Әлихан Бөкейхан: ұлттың ұлы тұлғасы


Ісімақова A. Тәуелсіздік және Алаш ғылымы: Зерттеулер



Pdf көрінісі
бет16/16
Дата04.10.2022
өлшемі4,64 Mb.
#151609
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
лихан Б кейхан лтты лы т л асы

Ісімақова A. Тәуелсіздік және Алаш ғылымы: Зерттеулер, 
мақалалар. - Алматы: «Каратау КБ» ЖШС; «Дәстүр», 2015. - 288 б. 
Бұл кітапта Алаш ғалымдары А.Байтұрсынұлы, Ә.Бӛкейхан, 
Ж.Досмұхамедұлы, 
М.Дулатұлы, 
Х.Досмұхамедұлы, 
Ж.Аймауытұлы
М.Жұмабай, С.Сәдуақасұлы, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Иса Байзақов, 
М.О.Әуезов, Қ.Мұхамедханұлының әдебиеттанулық зерттеу еңбектері XXI 
ғасырдағы әлемдік әдебиеттану контексінде жаңаша қарастырылған. 
Аталған ғалымдардың әдеби зерттеулері Тәуелсіз кездегі қазақ 
ғылымына қажет екені айқын, сондықтан бұл кітап алаштанушылар мен 
кӛпшілік оқырманға да арналған. 


Ісімақова А. Алаш әдебиеттануы. - Алматы: «Мектеп», 2009. - 560 
б. 
Белгілі әдебиеттанушы Айгүл Ісімақованың кезекті еңбегі - қазақ 
әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының ең бір сүбелі кезеңі XX ғасырдың бас 
кезіндегі ұлттық кӛркемсӛз ӛнерін зерделеуге арналған. 
Қазақтың кӛркемсӛзді қастерлеген ата-баба сӛзі қашаннан басталады? 
Алаш әдебиеттануы деген ұғым қашан қалыптасты? Алаш ғалымдары 
ғылымға (әдебиет, тарих, педагогика, білім беру ісі, психология, 
саясатттану) қандай үлес қосты? Тәуелсіздік кезеңінің бүгінгі ғылымына 
Алаш ғылыми мұрасы несімен қажетті болып табылуда? Кітап осы 
сауалдарға жауап береді. 
Кітапта 
қазақ 
кӛркемсӛзінің 
кӛрнекті 
ӛкілдерінің 
ғылыми 
шығармашылық тұлғасы бүгінгі XXI ғасырдың әдебиеттанулық талаптары 
тұрғысынан қарастырылған. Сонымен қатар автор Ахмет Байтұрсынұлы, 
Әлихан Бӛкейханұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел 
Досмұхамедұлы, Смағұл Сәдуақасұлы, Мағжан Жұмабай, Қошке 
Кемеңгерұлылардан басталатын Алаш әдебиеттануының шынайы келбетін 
әл-Фараби, Абай, Ыбырай, Шоқаннан таратып ұлт әдебиетінің тарихи 
негізін ажырамас бірлікте жүйелейді. Кітаптағы әрбір әдебиеттанушының 
қазақ әдебиетіндегі кӛркемсӛз құдіреті, олардың зерттеуге қосқан үлесі, 
ғылыми, әдеби-теориялық ой-тұжырымдары жан-жақты тұңғыш рет 
айқындалған. Автор асыл сӛздің басты міндетін айғақтап, оны іс жүзінде 
қазақ тілінде кӛрсетіп берген де осы Алаш әдебиеттанушылары екенін 
нақты, ғылыми дәйектер мен тұжырымдар арқылы хрестоматиялық тұрғыда 
дәлелдеп береді. 
Асылында «Алаш әдебиеттануы» - ұлттық әдебиеттің, яғни қазақтың 
жаны мен мұңының, мақсаты мен мұратының бүгіні мен келешегіне деген 
үлкен жауапкершілігінің белгісі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет