1928ж араб әрпі латын әрпімен, 1940ж кириллицамен ауыстырылды



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі44,64 Kb.
#86457
  1   2   3   4
Байланысты:
сөж-2. Елекеш Әсилә қазіргі қазақстан тарих

1928ж. араб әрпі латын әрпімен, 1940ж. кириллицамен ауыстырылды.Араб әліпбиін қалдыруды жақтаушылар латын қарпін қолдануға көшу — ұлттық мәдениетке жасалған қастандық екендігін айтты. Олар Қазақстанда тек еуропалықтарға тән жаңа әліпбиге көшу қажет, бірақ оған әлі жағдай пісіп-жетілген жоқ деп есептеді. Алайда біртұтас мәдениет кеңістігін орнықтыру міндетін ұстанған Кеңес басшылығы республика өкілдерінің пікірімен санаспады. Жаңа әліпби жасау жөніндегі комиссия құрылып, ол 1928 жылдың күзінде латын қарпі негізіндегі қазақ әліпбиінің жобасын ұсынды. Латын қарпіне түгел ауысып болғанша араб графикасы пайдаланыла тұратын болды. Полиграфиялық техника латын алфавитімен жабдықтала бастады Бұл газет, оқулықтар, әдебиеттер шығаруды жеңілдетті. Республика бір мезгілде екі әліпбиді, яғни: қазақ тілі үшін — латын, орыс тілі үшін - кириллицаны қолданатын болды.


XX ғасырдың 30-жылдарының соңына қарай КСРО тоталитарлық мемлекетке айналды. Тоталитарлық жүйенің орнауы мәдениеттен де байқала бастады. 1940 жылы кириллица негізіндегі жаңа қазақ әліпбиінің жобасы жасалды. Жоғарғы кеңестің 1940 жылы 10 қарашадағы V сессиясында «Латынданған қазақ жазуын орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» Заң қабылданды.
1912ж. «Айқап» журналында А.Байтұрсыновтың «Жазу тәртібі» деген мақаласы шығады. Қарсы шыққандар «түркі тілдеріне ортақ» жазу үлгісін сақтауды ұсынды.
Қазақстанда кеңестік мектептер жүйесін құрудағы негізгі қиыншылықтар:
- мектеп үйлерінің жоқтығы;
- арнаулы білімді маман мұғалімдердің жетіспеуі;
- 2-3 ауысыммен оқыту;
- ұлттық тілдегі оқулықтардың жетіспеуі, ескі, революцияға дейінгі оқулықтарды пайдалану;
- көшпелі қазақ ауылдарында мектептер ашу ерекше мәнге ие болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет