақстандағы ерте темір дәуірі ескерткіштерінің атауы?
А)Шағын қорғандар
Ә)Үлкен обалар
Б) «Мұртты қорғандар»+
В)Патша қорымы
2.Тасмола мәдениетінің ерекшелігі
А)Көп адамдар жерленген
Ә)Қыш ыдыстар қойылмаған.
Б)Алтын әшекейлер кездеспейді.
В)Адам мен жылқыны қатар жерленген.+
3.Тасмола мәдениетін қалдырған тайпа.
А)Аргиппейлер
Ә)Исседондар+
Б)Аримаспылар
В)Дайлар
4. «Мұртты» қорған қандай роль атқарады.
А)Жерлеу
Ә)Бағдаршам+
Б)Ат беру
В)Ыдыс жасау
5.Жылқыларды күзде үйірге қосады.Әр үйірде қанша бас мал болды?
А) 500-600 бас
Ә)400-700 бас
Б)400-600 бас+
В)200-300 бас

Ү.Үйге тапсырма: §19 оқу
ҮІ.Бағалау
Терминмен жұмыс:
Аңдық стиль – Негізгі тақырыбы аңдарды және аңыздардағы қиял – ғажайыптарды бейнелеу болып табылатын б.з.б 8 ғасырларда далалы аймақтарда сәндік сипатта қолданылған өнер түрі.
Дромос – Оба астындағы қабірге алып баратын,мәйітті тонаудан сақтап қалу үшін жасалған дәліз тәрізді үсті жабық өткел.
Қабір – адамның бүтіндей немесе өртелген сүйегі қойылатын жерлеу орны.
Мөр – қағазға басу үшін жұмсақ материалға балшық ойылып түсірілген суретті таңба.
Оба - қабір үстіне топырақтан үйілген төбешік.Обалардың жеке тұрған және топтасқан түрлері болады.Топтасқан түрлері қорым деп аталады. 
Тәті – төбесі мен шүйде тұсы ашық,кішігірім тәж тәрізді әшекейлі бас киім.Тәті негізінен асыл материалдардан жасалған.

6 сынып.Ежелгі Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы Солтүстік Қазақстан

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Солтүстік Қазақстан жайлы оқушыларға мағлұмат алуға жағдай жасау, Солтүстік Қазақстан аймағында ерте темір дәуір ескерткіштерінің мәдениетінің әсерін білуге көмектесу

Дамытушылық: Оқушыларға өз елі, Отаны туралы түсініктерін тереңдетіп өмірде қолдана білуге дағдыландыру, өз беттерінше ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: тақырыпты оқыта отырып қызығушылықтарын арттыру,Отанына өз еліне  деген сүйіспеншілікке, патриотизмге, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ҚР саяси картасы. 

Сабақтың әдісі: дәстүрлі сабақ.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1.Сарыарқа, Арқа- Қазақстанның қай бөлігін алып жатқан аймақ ?

2.Ежелгі заманда Сарыарқаның  батысында қандай тайпа тұрған еді?

3. «Мұртты » қорғандар ненің ролін атқарды?

4.Орталық Қазақстан ескерткіштеріндегі «мұртты» обалар неше жерлеу орындарынан тұрады?

5. Сарыарқаның ерте темір дәуір ескерткішіне қандай мәдениет, қай тайпадан қалған?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сабақ жоспары:

1.Солтүстік Қазақстанның табиғат ерекшелігі.

2. Тұрғындар туралы жазба деректер

3. Мал бағу ерекшелігі.

4.Ерте темір дәуірі ескерткіштері.

5. Металл ұқсату.

 Солтүстік Қазақстанға қазіргі Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облысының солтүстік бөлігі жатады. Солтүстік Қазақстанда өзендер мен тұщы сулы көлдер  мол.  

 Ертедегі грек тарихшысы Геродоттың айтуынша, савроматтар « биік таулардың бауырында» тұрған аргиппейлермен көрші болған.

Тіл білімі мамандары «аргиппей» сөзін латын тілінен аударғанда «ақ жалды жүйрік аттардың иелері» деген.

