Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында.
Н.Ә.Назарбаев
Әрбір елдің болашағы, қазіргі жастардың қолында, яғни білімді жастардың қолында.
Мен Омарова Умида Абдуллақызы, 19.01.-28.03.2015 ж.ж аралығында 4-курстағы педагогикалық іс-тәжірибемді ОҚО, Туркистан ауданында орналасқан № 21 Кәсіптік колледжде өткіздім.
Іс-тәжірибе кезінде мен ІІ курс студенттеріне жетекшісі болып бекітілдім. Жәнібекова Ардақ колледждегі іс-тәжірибе жетекшім болып бекітілді. ІІ курспен тиянақты түрде жұмыс істеуге тырыстым. Өз қабілетімді барынша пайдалануға тырыстым. Өзімнің бойымдағы мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылығым мен сүйіспеншілік сезімдерімді педагогикалық іс-тәжірибе кезінде барынша дамытуға тырыстым.
ІІ курс студенттерінің оқу-тәрбие жұмысымен таныстым. Болашақ педагог ретінде оқу-тәрбие мекемесінің материалдық-техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және де мұғалімдердің міндеттері, құқықтарымен таныстым. Сонымен қатар, студенттердің міндеттері және құқықтарымен толық танысып шықтым. Өткен тақырыптарыма байланысты көрнекілік құралдарын дайындап және де студенттердің дене және психикалық даму деңгейін ескере отырып, мұғалімдік жұмыстың ең нәтижелі формаларын және де әдістерін ұғынуға ұмтылдым. Студенттің даму деңгейіне диагностика жасаумен де айналыстым. Студенттердің күнделіктерін, дәптерлерін тексеріп, кемшіліктерін айтып, олардың дұрысталуына ат салыстым. Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын өткіздім. 6 наурыз күні өзім жетекшілік еткен курсқа « Ана – өмірдің гүлі» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткіздім.
Ал наурыз айының 19 жұлдызында І курс студенттеріне «Функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері» тақырыбында ашық сабақ өткіздім.
Жәнібекова Ардақ колледждегі іс-тәжірибе жетекшім ретінде маған көп көмегі тиді. Жетекшімнің сабақтарын қызығушылықпен күзеттім.
Математика пәнінің қызықты әрі керек пән екенін студенттердің көздерін жеткізуге тырыстым.