Бӛкейхан Ә. Таңдамалы (избранное). - Алматы: Қазақ
энциклопедиясы, 1995
Қазақтың ұлы қоғам және мемлекет қайраткері,
ғұлама ғалымы
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бӛкейханның есімі кеңес дәуірінде бір жақты
қаралып, соның салдарынан оның ӛмірі
мен ғылыми шығармашылығы
мүлдем зерттелінбей шаң басып жатты. Ұсынылып отырған «Ә. Н.
Бӛкейхан. Таңдамалы» атты жинаққа Ә. Бӛкейханның 1899-1937 - жылдар
аралығында жарияланған ірі монографиялары,
ғылыми басылымдары,
мақалалары және жеке хаттары еніп отыр. Жинақтың соңында Ә. Н.
Бӛкейхан қалдырған мол аманат-мұраның шежіресі берілген.
Бӛкейханов Ә. Шығармалар. - Алматы: Қазақстан, 1994. - 384 б.
Кітапқа XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ ұлт-азаттық
қозғалысының басшысы, Алаш
партиясының негізін қалаушы, Алашорда
үкіметінің тӛрағасы Әлихан Бӛкейхановтың "Қазақ"
газеті және басқа
басылымдарда жарық кӛрген еңбектері, сондай-ақ ұлы күрескерге кезінде
замандастары тарапынан кӛрсетілген құрметті айғақтайтын материалдар
енді. Жеке кітап түрінде тұңғыш жарияланып
отырған бұл материалдар
арқылы оқырманның аса құнды мәліметтер ала алатындығы даусыз.