Маралбекұлы Мұхаммедәлі:
Ашу - ыза қайнауының жетті болар шегіне,
Көтерілді бүкіл жастар жалын болар еліне.
Мың тоғыз жүз сексен алты боялды жастар қанымен,
Желтоқсанның он алтысы есте жастар қанымен,
Алматының алаңына бар студенттер жиналды,
Ақсақалы қазағымның амал таппай қиналды.
Қырылды жастар, аямай ұрды ұл - қызына қарамай,
Апарып шықты абақтыға ешқайсысын аямай.
1 – жүргізуші:
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейіттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Төлеген Нұрхан мен Бердалы Аянның орындауында «Көрөғлы» күйін қарсы алыңыздар
Садықұл Кәусар:
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
Достарыңызбен бөлісу: |