Б.з.б. 1 мыңжылдықта Солтүстік Қазақстанның тұрғындары егіншілік пен отырықшылықтан біртіндеп көшпелі өмір салтына ауыса бастады. Осында табылған өнер үлгілері «аң стиліне» жатады. Көшпелілердің қойлары көп болған. 

Қазақ даласында   «Жұт» болып тұрған. Жұт 6-8, кейде 10-12 жылда бір қайталанып тұрған. Жайық пен Ертіс өзендері арасында сақ үлгісіндегі мәдениет қалыптасуына Орталық Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің әсері болған. 

Ұлыбай атырабының ескерткіштері Тасмолаға ұқсас кеген.

 Сақ дәуірінің ерте кезеңіне жататын 3 қоныс: Қарлыға, Бөркі,Кеңөткел зерттелген. Археологтар Есіл өзенінің оң жағалауынан орналасқан Ақтау бекініс қалашығын зерттеген. Оның биіктігі 5-6 метр. Бекініс жеке-жеке 5 қорғаныс қақпасынан тұрады. Б.з.б.3-1 ғасырларда Шығыс Еуропа жерінен, Кавказдан Қазақстан жеріне дейін металдан жасалған заттар табылған. Бұл Қазақстан  даласында ерте кезден бастап темір қорытудың алғашқы орталықтары болғанын көрсетеді.

 Маңғыстау жеріндегі Дықылтас және Үстірт аймақтарындағы Бәйте, Қарамөңке, Терең қорымдары жатады.

 Бекіту сұрақтары:

1.Солтүстік Қазақстан деген тарихи-географиялық ұғымға бүгінгі қай облыстар кіреді?

2.Жұт дегеніміз не?

3.Солтүстік Қазақстан мен Орталық Қазақстанның ерте темір дәуірін мәдениеттеріндегі ұқсастықтарды ата?

 

ІҮ. Қорытындыға тест сұрақтары беріледі.



Ү. Оқушыларды бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма беру:  Солтүстік Қазақстан.



 

 

Ақтау   бекініс- қалашығы

1.Сарыарқа, Арқа- Қазақстанның қай бөлігін алып жатқан аймақ ?/Қазақстанның бүкіл орталық бөлігін алып жатыр/

2.Ежелгі заманда Сарыарқаның  батысында қандай тайпа тұрған еді?/Аргиппейлер/

3. «Мұртты » қорғандар ненің ролін атқарды?/Бағдаршам рөлін/

4.Орталық Қазақстан ескерткіштеріндегі «мұртты» обалар неше жерлеу орындарынан тұрады?/ 2/

5. Сарыарқаның ерте темір дәуір ескерткішіне қандай мәдениет, қай тайпадан қалған?/Тасмола мәдениеті, ол исседон тайпасынан/


Тест сұрақтары

1. Шығыс Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар

 а) аргиппейлер ә) сарматтар б) исседондар

 в) аримаспылар г) савроматтар

 

2. Шығыс Қазақстандағы алып патша қорғандар кездесетін аудан



 а) Іле ауданы ә) Зайсан ауданы б) Тасмола алқабы

 в) Алакөл ауданы г) Екібастұз ауданы

 

3. Берел кезеңінің уақыты



 а) б.з.б. 2-1 ғасыр ә) б.з.б. 5-4 ғасыр б) б.з.б. 2 ғасыр

 в) б.з-ң 3 ғасыры г) б.з-дың 8 ғасыры

 

4. «Аң стилінің» пайда болған мерзімі



 а) б.з.б.5 ғасыр ә) б.з.б. 6 ғасыр б) б.з.б.7 ғасыр

 в) б.з.б 8 ғасыр

 

5. «Аң стилі» дәстүрімен сақтардың танысқан жорығы



 а) Индияға ә) Алдыңғы Азия мен Қытайға

 б)  Алдыңғы Азия мен Иранға в) Қытай мен Үндістанға

 

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы



Сабақтың тақырыбы: §17 Шығыс Қазақстан

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан, оның табиғат жағдайлары, осы өңірге тән Шілікті патша қорғандары жайлы түсіндіру

Дамытушылық:Өз ойларын жеткізе білуге ,топпен жұмыс жасай білуге дағдыландыру

Тәрбиелік:Белсенді, білімді, шыдамды, ұлтжанды азамат тәрбиелеу.

Түрі: аралас

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба, интерактивті тақта,видео, постер, маркерлер, стикерлер

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.



«Тарих шашуы»
Кир ------------------------------------- Қазақстанның орталық бөлігін алып жатқан аймақ
Томирис ------------------------------ Ежелгі Грек тарихшысы
Солтүстік Қазақстан --------------«Тарихтың атасы»
Сарыарқа ----------------------------- Сақ тайпаларының патшайымы
Дарий --------------------------------- Рим тарихшысы
Александр Македонский ------- Ақмола, Қостанай
Помпей Трог ---------------
Геродот ----------------------------- Парсы патшасы
Спитамен -------------------------- Македония патшасы
Арриан ------------------------------ Грек - македон басқыншыларына қарсы күрес жүргізген.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Қазақстан аумағын мекендеген сақ тайпалары көптеген құнды мәдени мұра қалдырған. Олардың мәдениеті ортақ болғанымен, өңірлік өзгешіліктері де болды. Сақ мәдениетінің ең көне жәдігерлері, алып патша қорғандары Шығыс Қазақстан жерінен тобылған Шілікті ескерткіштері. Соның ішіндегі алып патша қорымы үшінші алтын адам табылған «Бәйгетөбе» обасы. Оны ашқан тарих ғылымдарының докторы, археолог-этнолог, профессор Әбдеш Төлеубаев. Енді осы жайлы ғалымның өз айзынан естейік, экранға назар аударыңдар.

1960жылы С.Черников зерттеген 1-Шілікті қорымындағы №5 оба. Ол «Алтын қорған» деп аталды. Онда екі адам жерленген. Оның бірі 40-50 жас жашасындағы ер адам, екіншісі 50-60 жастағы әйел адам. Олардың қасынан 13 жебе, қалың теріден жасалған жебе салатын қорамсап жұрнағы және зергерлік бұйымдар табылған.



Берел қорғаны б.д.д. Ү-ІҮ ғ.

 Скиф-сақ хайуанаттар стилінде жасалған заттар табылған, Батыс Қазақстандағы Аралтөбе мен Шығыс Қазақстандағы Берел қорғандары да бүгін әлем жұртшылығына танымал қорғандар.

 Атақты Берел қорғандарын алғаш ашқан, қазіргі уақытта аты біраз жерге мәшһүр, Әлкей Марғұлан атындағы ҚР Білім және Ғылым министрлігі Археология институтының бас ғылыми қызметкері Зейнолла Самашев 1947 жылы 17 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Бестерек ауылында туған. Өскемен педагогикалық институтының тарих факультетін бітіргеннен кейін оқытушылық қызметпен айналысты.

 1981-1991 жылдар аралығында Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов атындағы Тарих,археология және этнография институтында, 1991 жылдан бастап Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтында ежелгі өнер бөлімінде меңгеруші болып жұмыс істейді.

 
  

 Бекіту сұрақтары.



2. Сақ заманында биліктің белгісі болып саналған зат?
3. Қазақстан жеріндегі сақтардың патшалары, батырлары, атақта ақсүйектері жерленген қорымдарды атап өт?
4. 500 астам алтын қаптырма – түймешіктер табылған қорым?
5. Берел кезені қай ғасырларға жатады?
6. Берел қорымын толық сипаттап бер.
7. Берел қорымдарындағы №11 обаны толық сипаттап бер?

Бағалау. Үйге тапсырма.

 

 



Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан және Жетісу өңірі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ерте темір дәуіріндегі Оңтүстік Қазақстан және Жетісу өңірі, оның табиғат жағдайлары, осы өңірге тән Бесшатыр қорымы мен Есік қорғандары,  жалпы бұл аймақты мекендеген сақтар туралы баяндау.

Дамытушылық: тарих жайлы білімдерін дамыту.

Тәрбиелік:  белсенді, білімді, шыдамды, ұлтжанды азамат тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: дәстүрлі.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, ,«Мұртты» оба , 
Сарыарқа даласын,Жетісу өңірін бейнеленген суреттер, 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру.

1. Зайсан, Алакөл Қазақстанның қай аймағында орналасқан? (Шығыс Қазақстан)

2. Шілікті ескерткіштерін алғаш рет зерттеген профессор? (С.Черников)

3. «Бәйгетөбе» обасының биіктігі мен диаметрі қанша метр?(8, 100)

4. «Шілікті алтын адамының» алтын қаптырма-түймешіктерінің жалпы саны? (4303)

5. Берел кезеңі қай ғасырлар аралығын қамтиды? (б.з.б 5-4 ғасырлар)

 Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария, Талас, Шу, Іле өзендерін картадан көрсету.

 

Түгіскен мен Ұйғарақ қорымдары



Ескерткіштің атауы:

Түгіскен мен Ұйғарақ

Орналасқан жері:

Арал теңізінің шығысы

Ескерткіштің салыну мерзімі:

Б.з.б. VIII-V ғасырлар

Не табылды?

Қыш ыдыстар, үш қырлы жебелер,ат ауыздықтары, ер-тұрмандар т.б

Қай тайпа қалдырған?

Массагет

Бесшатыр — көне қорымдар тобы, сақ дәуірінің аса ірі ескерткіші. Алматы облысы Іле өзенінің жағалауынан 3 км жерде, Желшағыр тауының бөктеріндегі Шылбыр қойнауында. 1957, 1959 — 1961 жылдары Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі

К. Ақышев) зерттеді. Бесшатыр Қорым құрамында үлкенді-кішілі 31 оба бар. Олар батыстан шығысқа қарай 1 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 км болатын алқапты алып жатыр. 21-і таспен, ал 10-ы қиыршық тас араласқан топырақ үйінділермен жабылған. Қорым шартты түрде екі бөлікке (солтүстік және оңтүстік) бөлінеді. Солтүстік топқа Бесшатыр зиратының ең үлкен 2- және 3-обалары кіреді. Үлкендерінің диаметрі 45 м-ден 105 м-ге дейін, биіктігі 6 — 17 м-ге дейін, тиісінше орташаларынікі 25 — 38 м, 5 — 6 м, кішісінікі 6 — 18 м, 0,8 — 2 м.

Бесшатыр обасынан

·семсер,


·қола ұшты жебелер,

·темір пышақтар,

·шаш түйрегіштер,

·ақық моншақтар табылды.

Бұл заттар б.з.б 5-4 ғасырға жатады.

Есік обасы (б.з.б. 5 — 4 ғ.ғ) — сақ дәуірінен сақталған ескерткіш.

Алматыоблысы, Еңбекшіқазақауданының орт. Есікқаласының маңында, Есік өз-нің жағалауында орналасқан. 1969 — 1970 ж. Жетісу археолог экспедициясы (жетекшісі К.Ақышев, мүшелері Б.Нұрмұханбетов,

А.Г. Максимовалар) зерттеген. Бұл маңдағы сақ дәуірінен сақталған обалар бірнеше топқа бөлінеді.

Мұның ішінде ең көрнектісі — үлкен Есік қорымы. Қорым құрамында солтүстіктен оңтүстікке созыла ауданы 3 км² жерді алып жатқан 45 топырақ Оның диаметірі 60 метр, биіктігі 6 метр) оба бар.

“Аң стилі”.

Б.з.б. 8 ғасырдан бастап Еуразия далалы аймақтар өңірінде аңдарды бейнелеу-аңдық стиль пайда болды.

















Бағалау

Үй тапсырмасы:



1.Есік обасынан табылған 26 таңбадан тұратын жазуы бар зат
А) Алтын табақша
В) Қола тостаған
С) Мыс табақша
D) Ағаш табақша
Е) Күміс табақша
2.Антропологтардың анықтауынша Есік обасындағы жерленген адамның жас шамасы
А) 10-11
В) 14-15
С) 25-26
D) 40-50
Е) 17-18
3.«Аң стилі" дәстүрімен сақтар жорықтар кезінде танысқан ел
А) Алдыңғы Азия мен Иран
В) Алдыңғы Азия мен Қытай
С) Қытай мен Индия
D) Қытай
Е) Индия
4.Аңдық стиль пайда болған ғасыр 
А) б.з.б. У ғ
В) б.з.б. ІУ ғ
С) б.з.б. УІІ ғ.
D) б.з.б. І ғ
Е) б.з.б. ІІІ ғ
5.Сақтар обасындағы сағанаға жер астымен келетін арнайы жол
А) Саркофаг
В) Дромос
С) Қабір
D) Сағана
Е) Менгир

Cабақтың тақырыбы: Үйсіндер


Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Үйсіндердің орналасқан жері, жазба деректері, қоғамдық құрылымы, мүлік теңсіздігі және шаруашылығы, салт - дәстүрі мен діни – нанымдары туралы оқушыларға түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, өздігінен жұмыс істеуге және салыстырмалы талдау жасауға, өз ойын тиянақты жеткізе білуге, тарихи ойын дамыту.
Тәрбиелік: Ұлтжанды азамат болып өсуге тәрбиелеу. Өткенін біліп, келешегін болжай алатын ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Көрнекілігі: Карта, тірек - сызбалар, суреттер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау
“Кім жүйрік” сұрақ - жауап
1. Солтүстік Қазақстанға қай аймақтар жатады?
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының Солтүстік бөлігі
2. Солтүстік Қазақстандықтар ертеден қандай шаруашылықпен шұғылданған?
Балық аулау, егіншілік пен мал шаруашылығы
3. Қысқы жайылымдар қай аймақтарда орналасқан?
Оңтүстікте
Жаңа сабақ:
1. Үйсіндердің орналасқан жері
2. Қоғамдық құрылысы
3. Шаруашылығы
4. Кәсібі
5. Салт - дәстүрі мен діни - нанымдары

Ерте темір дәуірінде сақтардан кейін Жетісу жерінде үйсін тайпалары мекендеген. Олар Орта Азия аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі. Үйсіндер Жетісу мен Тянь - шанда, Қытайдың Солтүстік батысында, Шығыс Қазақстанда, Тарбағатай тауы бөктеріндегі далалы өңірде өз ізін қалдырған. Үйсіндер б. з. б. 3 ғ. мен б. з. 5 ғ. аралығында өмір сүрген. Үйсін атауы қытай жазбаларында б. з. б. 2 ғасырдан бастап кездеседі.

Үйсіндердің қоғамдық құрылысы
Басшысы: Гуньмо
Бағынғандар: Тайпа көсемдері Ұсақ ру басылары
Тайпа, ру басыларынан, ауқатты адамдардан, жасауылдардан, абыздар мен бұқара халықтан құралды
Үйсін қоғамында теңсіздік қалыптасты
Байлар: 4 - 5 мың жылқы болды. 4 - 5 мың жылқы болды. Балшықтан және тастан, алтын мен мыс мөрлері болған
.Жібектен, биязы жүннен, матадан киім киген
Жеке меншік: Малға, Жыл - жыма - лы мүлік. жерге суға,
Жыл - жымайтын мүлік.
Құлдар: Соғыстан түскен тұтқындар: Үй шаруашылығымен айналысты
Қарапайым адамдар: Жүннен тоқылған, былғары мен қой терісінен киім киген
Үйсіндердің шаруашылығы
Мал шаруашылығы: Үйсіндердің тұрмысында мал шаруашылығының маңызы зор болды. Жетісудың табиғаты оларға көп мал ұстауға мүмкіндік берді. Мойынқұм мен Балқаш өңірлерінде қыстаған және жаздаған. Бұл аймақтарда жайлау мен қыстау арасы 20 - 100 км болған. Үйсіндер қой, жылқы, сиыр, қос өркеш түйе, ешкі өсірген. Тұрақты үйлерде тұрған.

Егін шаруашылығы: Үйсіндердің бір бөлігі егіншілік - пен де шұғылданды. Егіншілікпен айналысқандығын қазба жұмысы кезінде тас кетпендер, орақтар мен дәнүккіштердің табылуы дәлелдей - ді. Деректер бойынша үйсіндер суармалы егіншілікпен де, тәлімді егіншілікпен де айналысқан. Бау - бақша, дәнді дақылдар өсірген.

Үйсіндердің баспанасы: Үйсіндер тұрақты үйлерде тұрған. Қысқы үйлері шикі кірпіштен және тастан, балшықтан қаланды. Үйдің едендері балшықпен сыланды және қақ ортасына жер ошақ салынған
Кәсіпшілік: Қолөнер дамыған
Былғары: Ыдыстар, аяқ - киім, тері шалбар, бешпет, киім - ке - шектер
Сүйек: Пышақ саптары, жебелер - дің ұштары, түймелер
Темір: Балта, орақ, пышақ, біз, шеге, қазандар, қару - жа - рақ
Ағаштан: Астау, табақ, тостаған - дар, ожаулар ойып жасалған
Саз балшықтан: Қыш құмыралар
Тастан: Кетпен, диірмен, келі, қайрақ, тас ұршықбас және асыл тастардан моншақтар
«Сандар сөйлейді»
630 мың
188, 800 мың
4 - 5 мың
б. з. б 2 ғасыр
Б. з. б 3ғ - б. з 5ғ
35 см, ені 4, 7 см
«Термин сөздер»
Гуньмо
Тәті
Былғары
Тәлімді
Таңба
Бекіту сұрақтары
Балама тест(ия немесе жоқ)
. Үйсіндер темір дәуірінде өмір сүрген
2. Үйсіндер Жетісуды мекендемеген
3. Үйсін атауы қытай жазбаларында б. з. б. 2 ғ. бастап кездеседі
4. Үйсіндер б. з. б. 3 ғ. мен б. з. б - ң 5 ғ. аралығында өмір сүрген
5. Үйсіндердің ордасы Қызыл Аңғар (Чигу) емес
V. Қорытындылау
V. Бағалау
VI. Үйге тапсырма: §21 оқу

Балама тест(ия немесе жоқ)



6. Үйсіндер антропологиялық жағынан еуропеоидтер
7. Бет пішінінде монғолойдтық белгілер жоқ
8. Үйсіндердің Чигу қаласының халқы 630 мың, әскері 188, 800 жауынгер
9. Бек деп үйсіндердің басшысын айтты
10. Қарапайым бұхара халық егіншілер мен малшылардан тұрады
11. Үйсіндерде жеке меншік болмады
12. Үйсіндер мал және егін шаруашылығымен айналыспаған
13. Үйсіндерде қолөнер кәсібі дамыды
14. Үйсіндер жаратушы күшке сенген жоқ
15. Үйсіндер түсінігі бойынша өлген адам тіріледі деп ойлаған


Сабақтың тақырыбы: Қаңлылар тарихы, қоныстануы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қаңлылардың ежелден келе жатқан қазақ тайпаларының бірі екенін, қазақ халқының қалыптасуына үлес қосқанын, өз кезінде белгілі мемлекет болып, көптеген елдермен дипломатиялық, сауда, мәдени қатынастар жасағанын, өзінің ұзақ тарихында өз заманына лайық жетіліп, дамығанын ашып көрсету, тірек - сызбалар арқылы түсіндіре отырып шығармашылық білім қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың өздерін қалыптастыра отырып, өткен сабақтардағы оқиғаларды бүгінгі сабақтарда кездескен оқиғалармен салыстыру, оқушыларды сұрақтар мен тапсырмаларды шешуге қатыстыра отырып, өздігінен қорытынды жасауға үйрету арқылы ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға қаңлылардың ежелден бері адамзат жинаған тәжірибеге өзіндік үлес қосқанын ашып көрсете отырып, еліміздің өткен тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Қолданылатын көрнекі құралдар: карта
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 
«Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы»
2. Егіншілік пен отырықшылық
4.Түрлі кәсіпшілік
5. Үйсіндердің салт-дәстүрлері
6. Тарихи диктант.
7. Үйсіндер ескерткіштері табылған аймақты картадан көрсет.
8.Үйсіндердің тұрақты үйлері
9. Үйсіндердің діни нанымдары

ІІІ. Жаңа сабақ. 
Қаңлылар б.з.б.3-2 ғасырлар б.з.-дың 5 ғасыры аралығында өмір сүрген. 
Қаңлы тайпалары негізгі атамекені Сырдария өзенінің орта ағысында жатты. Жазба деректерде қаңлылардың Арыс, Талас жағалауларында, Сырдарияның төменгі ағысында өмір сүргені айтылады.
Деректерге сүйенсек Ежелгі Иранның б.з.б. 6 ғасырдағы Авеста» қасиетті кітабында «Вэсаканың ер жүрек ұлдары ең биік, бәрінен жоғары тұрған Канха қамалының алдында құрбандық берді» деп жазылған. Қытай тарихшысы Сыма Цяньның «Тарих жазбаларында» көшпелілердің өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған, ал Қытайдың «Цянь Ханьшу» атты тарихи деректерінде Қаңлы мемлекетінің пайда болған уақыты, оның шекарасы жазылған. Жазба деректерді археологиялық деректер толықтыра түседі. Өзен бойларында жүргізілген қазба жұмыстары олардың көшпелі ғана емес, егінші болғанын да дәлелдейді. 
Қытай деректері бойынша қаңлы тайпалар одағының 120 мың отбасы немесе 600 мың адамы, 120 мыңға дейін жауынгерлері болған.
Қаңлы елінің астанасы: Битянь қаласы. Битянь қаласы кейбір жазба деректерге қарағанда қазіргі Түркістан маңында болған деп көрсетсе, ал екінші бір деректерде қазіргі Тараз қаласының маңы болғандығын айтады. 
Қаңлы елін хан басқарған. Ханның үш орынбасары уәзірі көмектесіп отырған. Қаңлы елі өз ішінен бес иелікке бөлінген, әр иелікті кіші хандар басқарған. Кіші хандар ұлы ханға бағынған. Кіші хандарға бағынатын ру, тайпаларды көсемдер басқарған. Көсемдер лауазымы мұрагерлік жолмен әкеден балаға берілген. 

1. Егіншілік


Қазақстанның оңтүстігінде Егін, Қолөнер, Мал, Аңшылық Сауда – саттық кәсіптері дамыды
Арал, Ташкент – отырықшылық дамып, ежелгі қоныстар мен қалалар қалыптасты.
Сырдария аңғарларында – дәнді бау – бақша дақылдары өсірілді.
Жерді тас және металл кетпендермен өңдеді.
Егін алқаптарын суару үшін
Зах арығы – оң жағалауы
Хан арығы – сол жағалауы
Егіншілік түрі басым болған. Астық, Қыш көзелер, Ыдыстар сақталынды
Мал шаруашылығы мен кәсібі.
Мал шаруашылығында – жылқы, қой, ешкі, сиыр өсірді. Малдарын жаздық жайылымға шығарған. Жайлауы Орталық Қазақстан болған.
Қазба жұмыстары кезінде археологтар қаңлылар қоныстарынан елік, тауешкі, арқар, киік сияқты жабайы аңдардың сүйектері жиі кездескен.
Қосымша аң аулау кәсібімен айналысты. Сонымен қатар қаз, үйрек, бірқазан сияқты құстарды аулаумен шұғылданған. Әйелдер арасында жүннен киіз басып, иірілген жіптен киім, түрлі төсеніштер тоқыған.
Металл өндірісі
● Темір ұсталығы
● Қола құю зергерлігі
Металл өндірісінің орталығы Шаш – Илақ қалалар мен қоныстар болды. Металл өндірудің ірі орталығы ежелгі Құлата қаласы. Бұл орталық 50 га жерді алып жатыр.
Кенді балқыту, байыту үшін дөңгелек және төртбұрышты пештер пайдаланған.
Бекіту сұрақтары.

1. Қаңлы елінің астанасы


2. Қаңлы елі байланыс жасаған елдер
3. Қаңлылар туралы қандай деректер бар
4.Жазба деректерде Қаңлылар өмір сүрген жерлер.
5.Қаңлылар өмір сүрген уақыт
6.Қаңлылардың археологиялық ескерткіштері
7. Қоғамдық құрылысы
8. Қаңлылардың табылған қалалары
9. Қаңлылар Қытайға қарсы тұрған ғұндарға көмектескен уақыт.
V. Үйге: §18 оқу, мазмұнын айту
VІ. Оқушы білімін бағалау
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет