Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Сабақтың тақырыбы": Елін сүйген, елі сүйген Елбасы"
Сыныбы: 9а
Сабақтың мақсаты:
1 - желтоқсан - Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
Қ. Р. Президенті Н. Ә. Назарбаев ел үшін жасаған істерін үлгі – өнеге ету.
Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, жинақтау
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, шар, буклет, нақыл сөздер
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды екі қатарға тұрғызу
2. Екі жүргізуші ортаға шығады
Мұғалім: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар
Қайырлы күн құрметті қонақтар!
1 - Желтоқсан Тұңғыш Президентіне арналған «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Қ. Р. Мемлекеттік Гимн орындалады
1 оқушы:
Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген
Лебізіңнен ол арманы өрілген
Сенің арқаң - Қазақстан көркейіп
Достық әні шарықтады төрімнен
2 оқушы:
Серпігенде бодандықтың тұманын,
Жетті әлемге ұраным мен жыр - әнім
Өзің болдың көшбасшысы елімнің
Өзің болдың биік ұшқан қыраным
Сахнаға 4 оқушы шығып өлең шумақтарын оқиды
3- оқушы:
Атыңнан айналайын, Егемен ел!
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер
Мерейің құтты болсын Нұр ата,
Ғасырдың тойы болшы келе берер
4 - оқушы:
Болашағы Қазақстанның алдағы,
Орындалсын қазағымның арманы
Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан
Халқымыздың таңдап алған таңдауы
5 - оқушы:
Асқақ болып еліміздің жалауы
Мәңгі жансын тәуелсіздік алауы
Еңбек, достық, бейбітшілік береке
Қазақстан Республикасының қалауы
6 - оқушы:
Еліміздің тыныштығын ойлайтын
Халқым менің елбасыны қолдайтын
Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған
Жасай берсін Назарбаев Нұрсұлтан
7 оқушы:
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік
Эльдар: Қазір слайдқа назар аударайық
1– оқушы:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты.
2- оқушы:
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаға барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Қорытынды:
Қорыта айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев – ғасыр тұлғасы, елінің жанын ұғатын, халқын замана көшімен аман алып келе жатқан қамқоршы. Айналасына нұрын төккен, жылу шашқан Нұрсұлтан Назарбаевтай тұлғалардың қоғамдағы алар орны ерекше. Елбасының бергенінен әлі де берері мол екеніне кәміл сенемін.Елбасыға тілерім көк туымызды биіктерде желбірету жолындағы еңбегіңіз жана берсін!
Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада сегіз жүзден астам адам тұрады. Қазір қаланың аумағы 200 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол «киелі орын», «босаға» деген мағыналарға ие.
Есіл өзенінің сол жағалауында мыңдаған жылдар бүрын дүниеге келген Қыпшақ сүлтанының әскери ставкасының Қазақстанның жаңа елордасы Астана тарихында өзіндік орны бар. Бозоқ қаласының үйіндісін ашып, оны зерттеу жүмыстарының арқасында қаланың тарихы ілгеріде жатқаны белгілі болды. Бүл өлкеде бүрыннан-ақ адамдар мекен еткен. Палеонтологтар, археологтар сар далада жортуылдаған көшпенділер қорғаны жайлы, сонау оныншы ғасырлардағы Бозоқ секілді қалашықгың қайталанбас қолөнері мен мәдениеті жайлы археологиялық қазбаларды сөйлеткісі келеді. Ол — уақыттың еншісі, ал, біз бүгінге жеткен ең ескі ғимараттар арқылы, Ақмола уездік қалашығының әскери және құрылыстық нығаюы кезеңі жайлы айтамыз. Сол кезеңдегі тарихи жағдайлар Ресей империясының отарындағы алыс мекендерін бақылайтын осындай эскери қамалдарды салғанынан хабар береді. Бір кездері Қараөткел арқылы, аққан Есілдің суы сарқырап жататын. ¥зақ жол жүріп келе жатқан керуен өзеннің жағасына тоқтап, тынысгап алатын еді. Ал кесененің күнмен шағылысқан, ақ күмбезі жолаушыларға ақ сапар тілеп түрғандай. Міне, осындай, ежелгі Сарыарқаның төсінде қала бой көтерді. Басында қала емес, жай ғана қорған сияқты болатын. Бүлтөңірекке қоныстанған қазақтар жылдың қай мезгілі болсада Қараөткелдің тайыздау жерімен жылқы, түйе малын пайдаланып, жаз жайлауға ал қысқа қыстауға көшіп-қонып жүретін. Өзеннің осы түстағы өзен арнасын жабатын қаратүсті құмнан Қараөткел пайда болған. Ал одан Нүра өзеніне қарай он сегіз шақырым жфді, Ақмола деп атап кетті. Ал күмбезі алыстан көз тартатын кесене Есілдің жағалауында түр. Ол жерде бір кездері өзінің даналығы мен эділдігімен бүкіл сахара танымал болған Нияз би жерленген. Оның экесі Тілеулі батыр қазақ-жоңғар үлт-азаттық соғыс тарихында өзіндік орны бар адам. Аты, аңызға айналған қолбасшы, сардарлар Есет пен Жэнібектің үзеңгілесі болған ол, Аңырақай, Қалмаққырған мен Қарақүмда 1710-1729 жылдары болған жоңғар соғысында қыпшақтың 92 руының эскерін басқарған. Сонымен қатар, лайықты үлды тэрбиелей білді. Кейінірек, Нияз би Абылай ханның беделді кеңесшілерінің бірі болды. Ал күмбезі киіз үйдің шаңырағына үқсайтын, ақ кірпіштен түрғызылған кесене осы өңірдің атына айналды.
1998 жылдың алтыншы мамырында Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысы бойынша, Ақмола атауы Астана болып өзг^эді. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Қазақстанға медаль жэне «Әлем қаласы» жоғары атағы берілді. Бүгінде Астана — саяси, экономикалық жэне элеуметтік-мэдени мэселелер бойынша түрлі кездесулер өтетін Еуразия кеңістігінің орталығы болып саналады. Жас Қазақстанның тарихы да бай. Қала 130 жыл бойы, Ақмола аталып келді. Одан кейін, Целинофад, Акмола атанды, енді, Астана қаласы. Он тоғызыншы ғасырдың соңында, Ақмолада 25 адамдық стационар істейтін, ал 1964 жылы Целиноградта 350 дэрігер болды. Бүгінде елордада тамаша медициналық кластер жүмыс істейді. XXI ғасырға ерекше қарқынмен кірген Астананы орталық азиялық феномен деп бекер айтпайды.
Достарыңызбен бөлісу: |