Орыс графикасына негізделген қазақ жазуының әліпбиі, оған тән ерекшеліктер. Зерттеулерге талдау Латыннан бұрын қазақ тілінің таңбалық жүйесін жасауды шетелдік ғалымдар кириллицадан бастағаны белгілі



Дата05.12.2022
өлшемі18,11 Kb.
#161302
Байланысты:
Орыс графикасына негізделген қазақ жазуының әліпбиіоған тән ерекшеліктер


Орыс графикасына негізделген қазақ жазуының әліпбиі, оған тән ерекшеліктер. Зерттеулерге талдау

Латыннан бұрын қазақ тілінің таңбалық жүйесін жасауды шетелдік ғалымдар кириллицадан бастағаны белгілі. «Қазақ жазуының теориялық негіздері» атты 2010 жылы жарық көрген зерттеуінде Қ.Күдеринова қазіргі кириллицаға негізделген әліпбидің жобалары 19-ғасырдың соңына қарай жасала бастағанын жазады. Ол былай деп жазады: «Орыс графикасына негізделген ең алғашқы қазақ әліпбиі жобасын Н.И.Ильминский жасады. Н.И. Ильминский әліпбиіндегі қазақ тілінің өзіне тән дыбыс дауыстылардың таңбалары мынадай болды: (үстіне ноқат салды – Ғ.Қ.Хасанов) а – (ә), о – (ө), у – (ү), і – (і), ы – (ы), н – (ң), к – (қ), г – (ғ). Сөйтіп, зерттеуші он шақты қосымша белгі алғанымен, орыс әліпбиіндегі е, в, и, ф, ц, х, ч, щ, ъ, ь, э, ю, я таңбаларын (қазақ тілі дыбыстық құрамына тән емес дыбыс таңбаларын қолданбады» [Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. – Алматы, 2010, 115 б.]. Н.И. Ильминский қазақ тілінің дыбыстық құрамына тән емес дыбыс таңбаларын алмайды. Ол жөнінде былай дейді: «кроме приспособления русских букв к татарским звукам, мне пришлось постепенно изменять и установлять орфографию. В первом издании букваря я писал су – вода, аулъ – деревня, аю – медведь. Теперь мы пишем сыу, ауыл, айыу». Ильминскийдің бұл жобасына В.В. Григорьев қарсы шығып, өзінің «О передаче звуков киргизского языка буквами русской азбуки» деп аталатын мақаласында орыс әліпбиіндегі таңбалар өзгермеуі тиіс деп көрсетеді.


Бұл әліпби В.В. Григорьев тарапынан сыналғанымен қазақ тілі дыбыстарын алғашқы әріптерге түсіру әрекеті еді. Бүгінде тіліміздің сөйлеу жүйесін бұзып отырған орыс қаріптерін Н.И.Ильминскийдің қолданбауы қазақ дыбыстарының орыс дыбыстарынан мүлде бөлек екенін аңғаруында жатса керек. Қ. Күдеринова ол туралы: «Оқымысты тарапынан осындай сынға ұшырағанмен Н.Ильминскийдің орыс графикасымен берген қазақ әліпбиінің қазақ тілі дыбыстар жүйесін белгілеуде артықшылығы бар», – деп жазады [Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. – Алматы, 2010, 116 б.]. Бұндағы артықшылықты ол Н.И.Ильминскийдің е дыбысының жуан, жіңішке вариантарын таңбалаудан көреді. Сонымен бірге, біздіңше, тағы бір артықшылық артық орыс әріптерін қазақ әліпбиіне енгізбеуінде деп білеміз. Әліпби өзгерген сайын орфографиялық нормалар да өзгереді, ал орфоэпиялық нормалар өзгеріске түсе бермейді. Алайда әріпке сүйене сөйлеу етек алған кезде тілдің басты өзегі болатын орфоэпиялық нормаларға да қауіп төнетінін бүгінгі күннің өзгерісі көрсетіп отыр.
Ал мың жылға жуық араб жазуында болған қазақ тілінің орфоэпиялық нормалары да соған байланысты өзгеріске ұшырағаны анық. Алайда бұл өзгеріс араб-парсы сөздерін сол тілдердің айту нормаларына байланысты дыбыстаудан туғаны анық. Оған дәлел, Абайдың өлеңдері мен қарасөздеріндегі араб-парсы сөздерінің дыбысталуын алсақ та жеткілікті.
Ал елімізде 1927 жылы әуелі Ташкентте, сосын Қызылордада өткен конференцияларда араб графикасын жақтағандар: А. Байтұрсынов, І. Ахметов, Е. Омаров, Ә. Байтасов, ал Ә.Байділдаұлы, Т.Шонанұлы, Ә.Ермеков тағы басқа оқығандар латын әліпбиін қолдады. Араб жазуын қолдағандар мынадай дәлелдер келтірді:
«1) Араб әліпбиі қазақ тілінің дыбыстық жүйесін дәл бере алады;
2) араб әліпбиі оқуға, жазуға, сауат ашуға қолайлы;
3) өнер құралдарына орнатуға қолайлы;
4) көзге көркем көрінеді;
5) араб әрпімен жазғанда қол сағат тілінің бағытымен бірдей оңнан солға қарай жүреді;
6) жазу машинасына, баспа машиналарына орнатуға араб әліпбиінің жаңасы латындікінен анағұрлым артық» [Әбілқасымов Б., Мәжітаева Ш. ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі. – Астана: Елорда. – 2000, 189 б.].
Ал, олардың қарсыластары «араб әрпі сауат ашуға, оқуға, жазуға қиын, себебі:
1) бір әріптің 4 түрі бар;
2) араб әрпінің көбі бір түсті;
3) жазу оңнан солға қарай, ал цифрлар солдан оңға қарай жазылады. Бұл жазуда да, баспа жұмысында да қиыншылық тудырады;
4) ғылыми кітаптарда (алгебра, геометрия, физика т.б.) пән белгілері латын әрпімен жазылдаы, араб әрпі бұған жарамайды;
5) араб әрпі нотаны жазуға жарамайды;
6) араб әрпі баспахана жұмысында көп қиыншылық туғызады: теру, басу, жөнінде қымбатқа түседі» [Әбілқасымов Б., Мәжітаева Ш. ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі. – Астана: Елорда. – 2000, 189 б.]. Міне, осы таластан соң туатын қорытынды: алаш зияларының басты мақсаты орыс жазуына жоламау болатын. Екі жақтың да ұстанған ұстанымдары қалай болса да кириллицаға көшпеу болатын. Екі әліпбиді ұстанған екі тараптың басты ұстанымы фонетикалық принципті орфографияға негіздеу болатын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет