Әліпбек ардақ ЗӘуірбекқызы жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру



бет1/3
Дата01.04.2017
өлшемі0,59 Mb.
#12921
түріАвтореферат
  1   2   3
ӘОЖ 373.5:51.204.0:165.5(043.3) Қолжазба құқығында

ӘЛІПБЕК АРДАҚ ЗӘУІРБЕКҚЫЗЫ

Жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру

13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

Жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент институтында орындалды

Ғылыми жетекшілері: педагогика ғылымдарының докторы Көшербаева А.Н

педагогика ғылымдарының докторы

Алсатов Т.М.
Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы

Ұзақбаева С. А.


педагогика ғылымдарының кандидаты

Тулебаева Ш. Ә.

Жетекші ұйым: Ы. Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім беру академиясы

Қорғау 2010 ж. « 20 қазанда» сағат 10.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д.14.05.01. диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, 2-қабат, мәжіліс залы.

Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Қазыбек би 30, 3-қабат.


Автореферат 2010 жылы «20» қыркүйекте таратылды.

Диссертациялық кеңестің

Ғалым хатшысы: Абдугулова Б.К.

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап осы ұстанымды басшылыққа алып келеді. Қоғамның денсаулығы бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру міндетін жүзеге асыру жолындағы басты тірек.

Елбасының «Қазақстан – 2030» жолдауында ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі – «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты» тармағында, «…азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін» азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Сонымен қатар, бұл стратегиялық бағдарламада: «Салауатты, әрі гүлденген экономика құрмайынша біз қуатты мемлекет пен қарулы күштер құра алмаймыз, демографиялық, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз»- деп Елбасы ойын түйіндейді.

Сонымен, Елбасының жолдауын Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады.

Салауатты өмір салтын жастардың бойында қалыптастыру мемлекетіміздің «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің негізі ретінде көрсетілген. Онда ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамдарды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау жолдары белгіленген.

Салауатты өмір салтының аса қажеттілігі басқа да мемлекеттік ресми құжаттардан көрініс табады. Атап айтқанда: Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы Қазақстан Республикасының Заңы (1997), Қазақстан республикасының мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы (1999) және т.б.

Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы Қазақстанның болашағы – ертеңгі ұрпағында болғандықтан жастардың денсаулығы халықтың өсімі мен санасын анықтайды. Денені үнемі шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухты шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет ететін әрекеттер. Ал мұны жүзеге асыру, жас ұрпақтың салауаттылығын қамтамасыз ету ең алдымен отбасы мен мектепке жүктеледі. Сондықтан, бүгінгі күні Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтатын жеке тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.

Бүгінгі таңда салауатты өмір салты ұлттық идеяға да айналуы тиіс мәселе. Өйткені қазақ халқында бұл идеяны жүзеге асырудың негізі болатындай Қазақ хандығы тұсында өмір сүрген белгілі ойшыл Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баяны», Құртқа Сұлтанқожаұлының тәлімдік мұрасы, ұлттың генетикалық тазалығын сақтау үшін жеті атаға дейін қыз алыспауға тиым салған «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» заңдары және Тәуке ханның «Жеті жарғысы».

Ұлттық идеяға айналатындай салауатты өмір салты бүгінгі күні жан-жақты қарастыруда. Педагогика ғылымында бұл мәселе төңірегінде назар аударатын көптеген зерттеулер жүргізілуде. Оларды ғылыми тұрғыда жүйелей келе, мынадай бағыттарын атап айтуға болады:

- салауатты өмір салтын философия мен әлеуметтану ғылымы тұрғысынан (Л.Н.Арутунян, Ю.Б.Бромлей, И.Т.Левкина, Р.В.Рыбкина, Т.Ж.Нақыпбеков және т.б.);

- оқушылардың бойында құндылық бағдар негіздерін қалыптастыру (Г.К.Нұрғалиева, С.С.Тілеуова және т.б.);

- оқу-тәрбие үрдісінде жастардың салауатты өмір салтын адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастыру (А.Каплиева, Б.Қ.Мұхаммеджанов, Г.Ж.Нұрышева, Ж.Торыбаева және т.б.);

- салауатты өмір салтын тарихи дамуы және халықтық педагогика тұрғысынан зерттелуі (Ж.Ембергенова, Э.Құрманалиева және т.б.);

- валеология ғылымын теориялық және әдістемелік тұрғыда зерттеу мәселелері (А.С.Иманғалиев, А.Ақанов, Ж.Ж.Нұржанова және т.б.);

- оқушылардың бойындағы салауатты өмір салтының психо-физиологиялық аспектілері (Ш.Ә.Тулебаева, Т.Қ.Игисинов, И.В.Мордвинцева және т.б.).

Қоғамдық жаңару кезеңінде, еліміздегі әлеуметтік-саяси, экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезеңінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Сондықтан жоғарыда аталған зерттеулерді негізге ала отырып, қоғамдағы мектеп, отбасы бала тәрбиесіне, әсіресе салауатты өмір салтын қалыптастыратын тиімді жолдарын іздестіру – заман талабы болып отыр.



Адам өмірінің өзегі – эстетикалық құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана. Осы қағидаға сүйенсек, қоғамның жаңару кезіндегі жаңаша көзқарастардың бірі - эстетикалық құндылықтар.

Қазақстан Республикасы тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: «ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру; сұлулыққа, тазалыққа үйрету» міндеті ерекше аталады. Жастардың бойында салауатты өмір салтының қалыптасуына эстетикалық құндылықтардың әсер ететіні сөзсіз. Өйткені, салауатты өмір салты адам табиғатына аса қажетті әсемдікті, сұлулықты, тазалықты талап етеді. Сондықтан эстетикалық құндылықтар арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру - ерекше мәселе болып, арнайы зерттеуді қажет етеді.

Эстетиканың негізін құрайтын сезім, ләззат, мұрат, талғам құндылықтары мектептің негізгі білім беру сатысы – жеткіншектік кезең оқушыларының дамуына ерекше ықпалын тигізеді. Зерттеу жұмысы және мектеп тәжірибесі көрсеткендей, жеткіншектік кезеңнің психологиялық ерекшеліктері дүниенің әдемілігіне, сұлулығына деген қызығушылықтары ерекше көрініс беріп, эстетикалық талғамы мен мұратын дамытуға өз бетінше ұмтылыс, талпыныс жасайды. Осыдан келіп, жеткіншектер өмір салтының мәні мен басты құндылығы – әсемдік пен әдемілікті сезіну болып табылады. Сондықтан да, жеткіншектердің салауатты өмір сүруі үшін эстетикалық құндылықтардың рөліне ерекше көңіл бөлу қажет.

Осы тұрғыда біздің зерттеуімізге негіз болған бірқатар ғалымдардың – С.Ұзақбаева, Ұ.Әбдіғапбарова, А.Жұбанов, Ш.Әлібеков, Б.Ерзакович, Қ.Әмірғазин, Б.Әлмұқанбетов, Ж.Балкенов, О.Сатқанов, С.Жолдасбекова және т.б. еңбектері оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің жалпы теориялық және әдіснамалық аспектілерін қамтыса, жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мәселелері Е.Асылханов, Қ.Болатбаев, Қ.Ералин, Қ.Ижановтар және т.б. зерттеу еңбектерінде ашып көрсетілген.

Сондай-ақ, біздің зерттеуімізге аса қажетті болған құндылықтар мәселесін әлеуметтік және философиялық негіз тұрғысынан зерттеген С.Нұрмұратов, К.Нұғыманова, Б.Ерасов және т.б. ғалымдардың еңбектері; білім беру жүйесінде салауатты өмір салтын қалыптастыру тұжырымдамасын әзірлеу Х.К.Сатпаева, А.С.Тель және т.б.

Зерттеу мәселесі төңірегінде келесі ғалымдардың еңбектері қызығушылық тудырды:

- психиканың онтогенездегі дамуы мен тұлғаның қалыптасуы (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, М.С.Каган, Д.Н.Кикзадзе, Л.М.Фридман, Б.Ф.Ломов және т.б.);

- жеткіншек жасының ерекшеліктерін зерттеген негізгі жұмыстар және жеткіншектердегі тұлғалық дамудағы өзіндік сана-сезімдерді зерттеген теориялары (Б.Г.Ананьев, Л.И.Божович, В.В.Драгунова, Д.И.Фельдштейн, В.В.Столин, А.В.Захарова және т.б.);

- жеткіншектердің дамуын тарихи-педагогикалық және психологиялық тұрғыда қарастырған ғалымдар (Л.К.Керімов, Г.Т.Хайруллин, В.В.Трифонов, Ж.Б.Шілдебаев, А.Н.Көшербаева, Т.А.Алсатов, С.М.Жақыпов, Қ.Б.Жарықбаев, Ж.Ы.Намазбаева, Қ.Т.Шериязданова, О.С.Сангилбаев, Ж.Өмірбекова, Т.М.Шалғымбаев және т.б.).

Қарастырылған жұмыстар бүгінгі таңда оқушылардың салауатты өмір салтын құндылықтар тұрғысынан біркелкі зерттелгенін айқындайды. Алайда, біздің зерттеуіміздің өзегі – оқу-тәрбие үрдісінде жеткіншектердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, эстетикалық құндылықтар арқылы олардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесін зерттеу қажеттігін айқындайды. Бұл мектеп қабырғасында жеткіншектік кезеңде оқушылардың салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру қажеттілігі мен бұл мәселенің теориялық тұрғыда жеткілікті дәрежеде зерттелмегендігі және ғылыми-әдістемелік жағынан қажетті деңгейде қамтамасыз етілмегендігі арасында қайшылық бар екендігі байқалады.орын алып отырғандығы байқалады. Осындай қайшылықтың шешімін ғылыми тұрғыда іздестіру зерттеу мәселесін анықтауға және жұмысымыздың тақырыбын «Жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру» - деп таңдап алуымызға негіз болды.

Зерттеу объектісі - жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие үрдісі;

Зерттеу пәні – жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру.

Зерттеудің мақсаты – эстетикалық құндылықтар негізінде жеткіншектердің бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруды ғылыми тұрғыда негіздеп, әдістемесін жасау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: жеткіншектерді салауатты өмір сүру салтына деген дұрыс көзқарасы қалыптасқан, денсаулығы мықты, жаны, тәні мен ісі әсем, жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға ретінде қалыптастыру мүмкіндігі туады:

- жеткіншектер салауатты өмір салты ұғымын дұрыс терең түсініп, оның әлеуметтік-қоғамдық мәнін дұрыс бағалай алса;

- адамзат дамуының тарихи эволюциясында ұлы ғұламалар мен ағартушылар, қоғам қайраткерлері мұралары мен қазіргі заман ғалымдарының еңбектеріндегі салауаттылық пен эстетикалық құндылықтар ұғымы жүйеге келтіріліп, тағылымдық мүмкіндіктеріне қарай жіктелінсе;

- жеткіншектердің дұрыс салауатты өмір сүру үшін эстетикалық құндылықтардың мәні мен қажеттілігін мектептің оқу-тәрбие жұмыстары мазмұнында кеңірек насихатталып, жүзеге асырылса;

- жалпы білім беретін мектептің негізгі сатысында оқу-тәрбие үрдісінің тәрбиелік іс-шаралар мүмкіндіктері арқылы эстетикалық құндылықтар негізінде салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен жүйесі анықталып, іске асырылса, онда оқушылардың ішкі дүниетанымы өзгеріп, салауатты өмір салтын терең түсініп, сақтай білетін тұлғаны тәрбиелеуге болады.

Зерттеу міндеттері: - «салауатты өмір салты» мен «эстетикалық құндылықтар» ұғымдарының мәнін ашып, олардың өзара байланысын ғылыми тұрғыда негіздеп және бұл бағытта әлем өркениеттеріндегі озық идеяларды жүйелеу;

- жеткіншектер кезеңін сипаттап, олардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда эстетикалық құндылықтардың қажеттілігін ғылыми тұрғыда айқындау;

- жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастырудың моделін даярлап, оның компоненттері мен өлшемдерін, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау;

- эстетикалық құндылықтар негізіндегі салауатты өмір салтының бүгінгі таңдағы ұлттық тәрбиедегі рөлін айқындау, оқу-тәрбие үрдісінде іске асырудың мазмұнын жасау және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыста тексеру.



Жетекші идея. Жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру – жас ұрпаққа ұлттық тәрбие мен білім беруде, Қазақстан халқының бүгінгі таңдағы дамушы елдер қатарында көрінуінің басты шарты болып табылады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Тарихи-қоғамдық заңдылықтар дамуын ашатын философиялық қағидалар, жеке тұлғаның қалыптасуы туралы қағидалар, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың өзара бірлігі туралы тұжырымдамалар. Қоғамдағы адам факторының орны және эстетикалық құндылықтар негізінде салауаттылықа тәрбиелеудің әлеуметтік себептері, жастарды салауаттылыққа эстетикалық құндылықтар негізінде тәрбиелеудегі ертедегі қазақ халқының көрнекті тұлғаларының, педагогтардың, психологтардың, этнографтардың, философтардың, тарихшылардың, дәрігерлердің, өнертанушылардың көзқарастары, тұжырымдары, этнопедагогика зерттеулері.

Зерттеу көздері. Ертедегі және қазіргі қазақ және шетел ғалымдарының -тарихшылардың, философтардың, этнографтардың, педагогтардың жазушылардың, психологтардың, өнертанушылардың, қазақ халқының рухани эстетикалық құндылықтары мен салауатты өмір салты туралы еңбектері, мұрағат құжаттары. Қазақстан Республикасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030»стратегиялық бағдарламасы, Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы, білім беру туралы Қазақстан Республикасының заңдары; Білім беру министрлігінің білім және тәрбие беру жөніндегі тұжырымдамалары, педагогтар мен психолог ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстары, сондай-ақ автордың эстетикалық құндылықтар арқылы жеткіншектердің салауатты өмір салтын қалыптастырудағы жеке тәжірибесі.

Зерттеу әдістері. Зерттеу мәселесіне байланысты, философиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік еңбектерге теориялық талдау, Қазақстан Республикасының ресми материалдарына талдау, оқушылар арасында сауалнама, мектептің оқу-тәрбие үрдісін педагогикалық бақылау, эксперимент, оның нәтижелеріне баға беру, жиналған материалдарды өңдеу және сараптау.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде (2005-2007 ж.ж.) мәселенің теориялық тұрғыда зерттелуіне арналды. Зерттеу мәселесі бойынша еңбектерімен танысу, эстетикалық құндылықтарды зерттеу, материалдар жинақтау, тұжырымдау, арнайы әдебиеттерге, құжаттарға талдау жасау, ғылыми аппаратты айқындау.

Екінші кезеңде (2007-2008 ж.ж.) оқу жоспарлары, бағдарламалар, оқу пәндері және әдістемелік әдебиеттер талданып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді түрлері айқындалды, әдістемелік нұсқаулар жасалды.

Үшінші кезеңде (2009-2010 ж.ж.) эстетикалық құндылықтар негізінде салауатты өмір салтын қалыптастыруға байланысты эксперимент жұмыстары бойынша педагогикалық ой-пікірлер жүйеге келтірілді, әдістеменің тиімділігі тексеріліп, нәтижелері диссертация мазмұнына енгізілді және қорытындыланып, ұсыныстар берілді.

Зерттеу базасы. Тәжірибелік-эксперимент жұмысы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы №65 Ы.Алтынсарин атындағы гуманитарлық-эстетикалық гимназия мектебі, №39 М.Жұмабаев атындағы орта мектебі, №46 Ш.Айтматов атындағы орта мектебі, Қазығұрт ауданы, Абай атындағы орта мектебі, Бәйдібек ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептерінде өткізілді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні: 1. «Салауатты өмір салты» мен «эстетикалық құндылықтар» ұғымдарының мәні айқындалып, олардың өзара байланысы ғылыми тұрғыда негізделіп және бұл бағытта әлем өркениеттеріндегі озық идеялар жүйеленді.

2. Жеткіншектер кезеңі сипатталып, олардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда эстетикалық құндылықтардың қажеттілігі ғылыми тұрғыда айқындалды.

3. Жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастырудың моделі даярланып, оның компоненттері мен өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталды.

4. Эстетикалық құндылықтар негізіндегі салауатты өмір салтының бүгінгі таңдағы ұлттық тәрбиедегі рөлі айқындалып, оқу-тәрбие үрдісінде іске асырудың мазмұны жасалынып және оның тиімділігі тәжірибелік-эксперименттік жұмыста тексерілді.



Зерттеудің практикалық мәнділігі:

- жеткіншектердің салауатты өмір салтын қалыптастыруда «Эстетикалық құндылықтар негізіндегі салауатты өмір салты – ұлттық тәрбиенің тірегі» жобасы;

- жеткіншектерге және мектеп мұғалімдеріне «Ұрпақ салауаттылығы – ұлт болашағы» атты салауатты өмір салтын насихаттауға арналған мақсаттық бағдарлама;

- жалпы білім беретін мектептерде ұйымдастырылған «Сыр-сымбат» шығармашылық клубының бағдарламасы;

- «Жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру» оқу-әдістемелік құралы.

Зерттеу материалдарын бала тәрбиесімен айналысатын барлық мекемелерде, жоғары және арнайы оқу орындарының, оқу-тәрбие үрдісінде, жалпы білім беретін мектептерде, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында, сондай-ақ, ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарда да қолдануға болады.



Қорғауға мынадай қағидалар ұсынылады:

- «салауатты өмір салты» мен «эстетикалық құндылықтар» ұғымдарының мәні, олардың өзара байланысы және бұл бағытта әлем өркениеттеріндегі озық идеялар;



- жеткіншектердің салауатты өмір салтын қалыптастыруда эстетикалық құндылықтардың қажеттілігі; - эстетикалық құндылықтар негізінде салауатты өмір салтын қалыптастыру моделі, өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері; - жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастырудың мазмұны мен жүйесі.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерінің ғылыми аппаратқа сай болуымен, зерттеу әдістерінің, тәжірибе-эксперимент жұмыстарының жоспарлы және жүйелі іске асуымен, ұсыныстардың жалпы білім беретін мектептердің, орта және жоғары оқу орындарының іс-тәжірибелеріне енгізілуімен, сондай-ақ зерттеудің негізгі мәселелері мен нәтижелері ғылыми-практикалық конференцияларда талқылануымен қамтамасыз етіледі.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және іс-тәжірибеге ендіру: Зерттеудің негізгі қағидалары ғылыми баяндама түрінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласыныдағы №65 Ы.Алтынсарин атындағы гуманитарлық-эстетикалық гимназия мектебі, №39 М.Жұмабаев атындағы орта мектебі, №46 Ш.Айтматов атындағы орта мектебі, Қазығұрт ауданы, Абай атындағы орта мектебі, Бәйдібек ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептерінде, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиеті Шымкент институтындағы «Педагогика» кафедрасы мәжілісінде, Шымкент қаласындағы жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларында, Шымкент педагогикалық институтының 70- жылдығына арналған халықаралық ғылыми практикалық конференцияларында талқыланды. Республикалық басылымдарда жарияланған мақалаларда бұқара көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ, диссертация мазмұнын сипаттайтын мақалалар республикалық «Ізденіс», «Ұлт тағылымы», «Қазақстан жоғары мектебі», «Қазақстан кәсіпкері», «Оңтүстік Қазақстанның ғылымы мен білімі» т.б ғылыми басылымдарда жарық көрді.

Дисертацияның құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады. Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты, мақсаты, объектісі, пәні, міндеті, болжамы, әдіснамалық негіздері, зерттеудің кезеңдері, зерттеудің ғылыми жаңалығы, практикалық мәнділігі, зерттеу базасы, қорғауға ұсынылатын қағидалары сипатталады.

«Жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері» атты бірінші тарауда «эстетикалық құндылықтар», «салауатты өмір салты» ұғымдарының мәні теориялық тұрғыдан негізделіп, өзара байланысы ашылып, адамзат дамуында эстетикалық құндылықтар негізіндегі салауатты өмір салтының озық идеялары айқындалды.

«Жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастырудың мазмұны мен жүйесі» атты екінші тарауда жеткіншектердің жас ерекшеліктеріне сай, салауатты өмір салтын қалыптастыратын пән сабақтары, сыныптан тыс тәрбиелік-танымдық іс-шаралар арқылы қалыптастырудың негізгі жолдары айқындалып, көрсетілді. Жеткіншектерге эстетикалық құндылықтар арқылы салауатты өмір салтын қалыптастырудың динамикасы анықталып, жұмыс нәтижелері эксперименттік тұрғыда тексеріліп, әдістемесі жасалынды.

Қорытындыда – болжамды дәлелеп, нақтылайтын зерттеудің нәтижелері мен тұжырымдары мазмұндалды, зерттелген мәселенің болашақта зерделенетін бағыттары көрсетіліп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.

Қосымшада ғылыми-зерттеу жұмында қолданылған сауалнамалар, тест, әдіснамалық нұсқаулар берілген.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазіргі таңда ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет пен тарихымыздың дамып, өркендеуі, халқымыздың рухани бай мұрасын және салт-дәстүрлерін қастерлеу – еліміздің дүниежүзілік өркениеттегі егемендігін, дербестігін дәлелдейді. Осы өркениетті елдер қатарына қосылуға ықпал ететін болмыс – адам болып саналады.

Болашақтың адамы – парасатты, иманды, елгезек те, қаракетшіл, сонымен бірге сұлулықтан ләззат ала білетін адам; ол адамның мәндік күшінің шын бірлігінің мұратын, оның рухани және тәндік кемелдігінің мұратын бейнелейтін салиқалы, жан-жақты дамыған тұлға. Бұл өз заманының талабына сай өмір сүруге қабілетті, эстетикалық талғамы жоғары адам ғана өмірдің әсемдік құндылықтарын жоғары бағалай алады деген түсінікті қамтамасыз етеді. Өйткені, өмір салты, рухани мұра, әсемдік қасиеттер – адам баласының құндылықты эстетикалық тұрғыдан түсінуге мүмкіндік береді.

Құндылықтар мәселесі қазақ халқының сонау көне замандағы сақтардың, ғұндардың, түркілердің ұрпағы екенін бүгінгі Қазақстан жерінен табылған археологиялық байлықтар, көне мәдени жазбаларынан өзінің бастауын алып, шығыстың ұлы ойшылдары Қорқыт ата, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Ясауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри және т.б. шығармаларында орын алған, тәлім-тәрбиелік тағылымдарымен ұштасып, мәңгі сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа рухани мұра ретінде жалғасып келеді. Осыған орай, бүгінгі таңда салауатты өмір салты ұлттық идеяға да айналуы тиіс мәселе. Өйткені қазақ халқында бұл идеяға негіз болатындай Қазақ хандығы тұсында өмір сүрген белгілі ойшыл Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баяны», Құртқа Сұлтанқожаұлының тәлімдік мұрасы, ұлттың генетикалық тазалығын сақтау үшін жеті атаға дейін қыз алыспауға тиым салған «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» заңдары және Тәуке ханның «Жеті жарғысы».

Біздің зерттеуімізге қажетті ұғымның бірі – құндылық. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында: «құндылық» - обьектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым. Құндылық ұғымына тұңғыш философиялық анықтаманы Р.Лотце мен Г.Коген берді. Ежелгі философиялық көзқарастарда құндылықтың әртүрлі көріністеріне жататын және табиғи, қоғамдық құбылыстарды, адамның іс-әрекетін бағалауда пайдаланылатын сұлулық, қайырымдылық, мейірімділік секілді этикалық және эстетикалық ұғымдар қолданылды.

Психологиялық сөздікте: «құндылық» түсінігі коғам үшін әлеуметтік-тарихи манызы бар, «жеке адам» өмірінің болмысын анықтайтын құбылыс. Басқа жағынан, психологияда құндылық - қоғамдағы моральдық қарым-қатынас.

Осы ұғымдарға берген анықтамаларға сүйене отырып біз, құндылық біріншіден - жеке адамның әсемдік қасиеті, оның сұлулығы, жан дүниесінің тазалығы, мәдениеті болса, екіншіден – эстетикалық сана, талғам, қажеттілік, принцип, мұрат пен мақсат-деп білеміз. Адам өмірінің өзегі – эстетикалық құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана. Сұлулыққа жеткізетін қасиеттер эстетикалық сезім, эстетикалық ләззат, эстетикалық мұрат, эстетикалық талғам, эстетикалық қабылдау, эстетикалық қатынас, эстетикалық пікір, эстетикалық баға және т.б. әсемдік элементтері жатады. Сондықтан, педагогикалық сөздікте: «құндылық» – адамның ішкі талғамы, сезімі, адамдармен қарым-қатынасы, іс-әрекет кезіндегі көрсетілетін этикалық және эстетикалық тәрбиесі"- делінген. Себебі, педагогикада "құндылық" тәрбие арқылы жүзеге асады.

Адамның дүниеге эстетикалық қарым-қатынасы – құндылықтың бір түрі болып табылады. Философтар, әлеуметтанушылардың зерттеу объектісі – адам болғандықтан, олар осы мәселені зерттеумен айналысуға үлкен мән беруде. Мәселен, философ Қ.Әбішев "адам – жоғары құндылық, ол өздігінен-ақ дербес өзіндік құндылық бола алады, өйткені, адам құндылығы өзінде ғана ұсталады. Бұл мүмкіндік тек қана адамда бар. Адам осы мүмкіндікті іс-әрекет арқылы жүзеге асырады"-дейді. Әлеуметтанушы Б.Ерасов - "құндылықтардың пайда болуы, адамның қажеттілігін қанағаттандыратын іс-әрекет, бұл белгілі бір мақсатта жүреді - дейді.

Адамзат тарихында үлкен маңызды орын алған адами мәнді қасиеттері бар құбылыс – эстетикалық құндылық болып табылады. Өйткені, адам болмысының басты рухани нысанасы – дүниенің әсемдігін, сұлулығын түсіну және жан сұлулығына ұмтылу болып табылады.

Философиялық сөздікте: «эстетика (гр. Aisthetikos-сезіну, сезімдік) – адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым» - деп қарастырады.

Педагогика және психология сөздігінде: «эстетикалық тәрбие – болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау үшін, адамның эстетикалық түсінігін, сезімін, талғамын қалыптастыру үшін берілетін тәрбие» - деп түсіндіріледі.

Бұл қөзқарастан, адамның салауатты өмір салтында әсемдікті, сұлулықты сезініп, оны дамытып отыру қажеттілігін көрсетеді. Осыған байланысты, салауатты өмір салтын қалыптастыруда эстетикалық құндылықтың рөлін, оның маңыздылығын ашып көрсету үшін, оның құрамдас компоненттеріне эстетикалық құндылық – тек тәрбиеден ғана тұрмайды, яғни ол эстетикалық мәдениет, эстетикалық сезімдер, эстетикалық ләззат, эстетикалық мұрат, эстетикалық талғам, эстетикалық қабылдау, эстетикалық қатынас, эстетикалық пікір, эстетикалық бағадан тұратындығын айтуға болады.

Психология ғылымы – салауаттылыққа жан-дүниенің қалыптасу ерекшеліктерін зерттесе, философия ғылымы - өмір сүру дүниетанымын, медицина ғылымы – денсаулықты сақтау, валеология ғылымы - салауатты өмір сүру салтты қалыптастыруды зерттейді. Тұңғыш рет «салауаттылық» деген ұғымды психолог И.И.Брехман енгізді. Психолог И.И.Брехман «Салалауатты өмір салты - мінез-құлық пен дағдыны ретке келтіріп, өзін-өзі түсіне білу» - дейді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «Салауатты» сөзінің мәні - парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді және сабырлы - деген мағынаны білдірсе, қазақша-орысша аударма сөздікте: «салауатты» (здравствуй) - сәлеметтік, амандық, салауаттылық мағынаны білдіреді. Бұл түсіндірмелер өз кезегінде салауаттылық сипаттамасын, оны қалыптастыру жөніндегі ұстанымның ауқымын кеңейтеді. Ал, «өмір салты», «өмір сүру» - әлеуметтік категория. Өмір салты - қоғамдық болмыстың, аумағындағы адамдардың іс-әрекеті, маңызды жақтарының жүйесі, жиынтығы. «Өмір сүру» - адамдардың табиғаттағы және әлеуметтік ортадағы қарым-қатынас жүйесі, яғни ұзақ өмір сүруге талпындыратын іс-әрекет.

Сонымен, жоғарыда келтірілген анықтамалардан, эстетикалық құндылықтардың мәні салауатты өмір сүруі үшін ерекше маңызға ие екендігі анық көрінеді.

Біздің зерттеуімізге негіз болған ұғым – салауатты өмір салты. Әлеуметтанушы Т.Ж.Нақыпбеков «Өмір салты субьектінің әлеуметтік ортамен өзара әрекеттесу тәсілі. Өмір салты арқылы қоғамның экономикалык жағдайын, қоғамдық қатынасын, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейлері көрінеді»-деп атап көрсетеді. Ал, ғалым И.Т.Левкина «салауатты өмір сүру әркімнің өз мамандығы деңгейінде дұрыс игере біліп, өнімді еңбек етіп, тұрмыс жағдайын түзете отырып, қоршаған ортаға қарым-қатынас жасай білуінде екенін негіздей отырып сипаттайды. Ол: «адамның салауатты өмір сүруі – адам мәдениетінің бөлігі, өмір сүру құндылығына байланысты» - деп атап көрсетеді.

А.Н.Леонтьев «салауатты өмір сүру» - өмірдегі өз орнын білу, өмір сүруге ұмтылыс жасау, алдына қойған максатқа жету жолдарынан тұратынын атап көрсетті. Ол өзінің зерттеуін негіздей отырып «салауатты өмір сүру» категорияларын бөліп көрсетеді: салауатты өмір сүру қалпы, салауатты өмір сүру мәні, салауатты өмір сүру деңгейі, салауатты өмір сүру стилі, салауатты өмір сүру дағдысы. Ғалым: «салауатты өмір сүру үшін өмір сүрудің мәнін, деңгейін, қалпын, стилін жеке ұғынып, күнделікті іс-әрекеті мен әрекетінде қолданылса, дағдыға айналары сөзсіз» - деп қарастырады.

Жоғарыда келтірілген ғалымдардың көзқарастарын басшылыққа ала отырып, өз анықтамамызды бердік:



«Құндылық» дегеніміз – адамның өмір тіршілігі барысында жеке қызығушылығы мен қажеттілігінен туындайтын, яғни оны жоғары қоятын бағалы, құнды нәрселер жиынтығы (жеке және әлеуметтік қызығушылығы).

«Салауатты өмір салты» дегеніміз – жеке адамның жақсы өмір сүруіне қажетті, яғни жан мен тән үйлесімділігін сақтап, оны дамытуға бағытталған құрылымдық жүйе.

«Эстетикалық құндылықтар» - адам өзінің өмір салтында әсемдік дүниесін жоғары бағалауы, оның тұла бойынан сұлулық, әдемілік қасиеттерімен қатар, эстетикалық компоненттердің бүкіл жиынтығының көрініс беруімен ерекше мәнге ие болатын құндылықтар жүйесі.

Сонымен, оқушының жас ерекшелігіне сай, яғни оның психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, өмірде кездесетін нәрселердің әсемдік, сұлулық жақтарын ажыратып, үлгі-өнеге көрсету, оқушылардың талғампаздығын тәрбиелеу – бүгінгі өмір талабы екенін баса айтуға болады.

Шығыстың ұлы ғұлама ойшыл ғалымы Әл-Фараби «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен. Олай болса, біздің болашағымыз неге байланысты? Осыған байланысты, зерттеу жұмысымыздың объектісі – жеткіншектер болғандықтан, олардың психологиялық ерекшеліктері мен тәрбиелеу мәселесі қоғамның қай кезеңі болмасын, педагогтардың, психологтардың зерттеулеріне арқау болып, әр қырынан қарастырылып келеді. Біздің зерттеуімізге құнды болған белгілі ғалым Л.С.Выготскийдің көзқарасынша, әрбір шақта бала мен ортаның арасындағы қатынастардың қайталанбас жүйесі болып табылады. Ол осы қатынастар жүйесін қайта құру өтпелі шақтағы «дағдарыстың» басты мазмұнын кұрайды деп пайымдады. Л.Колбергтің пікірі бойынша, жеткіншектер ересектігінің дамуындағы жалпы бағыт әр түрлі: біреулері үшін – өмірде ең бастысы кітап пен білім болса, екіншілері, сабаққа деген қызығушылығы төмен, ал үшіншілері, ересектіктің сыртқы көріністері онша қызықтырмайды, бірақ ол шешесінің сүйеніші, өзін ерлік қасиеттерге тәрбиелейді. Бұл ой ғалым В.А.Крутецкийдің еңбектерінде тұжырымдалады: «Жеткіншектік кезең – бұл баланың өмірге деген өз көзқарастарының, сенімділігінің қоғам принциптері мен идеалдарының өз іс-әрекетіне басшылық жасайтын кезеңі болып есептеледі. И.С.Кон еңбектерінде: «Жеткіншектік кезеңде өзінің сыртқы келбетін сұлуландыруға, күнделікті өмірде киім киінуінде, шашын, бет-әлпетін көріктендіруге тырысу, яғни сөйлеу және қарым-қатынас стилін саналы түрде өңдеу»-деп қарастырады.

Сонымен, ғалымдардың ой-пікірлерін былай түйіндесе болады: жеткіншектік кезеңнің даму ерекшеліктеріне сәйкес, эстетикалық тәрбие беруді аса қажет ететін кезең болып саналады. Бұл қажеттілік жеткіншек өмірінде біріншіден, адамгершілік, азаматтық, көркем шығармашылық – рухани сезімдерінің белсенді дамуымен; екіншіден, өзіндік санасының дамуына байланысты эстетикалық талғамының тұрақтылығымен; үшіншіден, сана-сезімі мен өзіндік санасының даму деңгейіне байланысты эстетикалық талғамы, көзқарасы, бағдары және қажеттілігі біртұтас жүйе болып қалыптасады деп айтуға болады. Осыдан, жеткіншектер өмір салтының мәні мен басты құндылығы – әсемдік пен әдемілікті сезіну болып табылады.

Ғалымдардың зерттеулерінен, жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктері мен эстетикалық құндылықтар ұғымдарына берген ғылыми анықтамаларды жинақтай келе, жеткіншектердің салауатты өмір салтын қалыптастыруда эстетикалық құндылықтардың ерекшеліктерін айқындадық (1-кесте).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет