Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация
1.Қоғамның әлеуметтік құрылымы ұғымы
2.Әлеуметтік топтар және олардың қалыптасу процесі.
3.Қоғамның әлеуметтік стратификация түсінігі,типологиясы.
Қоғамның әлеуметтік құрылымның проблемалары адамзат өмірінің басты ерекшклігі және орталық, зәру роблемасы ─ теңсіздік проблемасына тікелей байланысты. Сондықтан оған батыс (К. Маркс, М. Вебер, Г. Моска, В, Парето, П. Сорокин, Р. Дарендорф, Б. Барбер және басқалары) және отандық (Әженов М.С.,Аитов Н.А., Биекенов К.Ү., Ешмұхамедова А.Ш., Сәрсенбаев Т.С. және басқалары) мектептің көптеген қоғам танушы ғалымдары назар аударды және аударып отыр.
Әлеуметтік құрылымның даму шамасы бұл оның әртүрлі болу өлшемдері, яғни қызметінің түрлері мен нысандарының әр түрлілігі, адамдар, әлеуметтік топтар мен институттар арасындағы байланыс тәсілі. Адамзат тарихы бұл қарым-қатынастардың, әлеуметтік тоатардың, өмір сүру негіздері әр түрлілігінің өсу. Адамдар мен қоғамның әлеуметтік құрылымның іс-әрекеттері әр түрлілігінің өсу заңын жалпы тарих заңы ретінде тұжырымдау толық заңды болар еді.
Кеңес қоғамының қоғам тану ғылымында ұзақ уақыт бойы қоғамның әлуметтік құрылымда жалғыз (маркстік) – таптық тәсіл мойындалды. Бұл таптық құрылымның рөлін қайта бағалау болды , себебі таптық құрылым – жақтарының бірі.
Қоғамның біртекті еместігі, оның әр түрлі әлеуметтік топтарға объективті бөлінуі Питирим Сор киннің әлеуметтік стратификация және әлеуметтік жылжу туралы теориясында өз көрінісін тапты.Осы теорияға сәйкес барлық қоғам әр түрлі топтар – стратторға бөлінеді, олардың өзара кіріс деңгейі, қызмет түрлері, саяси көзқарасары, мәдени бағдарлары бойынша айырмашылығы болады. Ол бірнеше негізгі белгілері ажыратты: экономикалық (кедей - бай); кәсіби (беделді - беделсіз); саяси (іс-қимылының билік жасайтын - бағынышты). Осы белгілер өзара тек әрекет жасайды№
Сорокиннің пікіріңше, стратификация негізінде басқарушы және басқарылатындар таптарына бөлінуді туғызатын түрлі функциялар жатыр; қоршаған орта ─ қолайлы немесе қолайсыз; адамдардың ішкі қабілеттігі мен сапасы бірдей емес. Ғалым әлеуметтік стратификация қоғамның табиғи және қалыпты жағдайы деп санады. Ол объективті түрде еңбектің қоғамдық бөлінімен, мүліктік теңсіздікпен, түрлі саяси бағдарлармен негізделген.
Адам кәсібін немесе қызмет түрін, өзінің экономикалық жағдайын немесе саяси көзқарасын өзгерте отырып, бір әлеуметтік топтан екішісіне өтеді. Бұл процес әлеуметтік жылжу деген атқа ие болды. Сорокин әлеуметтік жылжудың көлденең және тік болып бөлінетіні туралы айтады.
Көлденең жылу адамның тұтас алғанда әлеуметтік стратификацияның сол деңгейінде бола тұра бір әлеуметтік топтан екіншісіне өтуін білдіреді.
тік жылжу ─ бұл адамның бір әлеуметтік топтан екіншісіне иерархиялық тәртіппен, мысалы, қоғамның төмеңгі тобынан аса жоғары немесе керісінше ─ жоғары тобысынан төменгісіне өтуі.
Атап айтқанда, адамдардың «кірістері айырмашылығында, өмір сүру деңгейінде, халықтың бай және кедей топтарының болуымен көрінетін экономикалық теңсіздік тік жылжудың объективті жағы ретінде болады.»
1953 жылы П. Сорокин капиталисік таптың менеджерлік (ағылш. Management ─ управление) басқаруға көшірілуі туралы, ал Т. Парнос ─ бір кезде корпорациялардың меншік иелері отбасыларына тиесілі болған өндірісті басқарудың басқарушы және техникалық қызметкерлерге өткені туралы айтады.
«Менеджерлер революциясы» теориясы (Р. Дарендорф) билік ететін тап және өндіріс субъектісі болып табылатын тап бірдей еместігін дйлелдейді: 1) неғұрлым жеке процес ─ меншіктің бақылаудан бөлінуінің өсіп келе жатқанын; 2) тым жалпы және әмбебап процес капиталистерді менеджерлермен ауыстыратынын түсіндіреді.
Меншіктің бақылаудан бөлінуі олардың менеджерлердің қолына шоғырланатынын білдіреді, оларға корпорациядағы билік жағдайын ұстап тұруға мүмкіндік береді. Соңғысы, өз кезегіне пайданы неғұрлым «гуманистік құндылыққа» көтерумен кәсіпорын саясатын қайта бағдарлауда көрінеді. Бұл идеялар базистік аксиома ретінде емес, эмпириялық түрде тексерілетін гипотикалық кемшілік ретінде қабылданды.
Бірақ жалақының өлшемі де, біршама капиталды иелену де, Алленнің пікірінше менеджерлерді дербес тап деп санау немесе оларды меншік иеленушілер табымен (капиталистер) бірегейлендіру үшін негіз болып табылмайды.Ол менеджерлік таңдаулылар туралы айтуды жөн көреді. Оның көзқарасы бойынша, меншік иелерінің менеджерлерден айырмашылығы әр түрлі экономикалық жағдайымен айқындалады. Бас акционердің жағдайы ─ бұл нақты жазылған позиция болған кезде, менеджерлік көзқарас ─ бұл жетістікті мәртебе. Жоғары жаққа тиесілі менеджерлерді, орта топтың менеджерлерін, сондай-ақ төмнгі жақтың менеджерлерін ажыратқан дұрыс болады.
Әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік қозғалмалықлықтың теорисы бағдарламасының арасында дамиды. Бір жағынан алғанда әлеуметтік қозғалмалылық шеңберінде жеке адамдар мен топтар кіріске, білім деңгейіне, әлеуметтік және экономикалық беделге сәйкес маңызды болатын әлеуметтік сатылық бағыныштылық түсінігінде қарастырылады.
Басқа жағынан алғанда, жеке адамдар мен топтардың қоғамдық өндіріс жүйесіндегі орнын, олардың өндіріс құралдарына қатысын, олардың қоғамдық байлықтың олар басқаратын бөлігін айқындайтын таптық құрылым түсінігінде қарастырылады.
Жан басына шаққандағы ақшалай есептелген ұлттық табыс мен байлық негізінде әр түрлі әлеуметтік топтың экономикалық мәртебесін айқындау П. Сорокиннің «Әлеуметтік қозғалмалылық» жұмысында жазылған мынадай қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Біріншіден, түрлі қоғамның тұрмыс жағдайы мен кірісі бір елден басқасына, бір топтан басқасына елеулі түрде ауысады. Екіншіден, бір қоғамның өзінде де тұрмыс жағдайы мен кірістің орташа деңгейі тұрақты емес, уақыт бойынша өзгеріп отырады. Үшіншіден, ұлттың, қоғамдастықтың, топтың тарихында баюдың және сол сияқты кедейленудің тұрақты үрдісі жоқ. Барлық белгілі жақсы үрдістер щектелген уақыт кезеңінде ғана белгіленген. Тарих «гүлдену жұмағы» немесе «кедейлік тозағы» бағынатын тұрақты үрдістердің болатыны туралы пайымдауға жеткілікті негіздер бере алмайды. Ұлттық кірісті бөлу, мысалы тұрақтылығы едәуір европа елдерінде тек маятникті тербелісті ғана білдіреді.
Сонымен, біз бүгін стратификация теорисы аса өзекті маңызды болып табылатынын көреміз. Ол қоғам екі үлкен монолиттік тапқа бөлінген кезде уақыттың өткенге (құл иеленушілік, феодализм, капитализмнің ерте кезеңі) кеткендігінен шығады;қазіргі қоғам біршама көп жақты. Көпжақты страттар адамдардың бірқатар белгілері бар тұрақты қауымдастығын белгілеуге мүмкіндік жасайды. Стратификацияны талдау маңызды, өйткені ол адамдар өмірінің барлық қырына әсер етеді.
Кейбір социологтар кедейлердің байлардан айырмашылығын тамақтануға қанша ақша жұмсалатынан ажыратуға болатынын пайымдады. Егер елдің орташа алынған статисткалық тұрғыны жалақының үштен бірінен аз жұмсаса, онда ол кедей емес, егер көп жұмсаса ─ кедей. 2000 жылдың 1 қатарына халқының саны 145,6 млн. адам болған Ресейде халықтың 80 процетнті тамақтануға шығыстарының үштен бірінен көп жұмсайды.
Америка зерттеушілердің деректері бойынша АҚШ халқының 3/4 бөлігі бір жылғы кірісі 35-40 мың доллар, ай сайынғы кірісі жобамен 2-3 доллар болатын middle class(орта тап), олар тамақтануға ай сайын 250 доллар жұмсайды.
Экономикасы дамыған елдердің әлеуметтік құрылымында орта тап едәуір орын алады. А. Тойынби қазіргі заманғы батыстық өркениет ─ бұл, ең алдымен, орта таптың өркениеті және батыс қоғамы тек көп санды және компонетті орта тапты құруға мүмкіндік алғаннан кейін ғана қазіргі заиаңғы болғанын атап көрсетеді. Осы ереженің басты сипаты тек батыс Еуропа елдерінің, АҚШ-тың және Жапонияның тарихымен ғана емес, сонымен қатар жаңа индустриялық елдердің (Бразилия, Мексика, Тайвань, Корея, Сингапур, Гонконг және басқалары) дамуымен де расталады: олардың барлығы тек оларда әлеуметтік және саяси белсенді орта тап қалыптастырылғаннан кейін ғана түрлендірілді және әлемдік нарықтық экономикаға бірікті және керісінше әр түрлі себептер бойынша осы күш ресімделеді, экономикалық тәтіптің тұрақсыздығы, ретсіздігі болды, ал түрлендірілу қиынға соқты немесе сәтсіздікке ұшырады және кері кету болды. Орта тап әлеуметтік сатыда таңдаулы тап («жоғарыдағылар») пен біліктілігі жоқ жұмысшылардың не әлеуметтік «төмендегілердің» арасында орналасады.
Орта таптың қоғамдағы рөлінің артуы объективті себептермен түсіндіріледі. АҚШ-та және басқа да елдерде 20-шы ғасырда қол еңбегінің үлесі қысқарады және өндірістегі және сол сияқты ауылшаруашылығындағы ой еңбегінің үлесі кеңейді. Сонымен қатар, жұмысшылар мен шаруалардың саны қысқарады, шаруалар АҚШ-та тек 5процент ғана болады. Бірақ бұл дәстүрлі шаруала емес, тәуелсіз және бай фермерлер. Жаңа кәсіптердің саны аз біліктілер есебінен, әдетте, жоғары біліктілердің, прогрессивтік технологияларға байланысты ғылыми жеңлдетілген мамандықтар есебінен көбейеді. Олардың өкілдері автоматты түрде орта тапқа кіреді.
Орта тап қоғамда ерекше рөл атқарады, оны шартты үрде адамның ағзасындағы омыртқаның функциясына
Орта тап қоғамда ерекше рөл атқарады, оны шартты түрде адамның ағзасындағы омыртқаның функциясына ұқсатуға болады, оның көмегімен адам тепе-тендікті және орнықтылықты сақтайды. Орта тапқа, әдетте, экономикалық тәуелсіздігі барлар, яғни кәсіпорындардың меншік иелері және кәсіби бағдары анық көрінетін адамдар болып табылатындар, кіреді.
Түрлі социологиялық мектептер орта тапты әлеуметтік құрылымдағы қауымдастық ретінде мүшеліктен шығарудьщ әр түрлі белгілерін пайдаланады. Кірістің белгісі немесе мәртебені өзі бағалау жиі пайдаланады.
Орта таптың өкілдері социологиялық тұрғыдан қарағанда әр түрлі қоғамдық көкжиектердің «келімсектері», бірнеше принциптерден шығатын әлеуметтік-кәсіби конгломерат: ол тиімсіз және таптық (буржуазиялық немесе жұмысшы) мүдделерді қанағаттандыруға арналған қандай да болмасын мақсаттын артықшылықтарымен ешқашанда келіспейді. Талдаушылар атап көрсеткендей, осы мағынада ол ұлт-мемлекеттің мүдделеріне жылдамырақ бағдар жасайды.
Осылайша, экономикасы дамыған қоғамдарда полярлық полюстер меншік иелерінің артықшылықты оң табын және люмпендердің артықшылықты теріс табын құрайды. Осы полюстердің арасында қоғамның негізін, іргетасын құрайтын орта таптың тұтас спектрі бар.
ТМД-ғы орта таптың әлуетті өкілдерінің әзірше өзінің басты белгісі — меншікті экономикалық базасы, экономикалық тәуелсіздігі жоқ.
Реформалық кезеңде ТМД-да қандай әлеуметтік күштер өзара әрекет жасайды? Зерттеушілер, бір жақтан — «номенклатуралар» және «еңбекшілер» (яғни, жалдамалы қызметкерлер) табын, басқа жақтан — кәсіпкерлердің, ұсақ және ірі өндірісшілердің, жалдамалылардың, фермерлердің және басқалардың пайда болған табын ажыратады.
Кәсіпкерлердің пайда болған тобы біршама әр текті және өзін ТМД-ның әлеуметтік статистикасының кейбір деректері бойынша ересек тұрғындардың 5-7 %-іні 05, ал басқа деректер бойынша 15-20 процентін құрайтын қоғамдық топ ретінде ғана сезіне бастайды.
Адамның мінез-құлқын тиімді басқару функциясын ойлау орындайтын болғандықтан, тек ол ғана реформалаудың «мәні» болуы тиіс деп ойлаған дұрыс. «Адамдардың коммунистік принциптер рухында тәрбиеленген бірнеше ұрпағы қалыптастырған біздің менталитет, өздерінің проблемаларын шешу үшін бұрьшғыша мемлекеттек көмек күте отырып, болып жатқан өзгерістерге баяу бейімделуде» (Ел Президентінін Қазақстан халқына жолдауынан).
Қолданылып жүрген жіктеу бойынша орта таптың өкілі бұл меншік иесі, кәсіпкер. Осы топты қалыптастыру процесі Қазақстанда қалай жүріп жатыр? Зерттеушілер, жұмыс орындарының болмауы, жетіспеуі, өндірістің жаппай қысқаруы — біздің еліміздегі жеке кәсіпкерлікті белсендендіру үшін басты түрткі екенін баса айтуда. Әрине, бізде мыңдаған мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер кәсіпкерлер, бизнесмендер болғаны жақсы немесе жаман екені жөнінде дауласуға болады. Олар бизнесті жақсы көргеннен болған жоқ, бұл бір жағынан. Ал басқа жағынан алсақ: бізде отбасылық дәстүрдегі және сол сияқты отбасылық капитал ретіндегі кәсіби-бизнесмендер болған жоқ.
Дегенмен, сұралғандардың барлығының да бизнеске деген мақсатты ұмтылысы жоқ. Өздерінің кәсіпорындарында айлап жалақы алмаса да әлуетті өндірушілердің 40 проценттен астамы фермер болуға ниет білдірмеді, бәрібір бір нәрсеге үміттенуін жалғастыра берді. (Соңғы сегіз жылда фермерліктің кереметтей жетістіктері болмады. Қазақстанда 63977 фермерлік шаруашылық бар. Көрші Ресейге қарағанда біршама көп (бір ауыл тұрғынына шаққанда). Бізде олар үшін ауылшарушылық жердің 18,6 проценті бөлінді, бірақ өнім өндірудің үлес салмағы небәрі 4 процентті құрайды).
Қазіргі уақытта біздің елімізде жеке кәспкерлік қызметінің пайдалы салалары: тағам өнімдерін сату, түрлі қызмет көрсету, сақтандыру, жинақтаушы зейнетақы қорлары болып саналады. Осы аталған қызмет салаларының кез келгені үлкен дәрежедегі кәсіби болуы керек. Және бұл елде толыққанды орта тапты қалыптастыру жағдайларының бірі.
ТМД-ның көптеген елдеріне қарағанда Қазақстан негізінен экономиканы нарықтық реформалауды аяқтады, экономикалық өсу траекториясына шықты. Ішкі жалпы өнім, өндірістің нақты көлемі және т.б. өсуде.
Елде шағын кәсіпкерліктің 1,4 миллион адам жұмысқа қамтылған 372 мың астам субъектісі тіркелген. Олар 436 млрд теңге сомаға өнім өндіреді және қызмет көрсетеді және 34 млрд теңге мөлшерінде салық төлемдерін төлейді.
Осылайша, елдері болып жатқан процестер, саяси, экономикалық реформалар бүгінгі Қазақстанның әлеуметтік құрылымын едәуір өзгертті. Біздң қоғам әлеуметтік дифференциация жағдайында тұр, онда халылқтың жаңа әлеумеітік топтары мен таптары пайда болды, оның ішінде орта таптың әлуетті өкілдері. Қазақстандық ғалымдар атап көрсеткендей, сенуге болатын, прогрестің басында болу жағдайындағы таптарды, топтарды баса айту қажет. Зерттеушілер орта таптың осындай тобын интеллигенция, ғалымдар, мұғалімдер, дәрігерлер, инеженерлер, суретшілер, жазушылар, ақындар, діни қызметкерлер, әртістер, сәулетшілер және қоғамды рухани және сол сияқты зкономикалық алға жылжытуға қабілетті басқалар арқылы халықтың жалпы интеллектуалдық тобы болып табылатынын баса айтады. Көптеген ғалымдары, жоғары білімді, мәдени дамыған адамдары бар елдер интеллектуалдық әлуеті төмен елдерге қарағанда біршама көп жетістікке жете алады.
Экстремизмнің, қылмыстың қуаттану ортасы —белгілі бір жұмысы жоқ адамдар (бомждар). Социологиялық зерттеулер көрсетіп отырғандай, бомждардың арасында алкоголиктер — 86 процент, қаңғыбастар арасындағы ең жоғары процентті 30-35 жас арасындағы адамдар кұрайды. Қаңғыбастардың 90 процентіне мәдени деңгейдің төмен болуы, ойлау таяздығы, дұрыс өмір сүру тәжірибесінің жетіспеушілігі тән. Олардың арасында қылмыстық жазасын өтегендер көп. Қорытындысы — маргинализацияның (люмпенизацияның) орнықты ортасы.
Осылайша алғанда, маргиналдар мен люпендер орта таптың стратына керісінше стартта тұр, белгілі бір мағынада олар антгонистер. Және егер тоқтата алмаса да, мемлекеттің мақсатты әлеуметтж саясаты маргиңализация процесін қысқартуға қабілетті.
Достарыңызбен бөлісу: |