1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификация Әлеуметтік мобильділік: ұғымы мен түрлері



бет4/8
Дата07.02.2022
өлшемі194,12 Kb.
#83637
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2 дәріс 2020

Мәдени-символдық

Жіктелу әлеуметтік маңыздылығы бар ақпаратқа қол жеткізу мүмкіншілігіне байланысты

Мәдени-нормативті

Жіктелу өмір сүру салтына байланысты

2. Әлеуметтік мобильділік – индивидтің немесе әлеуметтік топтың бір әлеуметтік позициядан екіншісіне өтуі. Бұл терминді әлеуметтануға П. Сорокин енгізді.
Әлеуметтік мобильділіктің бірнеше түрлері бар:
  • Тік мобильділік – индивидтің бір әлеуметтік қабаттан екіншісіне өтуі. Тік мобильділіктің өсуші және төмендеуші түрлері болады;
  • Көлденең мобильділік – индивидтің статусын өзгертпестен қоғамдағы орнын ауыстыруы;
  • Буын аралық мобильділік – индивидтің әлеуметтік статусын ата-анасымен салыстыра отырып зерттеу;
  • Буын ішілік мобильділік – адамның статусының өмір бойы өзгеруін зерттеу;
  • Жеке мобильділік – жеке бір индивидтің жылжуы;
  • Топтық мобильділік – біртұтас топтардың орын ауыстыруы. Мысалы, жұмысшы табының құндылығының төмендеуі.
  • Ұйымдастырылған мобильділік – индивидтің келісімімен немесе келісімінсіз орын ауыстыру. Мысалы, депортация, БАМ құрылысы;
  • Құрылымдық мобильділік – елдегі халық шаруашылығының өзгерістеріне байланысты. Мысалы, жаңа таптардың пайда болуы.

  • Адамдардың бір әлеуметтік таптан екінші әлеуметтік тапқа өту жолдарын мобильділік арналары, клаузула деп атайды. Әлеуметтік мобильділіктің арналарына мектеп, әскер, дін орындары, отбасы, меншік, т.б. жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет