Әліпбек ардақ ЗӘуірбекқызы жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру


-кесте - Жеткіншектердің салауатты өмір салтын қалыптастыруда



бет2/3
Дата01.04.2017
өлшемі0,59 Mb.
#12921
түріАвтореферат
1   2   3

1-кесте - Жеткіншектердің салауатты өмір салтын қалыптастыруда

эстетикалық құндылықтардың сипаттамасы



Жеткіншектердің салауатты өмір салтын қалыптастыруда эстетикалық құндылықтардың мазмұны

Эстетикалық құндылықтарға берген жалпы анықтамалар

Жеткіншектердің салауатты өмір салтында эстетикалық құндылықтар ерекшеліктеріне берген түсініктемелер

1

Эстетикалық ләззат - табиғат, қоғам өмірі және өнер сұлулығын қабылдау нәтижесінде немесе іс-әрекет үстінде адамның рухани дүниесінің тебіреніп, жан рахатына батуы.

Жеткіншектерде эстетикалық ләззат – жеткіншектердің қоғамдық пайдалы іс-әрекетінде және жолдастарымен қарым-қатынас барысында және т.б әлеуметтік қатынастарда көрініс береді.

2

Эстетикалық қажеттілік – организмнің рухани әсемдік дүниесін жақсартатын бір мұқтаждық күй. Ол адамның өзінің эстетикалық мәдениетін арттыру қажеттілігі (кино, театрға бару ).


Жеткіншектерде эстетикалық қажеттілік – олардың өзінің мәдениетін арттыру қажеттілігі, қоғамдық пайдалы іс-әрекеттерге деген қажеттілігі ерекше көрініс береді.

3

Эстетикалық мұрат (идеал) - эстетикалық кемелдіктің (өмірдегі, өнердегі) биік деңгейі туралы және оған жету жолы туралы нақты сезімді түсінік.

Жеткіншектерде эстетикалық мұратжеткіншектер өздері пір тұтатын адамдарға еліктей отырып, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі ұқсатуға тырысады.

4

Эстетикалық сезім - объективтік шындықты бейнелегенде оның сұлулығын, әдемілігін, сәнділігін кабылдауда туатын көңіл күйі.

Жеткіншектерде эстетикалық сезім –өздері қызыққан нәрселерінен, спорттан, өнерден, қарым-қатынастан әдемілікті, сұлулықты сезінеді.

5

Эстетикалық көзқарас – оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар әр түрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалымен жүзеге асырылады.

Жеткіншектерде эстетикалық көзқарас – ол өзі айналысатын қоғамдық пайдалы іс-әрекетінен, спорт және өнер түрлерінен әсемдік, әдемілік нышандарын анықтап, одан ары қарай ол оны әсемдіктің құралына айналдырады.

6

Эстетикалық пікір, эстетикалық баға – эстетикалық мұрат пен көркемдік талғамға негізделген баланың табиғат, өнер, қоғамдық құбылыстарға идеялық сезімдік баға беруі.

Жеткіншектерде эстетикалық пікір, баға – жолдастарымен, отбасымен қарым-қатынасындағы құндылық ретінде ізгілік пен әсемдік жайында өзіндік шешім қабылдайды, эстетикалық баға беруді жолдастарынан күтеді.

7

Эстетикалық қабылдау – баланың ақиқат құбылыс пен өнер үрдісіндегі эстетикалық сезім күйін тудыратын қасиеттерді айқындай алу қабілеті.

Жеткіншектерде эстетикалық қабылдау –эстетикалық қабылдаудың объектісі ретінде – табиғат, өнер, спорт түрлеріндегі сұлулықты ғана тануға, қабылдауға тырысады.

8

Эстетикалық талғам - әртүрлі эстетикалық қасиеттерді көңіл-күй сезімімен бағалау, ең алдымен сұлулықты, әсемдікті ұсқынсыздықтан ажырата білу жөнінде қоғамдық практика қалыптастыратын адам қабілеті.

Жеткіншектерде эстетикалық талғам –олардың өзін-өзі тәрбиелеуінде, киім-киюінде, қыздардың бойындағы сұлулықты нәзіктікпен, бойжеткендікпен, ұл балалар күштілікпен байланыстырылады, жоғары талғамдық бағалануымен ерекшеленеді.

9

Эстетикалық мәдениет – өз халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағылымдарын оқып-үйрену, бүкіл адамзаттың тарихында жасалған материалдық және рухани байлықтар негізінде жас ұрпақты әсемдікке, ізгілікке баулу күйі.

Жеткіншектерде эстетикалық мәдениет –эстетикалық мәдениеті қарым-қатынас барысында алғыр ойымен, айшықты сөздерімен, өнегелі тәрбиесімен, өзін-өзі салмақты ұстауымен, сыртқы мүсіні мен келбетіндегі сұлулығымен ерекшеленеді.

Эстетикалық құндылықтар арқылы жеткіншектердің салауатты өмір салтын қалыптастыру негізінің сұлбасын айқындап, оны жинақтау үшін модель құрастыру қажеттігі туындайды. Модельдеу жүйесі, жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтардың қажеттілігіне деген көзқарасын байытуға, әсемдікті әрекетінде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оны 1-сурет арқылы көруге болады.


Мақсаты





Жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру

Міндеті

Жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастырудың мазмұны мен жүйесін жасау


Принциптері,

қағидалары



Табиғилық, жас және дара ерекшеліктерін ескеру, салауаттандыру. Әсемдік – саулық негізі, Өмір сұлулығы – денсаулық, Жаны саудың – тәні сау


Мазмұны

Құралдары, факторлары

Әдіс-тәсілдері

Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру, іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері, ынталандыру әдістері, әңгімелесу, сауалнама, байқау, пікірталас және тест



Формалары, түрлері

Пән мазмұны арқылы, сабақтан және мектептен тыс жұмыстар, арнайы шығармашылық клубтар


Нәтижесі

Эстетикалық талғам -

Эстетикалық сезім -

Эстетикалық мұрат -

Эстетикалық мәдениет -

Эстетикалық пікір, баға

Эстетикалық қабылдау -

Эстетикалық көзқарас -


Талғамы жоғары, талғампаз

Сұлу, сымбатты, көрікті

Үлгілі, өнегелі, пікір тұту өнері, қабілетті

Мәдениетті, алғыр ойлы, шешен тілді

Әсемдік бойынша шешім қабылдап, өзіндік баға беруші

Табиғат өнер, спорт түрлерін, сұлулықты танушы

Әсемдік туралы өз көзқарасы бар тұлға





Оқу үрдісінде және сыныптан тыс жұмыстар арқылы жеткіншектердің салауаттылығын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру үрдісінің мазмұны




Салт-дәстүр, әдет-ғұрып (бесік, бесік жыры т.б. ), дене шынықтыру және спорт, шешендік өнер, ән-күй, би өнері және табиғат






Эстетикалық құндылықтарды бағалай білетін, сақтай алатын, салауатты өмір салты қалыптасқан тұлға




1- сурет - Жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру моделі

Жеткіншектік кезең – қиын, өтпелі, әрі бетбұрыс кезеңі деп сипатталуына егер, педагогтар мен ата-аналар тарапынан олардың эстетикалық құндылықтарды дұрыс бағалай білуге және сақтай білуге бағыт-бағдар, кеңес беріп отырса, онда олардың дамуы психологиялық-физиологиялық жағынан өз үйлесімін табатыны сөзсіз.



Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру компоненттері, өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтадық (2-кесте).

Жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру эксперименті үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, қорытындылау) өткізілді. Тәжірибелік-педагогикалық жұмыс Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы №65, 46, 39 гимназия мектептерінде, сондай-ақ, Қазығұрт ауданы, Абай орта мектебі, Бәйдібек ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте жүргізілді. Эксперимент үш кезеңде өткізілді, экспериментке барлығы - 350 оқушы, бақылау тобына 250 оқушы қатысты.

Эксперименттік-тәжірибе жұмысының анықтаушы кезеңінде эстетикалық құндылықтар негізінде жеткіншектердің салауаттылығын анықтау мақсатында алдымен бойында қалыптасқан диссертацияда толық мазмұндалған салауатты өмір салтын қалыптастырудың танымдық-мазмұндық, эмоционалдық-мотивациялық, іс-әрекеттік компоненттері бойынша айқындалды.

Қалыптастыру экспериментінде жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру туралы білімдерін көтеру мақсатында біздің жасаған әдістемені негізге ала отырып, жеткіншектердің салауатты өмір салты жайындағы білімдерін тереңдету және жетілдіру жолдары қарастырылды.

Қалыптастыру экспериментінің бірінші кезеңінде – жеткіншектердің жас ерекшеліктеріне сай, меңгеруге тиісті білім мазмұнын анықтау, пәндер мазмұнына қосымша толықтырулар енгізу. Мәселен, 5-9 сыныптарға 1997 жылдан бастап енгізілген «Салауаттану» пәні, оның да мақсаты – оқушылардың салауатты өмір салты мен салауаттану ұстанымдары негізін игеруін, салауатты мүдделерге гигиеналық дағдысын және сауықтыру әдістерін іс жүзінде қолдануын қалыптастыру болып табылады. Сондай-ақ, «Технология» пәнінің де жас жеткіншектерімізді салауаттылыққа тәрбиелейтін тұстары өте көп және осы пәннің кейбір тарауларына қосымша тақырыптарды «салауаттану» пәнімен байланыстыра отырып, толықтырулар енгізуді ұйғардық. «Салауатты өмір салты – әсемдік тәрбиесінің негіздері» факультативтік курсы эксперимент жүргізілген мектептерімізде жеткіншектердің салауатты өмір салты жайындағы дүниетанымы кеңейіп, зерттеу жұмысымыздың нәтижесі оң көрсеткіштер бергендігін байқатты.

2 - кесте - Жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру компоненттері мен өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері

Компонент­тері

Өлшемдері

Көрсеткіштері

Деңгейлері

Танымдық-мазмұндық

- Оқу-тәрбие үрдісінің салауатты өмір салтын қалыптастырудағы мазмұндылығы және толықтылығы;

- Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жағымсыз қылықтардан қорғайтын және сақтандыратын факторларды білу.



- Отбасында, оқу-тәрбие үрдісінде, қоғамдық ортада жеткіншектердің салауаттылық және эстетикалық құндылық-тар туралы білімінің болуы;

- Эстетикалық құнды-лықтар арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған фактор-лардың мүмкіндіктерін білуі және танысуы: спорт, табиғат, шешендік, айтыс және би өнері.



Жоғары: Салауатты өмір салты, эстетикалық құндылықтар туралы толық түсінігі бар, білуге деген қызығушылығы, естігені мен көргенін саналы қабылдайды.

Орта: Салауатты өмір салты, эстетикалық құндылықтар туралы түсінігі мен көзқарасы әркелкі, білуге ынталы болғанымен, саналы меңгеруде ойлау мен зеректігі жағынан қабілетсіздік таныта алады.

Төмен: Салауатты өмір салты, эстетикалық құндылықтар туралы түсінігі мен көзқарасы анық емес, білуге деген қызығушылығы төмен, құндылықтар туралы естігендері мен оқығандарын саналы қабылдамайды және т.б ерекшелігі байқалады.


Эмоционал­дық-мотива­циялық

- Салауатты өмір салтына деген жеткіншектердің жағымды эмоционалды көзқарасы;

- Салауатты өмір салты мен эстетикалық құндылықтың қоғамдық мәнін түсіну және қажеттілігін сезіну.



- Әсемдік негізіндегі салауатты өмір салтын эмоционалдық қажетсіну;

- Әсемдік негізіндегі салауатты өмір салтына деген қызығушылығы мен көзқарасы; - Жеткіншектердің жеке басындағы әсемдік пен салауаттылықтың қоғамға пайда келтіретінін сезіну;

- Әсемдік пен салауат-тылықтың арасындағы байланысты сезіну, өзі-нің қоғамдық пайдалы іс-әрекетіндегі басты қажеттілікке және ұлттық мақтанышқа айналдыру.


Жоғары: Салауатты өмір салтын құруда ортадағы жағдайлар мен құбылыстарға бейтарап қарамайтын, әсемдіктен өзіндік әсер алатын, соған сай бойында сұлулық, талғампаздық, үлгілі-өнегелі және т.б. қасиеттер тұрақты байқалады.

Орта: Салауатты өмір салтын құруда өзіндік әсер алғанымен, қарым-қатынасында ұнамды (әсемдік, сұлулық, талғампаздық және т.б.) тұрақсыз, белгілі бір жағдайға байланысты кезектесіп кездесуі байқалады.

Төмен: Салауатты өмір салтын құруға үнемі салқынқандылықпен қарайтын, сыртқы ортадан әсер алуы баяу, бойында әсемдік, сұлулық, талғампаздық және т.б. қасиеттер сирек кездеседі.


Іс-әрекеттік

- Өзінің салауаттылық жайындағы білімін практикалық іс-әрекетте пайдалана білуі және оған деген талпынысы;

- Салауатты өмір сал-тын қалыптастыруға бағытталған басты нысандарды өзінің іс-әрекетінде тиімді қолдана білу.



- Әсемдік қасиеттер арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет мазмұнына талдау бере білуі – өзінің салауаттылыққа деген көзқарасын көрсете білуі;

- Өзінің күнделікті, қоғамдық пайдалы іс-әрекетінде денсаулық-тың қадірін білуі, бос уақытты тиімді пайда-лануы, спортқа деген белсенділігі, психика-лық денсаулықты ны-ғайтуы, тұрмыстағы гигиенаны сақтауы т.б. салауаттылық нысанда-рын ұстану және оны өмір шартымен ұщтас-тыру.

Жоғары: Өмір салтында үнемі денсаулығына, әсемдігіне, сұлулы-ғына деген үлкен жауапкершілік, еңбекқорлық т.б. қасиеттер орын алған тұла бойынан әсемдік, сұлулық қасиеттер тұрақты байқалады.

Орта: Өмір салтында әсемдік, сұлулық қасиеттері (еңбекқорлық, белсенділік және т.б.) белгілі бір жағдайға байланысты кезектесіп байқалады.

Төмен: Өмір салтында әсемдікке, сұлулыққа деген жауапкершіліксіздік, жалқаулық және т.б. қасиеттер орын алады, өмір салтында үнемі жағымсыз қылықтар бой көрсетеді.


Қалыптастыру экспериментінің екінші кезеңінің мақсаты – оқу-тәрбие үрдісінде жеткіншектердің сезімдік-эмоционалдық жағдайына әсер ете отырып, эстетикалық құндылықтар негізінде салауатты өмір салтын қалыптастыру. Оқушылардың «салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар арқылы қалыптастыру көп жағдайда сыныптан тыс жұмыстар арқылы жүргізілетіндіктен, біз «Эстетикалық құндылықтар негізіндегі салауатты өмір салты – ұлттық тәрбиенің тірегі» жобасын жасап, оны жүзеге асыруды ұйғардық.

Аталған жобаның мақсаты – ұлттық тәрбиенің тірегі - эстетикалық құндылықтар негізіндегі салауатты өмір салтын жеткіншектердің бойында қалыптастыру.

Жобаның негізгі міндеттері:



- денсаулығы мықты, эстетикалық талғам зор, салауатты жеткіншектерді қалыптастыру;

- жеткіншектердің бойында саналы ғұмырды сақтап қалу үшін әртүрлі жағдайлардағы қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және өз денсаулығына зиянды әдеттерге бейімделуіне қарсы тұруға үйрету.

- жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің, педагог-психологтардың, жеткіншек-оқушылардың және олардың ата-аналарының салауаттылық жайындағы теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикалық өмірмен ұштастыру.

Аталған жобаның мазмұны мынадай үш бағыттан тұрады:

Бірінші бағыт: «Сыр-сымбат» шығармашылық клубы. Бұл клубтың негізгі мақсаты – эстетикалық құндылықтар арқылы салауатты өмірдің алғы шарттарын қалыптастыру.

Шығармашылық клуб жұмысынан күтілетін нәтиже: - сабақпен салыстырғанда жеткіншектер өздерін емін-еркін сезінеді, практикалық әдіс-тәсілін жолдарын үйреніп, стрестік жағдайлардан арылады; - жүйке жүйелерінің жұмысы нығайып, демалыс мәдениетін дұрыс ұйымдастыруға үйренеді;

- жеткіншектердің эстетикалық қабілеті дамып, басқа да оң өзгерістерге қол жеткізеді.

«Сыр-сымбат» шығармашылық клубы жұмысының нәтижесінде –денсаулығы мықты, эстетикалық талғам зор, салауатты жеткіншектерді қалыптастыруға мүмкіндіктер берді.

Екінші бағыт: жеткіншектерге және мектеп мұғалімдеріне «Ұрпақ салауаттылығы – ұлт болашағы» атты салауатты өмір салтын насихаттауға арналған мақсаттық бағдарламасы.

Мақсаттық бағдарламаның мақсаты - саналы ғұмырды сақтап қалу үшін әртүрлі жағдайлардағы қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және өз денсаулығына зиянды әдеттерге бейімделуіне қарсы тұруға үйрету.

Бағдарламаның негізгі қағидасы – тамызығын тапсаң, тас та жанар.

Бағдарлама ұстанымы – ереже ұсынғанша, өнеге ұсын.



Үшінші бағыт: «Жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру» оқу-әдістемелік құралы - жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне, педагог-психологтарға, жеткіншек-оқушыларға және олардың ата-аналарына арналады.

Қалыптастыру экспериментінің үшінші кезеңіндежеткіншектердің салауатты өмір салтын әсемдік дүниесін сақтай білу арқылы қалыптастыру. Мақсаты – эстетикалық құндылықты салауаттылықпен тығыз байланыста қарастыра отырып, өмір салтының мәніне айналдыру. Бұл кезеңде сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектермен және олардың ата-аналарымен жан-жақты шығармашылық жұмыстардың формаларыәңгімелесу, диспут, іскерлік ойындар, дөңгелек үстел, баяндама және т.б. әдіс-тәсі жүргізілді. Мұндағы негізгі ұстанымдар – жеткіншектердің жас және дара ерекшеліктерін ескеру табиғилық, салауаттандыру, әсемдік – саулық негізі, өмір сұлулығы – денсаулық, жаны саудың – тәні сау. Әдіс-тәсілдері – жеке тұлғаның санасын қалыптастыру, іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері, ынталандыру әдістері, сауалнама, байқау, пікірталас және тест.

Педагогикалық тәжірибелі-эксперименттің қорытындылау кезеңінде оқу-тәрбие үрдісінде жоспарланған іс-шаралар толық жүргізілген соң, зерттеу тақырыбы бойынша әңгімелесу, сауалнама, байқау, пікірталас және тест қайта өткізіліп, эксперименттік іс-тәжірибе алғашқы анықтау кезеңіндегі тәсілдермен салыстырылып тексерілді, оның нәтижелері пайыздық көрсеткіштермен өңделді. Жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперимент жұмысының қорытынды нәтижелері 4-кестеде берілген.
4-кесте – Тәжірибелік-эксперимент жұмысының қорытынды нәтижелері (эксперимент басы және соңы %)

Деңгейлер

Эксперимент тобы

Бақылау тобы

Эксп.дейін

Эксп.кейін

Эксп.дейін

Эксп.кейін

Жоғары

154 (44%)

178 (50,8%)

119 (47,6%)

130 (52%)

Орта

89 (25,4%)

107 (30,5%)

72 (28,8%)

81 (32,4%)

Төмен

107 (30,5%)

65 (18,5%)

59 (23,6%)

60 (39%)

Қатысқан барлық оқушылардың саны

350

350

250

250


Педагогикалық тәжірибелік-эксперименттің қорытынды нәтижесі арнайы бағытталған жеткіншектердің салауатты өмір салтын қалыптастыруға айтарлықтай ықпал еткенін айғақтайды. Егер анықтау экспериментінің барысында, жеткіншектердің салауатты өмір салты жөнінде білімінің ең жоғары көрсеткіші экспериментке дейін 44 пайыз болса, эксперименттен кейін - 50,8 пайызға өсті, орта деңгейі - 25,4 пайыздан - 30,5 пайызға көтерілді, ал төменгі деңгейі экспериментке дейін - 30,5 пайыздан -18,5 - ке төмендеді.

Сонымен қалыптастыру экспериментінде жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру туралы білімдерін көтеру мақсатында біздің жасаған әдістемені негізге ала отырып, жеткіншектердің салауатты өмір салты жайындағы білімдерін тереңдету және жетілдіру жолдары қарастырылды.

Педагогикалық тәжірибелік-эксперимент жұмысы эстетикалық құндылықтар негізінде жеткіншектердің салауатты өмір салтын қалыптастыру болжамының, моделінің, оның өлшемдері мен көрсеткіштерінің, деңгейлерінің дұрыстығын, жеткіншектерді (5-9 сынып оқушылары) жас ерекшеліктеріне сәйкес, құндылықтар арқылы оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны мен жүйесінің тиімділігін дәлелдеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет