Елімнің ертеңіне сенемін



Дата27.07.2020
өлшемі13,13 Kb.
#75650
Байланысты:
Қайсарханова Е. ЭССЕ


Елімнің ертеңіне сенемін
Қазақ елі сонау заманнан бері қайсарлығы, батылдығы, ұшқыр ойлылығы, өзге жанға жалау қалдырмас өткір тілімен тарихқа мәлім болып келе жатқан халық. Салт-дәстүріміз, тіл мен дініміз, жөн-жоралғыларымыз да өз алдына бір төбе тұнып тұрған тарих. Қазіргі таңда тәуелсіздіктің тәтті дәмін татып жүргеніміз осы күн үшін күрескен ата-бабаларымыздың маңдай тері деп білеміз. Арманын мақсат етіп, алға ұмтылған адам өзін, ойын, тілін тәуелсіз етуі шарт. Ал, ол үшін, ең алдымен, тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанын сезіне білуі керек. Кейінгі жастардың да міндеті- елеулі еңбекпен келген еркіндікті қастерлеп, еңсесі биік елдіктің туын желбірете білу болмақ.

Қазіргі таңда тәуелсіз ұрпақтың тыныш өмірі үшін барлық жағдай жасалған. Мектептер, ауруханалар, басқа да жан баласының тұтынушылығына қажет болар дүниелер жетерлік. Еліміздің астанасы бой түзеп, белгілі болғалы түрлі ғимараттар салынып, бізде де ғажайып туындылар болуы мүмкін екендігін көрсетіп келеміз. Қанша заман өтсе, сонша өзгеріске ұшырап келе жатқан тіліміз де қазіргі таңда қажетті деңгейіне жетіп, көңіл қуантқан жайы бар. Осының барлығы елімнің тәуелсіз болып, өз бағытына өзі жауап беруі арқылы жүзеге асып жатқаны анық. Дамыған мемлекеттер қатарына қосылып, етегін түзеген ел болып қалыптасқалы қашан. Кеудедегі жұдырықтай жүрегі "елім, жерім" деп соққан әр азамат сөзсіз осы бар қалпымыздан әрі көтерілуімізге аянбай үлес қосатынын білеміз. Себебі, адалдықтың ақ арбасымен жүретін, арманы мен азаттығына адал жан алдымен елінің, халқының жағдайына алаңдап, кем-кетігін кетіруді өзіне міндет санайды. Саналы, сана-сезімге көкірегі толы өсіп келе жатқан ұрпақ өкілдері де елінің сақталуы тиіс елдігін мақсаты етіп қоятын мәлім.



Мен елімнің ертеңіне сенемін. Жасалып жатқан жұмыстар, беріліп жатқан білім арқасында бар қалпымыздан тағы жоғары болатынымызға сенемін. " Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дейді " демекші әр жетістігіміз бен қуанышымызды халықпен бөлісу, басқа азаматтың ойы, ақылы, көрген-білгенімен санасу және ортақ арман, ортақ мақсат құру - міндетіміздің бастысы саналмақ.

Болашағы жарқын, атар таңы үміт пен үгітке толы елімізді дамыту, жетелеу, биік белестерге шығару үшін төгіліп жатқан тер мен алда жасалар қадамдары мүмкіндігі - бізге берілген асыл сый деп білемін. Ертеңі еңселі, шапағы нұрлы туған жер атына кір келтірмес үшін бірлікте күресейік.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет