«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында Жан теріңмен еңбек ет.»



бет3/5
Дата21.11.2016
өлшемі0,63 Mb.
#2263
1   2   3   4   5

Астана - Қазақстанның елордасы 29 Шілде 2013 Астана - Қазақстан Республикасының елордасы, мемлекеттік бірліктің символы Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. Қазіргі уақытта Астананың аумағы 700 шаршы шақырымнан асады, тұрғындар саны 2012 жылғы 1 маусымда 750 мыңнан астам адам болды. Қала үш ауданнан – «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл» ауданынан тұрады. Астана Қазақстанның орталығынан солтүстікке қарай құрғақ далалық өлкеде, құрғақ бозды-бетегелі дала аймағында орналасқан. Қала аумағы аласа терраса – жайылма жер бедері түрінде келеді.  Есіл өзені елорданың басты су көзі саналады. Ауа райы күрт континентальды – қысы суық әрі ұзақ, жаз мезгілі ыстық және бірқалыпты қуаң. Еуразия құрлығының ортасында қолайлы орналасуы Астананы экономикалық тұрғыдан тиімді көлік, қатынас және логистика орталығына, Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік транзиттік көпірге айналдырды.   Ел астанасын ауыстыру Астананың экономикалық дамуына қуатты серпін берді. Қала экономикасының даму қарқынының жоғарылығы инвесторларды көп тартуға әсер етті. Астаналық мәртебеге ие болған сәттен бері салынған инвестиция мөлшері іс жүзінде – 30 есе, ал өңірлік жалпы өнім 90 есе өсті. Қаланың өңірлік жалпы өнімінің үлесі республика көлемінде 8,5 пайызға тең.   Кітапты жүктеу: Астана: Вехи созидания столицы Қала экономикасының негізі – сауда, өнеркәсіп өндірісі, көлік, байланыс және құрылыс салалары. Шаһардың өнеркәсіп өндірісі негізінен құрылыс заттарын, азық-түлік өнімдерін шығару мен машина жасау ісі төңірегіне шоғырландырылған. Астананы ауыстырған уақыттан бері өнеркәсіп өндірісінің мөлшері 11 есе артты. Қала Қазақстандағы ірі бизнес орталығының біріне айналды. Кәсіпкерлік мәдениеті қарыштап дамып келеді – Астанада 50 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік нысандары жұмыс істейді, олар қаланың 170 мыңдай тұрғынын қамтып отыр. Астаналық тұрғындардың орташа номинальды айлық жалақысы 140 мың теңге шамасында.  Елорда құрылыс ауқымы жөнінен елде көш бастап тұр. Астана мәртебесін алғалы бері қалада 10 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды.  Астана құрылысына жүздеген құрылыс компаниялары қатысты.  Жергілікті фирмалармен қатар жаңа елорданы түрік, итальян, француз, швейцария компаниялары тұрғызды. Астананың сәулеткерлік тұжырымдамасын жасау барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың елордада ерекше еуропалық стиль қалыптастыру идеясы негізге алынды. Астаналық бас жоспардың авторы белгілі жапон сәулеткері Кисе Курокава болды. Астана – заманауи сәулеткерліктің, қазіргі архитектураның мүмкіндіктері толық көрініс тапқан қала. Кең байтақ қазақ даласының нақ ортасында ғаламат ғимараттары бар қайталанбас әсем шаһар бой көтерді. Қала құрылысында ең озық технологиялар мен XXI ғасырдың қала салу өнерінің инновациялық әдістері қолданылуда. Қазақстанның қазіргі елордасына Батыс пен Шығыстың мәдени дәстүрлерін жарасымды тоғыстырған сәулеткерлік стиль тән. Әлемнің әйгілі сәулеткерлері мұнда өздерінің үздік жобаларын іске асырды. «Бәйтерек» кешені жаңа елорданың басты символына, оның өзіндік бойтұмарына айналды. Өзге де бірегей сәулеткерлік ғимараттар қатарында белгілі британдық архитектор Норман Фостердің жобасы бойынша пирамида үлгісінде салынған «Бейбітшілік және келісім» сарайын, әлемдегі ең биік шатыр үлгісіндегі ғимарат – «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығын, теңізден алыс орналасқан океанариум –  «Думан» орталығын, «Қазақстан» орталық концерт залын, «Триумф Астана» және «Солтүстік шұғыласы» тұрғын үй кешендерін, «ҚазМұнайГаз» және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компанияларының кеңселік ғимараттарын атауға болады. Спорттық нысандар арасында 30 мың көрерменге арналған «Астана-Арена» жабық стадионын, 2011 жылы әлемде үздік деп танылған, 10 мың орынға арналған «Сарыарқа» бірегей велотрегін атап өту қажет. Тағы бір маңызды спорттық кешен – ең жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін «Алау» мұз айдыны. Кітапты жүктеу: Достопримечательности Астаны Астана бүгінде айрықша сәулетімен ғана ерекшеленіп қоймай, сондай-ақ бау-бақшалы қалаға айналып келеді. Елорданың «жасыл белдеуі» кеңеюде, қала орасан далалық өңір орталығының жасыл алқабына – экологиялық таза мегаполис үлгісіне айналды. Астананың миссиясы – еуразиялық кеңістіктегі мәдени және зияткерлік орталыққа айналу және Қазақстанның орнықты дамуының басты қозғаушы күшінің рөлін атқару. Астана – республиканың ірі саяси-әкімшілік, іскерлік және мәдени орталығы. Елдің барлық орталық билік органдары, дипломатиялық өкілдіктер, отандық және шетел кәсіпорындарының басты кеңселері,  жетекші университеттер, ең үлкен заманауи медициналық клиникалар мен маңызды мәдениет мекемелері осында орналасқан. Елорданы әлемнің жиырмадан астам қаласымен достық және бауырластық қатынастар байланыстырады. Астана 1999 жылы шілдеде ЮНЕСКО-ның «Бейбітшілік қаласы» деген сыйлығына ие болды. 2000 жылдан бері Қазақстанның бас қаласы Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі болып саналады. Бүгінде Астана халықаралық маңызы бар түрлі форумдар, конгрестер мен өзге де іс-шаралар өтетін Еуразия кеңістігінің орталығына айналды. Соңғы жылдар ішінде Қазақстанның елордасы бірнеше рет барша әлемдік қоғамдастықтың басты назарында болды. Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері, Астана экономикалық форумы және өзге де маңызды халықаралық оқиғалар тұрақты түрде өтіп келеді. 2010 жылы желтоқсанда Астанада ЕҚЫҰ-ның тарихи саммиті, ШЫҰ мен ИЫҰ-ның мерейтойлық саммиттері болып өтті. 2011 жылдың басында республиканың елордасы VII Қысқы Азия ойындарының қатысушылары мен қонақтарын қабылдады. Қазіргі уақытта Астана «Expo-2017» халықаралық көрмесін өткізуге арналған конкурсқа қатысуда және оны өткізуге басты үміткерлердің бірі. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болды және жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналды. Нұрсұлтан Назарбаев Астананың 10 жылдық мерейтойына арналған өзінің бағдарламалық сөзінде жаңа елордалық қаланың даму философиясын өте анық және бейнелі түрде айқындап берді: «Осында ежелгі Сарыарқа жерінде тек астана емес, еліміздің болашақ бесігі өмірге келді. Астана тарихы мен қазақстандықтардың тағдыры бір-бірінен ажырағысыз. Елорда біздің республикамыздың күш-қуатының іске асуының, динамикалық дамуының және тұрақтылығының көрінісі. Астана барша қазақстандықтарды біріктіретін және алға қарай қадам басқан жарқын, қуатты, гүлденген қалаға айналды. Біздің елордамыз Отанымыздың жүрегі, халықтың өз күшіне сенімі мен ұлы тағдыр-талайының символы болып табылады. Бүгінде Астанада, Қазақстанның барлық өңіріндегі сияқты, жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Халықтар достығы, өзара түсіністік және ынтымақтастық – Астананы және жаңа Қазақстанды құрудың негізі, міне, осылар». 

Источник: http://e-history.kz/kz/publications/view/15
© e-history.kzБілесің бе, Елорданың тарихын?


Жарияланды 29-06-2013, 19:21 Категориясы: Бастауыш сынып 

Сабақтың тақырыбы: Білесің бе, Елорданың тарихын?


Сабақтың мақсаты: Демалушыларды Қазақстан республикасының астаналарының тарихымен
таныстыру, жаңа астананың көрікті жерлері туралы білімдерін кеңейту.
Астананың мемлекетіміздің биік мәртебесі, жоғары дәрежесі, елдік пен тұтастықтың, бірліктің тұтқасы екендігін таныту; Демалушыларды отанды қорғап, Астанамызды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Әр топтың шығарған газеттері, слайд.
- Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, мұғалімдер, оқушылар! Бүгінгі біздің «Білесің бе, Елорданың тарихын?» танымдық ойын сайысына қош келдіңіздер!
- Алтыншы маусым қандай күн?
Дұрыс айтасыңдар, балалар! Қазақстанның тарихи даму барысында астана қызметін атқарған қалалар:
1920 - 1924жылдары Орынбор қаласы
1924 - 1929жылдары Қызылорда (Ақмешіт) қаласы
1929 - 1997 жылдары Алматы қаласы
1997 жылдан бастап Астана

Қазақ АССР - і атанып бөлінді. 1920 - 1925 жылдары Орынбор қаласы астана болды. 1925 жылы әкімшілік орталық Орынбордан Ақмешітке көшірілді. Ақтың бояуы ұнамаған большевиктер Ақмешітті Қызылорда деп өзгертті. 1929 жылдан 1997 жылға дейін Республика астанасы Алматы болды. Үш ғасыр бойы бодандықта болған жұртымыз Алматыда өз тәуелсіздігін алды. Ата Заңын қабылдап, мемлекеттік рәміздерді белгіледі. 1994 жылы Республика Парламенті Қазақстан астанасын Ақмолаға көшіру туралы ұйғарым жасап, одан кейін Республика Президентінің "Қазақстан Республикасының астанасы туралы" Жарғысы шықты. Осы құжаттарға сәйкес 1997 жылдың 10 - ші желтоқсанында Қазақстанның астанасы Ақмолаға көшірілді. Жаңа астананы дүние жүзіне таныстыру рәсімі 1998 жылдың 10 маусымында болды.

Қазіргі уақытта Астана қаласы - Қазақстанның саяси және мәдени орталығы. Бұл қаланың тарихы көне замандардан басталатынын К. Ақышев бастаған Қазақстан ғалымдары дәлелдеді. Бұл тарихи ескерткіш Бозоқты көлінің шығыс жағалауын алып жатыр. Ескерткіштің жалпы көлемі және қоршаған ауыл шаруашылық аумағы - 30 гектар.

Бұл күнде осы қалашықтың орнына жақын жерден еліміздің астанасы - Астана қаласы бой көтерді. Астана қаласына сән беріп тұрған көптеген көрікті ғимараттар бар. Айта кететін болсақ, Бәйтерек, Нұр астана мешіті, спорт алаңы т. б. Нұр - Астана мешіті (ағылш. Nur - Astana Mosque), Астана қаласында орналасқан мешіт. «Нұр Астана» мешіті 2005 жылдың 2 наурызында ашылды. Мешіт Астана қаласындағы Есіл районында орналасқан. Мешіттің іргетасы 2002 жылы қаланған болатын. Бәйтерек (монументі) Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған), диаметрі 27 м; Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» – қазіргі Қазақстанның нышан - символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Ол елорданың халық көп баратын жерінің бірі.

«Хан Шатыр» - Қазақстанның астанасы Астана қаласындағы ірі ойын - сауық және сауда - саттық орталығы (Астананың жаңа символы) 2010 жылы 6 - шілдеде Астана күніне орай ашылған. Хан Шатыр, әлемдегі шатыр түрді құрылыстардың ең орасан зоры болып, және Қазақстандағы сауда орталықтарының ең үлкені, әрі бірегей сырт пішінімен айшықталады.

Ақ Орда резиденциясы — Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы.


Астана қаласы Есілдің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталығының аумағында 2001 ж. қыркүйек айында салына бастады. Ғимараттың жалпы көлемі 36 720 m2. Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ ордасының ресми тұсаукесері 2004 ж. желтоқсанның 24 күні өтті. Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастан салынған. Шатыр сүмбіні қоса есептегендегі ғимараттың биіктігі 80 м. Қасбеттің қаптамасы қалыңдығы 20 — 40 см. болатын итальян мәрмарынан жасалған. Ғимарат жер бетінде 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады, оның ішінде жер бетіндегі 1 - қабаттың биіктігі 10 м., қалған қабаттардың биіктігі 5 м.

«Отан Ана» кешені. Жоңғар шапқыншылығы мен Ұлы Отан Соғысы кезінде ерлікпен қаза тапқан жандардың құрметіне салынған. Ұзындығы 24 метрді құрайтын мемориал ортасында граниттен тұрғызылған таста алтын шара ұстаған әйел бейнеленген. Қолындағы шара тыныштық пен гүлденудің белгісі. Барельефтің оң жағында кеңес әскерлері, ал сол жағында жоңғар шапқыншылығында қаһармандық танытқан қазақ батырлары бейнеленген. Төменгі жақта мәңгілік алау орналасқан.

- Ендеше сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық. Сайыскерлердің білімін таразылап, өздеріне баға беруші әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
(Әділ қазылар алқасымен таныстыру) Ендеше, балалар бүгін біз осы Астана туралы білетінімізді ортаға салып сайысуға келіп тұрмыз. Әр топтан үш оқушы шығады.
Сайыс кезеңдерімен таныстыру.
1. Сайыскерлер өздерін таныстыру.
2. Кім көп біледі? Сұрақтарға жауап беру
3. Бұл қай ғимарат?
4. Қылқалам. Берілген тақырыпқа шығарма жазу
5. Мәнерлеп оқу
6. Қабырға газетін қорғау.
7. Ұйқасын тап.
- Әр сайыстың ортасында әуен тыңдалып, сол әуенді табамыз. Қай топ тапса, сол топ қосымша 2 ұпайға иеленеді.
- Беташарын сайысымыздың бастайық,
Көрермендерді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін.
Өнеріне ду қол соғып қостайық.

1. Әр топ өздерін таныстыру.


2. Кім көп біледі? бөлімі. Берілген сұрақтарға әр топ қол көтеріп жауап беру.
1. Қазақстан тарихында неше астана болды? (төрт)
2. Орынбордан астана қай қалаға ауысты? (Қызылорда
3. Қазақстанның алғашқы астанасы қай қала? (Орынбор)
4. Астана Алматыдан қай қалаға көшірілді? (Астана)
5. Астана қаласының бұрынғы атауы? (Ақмола)
6. Ақмоланы Астана деп атауға жарлық қай жылы шықты. (1998. 6. 05.)
7. Астана қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)

Ән тыңдау: Көк тудың желбірегені. ( қосымша 2ұпай)


3. Бұл қай ғимарат?
1. Хан шатыры –
Сұрақ: Бұл қандай ғимарат, қай қалада?
2. Бейбітшілік пен келісім сарайы
Сұрақ: Бұл қандай ғимарат, қай қалада?
Ән тыңдау: Атамекен. ( қосымша 2ұпай)
4. Қылқалам Берілген тақырыпқа шығарма жазу
Тақырыптар:
1. Астана елдің – жүрегі.
2. Тәуелсіздік түндігі – Астана
3. Астана - жаңа қала
4. Киелі менің Елордам.
Ән тыңдау: Десантшылар ( 2ұпай)
5. Тамаша өлең таңдайға татып балдай, Өз тілінде жыр оқу бақыт қандай! Жан - дүниең жарқырап сала берер, Ағарып келе жатқан атып таңдай - деп ақын жырлағандай, келесі кезегіміз мәнерлеп оқу сайысы. Әр топтан бір оқушы шығып өздері жаттаған өлеңдерін мәнерлеп, жатқа айту.
Ән тыңдау: Сәлем саған туған ел ( қосымша 2ұпай)
6. Қабырға газетін қорғау.
7. Ұйқасын тап.
Балдырған тобы: Жайнай бер, жаңа Астанам,
Ертегідей ғажап бас қалам.
Шағала: Мынау менің Астанам,
15 - ке толған жас қалам.
Жасқыран: Астанам – асқарымдай көрінесің,
Өлең боп көкірегімнен өрілесің,
Достық: Астана - ару қала, аппақ қала,
Көрінген көкжиектен асқақ дара,
Әділқазылар алқасына сөз кезегін беріп, жеңімпаз топты анықтау.

Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен:


- «Астана - бұл менің төл перзентім. Әр адам, тегінде өз қаласын сүйетін шығар. Ал біз - астаналықтар өзіміздің жас қаламызды үш есе артық сүйеміз, өйткені оның құрылысын тақыр жерден бастадық. Мұндағы әрбір жаңа ғимарат біздің жүрегімізден шыққан, өйткені олар туған сәтінен бастап біздің көз алдымызда…

- Ал, балалар, астана туралы көптеген өлеңдер оқып, ойларыңды ортаға салдыңдар, көп рахмет. Астанамыздың мерейі үнемі асқақтай берсін! Елімізді қорғап, қастерлеу, әрқайсымыздың міндетіміз, парызымыз екенін ұмытпайық!







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет