Еліміздің болашағын мен қалай көремін және ол үшін не істей аламын? Әрбір жанға өзінің отбасы, туған - туыстары , жолдастары ыстық болса, Отан да адам баласына солай ыстық. Менің туып өскен жерім — егеменді Қазақстан, нақтылап айтқанда Алатау бөктерінде дүниеге келдім.Бұл жерде өмір сүруімнің өзі бекер емес деп ойлаймын. Қазақстанның қазынаға бай және өте әсем екені барлығымызға мәлім. Халқымыздың қазіргі елеулі еңбегі мен жағдайына көз сала отырып болашағымыздың жарқын боларына кепіл бере аламын. Мен Қазақстан Республикасының болашағын былай елестететемін:
Республика жұрты өзіне сенімді,сауатты да салауатты өмірді қаматамасыз ете алады.
Білім жүйесі барынша жоғары деңгейге көтерілген,мемлекет тарапынан білімді жастарға мүмкіндік көп.
Отандық өнім мен жеке кәсіпкерлердің тығыз байланыс нәтижесінде ел экономикасы жоғары нәтижеге жеткен.
Еліміз жер қойнауындағы қазба байлықтарды игеріп,оны шет елдерге экспорттайды.
Туризм саласы биік нәтижеге жетіп,дамыған 30 мемлекеттің ішіне қосылған.
Әрине жоғарыда көрсетілген жетістіктерге жету үшін,ең әуелі тынымсыз еңбек етіп,өз өзімізге деген сенімділік болуы қажет.Яғни,болашағымыз өзгенің емес, өз қолымызда екенін анық түсіну. Егер де әр ел азаматы болашаққа деген жолды өзінен бастап,еңбекқорлығын арттырса мақсатымымызға жететініміз айқын. Яғни,білімді,сенімді,еңбекқор тұлға болып қалыптасу нәтижесі жарқын болашақ. Ал,мен өз тарапымнан арманымыздағы болашақты жүзеге асыру үшін төменде көрсетілгендей көмегімді жүзеге асыра аламын:
Білімге барынша назар аударып,талпынған жастарға өз тарапымнан сияқылар беру.
Отандық өнім негізінде құрылған жеке кәсібімді ашып,елдің экономикасын көтеру.
Мемлекетіміздің әр қаласынан еріктілер клубын ашу арқылы,мұқтаж адамдарға көмек беру.
Әрине бұл мақсаттарға жету үшін,тынымсыз еңбек етіп,білімді болуымыз қажет.Тек өз өзіне сенімді,саналы тұлға ғана жарқын болашаққа үміт арта алатынын ұмытпағанымыз жөн. Алматы қаласы №104 ЖББМ 11 «А» сынып оқушысы: Әбдікерім Малика