Курсының бағдарламасына ТҮсінік хат



Дата14.10.2019
өлшемі28,77 Kb.
#49850
Байланысты:
11 сынып мат сауат
11 сынып мат сауат

Мектеп директорының ҒӘЖ

бойынша орынбасары

_______ Д.Д.Асылбекова

Хаттама №1

29.08.2019 ж.


«Бекітемін»

Н.Оңдасынов атындағы №38

мектеп-гимназиясының директоры

________А.С.Жусупова

29.08.2019 ж.





ӘБ отырысында қаралды:

ӘБ жетекшісі:

________ А.Б.Абдалиева





Хаттама №1

28.08.2019 ж.






Бағдарламаны құрастырушылар:

11А,Б – Ж.А.Истыкулова

11Г –О.В.Волосикова



11 - сыныптарға арналған

«Математикалық сауаттылық» таңдау

курсының бағдарламасына

ТҮСІНІК ХАТ
Елімізде 2016-2017 оқу жылынан бастап мектеп бітірушілер Ұлттық бірыңғай тестілеуді жаңа формат бойынша тапсыруды бастады. Жаңа форматтағы тестілеудің айырмашылығы міндетті пәндердің бірі оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда маңызды рөль атқаратын математикалық сауаттылық атты пән қосылды. Бұл пәннің мақсаты мен міндеті оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру, математиканың өмірмен байланыстылығын жете түсіну және қолдану. Алдыңғы жылдары міндетті пән боп саналатын математика пәнінен барлық мектеп бітірушілері тест тапсыратын. Дегенмен оқушылардың көпшілігі мамандық таңдағанда өзінің мамандығымен байланысы жоқ екендігімен және пәннің тапсырмаларының қиындығымен жиі шағымданатын. Бұл қиындықтың да мәселесі шешілгендей, өйткені математика пәні таңдау пәнінің қатарына қосылып, оқушылар мамандығымен байланысты бейіндік пән ретінде дайындалатын болды.

Математикалық пәндер бірқатар мазмұндық бағыттардан тұрады: сандар, алгебра, геометрия, статистика және ықтималдықтар теориясы, математикалық модельдеу және талдау. Бұл мазмұндық бағыттар оқудың барлық жылдары бойы дами отырып, табиғи түрде бір-бірімен байланысады және оқу курстарында өзара әрекеттеседі. Осылайша, математика курсының мазмұнын меңгеру барысында оқушыларға: сан мен есептеудің адам тәжірибесіндегі маңызы туралы түсінігін дамыту; ауызша, жазбаша, аспаптық есеп шығару үшін тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру, есептеу мәдениетін дамыту; алгебраның таңбалық тілін меңгеру, формалды-операциялық алгебралық біліктерді қалыптастыру және оларды есеп шығарған кезде пайдалануды үйрену; қарапайым функциялардың қасиеттерін және графиктерін зерттеу, нақты тәуелділікті сипаттау және талдау үшін функционалды-графикалық түсініктерді пайдалануды үйрену; кеңістіктік түсінікті және бейнелеу біліктілігін дамыту, планиметрияның негізгі фактілері мен әдістерін меңгеру, ең қарапайым кеңістіктік денелермен және олардың қасиеттерімен танысу; шынайы дүниедегі статистикалық заңдылықтар мен оларды зерттеудің түрлі әдістері, ықтималдық сипаты бар қорытындылар мен болжамдардың ерекшеліктері туралы түсінік алу; шынайы үдерістер мен құбылыстарды математикалық модельдеу, аса маңызды құрал ретінде оқып жатқан ұғымдар мен әдістер туралы түсінік қалыптастыру. Осы аталған бағыттардың барлығын тікелей оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру үшін «Математикалық сауаттылық»  қолданбалы курсының әрбір бөліміне тақырыптар кіріктірілді. Курстың мақсаты жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау, таңдау пәндерімен сабақтастыру, тапсырмалардың түрлерімен, тапсырмалардың күнделікті өмірмен байланыстылығын қамтамасыз ету үшін құрылған. Осы курс жоғары сынып оқушыларының  кәсіби дайындық міндеттерін  жүзеге асыруға көмектеседі. Ең бастысы оқушылардың мектепте алған білімдері мен тәжірибелерін  өмірде қолдана ала ма?-  деген сұраққа жауап іздеу.

Курс мазмұны қазіргі таңдағы еліміздегі өзгерістер, тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыттары және қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы, қарқындылығы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Білім берудің жаңа үлгісін ендіру тұлғаны дамыту үдерісі ретінде тәрбиеге басты назар аударылуда.

Елбасы Н. Назарбаев 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»  атты  Қазақстан халқына Жолдауында «Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс. Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек», − деп атап көрсетілген. Қазіргі таңда оқушының өзін-өзі дамытуға, алған теориялық білімдерін өмірмен байланыстыруға, оны қолдана білуге бағытталған жұмыстарға көңіл бөлінуде. Елбасының тапсырмасы бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген.


Курстың мақсаты:

  • оқушылардың математика пәні бойынша сауаттылығын арттыру, математикалық қабілетін анықтау және дамыту;

  • бағдарламалық материалды терең игеруіне, өз білімін кеңейтуге ықпал жасау;

  • стандартты емес,логикалық,күрделі есептерді шығару дағдыларын дамыту;

  • дұрыс негізделген математикалық пайымдаулар айту;

  • есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру;

  • математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелерді шешуде еркін қолдану.

Курстың міндеттері:

  • оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ізденіс жасау арқылы зерттеушілік қабілетінің дамуына ықпал жасау;

  • практикалық мазмұнды есептерді шешудің әр түрлі тәсілдерін қолданып шешу;

  • теориялық білімдерін іс жүзінде қолдануға, есеп шығару тәсілдері мен әдістерін меңгерулеріне көмектесу;

  • қажетті, нақты тақырыптар бойынша математикалық білімдерін тереңдетіп, толықтыру;

  • есте сақтау қабілетін арттыру мақсатында нақты іс тәжірибені қолдану;

  • күрделі есептерді шешуде қиындықтарды жеңе білуге және күрделі түрден қарапайым түрге келтіру әдісін үйренуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

  • оқушылар есептер шешудің негізгі әдістерін меңгереді;

  • стандартты емес есептерді шешудің маңыздылығын ұғынады;

  • күрделі практикалық мазмұнды есептерді өмірмен байланыстыра отырып шеше алады;

  • оқушылардың математикалық мәдениеті мен шығармашылық қабілеттерінің дамуы, танымдық деңгейі көтеріледі;

  • оқушылардың өзіне деген сенімділігі артады;


Оқу-әдістемелік жоспар

«Математикалық сауаттылық» курсы аптасына 1 сағат, жылына 34 сағаттан тұрады. Курс мазмұны тарауларға бөлінген, олардың әрқайсысы арнайы тақырыптарды қамтиды. Берілген курста «Математикалық сауаттылық» бойынша теориялық және практикалық білім, білік негіздері жүйеленіп, кіріспе ретінде арнайы сағат бөлінді.

Барлық тапсырмалар мәселелі және өзіндік жұмыстарды қамтуы тиіс. Курстың жақсы меңгерілгені оқушының өзіндік шығармашылық жұмысымен анықталады. Ойдағыдай ұйымдастырылған сабақтар курс мақсатын іске асыруға көмектеседі. Курс тақырыбы бойынша өз жобасын қорғау не болмаса сынақ жұмысы, қорытынды тест тапсыру тексеру түрі бола алады.
Оқытылатын курс бағдарламасы

І тарау. Сандар теориясы (6 сағ)

Сандардың бөлінгіштік белгілері.Санның соңғы цифрын анықтауға берілген есептер. Арифметикалық ребустарды шешуге берілген есептер. Ең үлкен ортақ бөлгіш пен ең кіші ортақ еселікті табу. Жай және құрама сандар. Жұп-тақтылыққа берілген есептер. Пайызға есептер. Пропорция мен тең қатынастарға берілген есептер. Күрделі пайыздарды есептеу формулаларына есептер, концентрация мен пайыздық қатынасқа есептер.



ІІ тарау. Алгебра (10 сағ)

Алгебралық өрнектер мен оларды түрлендіру. Теңдеулер мен теңсіздіктер, олардың жүйелері мен жиынтықтары. Тізбектер және олардың қосындысы. Тригонометрия элементтерін бағандар бойынша салыстыру



ІІІ тарау. Геометрия (5 сағ)

Геометриялық фигуралардың қасиеттерін бағандар бойынша салыстыру. Геометриялық фигуралардың өзара орналасуы.

ІV тарау. Статистика және ықтималдық теориясы (7 сағ)



Жиындар теориясы мен логика элементтері. Комбинаторика негіздері. Статистика және дерек талдау.

V тарау. Математикалық модельдеу және талдау (5 сағ)

Қозғалыстағы жылдамдыққа және қозғалыстың орташа жылдамдығын анықтауға берілген есептер. Теңдеу құру арқылы шығарылатын есептер. Мәселе есептер. Бірлесіп жұмыс істеуге берілген есептер. Адам жасын анықтауға берілген есептер


Тақырыптық_жоспар__11_сынып-аптасына_1_сағат._Барлығы_-34_сағ'>Тақырыптық жоспар

11 сынып-аптасына 1 сағат. Барлығы -34 сағ



Тақырып

Сағат саны

Сабақтың түрі

1

Кіріспе. Дәріс. «Математикалық сауаттылық» тест

1

Семинар, сынақ




Сандар теориясы

6




2

Сандардың бөлінгіштік белгілері.Санның соңғы цифрын анықтауға берілген есептер. Арифметикалық ребустарды шешуге берілген есептер.

1

Ойын, жұмбақ


3

Ең үлкен ортақ бөлгіш пен ең кіші ортақ еселікті табу.

1

Диспут

4

Жай және құрама сандар. Жұп-тақтылыққа берілген есептер

1

Зерттеу сабақ

5

Пайызға есептер. Пропорция мен тең қатынастарға берілген есептер.

1

Практикалық сабақ

6

Күрделі пайыздарды есептеу формулаларына есептер, концентрация мен пайыздық қатынасқа есептер.

1

Панорамалық сабақ


7

Тест тапсырмалары

1

Сынақ сабақ




Алгебра

10




8-9

Алгебралық өрнектер мен оларды түрлендіру.

2

Практикалық сабақ

10-11

Теңдеулер мен теңсіздіктер, олардың жүйелері мен жиынтықтары.

2

Практикалық сабақ, сынақ

12-13

Тізбектер және олардың қосындысы.

2

Зерттеу сабағы

14-15

Тригонометрия элементтерін бағандар бойынша салыстыру

2

Практикалық сабақ, сынақ

16

Сәйкестендірулер мен салыстырулар

1

Практикалық сабақ

17

Тест тапсырмалары

1

Сынақ сабақ




Геометрия

5




18

19


Геометриялық фигуралардың қасиеттерін бағандар бойынша салыстыру

2

Семинар сабақ

20

21


Геометриялық фигуралардың өзара орналасуы.

2

Біріккен сабақ

22

Тест

1

Сынақ сабақ




Статистика және ықтималдық теориясы

7




23-24

Жиындар теориясы мен логика элементтері.

2

Практикалық сабақ

25-26

Комбинаторика элементтеріне берілген есептер

2

Практикалық сабақ

27-28

Статистика және дерек талдау.

2

Практикалық сабақ

29

Тест тапрсырмалары

1

Сынақ сабақ




Математикалық модельдеу және талдау

5




30

Қозғалыстағы жылдамдыққа және қозғалыстың орташа жылдамдығын анықтауға берілген есептер

1

Жарыс сабақ, сынақ

31

Теңдеу құру арқылы шығарылатын есептер

1

Талқылау сабағы,сынақ

32


Мәселе есептер. Бірлесіп жұмыс істеуге берілген есептер

1

Саяхат сабақ

33

Адам жасын анықтауға берілген есептер

1

Зерттеу сабағы

34

Қорытынды тест тапсырмалары

1

Сынақ сабақ



Пайдаланылатын әдебиеттер

Мұғалім үшін:

  1. https://bilimger.kz

  2. «Математика және физика» ғылыми-әдістемелік журналы, 2017

  3. Бейсеков Ж., Мелдебекова З.С «Оқушыларды математикалық олимпиадаға даярлау» Шымкент 2013 ж

  4. «Математикалық сауаттылық» талапкерлерге арналған тест 2017 ж

  5. Т. Т. Абылайханов, Т. Т. Абылайханов «Математика есептері» Алматы «Рауан» 1995ж

  6. Интернет мәліметтері


Оқушы үшін:

  1. Т. А. Алдамұратова, Қ. С. Байшоланова, Е. С. Байшоланов «Математика» 5-6 сынып, Алматы «Атамұра» 2017

  2. Бейсеков Ж., Мелдебекова З.С «Оқушыларды математикалық олимпиадаға даярлау» Шымкент 2013 ж

  3. «Математикалық сауаттылық» талапкерлерге арналған тест 2017 ж

  4. Тест есептері жинағы 2017-2018 жж

  5. Байқау сынақтары кітапшалары

  6. Оқушыларды математикалық сауаттылық бойынша онлайн дайындау сабақтары: 5+, www.youtube.com, www.vk.com.

  7. Интернет мәліметтері


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет