Қазақ халқының тарихи тұлғалары: Қысқаша анықтамалық. – Алматы: «Ӛнер» баспасы, 2015. – 1-кітап. – 304 б. «Ӛнер» баспасында дайындалған «Қазақ халқының тарихи
тұлғалары» деп аталатын осы қысқаша анықтамалық - есімдері кӛне
дәуірлер қойнауынан бүгінгі күнге дейін жеткен қазақ халқының
тарихи тұлғаларының ӛмірдеректері, олардың кейінгі ұрпақтарына
қалдырған рухани мұралары, мүмкіндігінше, толық қамтылған
жинақ. Баспа деректерді жан-жақты жинақтап, зерделеп болған соң,
оқырманға әрбір есімнің ӛзіндік болмысын нақтылап ашатындай
етіп беруге тырысты.