Қазақ әліпбиі – қазақ әріптерінің жүйелі тізбегі, қазақ халқының мәдени өмірінде басқа да түркі халықтарымен бірге пайдаланылып келген әр түрлі әріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесі. Қазақ халқы тұтынып отырған араб алфавитінің теріс жақтарын, кемшіл тұстарын көріп, өзгеріс енгізуді қажет деп санайды. Ол туралы ойын «Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде» сөйлеген сөзінде айтады. А.Байтұрсыновтың ойынша, жақсы әліпбидің мынадай қасиеттері болу керек:
Жақсы әліпби тілге шақ болу керек;
Жақсы әліпби жазуға жеңіл болуы тиіс; әліпбидің әріп-суреттері қиын болса, мүшелері көп болса, жазуды ұзақтығын, уақытты көп алады;
Баспа ісіне қолайлы болуы тиіс;
Жақсы әліпби үйренуге де қолайлы болуы тиіс.
А.Байтұрсынұлының 1914 ж. Орынборда жарық көрген қазақша әліппесінің мұқаба беті
Жаңа әліппе
А.Байтұрсынұлы полиграфиялық жағынан қолайлы-қолайсыз жерлерін, оқыту процесіндегі тиімді-тиімсіз жақтарын таразылай отырып, 24 әріптен тұратын әліпби құрастырады. Дауысты дыбыстар:а, о, ұ, ы, е Дауыссыз дыбыстар: б, п, т, ж, ш, д, р, з, с, ғ, қ, к, г, ң, л, м, н Жарты дауысты дыбыстар: у, й Әліпбиде қазақ тіліне тән, төл дыбыстарға ғана орын беріліп, кірме дыбыстар алынбайды.