Дәріс №2 Әлеуметтік құрылым және қоғамның стратификациясы. Экономика, жаһандану және еңбек
1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификация
2. Әлеуметтік мобильділік: ұғымы мен түрлері
3. Экономиканың жаһандануы
4. Жаһандану және еңбек
1. Стратификация латынша stratum – қабат және facio – жасау деген сөздерден шыққан.
Бұл ұғым әлеуметтануға геологиядан келген, жердің қыртыстарын білдіреді.
Осы теория бойынша адамдар белгілі бір ұқсастықтары бойынша әлеуметтік топтарға, ал топтар әлеуметтік қабаттарға (жіктерге) бірігеді.
Стратификация теориясын өз еңбектерінде М. Вебер, П. Сорокин, т.б. қарастырған.