Сабақтың тақырыбы: Қазақ әліпбиі Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата03.02.2017
өлшемі31,07 Kb.
#8711
түріСабақ
Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: IІІ

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Қазақ әліпбиі

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға қазақ әліпбиі түрлері туралы лингвистикалық білім беру және жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, дүниетанымдарын кеңейту, фонетикалық талдау жасау дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Фонетика туралы түсінік. Тіл туралы түсінік

2. 236 -жаттығуды орындау

ІІІ Білім тексеру:

Шығармашылық диктант

  • Төмендегі сөздерді қатыстырып,сөйлем құрап жазыңдар.

    1. Астық, айлық, айдын,

    2. Әйгілі, әдемі, әңгіме.

    3. Күләш,Кәрім.

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Әліпби сөзі араб алфабитінің алғашқы екі әрпі – алиф пен би атауларының бірігуінен жасалған.Әліпби жазуда қолданылатын әріптердің рет тәртібі дегенді білдіреді.

Қазақ халқының жазу – сызуына Қазақстанға мұсылман дінінің, ислам мәдениетінің таралуына қатысты араб әліпбиі негіз болды. Алайда, қоғамдағы әр түрлі саяси – әлеуметтік өзгерістерге байланысты қазақ халқы араб әліпбиінен 1929 жылы латынға, ал 1940 жылдан бастап орыс әліпбиіне көшті.

Әліпбиде көрсетілген таңбалар – әріптер.Әріп – дыбыстың жазудағы таңбасы. Әліпбидегі әріптер белгілі бір тәртіппен орналасады. Түрлі сөздіктерді пайдалану үшін ,әліпбидегі әріптердің орын тәртібін жақсы білу керек, сонда сөздіктен керек сөзді тез тауып алуға болады.

Орыс әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән дыбыстарды белгілейтін 9 әріп бар(ә, ғ, қ, ң, ө, ұ, ү, һ, і). Қалғандары – орыс тілі мен қазақ тіліне ортақ әріптер.

Әліпбидегі әріптердің баспахана ісіне бейімделген баспа түрі және қолмен жазу құралдарына бейімделген жазба түрі бар. Әліпбидегі әріптердің бас әріптері және кіші әріптері бар.

Қазақ жазуында бас әріппен жазу латын әліпбиіне көшкеннен бастап пайда болды.

Бас әріпті қолдану кісі аттары мен жер – су атауларын, газет – журнал, кітап аттарын басқа сөздерден тез ажыратуға, сөйлем мағынасын тез түсінуге және қысқарған сөздерді (АҚШ, ҚазҰУ) белгілеуге өте қолайлы болды.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

Сұрақ жауап

  1. Дыбыс дегеніміз не?

  2. Әріп пен дыбыстың айырмасы қандай?

  3. Фонема деген не?

  4. Фонетика нені зерттейді?

  5. Қазақ тіліне тән дыбыстарды жаз.



VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.Оқулықпен жұмыс

237-жаттығу



  • Төмендегі сөздерді әліпби тәртібімен теріп жазыңдар.

238 – жаттығу

  • Мәтіндегі бас әріппен жазылуға тиісті сөздерді бас әріппен жазып, көшіріңдер.


VІІІ. Сабақты бекіту:

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма беру:

1 Қазақ әліпбиі туралы түсінік

2.Қазақ әліпбиінің авторы туралы мәлімет жинау.

3.239 – жаттығу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет